Материалдар / Дәрумендер еліне саяхат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дәрумендер еліне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2018
5303
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: Дәрумендер еліне саяхат

Білім беру саласы: Коммуникация,Денсаулық,Таным,Шығармашылық

Бөлімі: Көркем әдебиет, Жаратылыстану, Сурет

Мақсаты Жемістер мен көкөністер туралы түсінік беру. Оларды ажырата білуге үйрету. Ойын, есте сақтау қабілетін, дүние танымын дамыту. Балалардың жеміс ағаштарын қорғап, оларға қамқор болуына ықпал ету үшін тәрбиелік әңгімелер жүргізу.
Әдіс тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, .
Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі материал.

Билингвальді компонент: жемістер- фрукты, көкөністер- овощи

Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері

Күндей жадырап

Айдай арайлап

Жұлдыздай жарқырап

Судай таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық!

Қазір жылдың қай мезгілі?
Суретке қарап күзде қандай өзгерістер болады екен?
Жапырақтар сарғайды, күн суыта бастайды.
Жиі жиі не жауады?

«Ас – адамның арқауы» дейді халқымыз, балалар, қалай ойлайсыңдар, дұрыс тамақтанудың денсаулыққа пайдасы бар ма?

- Ал, дұрыс тамақтану дегенді қалай түсінесіңдер?

- Тамақты уақытында ішу;

- Ақ нанды мүмкіндігінше сирек жеу;

- Дастарханға тамақ ішерде ғана отыру;

- Тамақты асықпай әбден шайнап жеу;

- Тамақ мәзірі әртүрлі болуы керек;

- Суды мөлшердентысішпеукерек.

- Қолды жууды ұмытпау керек.

- Жемістер мен көкөністерді жумай жемеу керек



- Балалар жеміс бағына саяхатқа барайық.
- Балалар міне жеміс бағына келдік кәне балалар бағбан апаймен
Амандасайық.
- Сәлеметсіз бе?
Бағбан апай:- Сәлеметсіздер ме балалар қош келдіңіздер кайдан келесіздер?
Балабақшадан
Бағбан апай:
- Балалар менің бағымда барлық жемістер өсіп тұр, мен оларды күтіп баптап өсіремін, күнде су құямын, түбін қопсытамын осы еңбегімнің арқасында жеміс жеудемін.
- Менің бағыма кіру үшін мен сендерге сұрақ қоямын.
- Балалар жемістер қайда өседі? Жемістер ағаштың басында өсе ме, жерде өсе ме?
Балалар: - Бақта, ағашта өседі.
Бағбан апай: - Жарайсыңдар балалар келе қойыңдар
- Міне біз жеміс бағына келдік жемістер ағаш басында өсіп тұр екен, біз осы жеміс ағаштарын баптап, күтіп суарып тұруымыз керек.

Алма ағашына келіп
- Енді балалар маған жемістердің түрін, түсін, пішінін айтып бере қойыңдар?

Тақпақ айтып беріндерші

Алма :Күздік апорт алмамыз

Күннен қуат алғанбыз

Жұмыр жерден нәр жиып,

Жұлдыздай боп жанғанбыз.


Қияр : Көктеп ерте өрмелеп,

Өсемін мен бүр жарып.

Атым қияр, теріп ал

Жиі-жиі суғарып.


Қызанақ:

Қып-қызыл боп қалғанда,

Ауызыңа салғанда.

Не жетеді шіркін-ай,

Қызанаққа жалғанда.


Пияз

Асханадан шықпаймын,

Атым–пияз бұқпаймын.

Көзден жасты шығарып.

Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Даурмен Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойынды.


Сәбіз

Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойынды.

Қоянға да азықпыз-

Сәбіздерміз жазықсыз.


Алмұрт

Тіл үйірген алмұртпын

Таңсығымын бар жұрттың.

Жақсы өсіре алмайды,

Қараса егер салғырт кім.


Рахмет сізге бағбан апай ,Біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз болды біз балабақшаға қайтайық.Сауболыңыз


Сергіту сәті

  Жазда ықпай ыстықтан,
        Қыста бұқпай суықтан.
        Айналысып спортпен,
        Біз боламыз шыныққан
        Жазда суда жүземіз,
        Құмда күнге күйеміз,
        Жалаң аяқ жүреміз.
        Қыста қызып денеміз,
        Коньки,шаңғы тебеміз.

-Дәрумендер қандай жемістер мен көкөністердің құрамында бар?

Олардың бізге қандай пайдасы бар?

«А» дәрумені: қызыл бұрышта, сарымсақта, қызанақта бар.

«В» дәрумені: қиярда, қырыққабатта, сәбізде кездеседі екен.

«С» дәруменіқарақатта, лимонда, мандаринде кездеседі.

«Д» дәрумені: алмада, алмұртта, пиязда, жүзімде .

Балалар көптеген көкөністермен, жемістермен таңыстық.Бағбан апай біге көптеген мағұлматтар берді.

Біз өнер орталығына барып жемістердің ішіндегі ен дәрумен көп кездесетін алманы дәстүрден тыс әдісін пайдалну арқылы қызы және сары түске боялған күрішті желімді пайдалану арқылы қағаз бетіне жапсырамыз.

-Алманың пішіні қандай?

-Домалақ

-Түсі қандай?

-Қызыл, сары.


Рефлексиялық түзетушілік

-Балалар бүгін біз қайда бардық?

-Баубақшаға

-Ол жақта біз кімді кездестірдік?

-Бағбан апайды?

-Көкөністер қайда өседі?

-Бақшада

-Жемістер қайда өседі?

-Бақта


Күтілетін жемістер

Біледі: Көкөністер мен жемістерді бір- бірінен ажырата алады

Игерді: Баубақшада көкөністер мен жемістер өсетіндігін біледі.

Меңгерді: Дәстүрден тыс сурет салу әдісті пайдаланып қағаз бетіне желімді жағу арқылы күрішті жапсырып алма жасайды.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!