400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Дәрігер» (Сюжеттік - рөлдік ойын)

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне, сабаққа көмегі тиеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

(Сюжеттік - рөлдік ойын) «Дәрігер»


Күні: 22.11.2016жыл

Тәрбиеші: Исаханова А. Ө

Білім саласы: «Әлеуметтік орта».
Тақырыбы: «Дәрігер» (Сюжеттік - рөлдік ойын)
Мақсаты: Баланың сөз қорын, тіл байлығын дамыту. Бір - біріне деген жағымды қарым – қатынас, көңіл - күй сезімдерін, ой - қиялын одан әрі дамыту; ойын арқылы балаларға қоршаған өмір жайлы кең білім қолдана отырып, тәрбиелеу. Ойын барысында ақ халатты абзал жандардың игілікті еңбегіне деген балалардың сүйіспеншілігін арттыру. Дәрігердің сезімталдығы мен кішіпейілдігі, қамқорлығы сияқты жақсы қасиеттерін жеткізе білу және тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтары: Ақ халат, ойыншықтар, түрлі сюжеттегі плакаттар, медициналық ойыншық құрал - жабдықтар.
Алдын - ала жұмыстар: топтың іші ауруханадағыдай безендірілген, түрлі сала бойынша кабинеттер жасалған, (тіс дәрігері) макеттер қойылған.
Барысы:
Балалармен бірге шаттық шеңберін құру:
Аспанымыз ашық болсын,
Еліміз тыныш болсын.
Деніміз сау болсын,
Достарымыз аман болсын!
Тәрбиеші: Біз тісіміз, ішіміз ауырса қайда барамыз?

Тәрбиеші: Дәрігер қайда жұмыс жасайды?
Балалар: Ауруханада, емханада.
Тәрбиеші: Олай болса, бүгін біз сендермен бірге «Емханадағы» «Дәрігер» ойынын ойнаймыз. Қане, балалар өздерің орындарыңа барып жайғаса қойыңдар.
Балалар өздерінің орындарына барып жайғасады.(Алдын ала рөлдерге бөлінген балалар дәрігерлік сала бойынша «Емхана кабинеттерінде» отырады).
Алғаш болып, балалар дәрігеріне бір ана қызымен келеді.
Ата - ана ( Жанат апай) Саламатсыз бе, менің қызымның іші ауырып тұр, тамаққа тәбеті жоқ.
Дәрігер: (Дильназ бала) Саламатсыз бе, қане қызыңызды тексерейін. Аузыңды аша ғой, кеше қандай тамақ жедің?
Ата - ана: Кеше кешкісін көкөністерді көп жеп қойған.
Дәрігер: (тексеріп көреді де, қағазға рецепт жазып береді). Мына дәрілерді алып, күніне 2 мезгіл беріңіз.
Ата - ана: Рахмет дәрігер. Сау болыңыз!
(Келесі кабинетте тіс дәрігері (Стоматолог) отырады. Бір ата - ана баласымен кіреді).
Ата - ана:- Саламатсыз бе, дәрігер.
Тіс дәрігері: (Амина бала) - Саламатсыз бе, келіңіз.
Ата - ана: (Жанат апай) - Менің баламның тісі түнімен ауырып шықты. Көріп жіберіңізші.
Дәрігер:– Қане, аузыңды аша ғой. (Тексеріп көреді). Тісіңді құрт жеп қойыпты. Тәтті нәрсені көп жеме. Күніне 2 мезгіл тісін тазалау керек. (Баланың тісін емдейді.)
Ата - ана: – Рахмет сізге, дәрігер!
Дәрігер: - 2 сағаттай еш нәрсе жемеңіздер, сау болыңыз!
(Ортада «Дәріхана» (Аптека) болады.)
2 - ата - ана:- Саламатсыз бе!
Дәріханашы: (Жанель)– Саламатсыз бе!
Ата – ана (Жанат апай):- Мына дәрілерді маған беріңізші.
Дәріханашы: (Рецепт бойынша дәрілерді тауып береді). - Мінекей алыңыз. Ауырмаңыздар, сау болыңыз!
Тәрбиеші: Балалар, жарайсыңдар. Ал енді, балалар, бізге бүгін қонақа біреу келе жатқан сияқты, тыныш қане тыңдайық. (Осы кезде есіктен балабақшаның медбикесі кіріп келеді.)
Медбике:- Саламатсыңдар ме, балалар! Қал - жағдайларың жақсы ма? Денсаулықтарың қалай? Бүгін барлығың аппақ болып, әдемі болып кетіпсіңдер.
Медбике: Ой жарайсыңдар, балалар, осылай ақылды бала болыңдар.
Рахмет сендерге. Күнделікті жуынып, таза болып жүру керек.
Тәрбиеші: Саламатсыз бе, дәрігер. Біз бүгін «Аурухана» ойынын ойнап, дәрігер рөлінде болдық.
Тәрбиеші: Рахмет сізге, дәрігер!
Ал, балалар, осымен бүгінгі «Аурухана» ойынымыз аяқталды. Ауырмайық, деніміз сау болсын!
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: аурухана туралы балалар білетін түсініктерін еске түсіреді;
Түсінеді: дәрігерлердің түрлі салаға бөлініп, қызмет ететіндіктерін түсінеді;
Қолданады: рөлдерге бөлініп ойнау арқылы дәрігер еңбегін бағалап, үйренеді, олардың қиын жұмыстарына құрметпен қарайды.



































































































































Сюжеттік - рөлдік ойын: «Дәрігер»



Мақсаты: Балалардың білім деңгейін, ойындарды ойната отырып, әрі қарай жан - жақты дамыту, тіл байлығын жетілдіру, сөздік қорын молайту. Үлкендер еңбегін құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Балаларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, адалдыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Керекті заттар: Дәрі - дәрмектер, кітапшалар, атрибуттар, халаттар, бас киімдер, құрал – жабдықтар.

Әдіс - тәсілдер: Ойын ойнау арқылы әңгімелесу, сұрақ – жауап.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Тәрбиеші: Бүгін балалар сабақты біз екі топқа бөліп өтеміз. Бірінші топтағы балалар «Отбасы», «Дәрігер» ойынын ойнайды.Екінші топтағы балалар автобусқа отырып, саяхат жасауға барады.

- Дәрігер ойынын ойнау үшін, отбасы ойынынан бастаймыз.Отбасы: екі бала, әкесі, шешесі қатысады.

Шешесі мен қызы үйін жинайды, ұлы мен әкесә жұмысқа жиналады.

Әкесі:

- Айтолқын, біздің Аяулым ауырып тұр ғой! Сен оны дәрігерге апарсайшы.Тілеужан екеуміз жұмысқа кеттік.

Шешесі мен қызы тіркеу орнына келеді.

Шешесі:

  • Сәлеметсіз бе?

  • Сәлеметсіз бе.

  • Маған Хуан Аяулымның кітапшасы керек еді.

  • Қандай бөлімге барасыз?

  • Бесінші бөлімге.

  • Мекен-жайыңыз қалай?

  • Абай көшесі 11үй

  • Бесінші бөлімге барасыздар.

  • Рахмет сізге.

Екеуі дәрігерге келеді.

Шешесі:

  • Кіруге рұқсат па?

Дәрігер:

  • Кіріңіз, отырыңыз. сәлеметсіз бе, кітапшаңызды берініз, қай жерініз ауырады?

  • Шешесі: Қызымның қызуы көтеріліп тұр, тамағы ауырады, тамақты аз ішеді , басы ауырады.

Дәрігер: Қазір тыңдап көрейін, қатты дем ал, тамағыңды көрсет.
- Мен сізге дәрі жазып берейін, ертең қан тапсырасыз,
 қазір сіздерге дәрі жазып берейін, екі күннен соң маған қайтадан келесіздер.

- тез сауығып кетіңіздер, сау болыңыздар!

Екеуі дәріханаға келеді. Дәріханашымен амандасып, дәрігер жазып берген қағазды береді.

Шешесі:

  • Бізге мына дәрілерді беріңізші.

Дәріханашы:

  • Мына шөппен тамағын шаясыз. Мына дәріні күніне екі рет ішесіздер.

  • Сізге рахмет, сау болыңыз! – деп шығып кетеді.

Қызымен шешесі үйіне оралады. Әкесі мен ұлы жұмыстан келеді. Шешесі бәріне тамақ дайындап, үстел басына шақырады. Қызы шешесіне көмек көрсетіп, үстелге ыдыстарды қояды. Дәрігердің берген дәрісін ішкізеді. Балалардың ойыны әрі қарай жалғаса береді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
5065
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі