400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Дәрігердің қабылдауында

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Нургалиева Ботагөз Амангелдықызы

Қазақ тілі мен әдебиеті мұалімі

Ақтөбе қаласы №12 ОМ

5 сыныпқа арналған қысқамерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

7-бөлім. 5 - сынып. Денсаулық - зор байлық.

Мектеп: №12 ОМ

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Калдина Г.С.


Қатысқандар:12

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы:

ДӘРІГЕРДІҢ ҚАБЫЛДАУЫНДА.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі

мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау.

5.О5. Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу

5.А4.Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Шағын көлемді мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Көбі: Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтап, сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап береді.

Кейбірі:.Оқушылар жоспар құрайды. Жоспарға сүйеніп баяндайды.

Бағалау критерийі

Оқылым

Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды;

Мәтіннің мазмұны бойынша жоспар құрастырып, баяндай алады.


Тілдік мақсаттар


Жаңа сөздер

Емхана

Тексеруден өту

Жүрек

Қан тапсыру

Дәрігерлік кеңес

Құндылықтарға баулу


Салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулу.

Пәнаралық байланыс

Биология, өзін - өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылым суреттер, кеспелер

Тақырып бойынша алдыңғы білім


Әлемдегі ірі кітапханалар


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


Психологиялық ахуал

(Ұ) «Ыстық алақан» тренингі. Оқушылар сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.

Түстер арқылы екі топқа бөлу.


Түрлі түсті кеспелер

Сабақтың ортасы

Жаңа сабаққа негізделген «Денсаулықтың қадірі»атты мультфильм көрсету арқылы жаңа сабаққа кіріспе.

Жаңа сабаққа негізделген сұрақ - жауап әдісі арқылы жаңа сабаққа кіріспе.

1. Мультфильм не туралы?

2. Мультфильмнің кейіпкерлері кімдер?

3.Ол қандай бала?

4.Денсаулықтың қадірін біле ме?



(Т) 2. Мәтінді оқиды

Мен анаммен бүгін таңертең емханаға бардым.Бірінші қабатта қан тапсырдым сосын жоғары көтерілдім.Емханада отбасы дәрігері,тіс дәрігері,көз дәрігері бар.Отбасы дәрігері мені жақсы таниды.Себебі ол бізді жыл сайын тексереді.Дәрігер менің жүрегімді тыңдады.Дәрумен ішуге кеңес берді.Ет,балық,сүт,жеміс-жидектің пайдалы,фастфуд тағамдарының зиян екенін айтты.

Сосын тіс дәрігеріне бардым.Ол менің тістерімді тексерді.Тіс дәрігері: «Тістеріңді таза ұста»,-деп кеңес берді.Мен тісімді таңертең және кешке тазалаймын.

Көз дәрігеріне бардым.Ол көзімді тексерді.Көз дәрігері: «Компьютерде көп отырма,теледидарға жақын отырма»,-деп кеңес берді.

Менің тістерім таза,көзім алыстан да жақыннан да жақсы көреді.Отбасы дәрігері маған сенің денсаулығың жақсы,жарайсың!-деді.

"Оқиғалар тізбегі" әдісін қолданып, мәтіннің негізгі ақпаратты анықтайды.



Shape2 Shape4 Shape1 Shape3

Shape7 Shape6 Shape5





(ЖЖ) 2.Мәтін бойынша шағын жоспар құрайды.

Жоспар бойынша мәтінді жұбыңа мазмұнда.



Дескриптор:


-мәтіннің тақырыбын анықтайды;

-мәтіннің мазмұнын түсінеді;

-Мәтін бойынша жоспар құрайды;

- жоспарға сай мәтінді мазмұндайды;

Кері байланыс

Мәтіннің тақырыбын анықтауда қандай қиындықтар кездесті?

Мәтіннің жоспарын құруда неге көңіл бөлдіңіз?

Сергіту сәті

Ас ішуге тұрайық.

Қолымызды жуайық.

Сабын, суды аямай,

Тазалықты ұғайық.

3. "Дара диаграмма" әдісі бойынша алған білімін пысықтайды



Shape9





















Кері байланыс

-Дәрігер қандай кеңестер берді?

-Осы айтылған кеңестерді сендерді сақтайсыңдар ма?



Флипчарт

Сабақтың соңы


Рефлексия:

Мұғалім тақтаға бүгінгі сабақтың барысын сипаттайтын бағдаршамды іледі.Оқушылар өзінің меңгерген біліміне сәйкес түстің тұсына желімқағаздарды жапсырады.

Shape10

-Shape11 толық түсіндім;

сұрақтарым бар.

Shape12

түсінбедім;



Үйге тапсырма

«Дәрігер қабылдауында» тақырыбына диалог құрып келу.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
1138
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі