Тақырыбы: «Дәрумендер –
денсаулық кепілі»
Мақсаты: оқушыларға
дәрумендердің ағзадағы рөлі және
дәрумендер жетіспегеннен болатын
аурулар, көкөністердің пайдасы туралы
білімдерін жетілдіру мақсатында
ізденуге, тез ойлауға, алғырлыққа,
тапқырлыққа баулу.
Көрнекілігі:
көкөніске толы себет, газет «Денсаулық
және көкөніс»
Мұғалім:
- Армысыздар құрметті ұстаздар, қонақтар
және натуралистер!
«Дәрумендер –
денсаулық кепілі» деп аталатын кешімізді
ашық деп жариялаймыз.
Елбасымыз
«Білімді ұрпақ - болашақ» деген.
«Білімсіздің күні ғаріп, білімдінің
түні жарық» демекші сөз кезегін «Көкөніс
өсіру» үйірмесінің оқушыларына берелік.
1 – оқушы: - Мәссаған! Мына қызықты
қараңыз, көкөністер бір – бірімен
айтысып жатыр екен. «Мен пайдалымын»
деп шу шығарып жатыр.
Асқабақ: - Мен
бақшадағы ең ірі көкөніспін. Үлкен
болғандықтан бақшада көп орын аламын,
салмағым 16 кг жетіп, аязыңа пысқырмай
жата беремін. Орталық Азияда менен
әртүрлі бұйымдар, ыдыстар жасаған.
Адамға қажетті көкөніспін.
2 - оқушы:
Іші сары, сырты қатты,
Дәні – дәрі,
дәмі тәтті.
Пісіріп жесең ас -
тамақ,
Оның аты – асқабақ.
Домалаған
дәу өзі,
Құшағыңа сыймайды.
Күзге
дейін бақшада,
Суық түсе
жинайды.
Орамжапырақ келеді
Дәмді
болсын десең
Орамжапырақты егер,
Жаздай
суар оны,
Жатпасын шөлдеп
бекер.
Орамжапырақ та сенің
Еңбегіңді
өтер.
Орамжапырақ: - Сен керемет
емессің, бірақта мақтана бер, асқабақ.
Мен де кішкентай емеспін, бәріне де
белгілімін.
Асқабақ: - Онда неге сені
бұлай атаған?
Орамжапырақ: - Ежелгі
египеттіктер мені қатты жақсы көрген.
Адамдардың ас қорыту мүшелеріне өте
пайдалымын. Қыс бойы мені тұздап сақтап
қойып, тағамға қажеттті дәрумендерім
үшін қолданады. Сондықтан мен керемет
көкөніспін. Басқасына қарағанда қияр
сияқты кішкентай емеспін.
Қияр
келеді.
Қияр: - сопақшы көк өңім
бар,
Пайдалы, мөлдір сөлім бар.
Піскен
кезде жиярсың,
Менің атым –
қиярмын.
Қазір ұзын сабағым
Жан –
жағыма тарайды.
Қол ұстасқан
баладай,
Бақшаны алып барады.
-
Әрине, басқа көкөністерге қарағанда
мен дәрумендерге бай емеспін, сонда да
мен сүйікті көкөніспін. Қыста да, жазда
да бармын. Ежелгі Египетте бай адамдар
шырын жасап, әртүрлі ауруларға пайдаланған.
Терінің қартаймауына көмектесемін.
Және қазіргі кезде косметикаға да
қолданады.
Қызанақ келеді.
Қызанақ:
- Немене бәрің оны ренжіте беречіңдер?
Мен де кішкентай болсам да адамдарға
пайдалымын.
Асқабақ: - сен де мақтанғың
келіп тұр ма?
Қызанақ: - Жо – жоқ, мен
өзімнің отаным Перуді мақтан тұтамын.
Көптеген дәрумендерге баймын, мәселен,
А дәрумені жетіспесе адам ағзасы өсуі
баяулайды.
Әсем, нәзік көріктімін,
Көктей
жеуге болмайды.
Салатқа мені
қосқанда
Қияр қасымнан қалмайды.
Қып
– қызыл боп пісемін,
Жәшікке лақтырып
салмайды.
Жарылып қалам өйткені,
Көтермеймін
ондайды.
Картоп келеді.
Адамның екінші
наны атансақта көкірегімізді кермей –
ақ тып – тыныш жатырмыз ғой!
Ылғалды
топырақ мекенім,
Сол жерде жақсы
өсемін.
Жегенде жақсы тоясың,
Ұраға
салып қоясың:
Мен екінші нанмын!
-
Мені ең алғаш 1537 жылы білді. Голландияның
І Петр 1700 жылы шамасында
Ресейге
әкелінді. Құрамымда 14 – 24 % крахмал бар.
200 – ге жуық әртүрлі тағам әзірленді.
Мені де әртүрлі атайды. Отаным – Оңтүстік
Америка.
Қызыл бұрыш:
- ой, картоп, мен білмегем ғой, екеуміз
жерлес екенбіз ғой. Мен де Оңтүстік
Америкаданмын. Мені Христофор Колумб
әкелді. Дәрумендерге өте баймын. Егер
көкөністер арасынан жарыс өтсе, мен
чемпион атағын алушы едім. Біреуін
каротин үшін, енді біреуін А дәрумені
үшін алар едім, өйткені ол тері аураларына
пайдалы, менде де С дәрумені бар. Егер
де кімде - кім мені тағамға пайдаланса,
ол адам көп өмір сүреді.
Сарымсақ: -
егер бұрыш өзін өте пайдалымын, бәріне
қажеттімін десе, онда мен туралы айтып
керегі де жоқ.
Менсіз астың дәмі
жоқ,
Күлдіре алмаймын жылайсың.
Ащы
болсам да мені
Базардан жиі
сұрайсың.
Түшкірсең, пысқырсаң
Мен
шипа боламын.
- Өзіме тән иісім бар,
құрамымда 20 – 27 % полисахарид, нәруыз 7
– 28 %, С дәрумені бар. Бактерияларды
жойып жіберетін эфир майын медицинада
қолданады. Қшпа зат, фитоцидтер де бар.
Сондықтан жұқпалы аураларға қарсы
апйдаланады.
Бұрыш: - Сенің Отаның
қай жер?
Сарымсақ: - Азияда тудым.
Бірақ Еуропа мен Африкада тқрамын. Орта
ғасырларда батырлар мені кеуделеріне
тұмар ғып тағып жүрген. Өйткені мен
әртүрлі оқтан, садақтың оғынан қорғап
жүргенмін.
Пияз келеді де сарымсақтың
қасына тұрады.Асқабақ: - Сен неге
сарымсақтың қасына тұрасың? Сендер
доссыңдар ма?
Пияз: - Біз дос қана
емеспіз, ағайындымыз. Мені Біздің
дәуірімізге шейін білген.