Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дарамен саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Дарамен саяхат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Дарамен саяхат»

Мақсаты: Қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды орындай отырып, санау, заттардың орналасу кеңістігін бағдарлауды ойын тапсырмалар арқылы орындау. Тірі және өлі табиғат туралы түсініктерін жалпылау.

Міндеттері:

- балалардың табиғат әлеміне деген қызығушылығын дамытуды жалғастыру;

- балаларға өсімдіктердің тірі және белгілі бір күтімді қажет ететін организмдер екендігі туралы түсінік беру

-математикалық ұғымдарды қайталау,1 ден-5ке дейін санауды бекіту.

- сөйлеу, зейін, есте сақтау, елестету, жұппен, топпен жұмыс істеу, сұрақтарға жауап беру, ақпаратты талдау, қабілеттерін дамыту;


Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу.

Қызығушылықты ояту.

«Саяхатшы Дара» мультфилімінің музыкасы естіледі

-Балалар, бізге біреу қонаққа келе жатқан сияқты ма? Сендер бізге қонаққа келе жатқан кім деп ойлайсыңдар? (теледидардан Дара шығады)

-Сәлем, балалар менің атым Дара! Балалар, мен сендерге қонаққа келдім.

Дараның телефоны шырылдайды: (коммуникация)

-Алло, Дара, мен Ботимын. Орманда қиын жағдай болып жатыр. Орманда қатты жел тұрып, орман ғалымдардың зертхана үйін ағаштар басып қалды. Соған көмек керек, сен тезірек кел біз достарымызды шақырып көмектесу керекпіз.

-Әрине көмектесемін. Менің қасымда достарым бар біз тез жетеміз. Балалар, Боти көмек сұрап жатыр орманда қиын жағдай болыпты. Менімен бірге оған көмектесесіңдер ме? Қай жолмен жүретінімізді білмегенде кімнен көмек сұрайтын едік?

-Мен картамын, мен картамын! (теледидардан карта суреті)

1-ші жол: Табиғат туралы сұрақтар арқылы табиғат көрінісін құрау кеерк.

2-ші жол: құрамалы көпірден өтесің, ол үшін судың қасиетін білу керексіңдер.

3-ші жол: қалың орманна өтесің, ол үшін логикалық тапсырмаларды орындайсыңдар.

4-ші жол: қалың орманна өту, ол үшін өсімдіктердің қасиетін білу керексіңдер

Әр тапсырманы орындаған сайын ағаштар алынып, үй қайта қалпына келеді.

Дара ой балалар жол жүру үшін бірінші мына тапсырманы орындау керекпіз.


1-ші тапсырма:

Ой қозғау. Сұрақ-жауап.

(коммуникация, таным, шығармашылық)

Табиғат нешеге бөлінеді?

Тірі табиғатқа нелер жатады?

Өлі табиғатқа нелер жатады?

Табиғатты қорғау деген не?

Біз табиғатқа қалай көмектесе аламыз?

- Ауа таза болу үшін не істеу керек? Ағаш, гүл егу

- Су мөлдір болу үшін не істеу керек? Ластамау

- Ағаштарға қалай көмектесе аламыз?

Су құю, қопсыту

- Судағы жәндіктерге қалай көмектесеміз?

- Құстарға қалай көмектесеміз?

Дид ойын: «Табиғат әлемі» (Шығармашылық)

Шарты: Әрбір кестеде суретті жасауға қажеттінің бәрі бар: ватман қағазы, қоңыр және көк жолақтар, күн, ағаш, гүлдер және адам. Мұның бәрін ватман қағазына әдемі етіп жапсыру керек осыдан «Табиғат» суреті шығады.

Боти: Жарайсыңдар балалар тапсырманы дұрыс орындағаны үшін үйдің қаңқасы қойылды.

Бұл қандай бұрыш? (тік төртбұрыш)

Жолдарың болсын балақайлар!


-Балалар, енді қайда барамыз?

2-ші жол: Құрамалы көпір. Тапсырма - Судың қасиетін білу үшін су туралы тақпақ айтамыз.

Су туралы тақпақ.

Су тоқтады.

Боти: Жарайсыңдар балалар тапсырманы дұрыс орындағаны үшін үйдің шатыры қойылды.

Үйдің шатыры қандай бұрыш?

-Балалар, енді қайда барамыз? Карта бізге қайда барасыңдар деді?

Сергіту сәті. Музыкамен


3-ші жол: Қалың орманна өту, ол үшін мына тапсырмаларды орындау керекпіз.

Дид ойын: «Кім тапқыр?» (таным, коммуникация)

Шарты: Логикалық тапсырмаларды орындау.


  

Боти: Жарайсыңдар балалар тапсырманы дұрыс орындағаны үшін үйдің есігі қойылды.

Үйдің есігі қандай бұрыштан қойылды? Түсі қандай?


4-ші жол: Қалың орманна өту, ол үшін өсімдіктердің қасиетін білу. (әлеуметтік даму, коммуникация))

Дид ойын: «Кім тапқыр?»

«Қол да, аяқ та жоқ, бірақ ол қозғалады.

Мұрын жоқ, бірақ дем алады.

Аузы жоқ, бірақ ішеді, жейді» Бұл не?

- Дұрыс, бұл өсімдік!

Ал бүгін біз өсімдіктер туралы бұрын зерттеген нәрселердің барлығын қайталаймыз және «Өсімдіктер неге біздің достарымыз және көмекшілеріміз деп аталады?»

деген сұраққа жауап табуға тырысамыз.

Балалар! Өсімдіктер неліктен сіз бен біз сияқты тірі жандар екенін еске түсірейікші?

«Сөйлемді аяқта» дидактикалық ойынын ойнайық?

Өсімдіктер тірі, өйткені олар….(тыныс алады).

Магниттік тақтаға «Өсімдіктердің тыныс алуы» сызбасын бекіту;

Өсімдіктер тірі, өйткені олар...(қоректенеді) Немен су, жарық, ауамен

Магниттік тақтаға «Өсімдіктердің қоректенуі» сызбасын жапсыру;

Өсімдіктер тірі, өйткені олар...(қозғалады) (өседі)

Магниттік тақтаға «Өсімдіктердің қозғалысы» сызбасын жапсыру;

Өсімдіктер тірі, өйткені олар...(көбейеді)

Магниттік тақтаға «Өсімдіктердің көбеюі» сызбасын жапсырады;

Боти: Жарайсыңдар балалар тапсырманы дұрыс орындағаны үшін үйдің терезесі қойылды.


Дид ойын: «Өсімдікке не керек?» (коммуникация, таным)

-Мен өсімдікке күнді беремін. Ол жарқырайды, бізді жылытады және жапырақтары жасылға айналады.

-Мен ағашқа құс беремін. Ол ағашты құрттардан тазалайды, ән салады.

-Мен өсімдікке бір тамшы су беремін. Ол ішіп, жапырақтары жайқалып үлкен болып өседі.

-Мен өсімдікке жер – топырақ беремін, жақсы өссін, ол тамақтансын деп.


Жарайсыңдар балалар тапсырманы дұрыс орындағаны үшін үйдің мөржесі қойылды.

КЕРЕМЕЕТ БАЛАЛАР СЕНДЕР ТАПСЫРМАНЫ ӨТЕ ТАМАША ОРЫНДАДЫҢДАР.

Міне орман ғалымдарына көмектесіп, зертхана үйін басып қалған ағаштарды алып, үйді қалпына келтіруге көмектестіңдер. ДАРА сенің достарың қандай білімді балалар.

Музыка дыбысы.

Алақай, алақай достар сендерге рақмеет, балалар сендердің көмектеріңмен мен Ботиға жеттім.

Боти менің достарым көптеген тапсырмаларды орындап , мені осында алып келді.

Біз білмейтін табиғаттың көп сырларымен таныстым. Сау болыңдар балақайлар. Біз тағыда жолығамыз.


Қортынды.

Сұрақ – жауап.

Балалар біз жолда қандай тапсырмалар орындадық?

Ағаш пен гүл табиғаттың қайсы бөлігіне жатады екен?

Ал, күн мен су ше?

Бұлар бір-біріне қалай байланысты.

Күн мен су болмаса өсімдіктер өспейді.

Табиғат сонымен нешеге бөлінеді?

Өлі табиғат және тірі табиғат

Жарайсыңдар балалар. Рақмет сендерге.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12