№9
«Балапан» екінші кіші тобы
Білім
беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған
оқу қызметі: Сөйлеуді
дамыту
Тақырыбы:
«Дәрумендер»
Мақсаты:
Дұрыс тамақтану , дәрумендер туралы
түсінік қалыптастыру жалпы белгілері
бойынша заттарды топтастыруға (жемістер
мен азық-түлік) сөздерді септелуіне
қарай байланыстыруға үйрету.
Әдіс-тәсілдер:
түсіндіру, көрнекілік,
әңгімелесу.
Құрал-жабдықтар:
көкөніс, жемістер, муляжы.
Тәрбиеші:
Балалар қараңдаршы,бізге көптеген
қонақтар келіпті амандасып алайық.
Балалар:
Үлкенге сіз
Кішіге сіз
Баршаңызды
құрметтеп
Бас иеміз
біз
Тәрбиеші: Балалар есік қағылған
секілді бұл кім болды екен?
Көжек:
Сәлеметсіңдер ме! Балалар:
Балалар:
Сәлеметсізбе!
Тәрбиеші: Көжек сен
неге сондай көңілсізсің? Мойыныңды
мойынорағышпен орап алыпсың?
Көжек:
ыхы-ыхы мен ауырып қалған секілдімін.
Тәрбиеші:
Қай жерің ауырып тұр
Көжек: Барлық
жерім басым, құлағым, ішім.
Тәрбиеші:
Балалар енді не істейміз? Бізге қонаққа
келген көжегіміз ауырып тұр екен.
Көжек:
Маған сіздердің көмектеріңіз қажет,
дәріханаға барып көөп дәрі-дәрмек алып
берсеңдер, мен тез жазылып кетер
едім.
Тәрбиеші: Балалар біз көжекке
көмектесеміз бе?
Көжек сен дұрыс
тамақтанбағансың сол себепті ауырып
қалдың. Дәруменді аз жегенсің.
Көжек:
Аааа Дәрумен деген ол не?
Тәрбеиші:
Дәрумен ол пайдалы тағамдарда, жемістер
мен көкөністерді өте ұсақ, көрінбейді.
Дәрумендер ауырмас үшін, күшіміз көп
болып көзіміз жақсы көріп, құлағымыз
жақсы есту үшін қажет.
Көжек: Солай
ма? ендеше мен азық-түлік дүкеніне барып
дәрумендері бар тағамдар сатып
алайын.
Тәрбиеші: Көжек сен дәрумендер
қандай тағамдарда болатынын білмейтін
боларсың біз саған көмектесейік.
Көжек:
Ия расымен де мен білмейді екенмінғой
ендеше азық-түлік дүкеніне бірге
барайық.
Тәрбиеші: Балалар біз дайынбыз
ба қане паравозға мінейік. Міне азық-түлік
дүкенінің сөресінде түрлі тағамдар
бар.Балалар кім көжекке көмектеседі?
Көжек:
Дәрумендер қандай тағамдарда
болады?
Тәрбиеші:
Көжек: Рахмет
балалар.Мен шаршап қалдым, сәл демалып
алайықшы.
Тәрбиеші: Денсаулыққа тек
қана дәрумендер емес сонымен қатар
жаттығу жасаған да өте пайдалы.
Сергіту
сәті:
Аяқпенен топ,топ,топ
Ал
қолменен хлоп,хлоп,хлоп
Бір оңға, бір
солға
Айналайық кел мұнда.
Тәрбиеші:
Біз балабақшаға барайық.
Көжек:
Балалар мен өз қабыма жемістер, көкөністер
алдым, бірақ қандай жеміс?қандай көкөніс
екенін білмеймін.
Тәрбиеші: Бізде
сиқырлы қапты көрейік қанекей..
Дидактикалық ойын: «Сиқырлы қап»
Ойын
шарты: ойынға бір ойыншы шығып, сиқырлы
қаптағы бір жеміс немесе көкөніс алып
атауын айтады.
Тәрбиеші: жарайсыңдар
балалар. Көжек сен дәрумені бар тағамдарды
есіңде сақтап қала алдың ба?
Көжек:
Балалар сендерге көп рахмет мен
дәрумендерді танып біліп, дұрыс тамақтану
керек екендігін түсіндім. Ал ендеше мен
үйіме қайтайын.Мен енді дәрумені бар
тағамдармен тамақтанамын.
Тәрбиеші:
Сау болыңыз !
Балалар бізге қонаққа
кім келді?
Не себепті оның көңіл күйі
болмады?
Азыө-түлік дүкенінен дәрумені
бар қандай тағамдар алдық ?
Дәрумені
бар тағамдарды бірге атайық.