400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дарынды бала және ҰБТ

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы




Панфилов ауданының «Е. Сыпатаев атындағы орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі








Shape1


Аймақтық семинар











Педагог-психолог Махмутова Назира Қасымханқызы

Еңбекші ауылы









Мақсаты: Ерекше қабілетті, Дарынды оқушылардың ой өрісін дамыта түсу; Дарынды оқушылармен жұмыстар жүргізу нәтижесінде ҰБТ-де жоғарғы нәтижеге қол жеткізуге көмек көрсету; Оқушыларды шығармашылыққа баулып, ой-қиялын дамыту;

Міндеттері: Шәкірттердің шығармашылық жеке дарындылығын дамыту; Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына және қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына бағыт беру; Оқушылардың ақыл - ой қабілеттерін жетілдіру.

Жұмыстың түрі: Шағын топтардағы дискуссия. Әдісі: тренинг жаттығулары Қатысушылар: дарынды оқушылар Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, түрлі-түсті қағаз, қарындаш, желім, қайшы, үнтаспа т.б

Уақыты: 25 минут.

Барысы І. Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық жаттығуы / баяу музыка ойнап тұрады/

Көздеріңді жұмып, денелеріңді бос ұстап, іштеріңнен былай деп айтыңдар; Мен өзіме сенімді, ақылды, батыл адаммын. Менің қолымнан бәрі келеді, еш нәрседен қорықпаймын. Менің денсаулығым мықты және күштімін. Барлық кедергілермен қиындықтарды жеңіп шығамын.

Сұрақ: 1. Сен өзің жайлы не айта аласың? Өзіңе сенімдісің бе? 2. ҰБТ саған не бере алады? ҰБТ мен үшін дәстүрлі формадағы емтихан және оның мен үшін маңыздылығы. 3. Өз-өзіңмен келісімге келе алдың ба?

ІІ. Ой шашырату Мақсаты: Қатысушыларға өздерін жақсы түсінуге көмектесу, сезімдер мен дұрыс көзқарас қалыптастыру. Құрылымы: 3 шағын топқа бөлу. Мына принцип бойынша: - алма, лимон, алмұрт. Қазір сендерге талқылайтын сұрақтар беріледі. Жұмысты орындауға 2 минут уақыт.

1- топқа тапсырма: Өз - өзіне сенімді, өз күшіне сенетін адам суретін сал.

2 - топқа тапсырма: Өз көңіл - күйіңді көтеру жолдары.

3- топқа тапсырма: Емтиханда пайда болған қысымнан, қобалжу сезімінен қалай арылуға болады?

Шаршағанды басу жаттығуы (массаж) Бұлшық ет релаксациясы Тыныс алу жаттығуы.

ІІІ. «Өз жұлдызыңды тап» (арт терапиялық жаттығу)

Нұсқау: Шеңбер бойында отырып көзіңізді жұмыңыз. Үш рет демалып, үш рет дем шығарыңыз... (баяу музыка ойнап тұрады)

- Ал енді көз алдыңызға жұлдызды түнгі аспанды елестетіңіз. Жұлдыздардың бірі сізге жақын болса, ал кейбір жұлдыздарды тек нүкте кейпінде ғана елестетіңіз. - Сол жұлдыздардың ішінен өз жаныңызға жақынын, яғни сізге қарап тұрғанын таңдап алыңыз. Мүмкін осы жұлдыз сіздің арманыңызға ұқсайтын шығар, осы жұлдызға тура қолыңызды созып ұстауға тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз! Сіз оны қалайда алдыңыз, оны ақырын ұстап алдыңызға қойыңыз, оған жақсылап қарап, оның қандай екеніне қарап жарықтығын еске сақтап қалыңыз. Ал енді өз еркілеріңізбен төмен еңкейіп тізелеріңізді ұстап, кейін қарай шалқайып көздеріңізді ашыңыздар. Қолыңызға түрлі - түсті қарындаштарды, қағазды алып, өзіңіз таңдаған жұлдызыңыздың суретін салыңыз. Салған жұлдыздарымыз осы тренинг бойына өзінің шуағын шашып, достығымызды нығайтып отырады. Тренингтен оны өздеріңмен бірге алып кетесіңдер. Олар сендерге білім жолында, барлық емтихандарда және өмір бойы көмектеседі. Жұлдыздарға мұқият қараңыздар, олардың барлығы әр түрлі сіздер мен біздер сияқты бір - біріне ұқсамайды. Осы жұлдыздардың бес тармағы секілді, ҰБТ - ның бес пәнінен де 5 деген баға алып шығуларыңызға тілектеспін!

ІҮ. Логикалық сұрақтар: «Үш мүсін» «Сыйқырлы шаршы» а) Жанар қағазға 86 теңгені жазып, өзінің жолдасына айтты. Ешқандай жазу жазбай осы теңгені 12-ге арттыруды өтінді. Ол қанша теңге? ә/ Қай айда 28 күн бар? б/ Үстел басында екі адам отыр, бірі екіншісінің әкесі, бірақ екіншісі оның ұлы емес. Сонда кімі? в/ Екі қызы, екі анасы. Олар нешеу? . Дорбада 10 асық 10 бала бір-бірден алды. Сонда бір асық дорбада қалды. Бұл қалай? г/ Екі бала тоғыз құмалақты 2 сағаттан ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады? д/ Үш түйеқұс ұшып келе жатыр еді, аңшы олардың біреуін атып алды. Неше түйеқұс қалды? ж/ Жасы 100-ге келген қария өмір бойы өзінің туған күнін 25 рет қана атап өткен екен. Себебі?




Ү. «Ой түйін»

Әр топ екі түрлі түстен таңдап аласыздар. Таңдаған түстеріңізден бүгінгі сабақты белгілі бір бейне арқылы түйіндейсіздер.



Қызыл, жасыл түс. / гүл жасау/

Ұстаздарымыздан алған біліміміз бен тәрбиенің арқасында Отанымызды сүйетін патриоттар болып гүлдей жайнап өсеміз.



Көк, қоңыр түс /теңізде жүзіп бара жатқан желкенді қайық жасау/ Тамшыдай алған білімді теңіздей ұлғайтып, өмір кемесімен жүзіп барамыз.



Көк, сары түс. /Қазақстан туын бейнелеу/

Ұстаздардың еңбегін ақтап, Егеменді еліміздің білімді де, тәрбиелі ұрпағы болып, тілімізді, дінімізді құрметтейтін, еліміздің туын биікке көтеретін ұрпақ болып өсеміз.



Ән «Көк тудың желбірегені»























Picture 3











Picture 5









Picture 3



Picture 5 Picture 6












Панфилов ауданының «Е.Сыпатаев атындағы орта мектеп МДШО» КММ

Білімі жоғары, бірінші санаттағы педагог –психологы

Махмутова Назира Қасымханқызы





  • Р1. Бүгінгі сабақ сізге түсінікті болды ма? -------------------------------------------------- 
    2. Не ұнады?
     Не жақсы өтті? -------------------------- ------------------------------------3. Не жақсы өтпеді? ------------------------------------------------------------------------------
    4. Өзіңіз сабақта нені қолдана аласыз? -------------------------------------------------------
     
    5. Нені өзгерткіңіз келеді? -----------------------------------------------------------------------
     
    6. Сізге не ерекше қызық болды? --------------------------------------------------------------
     
    7. Сізге ең пайдалысы не болды? --------------------------------------------------------------
     

8. Ұтымды жерлері ------------------------------------------------------------------------

9. Менің тілектерім -------------------------------------------------------------------------------





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
477
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі