Дәрумендер патшалығы
Мақсаты: Балаларды дәрумендер туралы жалпы ақпараттармен таныстыру
Әр түрлі дәрумендердің ағзаға тигізетін пайдасын мен олардың көздерін анықтау. Салауатты өмір салтына баулу, дұрыс тамақтану дағдыларын дамыту. Көкөністер мен жемістерден салаттар жа
Сәлеметсіңдер ме? Балалар, көңіл күйіміз қалай?
Балалар қазір қандай мезгіл ?
Күз мезгілі екенін қайдан біліп жатырсыңдар?
Балалар: Күзде табиғат ерекше күйге бөленеді. Күн салқындайды, жаңбыр жауады, жел соғады, жапырақтар сары, қоңыр түске енеді.
Ұрмай - соқпай жылатады,
Әркiм бiрақ ұнатады.
(Пияз)
Көктемде
Ақ гүлге оранады,
Күзде
Қолға доп боп оралады. (Алма)
Балалар үстел үстіндегі суреттерімізге қараймыз
Күз мезгілінде дәрумендер көп болады.
Дәрумендер дегеніміз не?
Осы сұраққа жауап алу үшін дәрумендер әлеміне саяхатқа шығамыз ба?
Бір, екі, үш, дәрумендер әлеміне ұш
Ғажайып сәт: Дәрумендер әлемінде , дәрумендер әлемінің ханшайымы жүр.
Сәлеметсіздер ме, балалар,
дәрумендер әлеміне хош келдіңіздер.
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, дәрумендер
әлемінің ханшайымы
Дәрумендер ханшайымы: Балалар сендер менің достарымды білесіңдер ме?
Балалар ойларын айтады (Көкөністер мен жемістер)
Алма, қызанақ, лимоннан бағдаршам жасайды, алмұрттан кірпі жасайды
Дәрумен ханшайымы: Менің дәрумендеріммен танысып қойыңыздар.
асқабақта, өрікте, қызанақта, сәбізде «А» дәрумені болады. Осы көкөністерді үнемі тағамдармен бірге жейтін болсаңдар көздерің жақсы көретін болады. Күштерің көп болады.
картопта, асбұршақта, қызылшада «В» дәрумені.болады. «В» дәруменін қолданған бала жақсы жүгіретін болады.
Орамжапырақта, алмада, лимонда, апельсинде, алмұртта «С» дәрумені болады. Ешқандай микробтар жоламайды. Балалар, бұл дәруменге бай өнімдер сендерге өте қажет.
Денсаулықтарың мықты болып өсу үшін үнемі өз тағамдарыңа қосып пайдаланыңдар.
Сергіту сәті:
«Салат» саусақ ойыны
Сәбізді алып тазалаймыз
Үккішпен үгіп майдалаймыз
Қант сеуіп дәмдейміз
Міне дайын нәр тағам
Дәруменге
байыған
Әже балалармен бірге көкөністерді
пайдаланып салат жасайды
Балалар әжеге көмектесіп көкөністерден салат жасап, жемістерден компот жасауға үйренеді. Сиқырлы банкаларды қозғап жемістер мен көкөністердің суретін салады,
Жемістерді ағашқа түйреп кірпі, бағдаршам жасайды.
Әже: « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» жылы киініп, дәруменге бай өнімдерді үнемі жеу керек.
«Астың шипасы дәруменде», пайдалы өнімдерді жесеңдер ауырмайтын боласыңдар
Мақал —
мәтел
Ас — адамның арқауы,
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей
Еңбек түбі береке.
Ойын: «Дәмін татып , атап көр»
Дәрумен ханшайымы: Балалар , жемістердің арасында ешқандай құралды пайдаланбай ақ ,оңай бөліктерге бөлінетін әрі дәмі ерекше жеміс түрі бар?? Сендер білесіңдер ме?
Балалар : Мандарин
Ханшайым: Жарайсыңдар балалар , дұрыс таптыңдар ! мен сендерге осы мандаринді сыйға беремін
Тәрбиеші :ендеше балалар сол мандаринді біз санап бөліктерге бөліп көрейік.
Енді мандаринді суға салайық, енді қабақсыз мандаринді суға салып көрейік
Не байқадыңдар ?
Балалар өз ойларын айтады
Күз тамаша әні .
-
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Дәрумендер патшалығы
Дәрумендер патшалығы
Дәрумендер патшалығы
Мақсаты: Балаларды дәрумендер туралы жалпы ақпараттармен таныстыру
Әр түрлі дәрумендердің ағзаға тигізетін пайдасын мен олардың көздерін анықтау. Салауатты өмір салтына баулу, дұрыс тамақтану дағдыларын дамыту. Көкөністер мен жемістерден салаттар жа
Сәлеметсіңдер ме? Балалар, көңіл күйіміз қалай?
Балалар қазір қандай мезгіл ?
Күз мезгілі екенін қайдан біліп жатырсыңдар?
Балалар: Күзде табиғат ерекше күйге бөленеді. Күн салқындайды, жаңбыр жауады, жел соғады, жапырақтар сары, қоңыр түске енеді.
Ұрмай - соқпай жылатады,
Әркiм бiрақ ұнатады.
(Пияз)
Көктемде
Ақ гүлге оранады,
Күзде
Қолға доп боп оралады. (Алма)
Балалар үстел үстіндегі суреттерімізге қараймыз
Күз мезгілінде дәрумендер көп болады.
Дәрумендер дегеніміз не?
Осы сұраққа жауап алу үшін дәрумендер әлеміне саяхатқа шығамыз ба?
Бір, екі, үш, дәрумендер әлеміне ұш
Ғажайып сәт: Дәрумендер әлемінде , дәрумендер әлемінің ханшайымы жүр.
Сәлеметсіздер ме, балалар,
дәрумендер әлеміне хош келдіңіздер.
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, дәрумендер
әлемінің ханшайымы
Дәрумендер ханшайымы: Балалар сендер менің достарымды білесіңдер ме?
Балалар ойларын айтады (Көкөністер мен жемістер)
Алма, қызанақ, лимоннан бағдаршам жасайды, алмұрттан кірпі жасайды
Дәрумен ханшайымы: Менің дәрумендеріммен танысып қойыңыздар.
асқабақта, өрікте, қызанақта, сәбізде «А» дәрумені болады. Осы көкөністерді үнемі тағамдармен бірге жейтін болсаңдар көздерің жақсы көретін болады. Күштерің көп болады.
картопта, асбұршақта, қызылшада «В» дәрумені.болады. «В» дәруменін қолданған бала жақсы жүгіретін болады.
Орамжапырақта, алмада, лимонда, апельсинде, алмұртта «С» дәрумені болады. Ешқандай микробтар жоламайды. Балалар, бұл дәруменге бай өнімдер сендерге өте қажет.
Денсаулықтарың мықты болып өсу үшін үнемі өз тағамдарыңа қосып пайдаланыңдар.
Сергіту сәті:
«Салат» саусақ ойыны
Сәбізді алып тазалаймыз
Үккішпен үгіп майдалаймыз
Қант сеуіп дәмдейміз
Міне дайын нәр тағам
Дәруменге
байыған
Әже балалармен бірге көкөністерді
пайдаланып салат жасайды
Балалар әжеге көмектесіп көкөністерден салат жасап, жемістерден компот жасауға үйренеді. Сиқырлы банкаларды қозғап жемістер мен көкөністердің суретін салады,
Жемістерді ағашқа түйреп кірпі, бағдаршам жасайды.
Әже: « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» жылы киініп, дәруменге бай өнімдерді үнемі жеу керек.
«Астың шипасы дәруменде», пайдалы өнімдерді жесеңдер ауырмайтын боласыңдар
Мақал —
мәтел
Ас — адамның арқауы,
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей
Еңбек түбі береке.
Ойын: «Дәмін татып , атап көр»
Дәрумен ханшайымы: Балалар , жемістердің арасында ешқандай құралды пайдаланбай ақ ,оңай бөліктерге бөлінетін әрі дәмі ерекше жеміс түрі бар?? Сендер білесіңдер ме?
Балалар : Мандарин
Ханшайым: Жарайсыңдар балалар , дұрыс таптыңдар ! мен сендерге осы мандаринді сыйға беремін
Тәрбиеші :ендеше балалар сол мандаринді біз санап бөліктерге бөліп көрейік.
Енді мандаринді суға салайық, енді қабақсыз мандаринді суға салып көрейік
Не байқадыңдар ?
Балалар өз ойларын айтады
Күз тамаша әні .
-
шағым қалдыра аласыз













