400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ӨЗ ТӘЖІРИБЕМДЕ

Материал туралы қысқаша түсінік
Дарынды балалармен жұмыс істеу дарындылықты айқындаудан басталады. Ол үшін алдымен бала бойындағы қабілеттілікті, бейімділікті тани білуіміз қажет. Ғылыми зерттеулерде баланың әр кезіндегі қабілеті, белгілі бір іс- әрекетке бейімділігі жас кезінен белгілі бола бастайтыны дәлелденген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚPicture 4 арағанды облысы

Балқаш қаласы

ЖББ № 10-орта мектеп

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі

Ұ.Т. Жұмагельдинова

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ӨЗ ТӘЖІРИБЕМДЕ

Ұрпақ қамы – қай халықты да ойландырмай қоймайтын ауқымды да күрделі мәселе. Сондықтан да тарихымызда бұл жайт бойынша дүниежүзілік ой – пікірдің дамуына дәлел боларлық мол мұра жинақталған. Айталық, хакас халқының «Ағаш қурамай тұрғанда оны ие біл, ал жас баланы жас кезінде тәрбиелей біл», қазақтың тілші-ғалымы, ұлтжанды педагогы А.Байтұрсыновтың «Балам дейтін жұрты болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шығады» деген тұжырымды ойлары осының айғағы емес пе?

ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ғасыр талабына сай зерделі, ой-өрісі жоғары азаматты қалыптастыру – мемлекеттеріміздің стратегиясы болып отыр, сондықтан Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру жүйесіне кіріктіру және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту»сияқты өзекті мәселелерді енгізу – жаңа заман талабы. Өйткені, ғылым мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет. Ал ондай мамандардың дарынды балалардан шықпасына кім кепіл?...

Дарынды балалармен жұмыс істеу дарындылықты айқындаудан басталады. Ол үшін алдымен бала бойындағы қабілеттілікті, бейімділікті тани білуіміз қажет. Ғылыми зерттеулерде баланың әр кезіндегі қабілеті, белгілі бір іс- әрекетке бейімділігі жас кезінен белгілі бола бастайтыны дәлелденген.

Оқыту мен тәрбиелеудің ұйытқысы –ұстаз.Белгілі ағартушы Ж.Аймауытов ұстаз қызметін былай сипаттайды: «Балаларға білім берумен ,тәрбиелеумен мұғалімнің қызметі тәмәм болмайды.Ол - шәкірттердің алдағы өмірін өз басынан кешірген тәжірибесіне таянып,оларға келешекте өмірден аяғын шалыс басып,соққы жеп өкінбеске күні бұрын сақтандыратын қорғаушысы,қамқоры.»

Шығармашылық жұмыстардың нәтижесінде озық оқушылармен ғылыми жұмыстарға ,қалалық,облыстық пәндік олимпиадаларға қатысып,төмендегідей жетістіктерге қол жеткіздім:

2007-2008 оқу жылында 8сынып оқушысы Щербакова Алина I-орын,

10-сынып оқушысы Хутуева Макка II-орын,облыстық олимпиадада ІҮ орын.

2008-2019 оқу жылында қалалық олимпиадада 9-сынып оқушысы Щербакова Алина II-орын, 11-сынып оқушысы Хутуева Макка II-орын;

2009-2010 оқу жылында 10-сынып оқушысы Романова Юлия II-орын;

8-сынып оқушысы Косумова Лена III-орынды,2010-2011,2012-2013 оқу жылдарында Косумова Елена ІІІ орын иеленді. 10 сынып оқушысы ғылыми жобасын Қарағанды қаласында қорғап,II-орынға ие болды.Республикада III-орынға ие болды. Қайранова Мадина 10-сынып оқушысы облыстық ғылыми жоба қорғауға қатысушы (сертификат).Курносова Юлия 11-сынып оқушысы "Мемлекеттік тіл -менің тілім" мақала жазу сайысына қатысып,қала әкімінің сыйлығына, Алғыс хатқа ие болды.2013-2014 оқу жылында 5-сынып оқушысы Билалов Тимур қалалық "Қазақшаңыз қалай?" сайысына қатысып ІІІ жүлделі орынды иеленді.2014-2015 оқу жылында 6-сынып оқушысы Шаймольдина Аида облыстық ғылыми жоба қорғауға қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.2015-2016 оқу жылында 8-сынып оқушысы Бороздина Алина "Мың бала " байқауында сайысқа түсіп,Алғыс хат алды.Алина қалалық пән олимпиадасында жүлделі ІІІ орынды иеленді.2016-2017 оқу жылында Молчанов Дмитрий 8-сынып оқушысы қалалық олимпиадада ІІІ орын ,Кичигин Ярослав 4 -сынып оқушысы "Клевер" олимпиадасында қазақ тілінен І орын жеңімпазы атанды. 2017-2018 оқу жылында қалалық пән олимпиадасында 5-сынып оқушысы Кичигин Ярослав ІІІ орын,9-сынып оқушысы Молчанов Дмитрий ІІ дәрежелі диплом, 9-сынып оқушысымШаймольдина Аида Республикалық "Жарқын болашақ" байқауында ғылыми жобап ІІ орынға ие болды.

Осындай жұмыстардың үнемі жүргізілуі оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашуға, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Біреуі сурет салуға әуестенсе, екіншісі спортты, үшіншісі ән – күйді т.б. өнер салаларын таңдайды.  Мұндай жағдайда тәртібі нашар балалардың да жақсы қасиеттерін танып, оларды сынып ұжымымен байланыстыру да ұстаздың біліктілігінде.

Баланың шығармашылық дарындылығының нәтижесінде мына сипаттамаларды атап айтуға болады:

- зерттеу кезінде білімге ерекше құштарлық танытатын жоғары қажеттілік;

- ақыл – ойдың жоғарғы қажеттілігі;

-белгілі бір іс-әрекетке, кәсіпке аса қызығушылық таныту, бір іспен шұғылдану

-өз бетімен белгілі бір мақсатқа жетуге табандылық көрсете білу;

- тапсырмаларды өз бетімен ойлай және шеше білуге ұмтылу.

Дарындылыққа барар жолдың басты міндеті:

- оқушының жеке ерекшелігімен қабілетін зерттеп- зерделеу;

- шығармашылық ғылыми ізденіске өзіндік зердесінің дамуын назарда ұстау;

- оқушының өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік беру.

Осы міндеттерді жүзеге асырудағы оқу – тәрбие үрдісін ғылыми зерттеу негізінде жүргізіп, оқушылардың дарындылығын дамытатын арнайы жоспармен жұмыс атқару керек .Осындай қабілетті, дарынды оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, ата –ана, мектеп, оқушы, ұстаз байланысын жоғары ұстап, шығармашылықпен жұмыс істеп оқушының білімге ынтасын арттыру керек.

Табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып , ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра білейік!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
344
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі