400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дәреже.Дәреженің мәні .

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.1В бөлім: Натурал сандардың бөлінгіштігі

Мектеп: М.Горький атындағы №16 мектеп – лицей

Мерзім:

Мұғалімнің аты-жөні: Пірімжар А.Е.

Сынып: 5 «В»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Дәреже

Сабақтыңтүрі

Жаңа тақырыппен танысу сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

5.1.1.3натурал сан дәрежесінің анықтамасын білу;

5.1.1.4натурал санды ондық жазылу түрінде көрсету;


Сабақтың мақсаттары

Оқушыларды санның дәрежесі, дәреженің негізі және санның көрсеткіші түсінігімен таныстыру. Дәрежеге келтіру түсінігін есеп шығаруда бекіту

Жетістік критерийлері:

Оқушыларкөбейтіндіні дәреже түрінде елестете алады,

Натурал сандарды ондық жазба түрінде жаза алады.

Тілдік мақсаттар:


Оқушылар:

  • тең көпмүшелердің көбейтіндісін дәреже түрінде жазбаша және ауызша орындай алады.

  • пәндік лексиканы, терминологияны, символиканы сауатты қолданады.

Бөлім бойынша лексика және терминология:

  • санның дәрежесі;

  • дәреженің негізі;

  • дәреженің көрсеткіші;

  • дәреженің мәні;

Диалогқа және жазылымға қажетті тіркестер:

  • Тең көпмүшелердің көбейтіндісін келтіруге ........ болады;

  • Санның екінші дәрежесін …, санның үшінші дәрежесін атайды ......;

  • Егер көпмүшелер арасында бірдей әріптік көбейткіштер бар болса, онда …

Құндылықтарды дарыту

Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру.

Бастапқы білім

Натурал сандарды көбейту және бөлу

Сабақ барысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Сабақтың басын ұйымдастыру

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Үй тапсырмасын тексеру, қиын тапсырмалармен жұмыс жасау.

Сабақтың тақырыбы мен сабақтың мақсатын тұжырымдау және жазу.


Ұжымдық жұмыс. Сандардың қосындыларын оқушылар көбейтінді түріне келтіреді.


Қосындыны көбейтумен алмастырыңыз:

  1. 5+5+5+5+5+5+5+5+5+5

  2. 3+3+3+3+3

  3. 7+7+7

  4. 4+4+4+4+4+4

Жауабы: 5∙10; 3∙5; 7∙3; 4∙6


Көбейтіндіні тиімді тәсілмен жазудың жолы бар ма?Мысалы, 5∙5∙5∙5∙5∙5∙5∙5∙5∙5 көбейтіндіні қысқаша қалай жазуға болады?


Мынадай жолы бар 5∙5∙5∙5∙5∙5∙5∙5∙5∙5=510

510 - “бестің он дәрежесі”деп оқылады.

5 – дәреженің негізі

10 – дәреженің көрсеткіші, көбейтіндіде қанша көбейткіш болғанын көрсетеді.

Математикада бірдей көбейткіштердің көбейтіндісін дәрежеге келтіру деп атайды.

Дәрежеге келтірудің шешімін дәреженің мәні деп атайды.

Сабақтың тақырыбы мен сабақтың мақсатын жазу.


Тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларға сауалнама жүргізіледі. Олар өздері тапсырмаларды дәптерлерінде орындайды. Уақыт аяқталғаннан соң слайдтағы дайын жауаптармен жұмыстарын тексереді. Бағалау дескрипторлары да слайдта көрсетілген.

Дескрипторлар:

  • Санның дәрежесін дұрыс есептейді

  • Санның негізін дұрыс есептейді

  • Дәреженің көрсеткішін дұрыс табады

  • Санды дәреже түрінде дұрыс жазады


Білімді жетілдіру

Блиц-сұхбат\

Сұрақтарға жауап беріңіз («иә» –  плюс, «жоқ» – минус)

1. 32 9-ға тең (+)

2. 23дәрежесінің негізі 3-ке тең (–)

3. 23дәрежесінің көрсеткіші 3-ке тең (+)

4. 25 саны дәреже түрінде 62-қа тең (–)

5. 16 = 42 (+)

6. 33=27 өрнегінің мәні 3-ке тең (–)

7. 9∙9∙9∙9∙9∙9 тең 94-не(–)

8. 1∙1∙1∙1∙1=1. (+)


Жауаптарын тексеру. Өзін-өзі бағалау. Бағалау шкаласы.


Дұрыс жауаптар саны

8

7-6

5 немесе аз

Қорытынды

Өте жақсы

жақсы

Жұмыс жасау керек







































Сабақтың ортасы

25 минут

Өтілген тақырыпты есеп шығаруда қолдану.


Жұппен жұмыс

Оқушылар жұмысты жеке орындайды. Жұмысты аяқтағаннан соң, парталас көршілерімен жауаптарын салыстырады. Қандай жауаптары бірдей немесе өзге екендіктеріне.


Дескрипторлар:

  • Санның квадратын және кубын дұрыс есептейді

  1. тапсырма №246.

Кестені дәптерге салып, толтырыңыз.

п

2

3

4

5

6

7

8

9

10

п2










п3











бойынша жұппен өзара тексеру.

п

2

3

4

5

6

7

8

9

10

п2

4

9

16

25

36

49

64

81

100

п3

8

27

64

125

216

343

512

729

1000


Физикалық жаттығу өткізіледі.


Топпен жұмыс

№241,242,243

2-тапсырма.

№244. Бірлік разрядтарды негізі 10 болатын дәреже түрінде жазыңыз.

а) 100 000 б) 1000 000 в) 10 000 000 г) 100 000 000


Үлгі:

10000 = 104 (санның дәрежесі нөлдер санына байланысты)



Оқушылар өзара бағалау жүргізеді, ал мұғалім бақылап отырады жұмыстарын















Сабақтың соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау.

Үй жұмысының құрылымы

Тапсырмаларды талқылау, керекті бағыт-бағдар беру. Қорытынды жасау, кері байланыс жасау.

Үйге тапсырма № 245,247 есептер шығару

ережелер жаттау


Саралау – қандай жолмен көбірек көмек көрсетуді жоспарлап отырсыз? Мүмкіншілігі жоғары оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау – оқушылардың материалды түсіну деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

ҚТ және денсаулық

1) Жақсы оқитын оқушылар басқаларына көмектеседі. Түсінбей қалған оқушылар сұрақ қоюға және түсіндірме алуға мүмкіндіктері бар.

2) Тапсырмаларды орындау кезінде оқушыларға бірін-бірі үйретуге көңіл бөлу

Қабілетті оқушыларға сыныптарына қолдау көрсете алатындай және өз тұжырымдамаларын дәлелдей алатындай жағдай жасау.



Сабақта формативті бағалау

  • өзін-өзі бағалау

  • өзара бағалау

критерийлері бойынша, сонымен қатар мұғалімнің бақылауы бойынша жүргізіледі.

  1. Үй тапсырмасын тексеру кезінде өзін-өзі бағалау жүргізіледі.

  2. Сабақ мақсатын ашу кезінде – оқушылардың жауаптарын бағалау

  3. Топтық жұмыс кезінде – оқушылардың жауаптарын қағазға түсіріп отыру

  4. Формативті бағалау: егер оқушылар қателескен жағдайда бағыттаушы сұрақтар қою

  5. Бағалау критерийлері арқылы оқушылардың бірін-бірі бағалауы

  6. Жауаптарын салыстыру арқылы оқушылардың бірін-бірі бағалауы

Сабақта интерактивті тақтаны қолдану 15 минуттай уақыт алады.Сабақ барысында физминутка жүргізіледі. Оқытудың белсенді тәсілдері қолданылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
668
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі