Білім беру
саласы: "Коммуникация"
Ұйымдастырылған оқу
қызметі: Сөйлеуді дамыту,Қоршаған
ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Дәрумендер
әлемі»
Мақсаты: Балаларға жемістер туралы
түсінік беру,жемістер туралы білімдерін бекіту. Денсаулыққа пайдасы
туралы мағлұматтар беру. Жемістерді ажырата білуге
үйрету.Қабылдауын есте сақтау қабілеттерін
дамыту.
Ұйымдастыру
кезеңі:
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге мына
өлең шумағын оқып берейін.
Тоңазып
атырап,
Көп жеміс
піседі.
Сарғайып
жапырақ,
Судырап
түседі.
"Күз жомарт"- дейміз
біз
Жемісін жейміз
біз.
(балалар орындарында
отырады.)
-Балалар , біздің осы
айтылған өлең шумағында не туралы, не жайлы
айтылған?
-Күзге берер қандай сыйы
бар?
- Қандай жемістердің
түрлерін білесіңдер?
Балалар: Алма, алмұрт, өрік, ише,
шабдалы т.б жемістер. (аталған жемістердің атрибуттарын
кигізу.)
Тәрбиеші: Жемістер қайда
өседі?
Балалар: Ағашта
Тәрбиеші: Өте дұрыс
айтасыңдар.Балалар ,жемістерді көбірек жеп тұру керек.Жемістердің
құрамында көптеген дәрумендер болады,ол адамның денсаулығына өте
пайдалы.Сонымен қатар жемістерді жуып жеу
керек.
Ғажайып
сәт:
Тәрбиеші: Тыңдаңдаршы есікті біреу
қағатын сияқты.(осы кезде есікті қағып ,қонақ
келеді.)
Қонаққа Кенжегүл апай
келді.(қолында себетке салынған жемістер
бар.)
Кенжегүл апай сәлеметсіз
бе!Төрлетіңіз.
Балалар: Кенжегүл апай
амандасады.
Кенжегүл: Сәлеметсіңдер ме
,балалар? Мен сендерге жемісте және жемістердің суреттерін
әкелдім.Сендер суреттегі жемістерді атай аласыңдар
ма?
Балалар: иә,
ілеміз
Тәрбиеші: Кенжегүл апай біздің
балалар жеміс жидектердің суретін атай біледі. Кәне, балалар
тақтадағы жеміс-жидектердің атауын атап
берейікші.
Балалар: алма, алмұрт, банана, жүзім
(т. б жемістерді атайды.)
Тәрбиеші:Сонымен қатар біздің
балалар тақпақтарда біледі.
Қарақат
Өрік, алма,
шие,алша
Жеміс-жидек
піседі.
Қауын,қарбыз,қияр,сәбіз,
Дүкендерге
түседі.
Темірбек:
Іші толған
шәрбат
Дәмі қандай
әйбат
Үзсең бірден
жүзін
Оның аты
-Жүзім
Алтынбек:
Дөп-дөңгелек
сап-сары,
Ішінде бар
дәні
Қызығасың
көріп
Оның аты -
Өрік
Әсел:
Жапырақта
тасалап,
Өскен жері
бақша-бақ,
Күрең қызыл
шіркін-ай,
Оның аты -
құлпынай.
Тәрбиеші: Балалар жемістер туралы
тамаша тақпақтар айттыңдар,кәне, енді ойын ойнап
көрейікші.
Ойын:"Дәмін татып, не
екенін тауып көр"
Ойын
шарты: Тәрбиеші жемістерді жуып
бөліктерге бөліп , балаларға көздерін жұмуды ұсынып, кезекпен
жемістердің бөліктерін ауыздарына салады. (балалар салынған
жемістердің аттарын атайды.)
-Сенің аузыңдағы не?Алма
ма,әлде алмұрт па?
Балалар: алмұрт.(ойын
сұрақ-жауап арқылы жалғасады.)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар!
Ойынды жақсы ойнадыңдар.Енді бойымызды сергітіп
алайық
Сергіту
сәті: (қимыл қозғалыспен
орнындайды)
Алма ,алма көп
алама,
Қызыл,жасыл, көк
алма
Теріп, теріп
алайық,
Қалтамызға
салайық
Кенжегүл
апай: Балалар, мен сендерге
арнайы бау-бақшадан жемістер жинап әкелдім,дәмін татыңдар.Ал,
балалар, мен енді қайтайын.Тамаша жемістер туралы тақпақтар білетін
екенсіңдер,қызықты ойын ойнадыңдар сендерге рахмет. Сендерге
көп-көп рахмет.
-Сау болыңдар,
балалар.
Балалар: Апаймен
қоштасады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Біз
бүгін немен таныстық?
Балалар:
Жемістермен.
Тәрбиеші: Қандай жемістерді
білесіңдер?
Балалар: алма, алмұрт, ише, т.б
жемістерді атайды.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар,
бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде сендер жақсы
қатыстыңдар.Келген қонақтармен
қоштасайық.