400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

дәріс-концерт

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс мерекелік іс- шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Күй құдіреті»

Мақсаты: Оқушыларға күй үйрету барысында оның шығу тарихы, орындалу мінезі мен шығарушы композиторлары туралы мағлұмат беру.

Тәрбиелік: Оқушыларды атақты күйші-композитордың шығармашылығын таныстыра отырып, құрметтей білуге баулу.

Қазанғап (1854-1927) Қазақтың әйгілі күйші-композиторы. Туып-өскен жері – арал көлінің жағасы, Құланды түбегінің Ақбауыр деген жері. Шежіре дерегі бойынша, Ұлы жүз Ақарыстан тараған ұрпақтың бірі — Кейкі би, одан Төбей туған. Төбейден Майқы, Қоғам, Мекіре, Құйылдар деген төрт ұл туады. Осылардың Қоғамынан Қаңлы мен Шанышқылы туған. Шанышқылыдан Қорбақа, Дарқан, Қырықсадақ, Бектау деген төрт ұл туады. Осылардың ішіндегі Қырықсадақтан Қазанғаптың аталары өрбіген.

Өмір жолы

Туып-өскен жері — Арал көлінің жағасы, Қүланды түбегінің Ақбауыр деген жері. Топырақ бұйырған жері — сол Ақбауыр маңы, Айшуақ ауылының іргесі. Шыққан тегі — Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпалардың бірі — Шанышқылы. Кіші жүздің Ресейге бодан болуы, ел ішіндегі әлеуметтік-саяси құрылымға ертерек өзгеріс енгізіп, бұрынғы ру аралық пәтуә-бірлік шырқының ертерек бұзылуына себепші болды. Әрідегі Сырым батыр, онан соң Исатай мен Махамбетбастаған жойқын көтерілістер, берідегі Бекет батыр бастаған көтеріліс Қазанғаптың жөргектен құлағына сіңісті болған, қала берді көзі көрген заманалық тауқымет айғағы болатын. Бойы өсіп, бұғанасы қатып үлгермей-ақ Қазанғаптың маңдайына қойшылық өмір бұйырған. Қой соңында өткізген он жылда ол домбыраны жан серігі етіп, өзінің сезім-түйсігін күй тілінде сыртқа шығаруды машық етеді. Содан, оң-солын тани бастағанда күйге біржола өмірін арнамақ болып, әке- шешесінен рұқсат алады. Доңызтау-Аққолқада — Төреш, Бесқалада —Орынбай, Құрманияз, Орынборда — Үсен төре сияқты әйгілі домбырашылармен кездеседі

Шығармашылығы

Жалпы, Қазанғап — эпикалық күйші. Оның күйлері қазақтың өткеніне де, бүгініне де, болашағына да терең бойлайды. Қазанғап күйлері халық тарихының артта қалған алмағайып кезеңі туралы "Ноғайлы босқыны" деп, он алтыншы жылғы патша жарлығын жарадай сезіне отырып, "Жұртта қалған", "Окоп" деп күңіренеді. Қазан төңкерісінен кейінгі ел өмірінің түбірлі өзгерістерін ұлы көшке теңеп, "Қызыл керуен" деп бебеулейді. Ал "Майда қоңыр", "Учитель", "Өтті-ау дүние", "Көкіл" сияқты күйлері өмірдің мәні мен сөні туралы, бүгін мен болашақтың қамы туралы таусыла толғанады. Қазанғаптың күйшілік болмыеына ден қойғанда, оны да XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақ халқының рухани әлемінде көрініс тапқан антиутопиялық ағымның, кертолғау сарынының, зар заман тақырыбының аса дарынды өкілі деп таныған жөн.

Күйлері: «Ноғайлы босқыны»,«Жұртта қалған», «Окоп», «Қызыл керуен», «Майда қоңыр», «Учитель», «Өтті-ау дүние», «Көкіл»,“Қос қыран”, “Шырылдатпа”, “Жіберсейші”, “Ерназар, Бекеттің зары” ,“Жұртта қалған”,“Торы ат” күйі ,“Торы аттың кекіл қақпайы”, “Жем суының тасқыны”,“Дүркін-дүркін дүние”, “Қап, әттеген-ай”, “Домалатпай Ақжелең”, “Ілме”, “Жаңылтпаш”, «Торы жорға аттың бөгелек қағуы», “Бөгелек”, “Ақсұңқар құс” , "Өттің дүние, кеттің дүние” "Балжанның жыр күйі”, т.б. (Күй орындау. «Шыныаяқ тастар»

Қазанғапта махаббат лирикасымен қатар, табиғат лирикасына құрылған күйлер де бар. “Жем суының тасқыны” күйінен өзеннің сылдырап аққан сұлу ағысын, буырқана тасыған толқынын естіп, айналасындағы әсем табиғатты аңғаруға болады. Сондай-ақ өзен бойындағы ауыл адамдарының тіршілігін, мінез-құлқын, қонақжай, ыстық ықыластарын да түсіне аласың. “Дүркін-дүркін дүние”, “Қап, әттеген-ай”, “Домалатпай Ақжелең”, “Ілме”, “Жаңылтпаш” көңіл-күй лирикасына құрылған.

Сондай-ақ, Қазанғап бұрынғы жыраулық дәстүрді домбыра тілімен дамыта білген. “Ноғайлының босуы”, “Балжанның жыр күйі”, “Бекеттің жыр күйі” атты күйлер жыраулық сарынмен үндес келеді.

Қазанғап бұрынғы жыраулық дәстүрді домбыра тілімен дамыта білген. “Ноғайлының босуы”, “Балжанның жыр күйі”, “Бекеттің жыр күйі” атты күйлер жыраулық сарынмен үндес келеді.Қазанғап домбыраны оңқай да, солақай да тартқан. Ал, күйлерін орындаудағы өзіндік шеберлігі әрі ерекшелігі – сүйретпе қағыс пен ілме қағысты астастыра отырып, саусақ тимейтін пернелердің өзінен дыбыс шығаратындығы. Сондай-ақ қарсы қағыс, буын-буынмен тарту да Қазанғапқа тән.

Мазмұны

Қазанғап күйлерінің мазмұнына келер болсақ, дәстүрлі “Ақжелеңді” Қазанғап әрі қарай дамытып, Ақжелеңнің 62 түрін шығарады. Қазанғап танушылардың айтуынша, солардың қырыққа жуығы белгілі көрінеді. Қазанғап қашан да күй тартуды алдымен “Ақжелеңнің” бір түрі “Күй шақырудан” бастайды екен. Ақжелең сөзінің өзі көңілділікті, ақжарқындықты, думандылықты білдіреді, соған сәйкес күйлер де жеңіл, ойнақы орындалады. Күй орындау «Бозжорғаның бөгелек қағуы» күйінде жорғаның бөгелек қағып тұрғаны басын шұлғығаны суреттеледі

Шәкірті

Қазанғаптың шәкірті аз болмаған. Олар – Матай Қуантайұлы, Құрманғали Өмірзақов, Кәдіралы Ержанов, Нұрқат Қосуақұлы, Медеубай Бақтыбергенұлы және басқа көптеген домбырашылар К.Ержанов 1885 жылы туған, яғни Қазанғапты көзімен көріп, күйшінің өзі орындаған күйлерді құлағымен тыңдап, жүрегімен қабылдаған шебер домбырашы болды. Ахаң бастап берген соқпақ жалғасын тапты.

Қазанғап мұрасын Ахмет Жұбановтан кейін беріле зерттеп, зор еңбек еткен Сәдуақас Балмағамбетов еді. Сәдуақас 1974 жылы Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік консерваториясын бітіргеннен бастап сол оқу орнында еңбек етті.Сол кездегі билік Қазанғапқа әлі де қырын қарап тұрғанына қарамастан,қазанғаптануға кірісіп кетті. Күйшінің өмірі туралы онсыз да білетін, себебі, Сәдуақас сол өңірде туған. Күйлеріне бала кезінен қанық. Қазанғаптың шәкірті болған әкесі Балмағамбеттен талай күйді үйреніп өсті.

Қазанғаптанушылардың ішінде Абдулхамит Райымбергеновті де атап өтуіміз керек. Ол ұзақ жылдар бойы Қазанғап күйлерін орындап, қалың жұртқа таныстырудағы еңбегі зор. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.

Күй орындау. «Учитель» .

А. Жұбанов «Домбыра-қазақ халқының музыка аспабы» атты баяндамасында: Домбыра қазақ халқының хатка түспеген тарихының талай беттерін паш етеді. Халық өзінің ата мұрасынан қалған осы «кітабын» қастерлеп, артықша бағалайды» -деген.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Түсіпбеков«Шертпе  күйдің  атасы»  Алматы  «Жалын»  баспасы  1991 жыл

2.Н.Төкешов  «Кемел  күйші»   Алматы   «Жалын»  баспасы  1992 жыл

3.Ю.Попов   «Ұлы  күйші  мұрасы»  Алматы  « Жалын»  1991  жыл.

4.Қ.Жүзбасов  «Күй  ғұмыр»  Алматы  «Өнер»  2001 жыл

5.Ж.Бектұров  «Домбыра  мұңы»  Алматы  «Өлке»  1998 ж. 6. У.Бекенов  «Ұлы  күйшінің  мұрагерлері»  Алматы   «Жалын»  баспасы 

 






























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.03.2020
604
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі