жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
дәрумендер денсаулық кепілі
Ересек топ үшін ұйымдастырылған кіріктірілген ашық оқу қызметі
Тәрбиеші: Жолтаева З.А.
Білім беру саласы: «Таным», «Коммуникация», «Денсаулық»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Дәрумендер – денсаулық кепілі»
Мақсаты: Балаларға дәрумендердің адам ағзасына қалай әсер ету мен пайдасы және пайдалы, зиянды тағамдар туралы түсінңк беру. Өз денсаулығына қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер:Әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, ойын ( ТРИЗ тех- сы элементтерімен),сұрақ- жауап
Қолданылатын көрнекі құралдар: Азық- түліктер,жеміс- жидек көкөніс муляждары, пайдалы және зиянды азық- түлік суреттері, топтық тапсырмалар, ноутбук, текше
Алдын- ала жұмыс: А,В,С дәрумені туралы тақпақтары
Тілдің үштұғырлығы: дәрумен- витамин- vitamin
Оқу қызметінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Тәрбиеші музыка қойып, балаларды шаттық шеңберіне шақырады. -Балалар, қараңдаршы бүгінгі күніміз қандай керемет,тобымызға көптеген қонақтар келіпті.Кәнекей қонақтармен сәлемдесіп алайық.
|
Алдымыздан кезіккен, Көп адамды көреміз. Бәріне де ізетпен, Иіліп сәлем береміз. Үш тілде сәлемдеседі. |
Ұйымдастырушы-лық ізденістік
Рефлексивті- түзетушілік |
Тосын сый. Дымбілмес келеді. -Сәлеметсіңдер ме балалар?! Т: Сәлем! Сен кімсің? Б: Менің атым – Дымбілмес. Менің көңіл- күйім жоқ,кейінгі кезде жиі ауыратын болдым.Мен тек тәтті тағамдарды жеймін ғой, сонда да ауырамын Ауырмау үшін не жеуім керек? Көмектесіңдерші? Тәрбиеші: - Балалар,Дымбілмеске қиын болған екен.Көмектесеміз бе? -Балалар қалай ойлайсыңдар Дымбілмес неге ауырып қалды? -Мүмкін. Тағы да қалай ойласыңдар?
-Сонда сендердің ойларыңша тәтті жеген жаман ба? - Ал оны ойын барысында білетін боламыз.Ал сен Дымбілмес мұқият бақылап отыр. Д/Қ ойын: «Жақсы- жаман» текше арқылы
Кәмпит жеген жақсы.Неге? -Кәмпит жеген жаман. Неге? - Жазда күнге қыздырынған жақсы.Неге? - Күнге қатты қыздырынған жаман. Неге? -Қыста қардың жауғаны жақсы. Неге? -Қыста қар жауған жаман неге? -Су ішкен жақсы. Неге? - Су ішкен жаман. Неге?
-Жарайсыңдар! -Балалар тақтадағы суретке қараңдаршы не көріп тұрсыңдар? Үй нешеу? Түстері, пішіндері қандай? - Өте дұрыс айтасыңдар. Ал бұл үйлерде дәрумендер тұрады. Ал дәрумен деген не ол қайда болады? Білесіңдер ме? - Дұрыс біз күнделікті жейтін тағамдарда ағзамызға қажетті заттар болады. Міне осы заттарды- дәрумендер дейміз. Ал дәрумендерді біз жемістер мен көкөністерден,азық- түліктерден аламыз.Тілдің үштұғырлығы: дәрумен- витамин- vitamin. -Сонымен қызыл үйде А өсу және көру дәрумені тұрады. Жұмбақ жасыру: «Тоқсары,пішіні сопақ,бірақ ащы емес, қоянның сүйікті азығы» (Сәбізде, алмада,қызанақта ,тәтті бұрыш пен сиыр етінде,айранда ) күнде өз тағамдарында қолданған балалардың көздері жақсы көреді және де бойларында күш – қуаты мол болады. - Көк үйде В дәрумені тұрады. «Сырты қатты, іші өте дәмді,бірақ ағашта өседі» (Жаңғақта, бананда,картопта, жүгеріде,қара нанда, қарақұмықта, сұлыда, балықта,қиярда) «В» дәруменін қолданған баланың ішкі құрылыстары, жүйке жолдары, қан айналымдары күшейіп, жақсы жүгіретін болады. Жасыл түсті үйде С дәрумені – ол біздерді тұмаудан сақтайды. «Қабат- қабат тоны бар, шешіндерсең жылатады, бірақ қырыққабат емес» (Пиязда ,сарымсақта ,қырыққабатта ,лимонда,апельсинде ,алмұртта,құлпынайда, қызылшада) С дәруменін жеп өскен бала мықты, батыр болады. Ешқандай микробтар жоламайды. Сары түсті үйде Д дәрумені - аяқ- қолымыз мықты,күшті болып өсу үшін қажет дәрумен. Бір сусын бар жұртымда, одан май да, құрт та, айран да шығады. Ол не? (жұмыртқада,балық майы,ірімшікте,сүтте, айранда, қаймақта, құртта) Міне балалар, осы азық- түліктерде А ,В;С;Д дәрумендері бар. Бұлар пайдалы тағамға жатады. Ал кәмпит, шоколад,чупа- чусп,кириешки,чипсы,пирожное,майонез, кола,пепси сияқты суысындар денсаулыққа зиян. Оларды көп жей беруге болмайды. Дәрумендер туралы жаттап келген тақпақтарымызды айтайық.
Балалар,
біздің денсаулығымыз мықты болу үшін
дәрумендерді қабылдаумен қатар таза
жүріп, дене қозғалысына мән беруді
естен шығармауымыз керек. Қане
барлығымыз денемізді қыздырып, сергіту
жаттығуымызды жасайық. Дымбілмес
сенде бізбен бәрге жаса. -Балалар Дымбілмес бәрін біліп алу үшін топқа бөлініп тасырмалар орындайық.Топта қалай жұмыс істейміз? «Жемістер» тобы - «Пайдалы тағам мен зиянды тағамдар ажыратып, себеттерге сал» «Көкөністер» тобы - «Дәрумендері бар жемістер мен көкөністерді түстеріне қарап топтайды»
-Балалар бүгін біз жаңа не білдік? - Қандай дәрумендер бар екен? - Денсаулығымыз мықты болу үшін не істеуіміз керек? Қандай тағамдарды жеуге болмайды? «Қар, мұз» әдісі арқылы бағалау. Мақтау- мадақтау. Қоштасу. |
Таң қалады.
Мұқият тыңдайды.
-Иә көмектесейік
-Тәтті жеген соң тісі ауырды -Басы ауырды, тамағы ауырды -ия
Ойынға шығады
- Себебі ол тәтті. - Себебі тіс ауырады. Себебі қыста ауырмаймыз. -Теріміз күйіп қалады -Айнала аппақ болады. -суық болады, тоңамыз. - шөлді басады - Су сұп- суық болса тамағымыз ауырады.
-Үй -Төртеу
Дәрумен ол - витамин
Үш тілде қайталайды.
Көкөністер мен жемістерді, азық түлікті көрсетеді.
Жұмбақтарды шешеді.
Муляждарды көрсетеді
-Жаңғақ
Пияз Балалар дауыстап айтады.
Сүт
Дауыстап айтады.
Тақпақтарын айтады.
-жоқ
Мұқият тыңдайды.
Жаттығуды музыкамен орындайды
Топқа бөлінеді. Бірге, тату, жұмыла
Балалар топта жұмыс істейді, топтар өзара ауысып, тапсырмаларды орындайды. Дәрумендер жайында
Балалар сұраққа жауап қайтарады. Бағалайды. Қошасады. |
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Дәрумендердің қандай тағамдарда болатынын біледі, суреттен таниды, мағыздылығын біледі.
Түсінуге тиіс: пайдалы ,зиянды тағам түрлерін ажыратып, дәрумендерді не үшін жеу керектігін түсінед
Істей білу керек: Топта бірге, жұмыла жұмыс істей білуді

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген