400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дәрілік өсімдіктер жайлы Гиппократтың сипаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәрілік өсімдіктердің қолданылуы, олардан дәрілердің жасалуы туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дәрілік өсімдіктер жайында түңғыш рет біздің дәуірімізге дейінгі ертедегі грек дәрігері Гиппократ (460-377) белгілі еңбек жазды. Ол өсімдіктердің қай бөлігі болсада пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай-ақ ол дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама жасады. Бірақ сол сипатталынып отырған өсімдіктерге алты ғасыр өткен соң барып, біздің дәуіріміздің екінші ғасырында ғана Рим дәрігері Гален алғаш рет жауап берді. Ол өсімдіктерде шипалық қасиеттердің болуы олардың құрамындағы белгілі бір заттардың қасиетіне байланысты екенін анықтады. Ол сонымен бірге бұл заттарды қалай бөліп алуға болатынын көрсете отырып, тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен одан жасалған дәрімен емдеді.

XVI ғасырда алғаш рет Парацельс атты атақты дәрігер шипалық қасиеті бар өсімдіктерге химиялық анализ жасады. Ол да өсімдіктің емдік қасиеті оның құрамындағы кейбір заттарға байланысты екендігіне баса назар аудара отырып, сол заттарды таза күйінде алуға күш салды.

Дәрілік өсімдіктер Ресейде де өте ерте кезден бастап қолданыла бастаған. XVI ғасырдың аяғында дәрілік өсімдіктер жайындағы кітаптар латын және неміс тілдерінен орысшаға аударылды. Москвада көпшілік пайдалануға болатын «Кешегі және бүгінгі дәрілік өсімдіктер» деп аталатын кітап құрастырылды.

Әрбір дәрілік өсімдік емдеу практикасына енгізілмезс бұрын ғылыми медицинада зерттеудің ұзақ жолынан өтеді. Атап айтқанда химиялық қүрамы тексеріледі, организмге әсер етуші факторы, адамның әр түрлі органдары мен жүйелерінің қызметіне әсер ететін ықпалы анықталады. Өсімдіктердің түгелдей өзіндегі немесе оның бір бөлігіндегі кейбір химиялық заттардың қаншалықты зиянды екені анықталады, сонымен бірге өсімдіктің шипалық қасиеті жан-жақты тексеріледі. Сонан соң әр түрлі жолмен тәжірибе жасау арқылы өсімдіктің және одан жасалған препараттардын дәрілік қасиетіне баға беріледі. Осыдан кейін барып қала арнаулы нұсқау бойынша дәрілік өсімдік көптеген Клиникаларда сынақтан өтеді. Сынақтан сәтті өткен осімдікті Денсаулық сақтау министрлігінің фармакологиялық комитеті халық арасына кеңінен таратуға және емдеу максатында қолдануға, ал оның препараттарын өндірістік жолмен жасауга рұқсат етеді. Сөйтіп көптеген өсімдіктер халык медицинасынан ғылыми медицинаға көшеді.

XX ғасырда дәрілік өсімдіктер қолданыстағы барлық дәрілік заттардың кейіннен синтетикалық, антибиотикалық, гормональдық және т.б. препараттар оларды едәуір ығыстырады. Алайда, синтетикалық препараттарды жасап шығарудағы керемет жетістіктерге карамастан, өсімдіктерден жасалған дәрі-дәрмектер казіргі заманғы ғылыми медицинада елі маңызды орынға ие болып отыр.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.01.2023
237
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі