Дәрігерде

Тақырып бойынша 13 материал табылды

Дәрігерде

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәрігерде тақырыбы, құндылықтарымен бірге жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

Бөлім: 5. Дені саудың- жаны сау

Педагогтің аты-жөні:

Амирбекова Тазагул

Күні: 15.01.2025ж


Сыныбы: 2 « Г»


Сабақтың тақырыбы:

Дәрігерде

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.3.1.1 шағын мәтінді түсініп, мәнерлеп (дауыс ырғағын дұрыс қойып), рөлге бөліп оқу;

2.4.2.1 оқыған/ аудио/ бейнематериалдың мазмұны бойынша жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сұраққа жауап (сөйлем) жазу

Сабақтың мақсаты:

  • Білім алушылар мәтінді түсініп, мәнерлеп оқиды;

  • Білім алушылар оқыған бейнематериалдардың мазмұны бойынша сөз тіркестерін қатыстырып сұраққа жауап береді;

  • Білім алушылар бейнематериалдың мазмұны бойынша жиі қолданылатын сөздердмен сөйлем құрап жазады.



Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Жаңа сабаққа кіріспе


Сабақтың басы

12 мин

«Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру:

Өткен сабақта, балалар, дене мүшелерімен таныстық.

Кәнеки, басымызды оңға бұрайық, солға бұрайық. Оң қолымызды көтерейік, сол қолымызды көтерейік. Қолдарымызды түсірейік.

Қос аяқпен секірейік.

Сол ақпен секірейік,

Оң ақпен секірейік.

Ал енді тынығып алайық.

Тынығып болған соң орнымызға барайық. «Біртұтас тәрбие» тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды оқу процесіне ұйымдастыру кезеңнен бастап, сабақтың әрбір кезеңінде жүргізіледі.

Бірақ оның алдында суреттерді таңдайық. Топқа бөлу. Мектеп, дәріхана, емхананың суреттері бойынша бөлінеді.

Үй жұмысын тексеру

Сабақтың тақырыбын, мазмұнын суреттер арқылы болжайды.

Тыңдалым,айтылым.
Жаңа сөздерді жазады, сөз тіркестерін, сөйлем құрастырады.

Ауырады-болеет

Емдейді-лечит

Дәрі-лекарство

Жөтел-кашель

Айтылым


Айтайық

- Балалар, басымыз, тісіміз , басқа да жеріміз ауырса, қайда барамыз? - Емханаға. - Емханаға кімге барамыз? – Дәрігерге. - Бүгінгі сабақтың тақырыбы –«Дәрігерде» және дәрігерге барғанда дәрігердің сұрақтарына жауап беруге үйренеміз.

Тыңдайық

Мақсаттың тісі ауырып отыр. Ол тіс дәрігеріне баруы керек.


Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру


«Қол шапалақ»

Дескриптор: Жалпы - 1 балл






Оқулық






Тақта

Оқулық


Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

1.Сөздікпен жұмыс.

Жаңа сөздермен таныстырады, оқушыларға қайталатады:

Ойтүрткі


Айтылым


Рөлге бөліп оқы.


Қамқорлық құндылығы

Сергіту сәтін орындайды.

(аталған мүшені көрсетіп): Аяқ та екеу, қол да екеу, Көз жанары, ол да екеу. Екеу қас та,құлақ та, Жүрек жалғыз бірақ та. -Екі көзің не үшін керек? -Жақсыларды көру үшін.(шапалақ) -Екі қолың не үшін керек? -Елге көмек беру үшін.(шапалақ) -Құлақ деген не үшін керек ? -Ақыл, кеңес тыңдау үшін.(шапалақ) -Тіл мен жағың не үшін керек? -Ақиқатты айту үшін.(шапалақ) -Ал аяғың не үшін керек? -Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.(шапалақ)

Айтайық

Дұрыс/ дұрыс емес

Неге дұрыс, неге дұрыс емес деп ойлайсың?

Сен тісіңді қалай күтесің?


«Табыс баспалдағы»


Дескриптор:

-Өзінің отбасы мүшелерін әңгімелейді.




«Қол шапалақ»






Оқулық, жұмыс


дәптерлері, ДК, т.б.


Тыңдалым.

1-тапсырма

Тыңда. Сұрақтарға жауап бер.



Сергіту сәті



Тәртіп құндылығы


Айтылым

3- тапсырма

Суреттерге қара. Біліп ал. Сұрақтарға жауап бер.




Жазылым

4-тапсырма




Қосымша тапсырма

Топтық жұмыс

Оқылым Айтылым



Жазылым

Тірек сөздерді қолданып, сөйлемдер құрап жаз.

Тірек сөздер: дәрігер, көз, ауырады, емдейді.

Оқылым

Әңгіме құрастыр. (Саралау әдісі) Әр топ суретке байланысты диалог құрады . 1 топ: Әңгіме құрастыр. Сәуленің тамағы ауырып қалды. Ол анасымен дәрігердің қабылдауына келді. 2 топ: Сәуле мен дәрігер не туралы сөйлесті? 3 топ: Аурудың себебін анықтау. Дәрігерге не үшін бару қажет? 4 топ: Рөлдік ойын тәсілі Дәрігердің көмегі рөлдік ойынын өткіз. Біреуің –дәрігер,қалғандарың-емделушісіңдер. Дәрігер мен емделуші арасындағы диалогті құра.

Айтылым

«Тізбек ойыны» сөздегі соңғы әріпінен басталатын сөзді тауып айту. Мысалы:дәрі-іні-ілгіш-шана-алмұрт-түйе-емхана-ана...







Өзара бағалау: «Тамаша», «Жақсы», «Ойлан»



Дескриптор

дәрігерге қаралу, гигиеналық тазалық денсаулық сақтау үшін маңызды екенін түсінеді, сахналайды.


Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК, т.б.


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

Кері байланыс

«Түрлі- түсті смайликтер»



Үй тапсырмасын беру : 3- тапсырма

 Өз деңгейлерін анықтайды.

Кері байланысты түрлі-түсті смайликтер арқылы береді

Үй тапсырмасын жазып алады


Өзара бағалау: «Тамаша», «Жақсы», «Ойлан»



Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК, т.б.


Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?


1.Оқушылардың деңгейін ескере отырып, сабақ мақсатын сараладым.

2.Үй тапсырмасын сұрау кезінде оқушылардың деңгейін ескере отырып қоямын.

3.Білім алушылар топтық жұмыс барысында жалпы оқу мақсатқа сәйкес бірдей тапсырмамен жұмыс істейді, бірақ әр баладан әртүрлі нәтиже күтемін.

4.Топтық жұмыс кезінде жұмыс қарқынын ескере отырып, қосымша уақыт беремін.

Уақытқа жұмыс жасау жылдамдығын саралаймын.

5.Тапсырманы орындау кезінде күтілетін нәтижені саралаймын.



Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

1.Ауызша кері байланыс мұғалім жетекшілігімен жасалады, әрі өзара бағалау жүреді.


Дескриптор арқылы бағалаймын

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушылардың денсаулығын сабақтың өн бойында жіті бақылап, ерекше көңіл бөлуді назарда ұстаймын. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтарын ескеремін.



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.03.2025
240
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі