15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР
Сыныптан тыс іс шара Алматы облысы, Медеу ауданы, №172 ЖОМ, биология пәні мұғалімі Талдыбекова Нурбиби Мирзатевна
Сабақтың тақырыбы: Дәрілік өсімдіктер
Мерзімі: 9.02.2019ж
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Дәрілік өсімдіктер және олардың түрлері туралы білім негіздерін кеңейту. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттерін анықтау.
Тәрбиелік: Туған елге табиғатындағы өсімдік дүниесін қадірлеу,қастерлеу.Туған жер экологиясын қорғауға үлес қосу.
Дамытушылық: Ауылда кездесетін өсімдіктер,оның ішінде дәрілік өсімдіктер туралы іздену, сұрау,білу, зерттеу.
Көрнекіліктері: Туған еліміздің табиғатынан жинақталған дәрілік өсімдіктер гербарийі.Интерактивті тақта ,суреттер плакаттар.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ, зерттеу.
Сабақтың әдісі:Баяндау,пікір алмасу,сұрақ-жауап,тәжірибе жасау.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі(2 мин)
1) Сәлемдесу,оқушыларды түгелдеу
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау (5 мин) Блиц-тест.
Тест тапсырмалары арқылы оқушыларға бір мезгілде бір нұсқадағы тест сұрақтары таратылады. 2,5 минут уақыт беріледі. Ауызша тексеру жұмысы жүргізіліп, дұрыс жауап берген оқушылар бағаланады.
1. Қоршаған ортаны ластаушы заттар
а) Радиоактивтік, биологиялық, электромагниттік сәулелер
ә) Химиялық, биологиялық
б) Биологиялық, химиялық, радиоактивтік
в) Биологиялық
2. Қоршаған орта сапасы немен бағаланады.
а)Адамның іс- әрекетімен
ә) Адамның табиғатты сүйетіндігімен
б) Адам денсаулығымен
в) Табиғат тазалығымен
3. Қазіргі кезде ауаны ғана ластайтын улы заттардың неше түрі белгілі.
а) 150 түрі
ә) 150 ден астам түрі
б) 200 түрі
в) 140 түрі
4. Экология терминін ұсынған ғалым
а) Тенсли
ә) Мюллер
б) Геккел
в) Сверцов
5.Биосфераны өзгертетін қуатты фактор
а ) Адам
ә) Ғылыми- техникалық прогресс
б) Жануарлар
в) Микроорганизмдер
ІІІ.Жаңа сабақ
1.Жасырын сөз арқылы сабақтың тақырыбын анықтау. «Дәрілік өсімдіктер».
2.Слайд арқылы жаңа сабақпен танысу. (3 мин)
Мұғалімнің сөзі: (2 мин) Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз өзінің жетінші қара сөзінде былай деген; Бала анадан туғанда екі түрлімінезбен туады: біреуі ішсем,жесем, ұйықтасам деп тұрады.Екіншісібілсем,көрсем,үйренсем дейді сендер өздеріңді осыны қайсысына жатқызар едіңдер? Табиғаттың ғажайып сырын,бізге берер мол дүниелерді қалай меңгеріп жатырмыз?Олар қайдан шығады деген сұраққа бүгінгі сабағымызда аз да болса мағұлмат аламыздеп ойлаймын. Олай болса бүгінгі тақырып «Дәрілік өсімдіктер»деп аталады.Ал балалар олай болса дірілік емдік шөптермен танысамыз.
«Білгенге –ем,білмегенге –у».
Шөптерден дәрі қалай жасалады?
Біріншіден,дәрілік өсімдіктердің таралған мекенін анықтап,білу керек.
Екіншіден,емдік қасиеті бар өсімдіктер , егжей-тегжейлі зерттеледі,майдаланған үнтақталған болса микроскоп арқылы анықтап алу керек.
Үшіншіден,шөптерден алынған шикізатты фармакология ғылымдары зерттейді.
Төртіншіден, бұл дәрілер зерттеулері аяқталғаннан кейін,сараптамаға жіберіледі.
Бесіншіден,бұл препараттарды денсаулық сақтау министрі бекітеді.
Алтыншыдан,емдік қасиеттері анықталғаннан кейін дәріханаға қолдануға жіберіледі.
ІV. Топқа бөлу(2 мин)
Шарлардың түсі арқылы топқа бөлу. Балалар өздеріне ұнаған түсті таңдап алып, сәйкес келген түстер бойынша топқа бөлінеді. Қызыл түс ғалымдар, жасыл түс зерттеушілер, сары түс дәрігерлер.Балаларды осы бөлінген топтарының атауы бойынша топтың аты жазылған баскиімдерді кигізіп өз тобына отырғызу.
Мұғалімнің сөзі:Ал, балалар ғалымдар тобы емдік шөптерді іздеп табады, зерттеушілер тобы дәрілік өсімдік екенін зерттейді, және тәжірибе жасап көрсетеді. Дәрігерлер тобы қандай емге пайдасы бар екенің анықтап айтып береді.
Жаңа сабақты талдау, оқушылармен жұмыс (20 мин)
1. топ Ғалымдар.
(Шөптерді іздеп табады) Алғаш рет Қазақстанда өсімдіктердің емдік құрамы туралы мәліметтер ХІІІ-ХV ғасырда жасалды.Көптеген орыс қалаларында жасыл өсімдіктерді сататын дәріханалар ашылды ІІІ- ғасыр бойы емдік өсімдіктерді қолдану
тәжірибелері жүргізілді. Бұл жазбалар ХVІІІ- ғасырдың соңына дейін жалғасты қаншама рет толықтырылды ауру түрлері ажыратылды. Бүгінде алоэның ғылымға белгілі болған 180- ге дейін түрі бар.
Біздің еліміздің ғалымдары 1930 жылдан Алтай маңын мекендеген халықтарға белгілі осы дәрілік өсімдікті іздеп табу ісімен шұғылдана бастады.Соның нәтежесінде 1931 жылы совет ғалымы Г.И.Крылов басқарған экспедиция алтын тамырды Алтай тауларынан тапты.Алтын тамыр 1961 жылдан бері ғылыми мидицинада қолданылып,аз уақыт ішінде ғана халық арасына кеңінен белгілі болды.
Ерте заманнан бері адамдар аурудың алдын алу және емдеу үшін табиғаттың байлығын пайдаланып келеді.Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиетін Ежелгі Египетте,Үндістанда,Қытайда Грекияда т.б.елдердің емшілері білген.Айналамызда өсіп тұрған өсімдіктердің негізгі бөліктерінің емдік қасиеті бар.Дәрілік өсімдіктерді дайындаған кезде арнайы ережелерді білу қажет Мысалы.Қай кезде өсімдіктің қай бөлігін жинау керек, себебі өсімдіктің әр бөліктерінде дәрілік қасиетінің мөлшері бірдей бола бермейді.Өсімдіктің дәрілік қасиеті мерзімге байланысты.Біреуін таң ата, екіншісін кешке,кейбірін гүлдегенге дейін,кейбірін гүлдеп тұрған кезде алу керек.Сол уақытта олардың емдік қасиеті мол болады.
2. топ Зерттеушілер
(дәрілік өсімдік екенін зерттейді,шырын қайнатпа) мия тамыры дәрілік түрі 150 гр шәрбат.Құрамында белсенді зат-67, 5гр мия тамырлары қосымша заттары : қант,96,2 %’этил спирті,тазартылған су,өзіндік иісі, тәтті дәмі бар қоюлау қоңыр түсті сүйықтық.Қолдануы созылмалы бранхитке, суық тию симптомдар мен жөтелді қайтаруға, қақырық түсіруге,өкпені суық тиюден қорғайтын препарат.
Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттері Иммунитетті көтеру үшін алоэ шырыны мен балдын қоспасын жасаймыз.Шырынды алу үшін 15 см болатын бірнеше жапырақты үзіп алып,сумен бір-екі рет шайып аламыз.Таза стаканды және марлыны аламыз.Қолымызды тазалап жуып сол марлының бетіне абден кескіленген алоэны қоямыз.Оны қолымызбен қатты сығып суын стаканға тамызамыз дайын шырынды балмен араластырамыз.(1+1)
Алтын тамыр ірі әрі жуан тамыры бар,жасаңшөп тұқымдасының семізот туысына жататын көп жылдық, шөп тектес өте бағалы дәрілік өсімдік.Кейбір тамырының салмағы 900 грамға дейін жетеді.Тамырының сырт жағы алтын түстес сары да,ішкі жағы ақ түсті, кепкен кезде тамырының сынған жері ашық қызыл түсті болады.Тамырының сыртқы қабығын пышақпен ептеп аршыса мұрынға аңқыған хош иіс келеді,ал сыртқы қабықтан кейінгі қабық лимон сияқты сары түсті болады.Бұл –тек алтын тамырға ғана тән қасиет. 50г майдаланған шикі зат 0,5л 40%-тік спиртке қосып 2 апта қараңғы,жылы жерге қойылады.Сусамырмен ауыратын науқас 20-30 тамшыдан тамақ алдында 3 рет қабылдау керек.Ем қаблыдау мерзімі 10-20 күн.
3.Дәрігерлер(қандай емге қолдануға болады)
Қолдану тәсілі: Мия тамырының шәрбәтті ашқарынға немесе тамақтанар алдында ішеді .Дәріні ішер алдында жақсылап шайқау керек. Ересектерге 1 ас қасықтан күніне 3 реттен қолдануға болады.Ал кішкентай балаларға кіші шай қасықпен күніне 3 рет емдеу уақыты 10-15 күн.Жағымсыз әсері жүрек айнуы, құсу ,асқазанда қыжылдың пайда болуы сонымен қатар аллергиялық реакциялар тері бөрітіп кетуі мүмкін кері әсері.Қолдануға болмайтын жағдайлар.Бауыры ауыратын адамдарға болмайды және маскүнемдерге болмайды.Сақтау шарты құрғақ,жарық түспейтін 25 –с ден аспайтын температурада сақтау керек. Сақтау мерзімі 4 жыл.
Бал қосылған алоэ шырыны туберкулез ауруына бірден-бір ем болып табылады.Тіс ауырғанда алдымен тұзды сумен жуып ,одан кейін алоэдың1 гр ұнтақтап, оны тіске басады.Егер суық тигізіп алсаңыз,алоэның жаңадан жасап шырынын әр бір 3-4 сағат сайын 2-3 тамшыдан тамызып тұрыңыз.Бұл әдісті 2-3 күнен артық жасауға болмайды.Алоэ суық тигенді емдейді .Бет күтімін жасауға болады.Даққа әжімге өте пайдалы.
Алтын тамыр асқазан мен жүйке ауруларына емдеуге де, жатырдан кеткен қанды тоқтату үшін де кеңінен қолданады. Алтын тамыр денеге қуат беретін қасиетін толық анықтады.Әсіресе ой еңбегімен айналысып, шаршаған адамдардың еңбек ету қабілетін едәуір арттыратыны белгілі болды.Құрамында глюкозид,илікзаттар,флавоноидтер,крахмал,органик,қышқылдар,эфир бар.Өсімдікті қайнатып трахоманы да емдейді. Алтын тамырдың табиғи ареалы жылдан-жылға азайып барады.Алтын тамыр өте сирек кездесетін түр болғандықтан Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
V. Жаңа сабақты бекіту
Мұғалімнің сөзі: (2 мин) Олай болса халық медицинасына неге жүгінбеске. Осыншалықты емімізге дауа болып жатса медицинаның көмегінсіз халық еміне жүгініп, өзіміздің табиғи өнімдерімен емделуге мүмкіндігіміз өте зор. Дәрілік өсімдіктер адамның ағзасына ғана емес, қоршаған ортаға да әсері бар.
Дәрілік өсімдіктер- жердің көркі
- әдеміліктің символы
- нәзіктіктің белгісі
- ұрпаққа қалдырудың себепшісі
- денсаулықтың кепілі
- үйдің көркі
VІ.Қорытынды(4 мин)
Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға слайд арқылы бүгінгі сабақты сұрақ-жауап арқылы қорытындылаймыз.
І – топ. Ғалымдар(дәрігерлердің сұрағына жауап береді)
1.Өзің білетін дәрілік өсімдіктерді ата? (алтын тамыр, кикіоты, итмұрын, жалбыз, адыраспан, түймедақ,)
2.Дәрілік өсімдіктерді не үшін қолданады? (емдік қасиеттері мен адам ағзасының иммунитетін көтеру үшін)
3.Мәдени өсімдіктер қандай өсімдіктер? (кактус, шегіргүл, фикус, райхан)
4. Қандай дәрілік бөлме өсімдіктерін білесіңдер? (алоэ,)
ІІ- топ. Зерттеушілер(ғалымдардын сұрағына жауап береді)
1.Біздің ғалымдар дәрілік өсімдіктерді қайжылдан бері зерттей бастады? (Біздің еліміздің ғалымдары 1930 жылдан Алтай маңын мекендеген халықтарға белгілі осы дәрілік өсімдікті іздеп табу ісімен шұғылдана бастады.)
2.Ең бірінші дәрілік шөптердің емдік қасиетін тапқан қай елдер? (Ежелгі Египетте, Үндістанда, Қытайда Грекияда)
3.Алтын тамыр қызыл кітапқа енгенба? (1961 жылы Қызыл кітапқа енгізілді)
4.Қай дәрілік шөптің тамыры 900 гр? (алтын тамыр)
ІІІ- топ. Дәрігерлер(зерттеушілердің сұрағына жауап береді)
1.Алоэ өсімдігінің құрылымын ата? (тамыр, сабақ, жапырақ)
2.Төлеби ауданында кездесетін дәрілік өсімдіктерді ата? (алтын тамыр, кикіоты, итмұрын, жалбыз, адыраспан, түймедақ,)
3. Мия тамырының адам ағзасына тигізер пайдасы? (жөтелге, қақырыққа, өкпе ауруларына, туберкулезге қарсы пайдаланылады)
4. Дәрілік өсімдіктердің адам ағзасына тигізер кері әсері? (бас айналу, құсу, жүрек айну, дене қызуын көтереді)
VІІ.Үйге тапсырма
Өз өлкемізде өсетін дәрілік өсімдіктерді жинап және гербарий жасап келу.
Рефлексия плакатта үш түрлі бағдаршам түсі тұрады(қызыл,сары,жасыл, ) қызыл еш нарсе түсінбедім,сары тақырыпты одан әрі түсінгім келеді,жасыл тақырыпты толық қанды түсіндім.
Белсенді қатысып отырған оқушыларды мақтап- мадақтау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген