жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Дәрумендер мен пайдалы азық-түлік»
Ересек топқа ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Бөлімі: Валеология
Тақырыбы: «Дәрумендер мен пайдалы азық-түлік»
Мақсаты: Дәрумендер туралы білімдерін бере отырып және олардың пайдалы азық-түлік құрамында болатыны жайлы білім беру. Балалар адам ағазында дәрумендердің қажеттілігін түсіндіру. Сенсорикалық қабілеттері: дәм сезу, есту, үйлесімділікті, ұсақ моториканы дамыту.Тамақтануда пайдалы азық-түліктерді қолдануға баулу. Өз денсаулықтарын дұрыс күтуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар: ноутбук, жемістер, дәнді дақылдар, ыдыстар, сүлгі,
Сөздік жұмысы: дәрумен, «А», «С», «Д»
Қостілдік компонент: Дәрумен -витамин
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әркеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Шаттық шеңбері (белгі соғу) Денсаулық —
ол күлуін, Балалар! Бүгін топта кімдер жоқ? Олар не келмей қалды? Адамдар неге ауырады?
Қазір қай жыл мезгілі? Күз мезгілінде ауа-райында қандай өзгерістер болады?
Дұрыс, онда бізде «Қызанақ» «Қияр» жинау жаттығуын жасап алайық. Балалар, сендер қандай жемістер мен көкөністерді жақсы көресіңдер? Неге? |
Бәрі бірге айтады
Балалар жауабы. -Олар ауырып қалды. -Адамдар суық тигенде ауырады. Қазір күз мезгілі.
-Күз мезгілінде күн суық болады, жиы жаңбыр жауады, күн бұлтты болады. Жапырақтар сарғайып, жерге түседі.Үлкендер көкөніс, жемістерді жинайды.
-Балалар беттерін домалатады.
Балалар өз жауаптарын айтады |
Ұйымдастыру-іздестіру |
Әңгімелесу: Көкөністер мен жемістер дәмді және пайдалы. Мен сендерге бір құпияны айтайын. Азық –түлікте пайдалы дәрумендер өмір сүреді. Дәрумендер өте кішкентай көзбен көре алмаймыз Сөздік жұмысы: Дәрумен-витамин Ең бастысы дәрумен адам ағзасына күш пен денсаулық береді. - Егер адамда дәрумен аз болса не болады?
Сендер ауырып қалсаңдар көңіл-күйіміз қандай болады? Дәрумендердің өз аттары, өз үйлері бар екен. Дидактикалық ойыны: «Тығылмақ» Дәрумендер тығылмақ ойнағанды жақсы көреді.Олар бүгін де сендерден тығылып қалды, бірақ оларды табуымыз керек. Егер жұмбақты шешсеңдер «А»дәрумені қай көкөністе көп екенін білеміз. Жұмбақ.
«А» дәрумені бар тағамды көп жесек, тез өсеміз, көзіміз жақсы көреді. Көзімізге жаттығу. Дидактикалық ойыны: « Асыл көздер»(қызанақ, сәбіз, алма, асқабақ) Қимыл-қозғалыс ойыны: «Көмекші» (белгі соғу) Сәбізді алып тазалаймыз. Үкішпен майдалаймыз Қант қосамыз дәмдейміз, Қаймақ құйып сәндейміз Міне, нәр тағам. Дәруменге байыған!
|
Балалар мұқият тыңдайды.
Балалар жекелеме хормен қайталайды.
Балалар көрсетеді
Теледидарға назар аударады.
Жаздай інге тығылып Жатқан қызыл түлкіні, Құйрығынан суырып, Әкелді әжем бір күні.
Музыка әуенімен жоқ немесе жасырынған көкөніс, жемісті табады.
Қимыл-қозғалысты жасай отырып, айтады.
|
|
«В» дәруменнің үйің табайық.
Дәнді дақылдарда да кездеседі. (көрсетемін) «В» дәрумені жүрекке және басқа ағзаларға пайдалы. Дидактикалық ойыны: « Дауысынан тап» (бұршақ, үрмебұршақ, мәни)
«С» дәруменнің үйі қайда екен? Жұмбақ
«С» дәрумені көптеген көкөніс пен жемістерде кездеседі. Көбінесе пиязда, лимонда, апельсинда, қарақат (көрсету) Дидактикалық ойыны: « Дәмінен көр» Пияз, лимон, апельсин, қарақат. Қышқыл болғандағы көңіл-күйіміз қандай болады? «Д» дәруменнің үйі қайда екен? Сүзбеде, ірімшікте, жұмырқада...ал, ең көбін жұмбақ
«Д» дәруменді күннен аламыз. «Д» дәрумені күннің шуақтарында жасырнып қалыпты. Далада, таза ауада серуендегенде күннің шуағы алайық. «Д» дәруменің сыйлайды екен. Релаксация |
-Терісі бар жүні жоқ Жүрісі бар ізі жоқ. Қанаты бар ұшпайды. Су астында қыстайды. -Балық Экранға назар аударады.
Есту арқылы дыбыстарын ажырата отырып, табуы қажет.
-Жер
астында ақбоз ат, -Пияз «С» дәрумені, суық тиюден қорғайды.
Мықты дені сау , ауырмауы үшін қажет.
Дәмін танып, ажыратып айтады.
Көңіл-күйін көрсетеді.
Теледидарға назар аударады. Күндіз бармын,түнде жоқпын Ішім жанып тұрған от Түнде сөнемін Таңертең қайтып келемін. -Күн Балалар кілемнің үстінде көздерін жұмып, Музыка тыңдап,өздерін таза ауада жатқандай сезінеді. |
Рефлексифті-түзетушілік
|
(белгі соғу) Дидактикалық ойыны: Алғыр, тапқыр, білімді»( сәбіз, балық, пияз, күн) «А», «В», «С», «Д» Қандай дәрумен бар екенін айтады. Қай жыл мезгілінде дәруменді көп жинаймыз? Неге? Ауырып жатқан достарымызға қандай тілек тілейміз. Рефлексия Балалар бәріміз кішкентай болдық, осы дәрумендерді пайдалана біз өстік. Егер мен дәрумендер туралы білдім, дәруменім көп деген бала тұрады. Жоқ, мен дәрумен туралы білмеймін, бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнаған жоқ десе осылай отырып қалады. (белгі соғу)
|
Әуенді тыңдай отырып, аталған дәруменнің қасына тұру керек. -«А», «В», «С», «Д» -Жаз, күзде Жазда күн көп жылуын береді. Жаз да, күз де жемістер мен көкөністерді көп жинаймыз. Өз тіліктерін айтады
Балалар өз таңдауларын музыкалық әуенмен жасайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Азық-түлік тағамдарда дәрумендер көп болатынын, олар бойдың өсуіне, ағзаның дұрыс дамыуна әсер ететінін.
Болу керек: Дәрумендер туралы мағұлмат
Істей білу керек: Көкөністер мен жемістерді атап, ажырата сипаттай білу
Тәрбиеші: Керимканова Л.Т.
Тексерді: ______________

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген