400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ туралы ғылыми мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Д АРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Рамазанова Рауия Рамазанқызы

Өскемен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің падагог-психологі, «өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі

Қоғам мүшелерінің зияткерлік даму деңгейіне байланысты, қазіргі қоғамда ақпарат пен ақпараттық технологиялар басты құндылықтардың біріне айналды. Әлеуметтік және өнеркәсіптік бағыттар да зиятты өндіріске негізделуде. Зияткерлік меншікті қабілет түрлерінің ең негізгілеріне – үдерістің инновациялық, шығармашылық ойлары мен технологиясына қатысты. Сондықтан бүгінгі күні білім беру бағытында балалардың дарындылығын дамыту басты назарға алынуда [2].

Кеңестік педагогика дарындылықты бір мағынада түсіндірмейді. Өткен ғасырдың 20 ж.ж. «дарындылық» сөзі тек ақыл-ой дамуында ғана қолданылатын сөз болған. Дарындылық сөзінің астарында тек жеке қабілеттерімен немесе оның жоғары деңгейінде ғана деп түсінген. Ал ХХ ғасырдың 30 ж.ж. дарындылықты зерттеу мүлдем тоқтатылды. Педагогика мен психологиядан мүлдем алынды [4].

Қазіргі педагогика мен психологияда дарындылықты қандай да бір іс-әрекетті табысты орындаудағы қабілетитердің ерекше үйлесуінде деп көрсетеді [5]. Өз кезегінде қабілеттер – адамның тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты білім, білік, дағдыны игеруі, сондай-ақ әр-түрлі әрекеттер жасай алуы [1]. Қабілеттің дамуының төрт түрін бөліп, негіздеген: қабілеттілік, дарындылық, талант және данышпандық. Сәйкесінше, дарындылық қабілеттің дамуының бір бөлігі.

Дарындылық түрлері жасерекшелік дамуы мен оның қандай да бір іс-әрекетте көріну формасы оның білім дәрежесі қаншалықты көрініс беруі сынды критерилер арқылы бөлуге болады [1].

Бастапқы дарындылық бес түрге бөлінеді. Практикалық қызметте – қолөнер, спорт және ұйымдастырушылық дарындылығы. Танымдық қызметте – академиялық пәндер бойынша зияткерлік дарындылығының көрінісінен болса, көркем-эстетикалық әрекетте дарындылық сахналау немесе хореографиялық, музыкалық немесе бейнелік болуы мүмкін. Рухани-құндылықты дарындылық адамдарға қызмет жасауда танылады.

Дарындылық құрылымына қарай актулды және потенциалды болып бөлінеді. Актулды дарындылық – баланың жеткілікті деңгейде жетілгендігі өз құрдастарынан және әлеуметтік нормадан жоғары иемденген психологиялық ерекшелігі. Потенциалды дарындылық – баланың қандай да бір іс-әрекетте жоғары көрсеткіш көрсете алатын мүмкіндігі бола тұрса да, белгілі бір себептермен көрсетпеуі. Оған отбасындағы мәселелер немесе керекті құрал-жабдықтардың болмауы мен төмен мотивация себеп болуы мүмкін.

«Көріну формасы» критериі дарындылықты нақты және жасырын деп қарастырады. Жасырын дарындылықтың көрінісі айқын болмағандықтан байқалмай қалады. Ал нақты дарындылық керісінше, жағымсыз жағдайлардың өзінде анық байқалады.

Жасерекшелік даму кезеңіне байланысты дарындылық ерте және кеш болуы мүмкін. Ерте, жас кезеңде анықталған дарындылық есейе келе жетістік әкелетініне кепілдік бермейді. Сондай-ақ жас кезеңде көрінбеген дарындылық ересек кезеңде көрініс табуы мүмкін [2].

«Қаншалықты көріну» критериі арнайы және жалпы дарындылық болып бөлінеді. Арнайы дарындылық жеке бөлімдерде байқалады. Мысалы, математикалық, тілдік, әлеуметтік. Жалпы дарындылық әрекеттің бәрінде көрінеді. Бұл баланың оқуға деген жоғары мотивациясы, айқын эмоциялық көрінісі немесе ерік-жігері мен зияткерлік қабілеттерінің көрінісінен байқауға болады.

Бұл жағдайда баланың дарындылығын қалай анықтауға болады? Көп жағдайда ерте сөйлеу немесе сөздік қорының көп болуы. Сонымен қатар, есте сақтау, зейін және қызығушылықтарының жоғары болуы. Бұлардың барлығы баланың зияткерлік қабілеттерінің көрінісі екені сөзсіз [3]. Сондықтан балалардың дарындылығына қатысты жалпы ерекшелітерді ескерген жөн.

Дарындылық бір-бірімен байланысты үш параметрмен анықталады: білімді жетілдірумен, психологиялық дамуы мен физикалық ерекшелігі.

Біріншіден, білім саласы. Дарынды балалар айналасынан барынша көп ақпараттарды өзіне «сіңіреді». Онымен қоса, ондай балалар бір уақытта бірнеше іспен айналыса алады. Барлығына қызығушылық таныту – бұл да балалардың дарындылығының бір қыры. ХХ ғ. Америка психологі Роберт Уайт бала кішкентайынан бастап айналасын зерттеу, одан өзіне бір пайда алу туа пайда болады деп көрсеткен. Бала өзінің зерттеулерінде шектеулер қойылғанын ұнатпайтынын ескерген жөн [3]. Кішкентай «вундеркиндтер» энциклопедия, сөздіктерді ерекше ынтамен оқиды. Өздері мағынасын білдіретін жаңа сөздер ойлап табады, зияткерлік қабілеттерін дамытатын ойындарға қызығушылығы жоғары болады.

Дарынды балаларда тағы бір ерекшеленетін жәйт – ол өз қызығушылықтарына деген қажырлылық. Ерте кезден бастап көзге түсетін жайт, ол баланың бір нәрсеге басым назарын аударуы, зейінін бір жерге ұзақ шоғырландыруы. Бір затпен бірнеше сағат айналысуы ықтимал және бірнеше күн өткеннен кейін де қайталануы. Бұл балалар есейе келе мұқияттылығы және табандылығы мақстақа жетуге негіз болады [3].

Келесі параметрді қарастырсақ, яғни психологиялық даму. Дарынды балаларда ерте жастан әділеттілік қасиеті дамиды. Олардың тұлғалық құндылық жүйесі жан-жақты: өздеріне, басқаларға жоғары талап қояды, шындыққа жандары жақын. Қоғамдық әділетсіздіктерді қиын қабылдайды.

Жалпы дарынды балалар шынайы өмір мен қияли әлемді нақты ажырата алмай қалады. Олар қиялдарының дамығаны сонша, сонда өмір сүретіндей сезінеді. Фантастикалық, өмірде жоқ достар табуы ықтимал. Осыдан әсірелейтін қорқыныш тудырып – одан түрлі жағдаяттардың орын алатынын ойлап шығарады. Сондай-ақ сезімдерінің көрінісін іштей уайымдап, сыртқа шығармай, сөйлемей өзіндік қабылдауға әуес келеді.

Дарынды балалар өз талдауларында өзімшіл, эгоцентризмі басым болып келеді. Бұл жерде эгоцентризм қарсы пікірлі эгоизм емес, жай ғана өзінің айналасында болып жатқан жағдаяттарға өз эмоциясы мен қабылдауының көрінісі.

Сондай-ақ балалық эгоизм бір тапсырманы орындай алмағанда сезімталдық және тітіркену пайда болады [3]. Педагогтер мен ата-аналардың айтуынша бұдан бастаған істі соңына дейін мінсіз жеткізу басты мәселег айналады. Бұл балалар жасаған жұмыстарын ересектердің өлшеуімен сараптауы арқылы өздеріне керек емес ауырпашылықпен жүк артып, мазасызданады [3].

Жоғарыда аталған қиындықтардың болуымен қатар керемет әзіл қасиеті де дарындыларға тән. Осы әзіл олардың өміріндегі қиындықтарды жеңуіне себепші. Келеңсіз жағдайларда күлкілі жағдайларды көріп қалу – дарынды балалардың басты тұлғалық қорғаныс механизмі. Дегенмен күлкі үлкен ренішті жасыруы мүмкін екенін ұмытпаған жөн. Жылап қалмас үшін күле беруге жол беруі ықтимал. Әр жағдайлардан күлкілі бір жағдайларды көре білу әлеуметтенудің негізгі кілті болып табылады. Сол арқылы құрдастары бұл баланы өз орталарына қабылдайды [3].

Дарындылардың физикалық дамуын қарастыра кетсек, бір жағынан кішкентай, арық, бозарған оқымысты, көзілдірікті. Келесі жағынан ұзын, шымыр, дені сау, кейбір құрдастарынан әлде қайда әдемі дамыған. Әлеуметтік, мәдениеттілік көзқарастарға қарамасақ, әр тұлғаның жеке ерекшеліктерін ескеретін болсақ, әр дарынды балалар сияқты физикалық ерекшеліктері де әр түлі болары анық. Яғни, сыртқы ерекшеліктері мен түрін, салмағын, денсаулығы мен бойына қатысты қалыптасқан жалпылау берудің қажеті жоқ [3].

Зияткерлік аймақтағыларда оқығысы, оқи бергісі келетіндігімен ерекшеленеді. Өз ойын жетік жеткізе алады, тапсырмалар орындағанда өз алған білімін жақсы қолдана алады. Құрдастары ойлағаннан да көп біледі.

Академиялық жетістікке қатысты дарынды бала оқи бергісі келеді. Оқығандарын ұғынады және ұзақ уақытқа есте сақтайды. Баламен қарым-қатынас жасаған кезде ол жылдам жаңа жағдайға бейімделеді, ал басқалар ойынауда, тапсырма орындағанда белгілі бір достарын ғана таңдауы ықтимал. Басқалардың жанында дарынды бала өзін еркін сезіне алады, жағдаятты басқара алады, бөгделермен қарым-қатынас жасай алады. Жиі өзі бастама жасап, өзіне жауапкершілік алады. Басқалар одан кеңес сұрайды. Сондай-ақ лидер болуға тырысады, ал егер ол ойы жүзеге аспай қалса, ол бағынушы рөлінен бас тартады, сәйкесінше, жалғыз қалады [2,].

Сурет өнерінде оқушы визуалды ақпаратқа аса көңілін аударады, елестеткенін әр бөліктерімен есінде сақтайды. Дарынды балалар ұзақ уақыт бойы модельдеу немесе сурет салумен айналысады. Бейнелеу өнері сабақтарына ерекше көңіл бөледі, одан ләззат алады. Олар музыкалық сабақтарға қызығушылық танытады: әуеннің көңіл-күйге әсерін немесе мазмұнына сезімталдықпен жауап береді.

Қозғалыс аймағы туралы да айтып кетпеуге болмайды. Дарынды балалдар жиі бір орында отырғылары келмейді. Қозғалмалы, епті, денесін еркін меңгерген, қозғалғыш нышандарымен өзінің жақсы қимылдарын көрсетуге әуес [3].

Дарындылығы ерекше санттағы балаларға халықтын аз ғана бөлігін құрайтын аса дарынды балаларды жатқызуға болады. «Ерекше» балаларды көбінесе интеллектіге арналған тесттермен анықтауға болады. Бұл жағдайда зияткерлік дарындылыққа қатысты болғандықтан ойлау қабілетінің даму коэфициенті (IQ) 160-200 ұпай болады. Дәл осы ойлауынан «ерекшелер» әлеуметтік оқшаулануға әкеп соғады немесе аса дарынды балалар өз құрдастарынан айтарлықтай жоғары айырмашылықта болады.

Келесі санатқа қабілеттерінің дамуы біраз қиыншылықтармен байланысты көрінген дарынды балалар. Бұған «жетеалмаған» (жоғары зиятпен, бірақ төмен академиялық көрсеткіштегі) балаларды жатқызамыз. Ерекше физикалық дамыған, оқудағы қиындықтарымен, отбасының әлеуметтік-эконимикалық жағы төмен немесе басқа мәдени ортадан келген, олардың дарындылығын тани қоймаған балалар.

«Жете алмағандар» - бұлар ұзақ уақыт бойы байқалмай жүргендер. Болған жағдайларға байланысты, жақсы болса, оларды қарапайым оқушылар қатарына немесе жоғары қабілетті оқушылар қатарына қосады. Жаман болса, олардың потенциалын көрмегендіктен, үлгерімі төмен оқушылар қатарына жатқызу.

Ал ерекше физикалық дамуымен ерекшеленген оқушыларға келетін болсақ, олардың ішінде де өте көп дарынды балалар. Мәселен, көздері көрмейтін немесе көруі нашарлар тура жақсы көретіндердің жеткен жетістігіне олар да жетуі мүмкін. Ал кімнің құлағы естімейді, олардың дамуы біраз жайырақ жүреді. Дегенмен олар да жоғары жетістіктерге жете алады. Тірек-қимыл жүйесінде қиындықтары барлар, өз құрдастарындай когнетивті дамуы бірдей болады.

Кейбір жағдайда дарынды балалардың тәртібіндегі, мінезіндегі жағымсыз жақтары жақындарымен байланыста кедергі келтіріп жатады. Тіпті кейбірі ерік-жігері мен эмоциялық жағымен ойлау жетістігін басып, құндылығын түсіріп жіберуі ықтимал.

Отбасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың төмен болуы баланың дарындылығын ашуға кедергі келтіреді. Бұндай отбасында тәрбиеленіп жатқан баланың тілдік дамуы жеткіліксіз, ойлауы шектеулі болуының салдарынан дамуы төмен дәрежеде екен деп қабылдауымыз мүмкін.

Көп жағдайда мектеп түрлі мәдени салт-дәстүрлі және құндылықтарына жасақтала қоймаған. Дарындылық әр халыққа ортақ болғанымен, құндылықтар әр мәдениетте ерекшеленеді. Бір мәдениетте білім маңызды, басты құндылық болып есептелсе, келесіде маңызы төмен болуы мүмкін. Сол себепті дарындылықты анықтау мен дамытуда қосымша кедергілер келтіруі мүмкін. [4].

Осылайша, қазіргі ғалымдар дарындылықты түрлі қабілеттерімен белгілі бір істі орындауда басымдылық танытқандар деп есептейді. Дарынды балаларға ерте сөйлеу, сөздік қорының молдығы, жоғары есте сақтау, зейінінің тұрақтылығы және қызығушылық танытуды басты ерекшеліктердің қатарына жатқызуға болады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «НЗМ» ДББҰ, 2012.

  2. Тарасова С.Ю. Опыт консультативного наблюдения одаренных детей// Психол. наука и образование. 2002. №1. 59-64б.

  3. Бурменской Г.В., Слуцкий В.М. Одаренные дети. М.:Прогресс, 1991.376б.

  4. Кондратьева О.В. Психология одаренности: учеб.-метод. Комплекс дисциплины М.:МГУТУ, 2012.227б.

  5. Маклаков А.Г. Общая психология: учебник для вузов СПб.:Питер, 2007.258б.

Аннотация. Әлеуметтегі қоғамдық даму негізінде балалардың дарындылығын дамыту мен сақтау үшін бұл зерттеу маңызды. Дарынды балалар өз құрдастарынан тек қабілеттерімен ғана ерекшеленбейтіні, сондай-ақ психологиялық ерекшеліктерінің құрылымы да маңызды. Сол себепті педагогтер өз жұмыстарында негізге алуы қажет.

Түйін сөздер: дарынды балалар, дарынды балалардың түрлері, дарынды балалардың сипаттамалары, дарынды балалардың санаттары.

Abstract. The urgency of the research is determined by the need of conservation and development of children’s endowments as it is a unique phenomenon that leads to the social progress. Gifted children are different from their same-age friends not just in the high level of their skills but also in the specific psychological features that teachers should keep in mind, while working with this group of pupils.

Keywords: children’s endowments, types of children’s endowments, distinctive features of children’s endowments, categories of gifted children.

Аннотация. Актуальность исследования обусловлена необходимостью сохраниения и развития детской одаренности как уникального явления социальном мире, способствующего прогрессу общеста. Одаренные дети отличаются от сверстников не только высоким уровнем развития способностей, но специфическими психологическими особенностями, которые должны учитовать педагоги в работе с данной категорией детей.

Ключевые слова: детская одаренность, виды детской одаренности, харатеристики детской одаренности, категории одаренных детей.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13 наурыз
451
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі