жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Дәрумендер" денсаулық кепілі
Ұйымдастырылғын оқу қызметінің технологиялық картасы
«Бақ-бақ» II-кіші тобы
Күні: 22.11.2017 ж
Білім беру саласы: «Денсаулық», «Әлеумет»
Бөлімі: Дене шынықтыру, Экология негіздер
Тақырыбы: «Дәрумендер» денсаулық кепілі.
Мақсаты: Балаларға жемістер туралы түсінік беру, Жемістер туралы білімдерін бекіту. Денсаулыққа пайдасы туралы мағлұматтар беру.
Көрнекілік: Жемістердің суреті, мульяждар, қалта, және себетке салынған жемістер.
Билингвизм: Жемістер-фрукты, алма-яблоко, жүзім-виноград,алмұрт-груша, слива-қара өрік.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Келген қонақтармен үш тілде амандасу. Шаттық шеңбері. Тоңазып атырап, Көп жеміс піседі Сарғайып жапырақ, Саудырап түседі. «Күз-жомарт»- дейміз біз, Жемісін жейміз біз. Балалар орындарына отырады.
|
Қонақтармен үш тілде амандассады.
Шаттық шеңберін орындайды. |
Ізденістік- Ұйымдастыру-шылық |
- Балалар, біздің осы орындаған өлең шумағында не туралы, не жайлы айтылған? -Күздің бізге берер қандай сыйы бар? -Қандай жемістердің түрлерін білесіңдер?. -Алма, алмұрт, өрік , шие, шабдалыны не деп атаймыз ?- -Жемістер қайда өседі ? -Дұрыс айтасыңдар, балалар, жарайсыңдар Видеоролик көрсету жемістер туралы. Тәрбиеші: Балалар, жемістерді көбірек жеп тұру керек. Жемістердің құрамында көптеген дәрумендер болады,ол адамның деңсаулығына өте пайдалы. Слайд (жемістер) - Алманың- құрамында В2 дәрумені бар. Көру қабілетін жақсартады. -Алмұртта-В дәрумені бар. Бұл жеміс күйзелісті жеңіп, көңіл-күйіңізді көтереді және жүрек қағысын жақсартып, ас қорыту жолдарын тазалайды. - Жүзім құрамындағы дәрумендер миға өте пайдалы. -Апельсин жемісі С дәруменіне толы. Көптеген ауруларға қарсы түруға көмектеседі. -Лимонда да С дәрумені бар. Оны тұмаумен ауыған кезде пайдалануға болады. Балалар жемістер туралы біраз мағлұматтар алдық, енді осы жемістердің орыс тілінде аудармасын айтып көрейік. Билингвалды компонент Алма-яблока, алмұрт-груша, жүзім –виноград, апельсин, лимон. Түстері: қызыл-красный-red, сары-желтый-yelljw, күлгін-фиолетовый-violet,жасыл- желтый-green. -Өте тамаша, балалар жарйсыңдар! Сергіту сәті: Алма, алма, көп алма, Қызыл, жасыл, көк алма Теріп, теріп алайық, Қалтамызға салайық Ғажайып сәт: -Осы кезде есік қағылып, қонақ келеді. -Тыңдаңдаршы, бізге біреу келіп тұр. -Қонаққа Дәрігер келеді. (қолында себетке салынған жемістер мен құралдары бар) Дәрігер: Сәлеметсіздер ме балалар! Мен сендерге арнап жемістер әкелдім. Жемістерді міндетті түрде жуып жеу керек. Кір қолмен жемістерді ұстауға болмайды. Жеміс жесеңдер дендерің сау болады. -Кім көп жеміс жейді? -Қане мен сендердін денсаулықтарыңды текссеріп көрейін. (қолындағы құралымен балаларды тыңдап көреді) -Жарайсыңдар балалар, барлығыңыздың да денсаулықтарын жақсы. Тақпақ Айзере: Мен қарбызбын, қарбызбын Күннің көзін сүйемін Ауырса бүйрек, бауырың Көмегімді беремін. Айша: Витамины-ценные вещества Без них мы никуда Чтоб здоровым, сильным быть Нужно с витаминами дружить. Аделя: Мен алмамын, алмамын Денсаулыққа пайдамын Сусынымды ішсеңіз Көп ауруды жазамын. Балалар жемістер туралы тамаша тақпақтар айттыңдар, қәне енді ойын ойнап көрейік. Ойын: «Дәмін татып не екенін тауып көр» Ойын шарты: Тәрбиеші жемістерді жуып бөліктерге бөліп, балаларға көздерін жұмуды ұсынып, кезекпен жемістердің бөліктерін ауыздарына салады. Сенің аузыңдағы не? Алма ма, әлде алмұрт па? Тауып көр. Д/о: «Қызыл жемістерден тосап қайнатамыз» Жарайсыңдар! Ойынды жақсы ойнадыңдар. Дәрігер: Балалар мен сендерге бау-бақшадан арнайы жемістер жинап әкелдім, дәмін татыңдар. Ал, балалар, мен енді қайтайын. Тамаша жемістер туралы тақпақ айттыңдар, қызықты ойын ойнадыңдар. Сендерге көп-көп рахмет. Сау болыңдар балалар. |
Күз
Жемістер береді.
Қандай жемістер білетіндерін айтады.
-Жемістер -Ағашта
Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.
Суреттегі жемістерді атап, үш тілде түстерін айтады.
Қимылмен орындайды.
Балалар дәрігермен амандасады. Дәрігердің айтқанын мұқият тыңдайды.
-Иә
Тақпақтарын айтады.
5 бала ортаға шығып ойынға қатысады.
Жемістердің арасынан қызылын таңдап ыдысқа салады.
Әкелген жемістерге қуанып, дәрігермен қоштасады. |
Рефлексиялық түзетушілік |
-Бүгін бізге қонаққа кім келді? - Қандай жемістермен таныстық? Балаларды мақтап, мадақтақтайды. |
Дәрігер Алма, алмұрт, ананас, банан т.б |
Күтілетін нәтиже:
Меңгереді: Жемістердің өзіне тән сипаттарын анықтай білді, және орыс тілінде аудармаларын.
Түсінеді: Жемістерде денсаулыққа пайдалы дәрумендер бар екенін және денсаулыққа пайдалы екенін түсінді.
Қолдануы: Жемістер туралы дидактикалық материал, Ғажайып қалта ойыны, дидактикалық ойын.,шаттық шеңбері, сергіту сәті.
Әдіскер: Айсагулова Б.С.
Тәрбиеші: Жумагазиева М.К.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген