400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дәріс. Туризмдегі жарнама ерекшеліктері және есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал может быть использован студентами специальностей Туризм, География, преподавателями, учителями географии и учащимися 8-9 классов
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дәріс


Тақырыбы: Туризмдегі жарнама: ерекшеліктері және есебі.


Мақсаты: Туризмдеі жарнама ерекшеліктері және есебі жүйелі түрде оқу.


Жоспары:

Туристік саланың жарнамасының ерекшеліктері: біржақты бағытталғандығы, ақпараттық толықтығы, жеке бастық емес сипаты, эффектіні анықтау тұрғысынан анықталмағандығы, қоғамдық сипаты т.б. және оны жіктеу.


Туризм – мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен келісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар. Сол себепті де Қазақстанда қазіргі таңда көтеріліп жатқан өзекті мәселелердің бірі – туризм. Туризм адамдардың қарым-қатынасын байланыстырады, әлеуметтік шындықгы ойлау қабілетін арттырып қоршаған ортаны өркендеуіне, мәдениет және өнердің дамуына және ел экономикасын өркендетуге өзіндік үлесін қосады және ел имиджин әлемге танытуға мүмкімдіктер береді. Қазақстанның имиджін көтеру үшін туризм саласын дамыту керек, қазір еліміздің имиджін ұстап тұру үшін көптеген ресурстар жұмсалуда. Алайда бізде имидж саясатына байланысты нақты бір стратегия жоқ. Имиджді дамыту үшін туристік базаларды дамыту, қызмет көрсету, виза мәселесі сынды т.б қарапайым нәрселерді көтеру керек. Қазақстанда бүгінгі таңда басқа елдерге қарағанда өз тарихының имиджі қалыптаспаған. Соған орай ел имджінің қалыптасуы қиынға соғады. Алайда жарнамалар мен теледидар бағдарламалары, публикацияларға орай Қазақстанның жане ондағы халық пен мәдени өмірінің кейпі қалыптасқан. Қазақстанның кейпінің қалыптасуы имиджінің қалыптасуына өз әсерін тигіздіреді.

Жарнама – халыққа қызмет көрсету шаруашылығының маңызды саласы. Сонымен қатар қоғамда болып жатқан жаңалықтың бәрiне қатысты. Жарнама қазіргі өзекті шаруашылық саланың пайда көзi. Жарнама – қазіргі нарық заманының тыныс-тіршілік байланысының ортасын кеңейтiп, нығайтатын, байытатын бұқаралық ақпарат арнасы.

Нарықтық қатынастар кешегі Кеңес Одағы кезінде қалыптасқан еңбек заңдылықтарын өзгертті. Енді жұмысты жоспармен емес, іскерлікпен атқару мәселесі бірінші орынға шықты. Жалпы іскерлік байланыстың түрлері көп. Олар: конференциялар, көрмелер, семинарлар, презентациялар, пресс-конференциялар, сұхбаттар, дөңгелек столдар, іскерлік дастарханы, және ойындар, келіссөздер, т.б. Осылардың бәрінен де өтімдісі – жарнама.

Жарнаманы анықтаудың екі жолы бар: біріншісі – тар мағынадағы жарнама деп, тек ақысы төленген, бір бағыттағы жеке және біреу арқылы белгілі бір тауарды мақтап насихаттайтын жолауды айтамыз. Екіншісі, кең мағынадағы жарнама деп, өндірушінің (сатушының) немесе олардың өкілдерінің мүмкіндігі бар тұтынушыларға (сатып алушыға) кез-келген жолдамасын айтамыз.

Жарнама – қаржылау көзі анық көрсетілген, төлемді ақпарат құралдары арқылы орындалатын іскерлік байланыстардың дербестелінбеген формасы.

Жалпы жарнама деген ұғымның бастауы әріде. Бұл мәселе “Маркетинг негіздері” деген еңбекте жақсы баяндалған. Айтар болсақ: Жарнамалық тәжірибе туралы ең алғаш жазба тарихи құжаттарда айтылған. Жерорта теңізі елдерінде жүргізілген қазбаларда археологтар әртүрлі оқиғалар мен ұсыныстар жазылған маңдайша сияқты тас тақталарды тапқан. Римляндар өз заманында гладиатор сайыстары жөнінде қабырғаларға құлақтандырулар ілген, ал финикийстер әртүрлі салтанатты шерулер кезінде шың-құздарды суреттермен әшекейлеп, онда өз тауарларын мадақтайтын жазулар жазған. Осының бәрі қазіргі сырт жарнаманың негізі болып саналатын тарихи фактілер. Помпей құлағаннан кейінгі қала қалдықтарының ішінен бір жартасқа суреті салынып, жазу жазылған. Онда бір саясаткерді мадақтап, адамдарды соған дауыс беруге шақырған.

Ертеректегі жарнаманың тағы бір көрінісін жыршылар кейіптеген. Ежелгі Грецияның “Алтын ғасырында” Афин көшелерінде құлдардың, малдардың және басқа да тауарлардың сатылуы туралы хабарлаушы жыршыларды көруге болады екен. Сондай бір оқиғаны көрген бағзы замандардың бір ақыны Афинаның ежелгі тұрғындарына арнап, “жарнаманы” өлеңінң жазып қалдырыпты. Онда былай делінген:

“Көзіңіз жарқырасын,

Бетіңіз қызғылттансын,

Қыздың әдемілігі ұзақ сақталсын.

Есті әйел косметикаларды

Дұрыс бағамен сатып алсын”.

Осы бір ұйқасы келген жарнама өлеңді оқығанда сонау ерте заманның өзінде жарнаманың маңызы зор екенін байқаймыз. Сол ерте заманнан-ақ, сауда-саттық жұмысымен қатар жүретін жарнама жұмыстары уақыт өткен сайын түрленіп дами беретіні белгілі жағдай. Жарнаманың басқаша бір түрде көріне бастауы. Қолөнершілердің қолынан шыққан зергерлік бұйымдары мен түрлі материалдармен жұмыс істейтін ұсталар жасаған тауарларына салған таңбалар болған. Сол арқылы кімнің жасаған заты жақсы екені халық арасында сараланып, белгілі болатын болған. Осыдан барып, ел мақтаған қолөнершінің атағы тараған сайын, сатып алушылар оның таңбасы салынған тауарларды іздейтін болған.


Туристік қызмет көрсетудің деңгейінің жоғары болуы тұтынушыларға насихаттау жұмысының сапалы жүргізілуімен байланысты. Насихаттау қызмет саласын жарнамалау арқылы жүзеге асырылатыны белгілі. Жарнама – адамдардың беймәлім тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға , тауар белгілеріне , жұмвстарға, көрсетілген қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткізуге жәрдемдесетін кез келген нысанды, кез келген құралдардың көмегімен тартылатын және орналастыратын ақпарат. Осы ақпараттың 3 жақтың әрекет етуімен орындалатынына тоқталамыз, яғни – жарнама беруші, жарнама өндіруші және жарнама таратушы.

Жарнама беруші – жарнама негізін тудырушы заңды немесе жеке тұлға.

Жарнама өндіруші - жарнама берушінің негізгі туындысын өңдеп жасап шығыарушы.

Жарнама таратушы - дайын жарнама өнімін әртүрлі құралдар және әдістерді пайдаланып тұтынушыларға жеткізуші.

Осы қызмет түрін көрсету 508-ші 2003 жылы 19Желтоқсанда күшіне енген Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңының 3-бабымен реттеліп, жүзеге асырылады.

Жарнаманың түрлері төмендегідей қарастырылады:

  1. сыртқы (көрнекті) жарнама – жылжымалы немесе жылжымайтын объектілерде орналастырылған, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеулеріндегі және елді мекендердегі үй – жайлардың шегінен тыс кеңістікте орналастырылған жарнама.

  2. Жөнсіз жарнама – мазмұнына , уақытына, таратылу, орналастырылу орнына және тәсіліне Қазақстан Республикасының заңдарына белгіленген талаптардың бұзылуына жол берілген жосықсыз, дәйексіз, әдепсіз, көріну жалған және жасырын жарнама.

  3. Жарнама тұтынушылар – жарнама арналған жеке және заңды тұлғалардың беймәлім тобы.

  4. Жүгіртпе жол – жарнама таратудың теледидар бойынша , кино және бейнеқызмет көрсетуде берілетін тәсілі, ол теледидар экрандарында , сондай-ақ дербес моинторларды, тұрақты орналастыру объектілерінде жиынтығымен белгілі бір ақпаратты құрайтын әріптер, цифрлар, белгілер тіркесінің тізбектесіп алмасуымен сипатталады.

  5. Тауарлар- туралы ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген және тауармен оның айырым белгілерімен оны пайдалану ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында сатып алушыға (тұтынушыға) жеткізілетін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) дайындаушы, сатушы, южеткізуші туралы мәліметтер.

Жарнамалау кезінде төмендегі шығындар түрі кетеді:

  • жарнама құралдарын таратуғакеткен шығындар (кітапшалар, плакаттар, каталогтар, жарнама хаттар);

  • бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарнамаларға кеткен шығындар;

  • сыртқы жарнамаға кеткен шығын;

  • жарнамалық бейнефильмдерді сатып алуға және көшіріп алуға кеткен шығындар;

  • жарнамалық шиттерді жасауға кеткен шығындар;

  • жарнамалқ материалды жасауға кеткен шығындар;

  • көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысуға байланысты кеткен шығындар;

  • жарнамалық тауарлардың бағаларын төмендетуге кеткен шығын үлесі;

Туристік ұйымдар қызметін жарнамалауды жарнама жасаушының жобалауда бірегей тәртіппен істелінетіні анық. Жарнамалау:

  • Қазақстан аумағында өз күштерімен жарнамалау қызметі;

  • Жарнама таратушылардың – резидент еместердің жарнама өнімдерін дайындап орналастыру;

  • Жарнама таратушылардың- резидент еместердің жарнама өнімдерін өз күштерімен тарату;

Жарнама өнімдерін дайындау Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 683-687- баптарына сәйкес келісім-шарт жасау арқылы орындалады. Жарнама өндірушу тапсырысты келісімді баға бойынша ҚҚС – сыз құны жарнама берушініңтабысы болып табылады. Салық кодексінің 81 және 854 баптарына сәйкес.

Ал, өндірілген жарнамалық өнімдерді тарату Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 846-687- баптарына сәйкес келісім шарт жасасу арқылы орналып, жарнама өнімінің экономикалық мазмұнының дәйектілігі және туралығына көз жеткізу болып табылыды.


Туроператор және турагенттегі жарнамалық

қызметтің есебі.

Жарнама берушінің жарнамалаудан түскен табысын мойындап анықтау ХҚЕС № 18 бойынша танылады, яғни:

  • меншікті шоттың қортындысы бойынша түсім экономикалық тиімділігі жоғары болып өсім байқалады;

  • үшінші жақтың пайдасынашешілген түсім капитал өсіміне әсер етпеуіне байланысты есептемеген жағдайда;

  • агенттік қызмет көрсеткені үшін төленетін сыйақының түсімі болып есептелгенде.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы туристік қызметті жарнамаалау арнаай арнайы жарнама агентстволарымен келісім шарт жасау арқылы жарияланады. Келісім шар бойынша жарнамалаушының талап тілектері толығымен орындалған жағдайда туристік ұйымды шығын есептеліп құнын анықтайды . Кеткен шығындар бухгалтерлік есептің жазбаларында төмендегідей көрсетіледі:

Дт 1610 КТ 1040- Жарнама агенствосымен келісім шартқа отырып, алдын-ала төлем жасалғанда;

Дт 7110 Кт 3310- ҚҚС сомасына;

Дт 1420 КТ 3310- ҚҚС сомасына төлегенде;

Дт 3130 Кт 3310- алдын-ала төленген қаржы есебінен жарнама қызмет ҚҚС төлегенде;

Дт 3310 КТ 1610- көрсетілегн қызмет түріне төленгенде;

Егер жарнамалық қалқандарды туристік ұйым пайдалану мерзіміне қарай 12 айдан аса пайдаланса, онда негізгі қор есебіне алуға тиіс.


Жарнамалық шығындардың салық есебіндегі орны.

Туристік ұйымдардағы копоративтік табыс салығын салу мақсатында өндірістік шығындар құрамына жарнамалау шығындары да кіреді. Осы жағдайға байланысты жарнама шығындары төмендегідей бөлінеді:

  • бұқаралық ақпарат құралдары және телекоммуникация желілер бойынша шығындар;

  • жарнамалық қалқандары жарықтандыруға кеткен шығындар;

Жарнмалардан түскен түсім барлық айналым бойынша алынған (ҚҚС-сыз) салық салуға негізделген кассалық әдіспен есептеледі.

Мысалы, 1 тоқсан, жартыжылдық, 9 ай болып есептеледі.Кейбір шығындар мөлшері шамадан тыс артып кетуі мүмкін . Ал жыл көлемінде шығындар мөлшері реттеліп, әрбір тоқсанға біркелкі бөлінуіә мүмкін, немесе керісінше қызмет қортындысы бойынша реттелгенімен жыл көлемінде түсімнің деңгейінің төмендеуіне байланысты салық салу базасын азайтуға болмайды.

Мысалы, есепті кезеңнің 9 айының көлемінде туристік өнім турөнімді сатудан 12000000 теңге түсім алды оның ішінде ККС – 1400000 теңге.

Осы уақыт ішінде туристік ұйым салық салу мақсатында өндірістік шығын құрамына кіретін мөлшерленген140000 теңгенің орнына 160000

Теңгеге жарнамалық шығындар жұмсады. Ал, копоративтік табыс салығын салу базасының бірі бөлігін азайту арқылы ауқымын есептеуге болады, яғни ол есепті 9 ай ішінде 106000 теңге ((12000000-1400000)х 1%). Мөлшерден тыс шығындар көлемі – 34 000 теңге (140 000-106 000). Бұл салық салу базасына жатқызылмайды.

Мысалы, есепті жылдың қортындысы бойынша айналымнан түскен табыс 18400000 теңге, оның ішінде ҚҚС – 2900000 теңге. Бекітілегн 155000 теңге шығындар көлеміне 154000 теңгені құрады, яғни бұл жағдайда жарнамалық шығындар салық салу мақсатында мөлшерленген шығын шамасы артып кетпегендіктен толық есептеледі.


Дәрісті тақырыбы боынша қорыту сұрақтары:

  1. Жарнама дегеніміз не және оны қалай түсінемізі?

  2. Жарнама қанша тұлғаның әрекет етуімен орындалады?

  3. Жарнама негізін тудырушы қалай аталады?

  4. Жарнама берушінің негізі туындысын өңдеп жасап шығарушы кім?

  5. Дайын жарнама өнімін әртүрлі құралдар және әдістерді пайдаланып тұтынушыларға жеткізу қандай тұлғаның мақсаты?

  6. Жарнаманың түрлерін қалай бөлеміз?

  7. Жарнамалау кезінде қандай шығындар түрі болады?

  8. Жарнама өнімдерін дайындау қандай нормативті акті бойынша орныдалады?

  9. Жарнама өндірушінің қызметіне салық салынады ма?

  10. Өндірілген жарнамалық тарату дайындау қандай нормативті акті бойынша орныдалады?

  11. Жарнама берушінің жарнамалаудан түскен табысын анықтау нешінші ХҚЕС бойынша танылады?

  12. Жарнамалауға кеткен шығындар бухгалтерлік есептің жазбаларында қалай көсетіледі?

  13. Жарнамалық шығындардың салық есебіндегі орны қандай?

  14. Жарнамалаудан түскен түсім салқсалуға негізделегн қандай әдіспен есептеледі?

  15. Салынатын салыққа шығындарп мөлшері қандай әсер етеді?



Үйге тапсырма: Дәрісті оқып, семинарға дайындалу.


Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

  1. Дурович А.П. Реклама в туризме. - Минск, 2002.

  2. Кириллов А.Т., Маслова Е.В. Реклама в туризме. - Санкт-Петербург, 2002.

  3. Уткин Э.А., Кочеткова А.И. Рекламное дело. - М.: «Тандем», 1997.

  4. Аренс У., Бове К. Современная реклама. - Тольятти, 1995.

  5. Бейсенбаева А.К. Туризмдегі бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. – Алматы, 2008.

  6. Кошелева Т.П. Бухгалтерский учет в турфирме. Учебное пособие. – Алматы, 2001.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
1964
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі