400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дәріс материалы:Асқорыту жүйесінің аурулары

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал медицина колледжінің оқытушыларына және білім алушыларына әдістемелік құрал ретінде жасақталған.Дәрісте асқорыту жүйесінің ауруларының себептері,клиникасы,диагностикасы,емі,күтімі көрсетілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жедел гастрит

Қарынның шырышты қабатының қабынуы.

Этиологиясы: 1. Тамақ токсикоинфекциясы. 2. Улану. 3. Тамақты шамадан тыс көп жеу. 4. Ұзақ уақыт дәрілер ішу (сульфаниламидтер). 5. Аллергия. 6. Тұрмыста қолданылатын заттармен улану.

Патогенез: Осы айтылған заттар қарынның шырышты қабығын зақымдайды, қорыту процесі бузылады.

Клиникасы: Жоғарыда айтылған факторлар әсерінен 8 – 12 сағаттан кейін аурудың белгілері біліне бастайды: әлсіздік, асқазан тұсы ауырып, жүрегі айнып, құсады. Аузынан сілекей шұбырып, жағымсыз иіс шығады. Басы айналып, ауырады, тәбеті төмендейді. Іштің жоғарғы бөлігі әлсін - әлсін тесіп аурады. Құсығында жеген тамақтары, шырыш, өт аралас болуы мүмкін. Құсқаннан кейін жеңілдеп қалады.

Баланы тексеру кезінде терісі бозғылт, тілінде ақшыл сарғылт жалатпа, метеоризм байқалады. Қарын тұсы пальпация кезінде ауырады. Ауру 2 - 5 кунге созылады.

Гастрит токсикоинфекциядан болса улану белгілері күшейіп, температура көтеріліп, құсық қайталанады, сусыздану (эксикоз) болады. Ауру 7 - 10 күнге созылады.

Емі:

1. Қарынды жуу – қайнаған салқындатылған сумен, натрий гидрокарбонат ерітіндісімен, NаCl ерітіндісімен жүргізіледі.

2. Ішекті жуу.

3. Сұйықты көп ішу.

4. Сусыздану белгілері күшті болса көктамырға суйықтарды тамшылатып құяды.

5. Диета – сұйық суп пюре, майлы емес сорпа, ботқа, сосын жайлап басқа тамақты қосады: кефир, көкініс пюресі, сүзбе, фрикаделька. 5 - 7 кундері жалпы үстелге ауыстырады. Ащы, қуырған ет, май т.б беруге болмайды.

Тамақ токсикоинфекциясы болса – антибиотиктер, ферменттер, витаминдер қосады.

Алдын алу: 1. Тамақ гигиенасын сақтау. 2. Қарынды зақымдайтын дәрілерді ұзақ пайдаланбау.

Созылмалы гастрит.

Ұзаққа созылған қабыну процесінен кейін қарын бездерінің атрофиясы дамиды.

Этиологиясы: а) микроорганизм Helicobacter pylоri және б) аутоимундық процестер (қарынның шырышты қабығына қарсы антиденелер жасақталады).

б) тамақ режимін ұзақ уақыт дұрыс сақтамау.

в) соматикалық, инфекциялық аурулар

г) ұзақ уақыт дәрілер ішу.

д) жүйке күйзелістері

ж) тұқым қуалаушылық.

Клиника. Гастрит: а) сөл бөлу процесі өзгермеген б) сөлдің көп бөлінуімен в) сөлдің аз бөлінуі болып жіктеледі.

Науқасты тексеру кезінде ағзадағы өзгерістен, шағымы көп болады.

Созылмалы гастритке тән:

  1. Ауырсыну синдромы

  2. Диспепсиялық синдром

Іштің жоғарғы бөлігі ауырады.

Сөлі аз бөлінетін гастритте – қатты ауырмайды. Тамақ ішкеннен кейін 10-15 минуттан кейін ауырсынады, тәбеті төмен, кекіру, іші кебеді. Сүт тамақтарына, ботқаға журегі айныйды.

Сөлі көп бөлінетін, өзгермеген гастритте ауыру приступ тәрізді 1,5 - 2 сағаттан кейін (тамақтан соң) және ашқарында ауырады.

Сөлі көп гастритте – диспепсиялық шағым аз, тәбеті жақсы. Кекіргенде аузына ащы зат келеді, іші қатады.

Диагностика:

  • Фиброгастроскопия: қарын шырышты қабатының қабынуы, атрофиясы байқалады.

  • R - графия

  • Зондтау әдісі – қарын, 12 елі ішекті.

  • Нәжістен қанды тексереді.

Емі: Сөлі көп гастритте – «Смирновекую, Боржоми» минерал сулар, t - 37-38˚, тамақ алдында 1 - 1,5 сағат бұрын ішеді, газы болмау керек.

Сөлі аз гастритте – подорожник шырыны, плантаглюцид, валериана, бром, пустырник.

- Фитотерапия – ромашка, шиповник, укроп, зверобой, бессмертник, пустырник.

- Физиотерапия

- Санаториялық ем – Ессентуки

Алдын алу – созылмалы ауруларды емдеу. Ішектің құрт ауруын емдеу. Жан күйзелістерінен сақтану. Күзде, көктемде қайталап ауруға қарсы ем жургізу.

Науқаста астено - невротикалық синдром қосылады: жылауық, ашушаң, ұйқысы бұзылады

Асқазан, он екі елі ішек жара ауруы

Асқазан, он екі елі ішек жара ауруы - созылмалы ауру.

Этиологиясы: Аурудың қоздырғышы - Helicobacter pylori. Қосымша себептеріне:

  • тұқым қуалаушылық;

  • 0 (I)топтағы адамдар;

  • алиментарлық фактор;

  • созылмалы аурулар;

  • аллергия;

  • жан күйзелістері;

  • дәрілерді ұзақ пайдалану жатады.

Клиникасы: Асқазан жара ауруы көбінесе сөлі көп немесе өзгермеген гастритте, ал он екі елі ішек жарасы - сөлі көп дуоденитте дамиды.

Балаларда он екі елі ішек жарасы жиі кездеседі. Асқазан, он екі елі ішек жара ауруының 4 кезеңі болады:

  1. жара;

  2. жараның қабыршақтануы;

  3. жазылуы;

  4. клинико – эндоскопиялық ремиссия.

1 - кезеңінде іштің жоғарғы бөлігі жай ауырып бастайды да, кейіннен аяқ астынан түйіліп ауырады. Қарын жарасында тамақ ішкеннен кейін дереу ауырады. Он екі елі ішек жара ауруында тамақ ішкеннен соң 2 – 4 - сағаттан кейін, кейде түнде ауырады. (голодные боли). Приступ тәрізді ауыру, тесіп ауыру тән. Ауырсыну арқаға, белге беріледі.

Ауырсыну ритмі: қарны ашып тамақ ішкенге дейін ауыру – тамақ ішкеннен кейін ауырғаны басылады.

Пальпацияда – эпигастрий тұсы ауырады. Ауырсыну синдромына диспептикалық синдром қосылады: кекіргенде ашы дәм келу, өңештің күюі, жүрегі айну, құсу, іш кету.

Науқаста астено – невротикалық синдром қосылады: жылауық, ашушаң, ұйқысы бұзылады, басының ауыруы, тершеңдік.

2 - кезеңінде іші тесіп ауырмайды. Жәй ауырады. Тамақ ішкеннен кейін басылады. Түнде ауырмайды.

3 - кезеңінде ауырсыну басылады. Тамақ ішкеннен кейін узақ уақытқа ауырмай кетеді.

4 - кезеңінде клиникалық белгілері болмайды.

Балаларда ауырсыну аз болды, бірақ жара көп болады . Асқыну көп болмайды.

Динамикасында эндоскопия, ренгенографияны қайталайды.

Емі: Қарын, 12- елі ішектің созылмалы ауруларының емі.

  1. Күн режімін, тамақ режімін сақтау 1а, 1б, 1- емдік столдар тағайындалады.

Күніне 5 - 6 рет тамақтанады.

Алғашқы 10 күнде - 1а үстел. 10 – 20 күн - 1б үстол. Қозу кезеңінде 1 үстел.

Сөлі аз гастриттерде – сорпа, қышқыл көкөніс, сок т.б. беріледі. Де – нол, трихопол, амоксоциллин дәрілерін беруге болады.

  1. Сөлі көп гастритте – циметиден, ранитидин, омепрозол, гастроцепин. Антацидтер – алмагель, гастал, маалокс, облепиха майы, солкосерил.

  2. Ауыру сезімін басу үшін – кватерон, метацин, церукал, папаверин, но – шпа береді.

Сөлі көп гастритте – температурасы 37 - 38°С «Смирновскую», «Боржоми» минерал газдалмаған суын тамақ алдында 1-1.5 сағат бұрын ішеді.

Сөлі аз гастритте – жолжелкен (подорожник) сок, плантоглюцид. Температурасы 30°С «Ессентуки, нарзан, арзни» минерал газдалмаған суын 2 – 3 рет тамақ алдында 20 минут бұрын ішеді.

  • Валерианка, бром, пустырник.

Санаториялық ем: Есентуки, Нарзан, Арзни

Фитотерапия: ромашка, шиповник, укроп, зверобой, бессмертник, пустырник.

- бальнеотерапия (балшықпен емдеу).

- Физиотерапия.

Алдын-алу. Созылмалы ауруларды емдеу. Ішектің кұрт ауруларын емдеу. Жан куйзелістерінен сақтану. Күзде, көктемде кайталап ауыруға карсы ем жүргізу.


Өт қапшығының дискинезиязы.

Өт қапшығы өзектерінің тонусының өзгеруі салдарынан 12 - елі ішекке өт шығарылуының бұзылуы.

Этиология. Невроз, ішек қарын ауырулары, жарасы, писихалық ауыртпалықтар, жарақаттар, вирусты гепатит, ішек құрт аурулары, ішек лямблиозы, улану, тамақ режімінің бұзылуы.

Клиника. 2- түрі бар: 1) гипертоникалық, (өт тонусы жоғары)

2) гипотоникалық.

Гипертоникалық: түрінде - оң қабырға асты приступ тәрізді аз уақытқа тесіп ауырады. Холецистографияда - өт қапшығы размері кішірейген. «В»-порциясы зондтауда азаяды.

Гипотоникалық түрінде - үнемі оң қабырға асты баяу ауырады. Ауызына ашы дәм келеді, майлы, қуырылган тамаққа жүрегі айныйды. Нәжісі - турақсыз. Холецистографияда - өт қапшығы размері үлкейген. Тамақ (пробный завтрак) бергеннен кейін өт қапшығы қатты кішіреймейді.(өт нашар шығарылады). Зондтауда- «В»-порциясы көбейеді.

Емі: № 5 үстел. Сүзбе, жұмыртқа ақуызы, қарақымық, сәбіз, салат, жасыл горошек беріледі.

Гипотоникалық түрінде - сок, көкөніс, жеміс - жидек, сары май, көкөніс майын береді. Тамақты 4 – 5 рет жылы күйінде ішеді.

Гипертоникалық түрінде: папаверин, но - шпа. Өт жүргізетін - хологон, аллохол, холензим.

Гипотоникалық түрінде - калий, магний сульфат.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
2625
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі