Дәрумендер денсаулық кепілі.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дәрумендер денсаулық кепілі.

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Дәрумендер денсаулық кепілі
Білім беру саласы: «Қатынас», «Денсаулық», «Шығармашылық», «Таным», «Әлеуметтік орта».
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен танысу, тіл дамыту, қарапайым ма- тематикалық ұғымдарды қалыптастыру. 
Мақсаты: Балаларға дәрумендер және оның денсаулыққа тигізетін пайдасы жайында түсінік беру, логикалық ой - өрісін, тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Балалардың бойына адам- гершілік қасиетттерді сіңіру. Баланың ой - қиялын, зейінін, шығармашылық қабілетін, сөздік қорын жетілдіру. Жемістер мен көкөністердің пайдасын білуге, табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу 
Көрнекілігі: көкөністер, жемістердің суреттері, 
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, дәрумендердің келуі, жұмбақтар шешу, мақал - мәтелдер айту, құрастыру. 

Барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі.

Тәрбиеші: Қане, балалар, «Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы» — дегендей, сәлемдесіп алайық.

Тәрбиеші: «Қайырлы таң, балалар!»

Балалар: Қайырлы таң, Айгерім апай!

Қайырлы таң құрметті қонақтар!

Шаттық шеңбері: 
Денсаулық - ол күлуің, 
Көңіл - күйің жадырай, 
Денсаулық - ол жүруің, 
Ешбір жерің ауырмай. 

Тәрбиеші:
- Балалар, осы жақсы көңіл-күймен бүгінгі ұйымдастырылған іс- әрекетімізді бастаймыз. Бүгінгі жаңа ұйымдастырылған іс-әрекетімізде дәрумендердің денсаулығымызға деген пайдасын білетін боламыз. Дәрумендер - дегеніміз не? Орысшасы қалай аталады?

Балалар:

- Дәрумен – Витамин.

Тәрбиеші:

- Дұрыс айтасыңдар, адамның дені сау болып, ширақ та, сергек болып жүру үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Адам ағзасына әртүрлі қоректік заттар мен дәрумендер қажет. 
Ал енді біздің күнделікті ішіп жүрген тамағымыз жайлы Маргулан тақпақ айтып береді. 
Тамақты ішсең күнде сен, 
Белгілі бір мезгілде, 
Таңертең, түс, түстен соң, 
Жатар алды кезінде, 
Тәрбиеші:

- Біз тамақты күніне неше мезгіл ішуіміз керек екен?

Балалар:

- Төрт мезгіл.Таңертең, түсте, түстен кейін және кешке.

Тәрбиеші:

- Дұрыс. Біздің күнделікті тағамдарымыздың ішінде әртүрлі дәрумендер бар. Сол дәрумен- дердің бірнешеуін қонаққа шақырып қойдым. (Осы кезде есік қағылып дәрумендер қонаққа келеді). 
Дәрумендер:

- Сәлеметсіздер ме, балалар!

Балалар:
-
Сәлеметсіз бе, дәрумендер! 

Дәрумендердің сөзі:
-
Мен «А» дәруменімін. Мен асқабақта, өрікте, қызанақта, салатта, айранда боламын. Мені күнде қолдансаңдар көздерің жақсы көреді, күштерің көп болады. (Адия) 
-
Ал мен, «В» дәруменімін. Мен балықта, картопта, асбұршақта, сиыр етінде, жаңғақта, нан өнімдерінде боламын.Мені көп қолдансаң, қан айналымың күшейіп, жақсы жүгіретін боласың. (Нурсаят) 
-
Мен «Д» дәруменімін. Мен жұмыртқада, балық майында, сүт тағамдарында, яғни ірімшікте, қаймақта боламын. Мені қолданған баланың сүйегі мықты болады. (Есимхан) 
-
Мен «С» дәруменімін. Мен орамжапырақта, алмада, лимонда, апельсинде, алмұртта бола- мын. Мені жеп өскен бала мықты, батыр болады. Ешқандай микробтар жоламайды. Балалар, біз сендерге өте қажетпіз. Денсаулықтарың мықты болып өсу үшін бізбен дос болыңдар. (Дидар) 

- Мен «Е» дәруменімін. Мен сары майда, жүгеріде, жұмыртқада, орамжапырақта, бидай ұнында көп кездеседі.(Айсезим)
Дәрумендер бәрі бірге айтады:

- Сіздер біз туралы не білесіздер?

Тәрбиеші:
-
Біздің балалар дәрумендер туралы тақпақ біледі. 
Балалардың тақпақтары: 
Дәрумендер тірегің, 
АВСДЕ деп аласың. 
Жетіспесе бірі оның, 
Ауырып сен қаласың. (К. Раяна) 
А - сы қажет көзіңе, 
В - сы қажет жүйкеге 
С - дан микроб безінер, 
Д - сүйекті нығайтар, ( ) 
А - болады асқабақ, 
Өрік, айран, салатта, 
В - балық, картоп, асқабақ, 
Сиыр еті жаңғақта, (Еңлік) 
С - апельсин, алмұртта, 
Д - балық майында, 
Е - қарақаттан табылар. (Жүсіп) 

Тәрбиеші:
- Жарайсыңдар, балалар! Мен сендерге тапсырма алып келдім. Тапсырманы орындау үшін үш топқа бөлінеміз.

Бірінші топтың тапсырмасы «Бөліктерді құрастыру».

Екінші топтың тапсырмасы «Саусақпен сурет салу».

Үшінші топтың тапсырмасы «Жапсырмалау».
Тәрбиеші:
-
Жарайсыңдар, балалар! Бұл тапсырманы да тез орындадыңдар. Ал, қараңдаршы құрастырыл- ған жеміс қай жеміс екен? 
-
Алма!

Тәрбиеші: 
-
Балалар, алма жемісінде қандай дәрумендер бар? Біздің ағзамызға қандай пайдасы бар? 

Балалар:
-
Алмада «С» дәрумені бар, алманы жесек денсаулығымыз мықты болып, барлық аурулардан аулақ боламыз.

Тәрбиеші: 

- Жарайсыңдар. Алманың пішіні қандай?

Балалар:

- Дөңгелек

Тәрбиеші: 

- Түсі ше?

Балалар:

  • Қызыл, жасыл, сары.

(Балалар орындаған жемістер мен көкөністердің бірнешеуінің аттарын атап, дәрумендер тобына қарай тақтаға ілу.) 

Тәрбиеші: 
-
Балалар, біздің денсаулығымыз мықты болу үшін дәрумендерді қабылдаумен бірге дене қозғалысына мән беруді естен шығармауымыз керек. Қане, барлығымыз денемізді қыздырып, сергіту жаттығуымызды жасайық. 

Сергіту жаттығуы:
Алма, алма көп алма

Қызыл, сары, көк алма.

Теріп алып келейік,

Апайларға берейік.
Рахмет, балалар! Сендер тапсырманың барлығын жақсы орындадыңдар. Енді келген қонақ- тарға дәрумендер жайлы білетін жұмбақтарымыз бен мақал-мәтелдерімізді айтып берейік.

Жұмбақ шешу.
Бұйра шашы желменен ойнап тұрады, 
Қызыл мұрны жерге бойлап тұрады. (Сәбіз). 

Қалың киімді ұнатады, 
Шешіндірсең жылатады. (Пияз). 

Аласа талда алуан алма, 
Ал қызыл болмай аузыңа салма (Қызанақ).


Мақал – мәтел айту. 
Ас - адамның арқауы, (Нұрдәулет). 
Дені саудың - жаны сау. (Мәриям). 
Тазалық - денсаулық кепілі. (Әдемі). 
Денсаулық - зор байлық. (Саида). 

Балалардың еңбектерін бағалап, мадақтау. 
Әрбір дұрыс жауапқа көкөністер суреті бар жетондар таратылады.

Келген қонақтармен қоштасып, жасаған жұмыстарының бірнешеуін келген қонақтарға сыйға ұсынады. 
Күтілетін нәтиже: 
Білуі керек: Дәрумендердің адам ағзасына пайдасын, олардың қандай тағамдарда болатынын білуі керек. 
Болуы керек: Қызығушылығы, зейіні, сөздік қорларының көбеюі. 
Қолынан келуі: Тапқырлығы, ұйымшылдығы, шеберлігін шыңдауы. 















келген қонақтарға өз шеберлігімізді көрсетейік. 
Балалар екі топқа бөлініп, ұжыммен алмұртқа жіңішке таяқшаларды тыға отырып кірпішешен жасайды. Алдын ала жіңішке таяқшаға жүзім қыстырылып дайындап қою керек. Сол дайын таяқшаны балалар ретімен алмұртқа қыстырып шығады. Үлгіде көрсетілгендей етіп.






Жұмбақ шешу.
Бұйра шашы желменен ойнап тұрады, 
Қызыл мұрны жерге бойлап тұрады. (Сәбіз). 

Қалың киімді ұнатады, 
Шешіндірсең жылатады. (Пияз). 

Аласа талда алуан алма, 
Ал қызыл болмай аузыңа салма (Қызанақ).


Мақал - мәтел. 
Ас - адамның арқауы, (Нұрдәулет). 
Дені саудың - жаны сау. (Мәриям). 
Тазалық - денсаулық кепілі. (Әдемі). 
Денсаулық - зор байлық. (Саида). 





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.05.2018
818
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі