400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға психологиялық қолдау көрсетіп ойындар арқылы қабілетін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1

Түркістан облысы

Жетісай ауданы

«Қайнар» мектеп – гимназия»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі













Shape2

























Дайындаған: педагог – психолог Муратова Ш.О.


2018 – 2019 оқу жылы

«Педагогикалық идеялар фестивалі»




Автордың аты-жөні: Муратова Шара Оналхановна


Мекен-жайы: З. Таспанбетова 10


Телефоны: 87029035607


e-mail: muratovashara@mail.ru


Жобаның атауы: Дарынды баланың шығармашылық қабілетін дамыту.

.

Бағыты: «Психологиялық қобдиша»


Қызметі: «Қайнар» мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы


Білім беру ұйымының мекен-жайы: М. Әуезов 5


Телефоны: 42 9 67


e-mail: kainar_mektep@mail.ru





















Аннотация


«Дарынды баланың шығармашылық қабілетін дамыту» атты баяндамасында автор дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі әдіс-тәсілдерді ұсынады. Сонымен қатар автор өз жұмысында баланың шығармашылық дарынын дамыту бағдарламасының бөліктеріне арналған ойын түрлерін де ұсынған. Жұмыс педагогикалық және психологиялық тұрғыда қарастырылып, жоспарланған деңгейге дейін жеткізілген. Өзекті мәселелерді қамти отырып, жекелеген эксперименттік негізде автор айқын және нақты білдіре білген.


Аннотация


В докладе «Развитие творческого таланта одаренного ребенка» автор представляет эффективные методы работы с талантливыми детьми. Кроме того автор также представил различные типы игр, которые являются частью творческой программы развития ребенка. Работа рассмотрена педогогической и психолгической точки зрения и доведена до запланированног уровня.























І. Кіріспе.

ДАРЫНДЫ БАЛАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

«Халқымыздың ежелгі үрдісі бар,

Адастырмас ақ жолдан үлгісі бар.

Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрі,

Зерделі ұл, зейінді қызды сынар.

Көңілдің тілейтін тек тазалығын,

Аз емес арқалаған азабын.

Мол өсиет қалдырған ұрпағына,

Қасиетінен айналдым қазағымның!» - деп М.Әлімбаев жырлағандай қазақ халқы басқа халықтар сияқты бала тәрбиесіне өте ерте заманнан-ак, өзінің жиып терген бай, асыл қазынасы, мол тәжірибесімен тәрбиелеуге ерекше көңіл аударған. Жас жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу— ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіре білу, оларды шығармашылык, бағытта жан-жақты дамыту— бүгінгі күннің басты талабы.

Бала дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім алуда басқалардан аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің көрінуі деп түсінеміз.


















ІІ. Негізгі бөлім

1.«Дарындылық — белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі».

Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет. Балалардың қабілеттері мен таланттарын жан-жақты аша түсу үшін, дарындылықтың ерекшеліктерін анықтау мен айқындау болып табылады. Дарынды балалардың мынадай ұстанымдары тұжырымдалады:

  1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу.

  2. Дамытушылыққа ыкпал ете отырып, баланың психологиялык, кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.

  3. Жұмыс нәтижесін талдау, бағалау, әңгімелесу.

4. Баланың дарындылық белгісін, оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.

Дарынды баламен жұмыс істеудің негізгі мақсаты — олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал, мақсатқа жету оку бағдарламасын тереңдетіп оқыту және баланың танымдык, белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Бала-бақшаларда дарынды балалармен жұмыс жүргізу әдіс-тәсілдері әртүрлі болып келеді.

Балалардың шығармашылық дарынын дамыту үшін түрлі әдістер мен жағдайды қалыптастыру өзекті мәселе. Мектеп жасына дейінгі жастағы балаларға арналған бағдарламаларына тапсырмалар жай ғана енгізіп кеңейтуді ғана емес, мамандандыра оқытуды талап етеді. Ең бастысы балалардың табиғи дарынын, шығармашылық дамуын, шығармашылық деңгейінін психологиялық құрылымын ескеретін порциалды бағдарлама құру қажет. Қалыптастыру және тұлғаның шығармашылығын дамыту мәселелері арнайы зерттеуді талап етеді. Қазіргі психологияда осы мәселелерді қарастырған зерттеулер пайда болды (А.В.Брушлинский, Я.А.Понамарев, Н.С.Лейтес, В.А.Крутецкий, А.Н.Матюшкин, В.Д.Небылицин, Е.Е.Кравцова, О.МДьяченко, В.Т.Кудрявцев, А.А.Нурахунова және т.б.) Осы зерттеулердегі мәліметтерге сүйене отырып, баланың дарындылығын сипаттайтын ерекшеліктерді және мектеп жасында оны дамыту жолдарын белгілеуге болады.

Дарындылық туа пайда болады немесе жүре қалыптасуы мүмкін. Баланың, дене және рухани дамуың зерттеп бақылаудың нәтижесі, қоршаған ортанын әсерінен пайда болған дарындылықты тәрбиелеуге және дамытуға болады, ал дамытпаса жоғалып кетуі мүмкін. Баланы бір іс-әрекетке бейімдесе, қызығушылығы пайда болып, белгілі бір дағды қалыптасып, қабілеттілігі дамиды. Мектеп жасына дейінгі жастағы баланың психикасының дамуы жедел түрде дамиды, шығармашылық түрде өсуіне жағдайы болады. Баланың шығармашылық дарынын қалыптастырып дамыту үшін баланың тәжірибесінде қызықты жағдаяттар туғызып, елестетуін дамытқан жөн. Көптеген авторлар адамның шығармашылық негізі елестетуіне байланысты екендігін көрсетеді, елестетуі жалпы психологиялық дамумен қатар жүреді, баланың мектепке психологиялық дайындығын көрсетеді. Мектепке дейінгі жаста балаларда бір заттың бөлшегін бөліп алып басқа заттың құрамына қосып бүтіндей зат құрастыру үшін шығармашылық елестетулері түрлі кезеңдерден өтеді. Егер бүтінді бөлшектерден бұрын елестететін болса, елестетуі дамытудың алғы шарты болып келеді.

Баланың шығармашылық дарынын дамыту бағдарламасының мазмұны бес бөліктен тұрады:

1. Елестетуін белсендіру арқылы;

2. Сөз шығармашылығын қолдану арқылы;

3. Заттың сызбалық бейнеленуін қолдану аркылы;

4. Музыка мен өнертапқыштық әрекетінің аралас тәсілдері арқылы;

5. Табиғи материалдарды қолдану аркылы.

2. Баланың шығармашылық дарынын дамыту бағдарламасының бөліктеріне арналған ойын түрлері:

1. Елестетуін белсендіруге арналған «Өнертапқыш» ойыны.

Педагогтың мақсаты: балалардың шығармашылық ойлауын, қиялын дамыту.

Балалардың мақсаты: бірнеше қызмет атқаратын әр түрлі заттарды ойлап табуға үйрену.

Материалдар: бір зат бейнеленген суреттер: балға, шеге, суырғыш, киім ілгіш, ара, пышақ, шанышқы, қайшы, бұрағыш, орындық және т.б.; сурет салуға арналған парақтар, түрлі-түсті қарындаштар.

Педагогтың баламен қарым-қатынасы: тәрбиеші екі заттың суретін көрсетеді, мысалы киім ілгіш пен ара бейнеленген сурет, содан кейін тағы да қандай да бір затты ойлап табуды ұсынады. Тәрбиеші алдымен жаңа құралдың суретін салуды ұсынады. Содан кейін бәрі бірге талқылап, суретті толықтырады.

Кейін жұп заттар ұсынылады: қайшы-бұрауыш, сөре-орындық, шанышқы-пышақ, және т.б.

Қалыптасатын когнитивті процестер: түсіну, тану, қиял, талдау, жинақтау, бағалау.



2. Сөз шығармашылығын қолдануға арналған «Кім не болады» ойыны.
Педагогтың мақсаты: балалардың диалектикалық ойлауын дамыту.

Балалардың мақсаты: заттар мен көріністердің қалай өзгеретіндігі туралы тәрбиешіге жауап беруді үйренеді.

Педагогтың баламен қарым-қатынасы: тәрбиеші балаларға заттар мен көріністердің атауын ұсынады, ал балалар жұмыртқадан, емен жаңғағынан, уылдырықтан, ұннан, ағаш тақтадан, темірден, қыштан, матадан және т.б. не пайда болатындығын, оның қалай өзгеретіндігін айтуы керек. Жауаптардың түрлі нұскасы болатындығына зейін қою керек. Мысалы: жұмыртқадан құс, қолтырауын, тасбақа, жылан т.б. пайда болуы мүмкін.

Қалыптасатын когнитивті процестер: тану, елестету, талдау, жинақтау, тапқырлық, зеректік бағалау.

3. Заттың сызбалық бейнеленуін қолдану үшін «Ертегі құрастырамыз».
Педагогтың мақсаты: баланың елестетуі мен қиялын дамыту.
Балалардың мақсаты: дөңгелектерді ертегі кейіпкері деп елестетіп ертегі ойлап табу.

Материалдар: әр балаға түстері әртүрлі екі дөңгелек: бірінде — сары және қызыл, екіншісінде —ақ және көк және т.б.

Педагогтың баламен қарым-қатынасы: Тәрбиеші балаларға ертегі ойлап құрастыруды ұсынады. Алдымен олардың ертегілерінде дөңгелек қай кейіпкер болатындығын анықтап алу керек. Дөңгелектер әртүрлі, сондықтан кейіпкерлер әртүрлі болуы керек. Балалардың дөнгелектерінің түстерін ауыстыру арқылы ойынды бірнеше рет өткізуге болады.

Қалыптасатын когнитивті процестер: саналық, елестету, талдау, жинактау, бағалау.

4. Музыка мен өнертапқыштық әрекетінің аралас тәсілдіріне арналған «Жыл мезгілі» ойыны.

Балаларға жазылған әуенді тыңдатамыз, П.И.Чайковскийдың «Жыл мезгілдері» шығармасын (басқа да оркестрмен ойналатын әуендерді) пайдалануға болады. Осы әуенмен балалар қимыл-қозғалыс жасап өздеріне ыңғайлы қалыпта (кілемде отырып, орындықта отырып және т.б.) суретті салуды бастайды.

Ең бастысы — әуеннің сипатын түстер арқылы жүйелілікпен жеткізу. Әуенді қандай түстермен жеткізетіндігіне көңіл бөлу керек. Қандай түстерді пайдаланатындығына көңіл қою, жылы түстер ме, әлде суық түстерді қолдана ма және не үшін?

Қалыптасатын когнитивті процестер: елестету, қиял, эмоциялық, көрсету, тану, қолдану өздігімен жұмыс жасау, бағалау.

5. Табиғи материалдарды қолдануға арналған «Құрғақ жапырақтар композициясы».

Педагогтың мақсаты: баланың елестетуі мен қиялын дамыту, жаңа үлгі құру.

Балалардың мақсаты: жапырақтарды әшекейлеп панно жасауды үйрену.

Материалдар: жасыл, сары, қызыл кептірілген жапырақтар, қара парақ, желім.

Педагогтың баламен қарым-қатынасы: Тәрбиеші жапырақтардың түсуі туралы әнді тындатады немесе өздері айтады. Сосын сұрайды: «Күз әдемі болады ма? Неге? Қалай ойлайсындар, ағаштардан жапырақтардың түсуі жақсы ма, әлде жаман ба? Күздің сұлулығы бізбен ұзақ, уақыт қалуы үшін не істеуге болады?»

Балалар: «Жапырақтарды жинап кептіру». Құрғақ жапырақтардан әдемі панно кілем жасауға болады. Жапырақтардың өзі де сән беріп тұрады: оны қатты қағазға жинатып бөлмеге панно жасауға болады.

Қалыптасатын когнитивті процестер: тану, түсіну, шығармашылық елестету, қиял, өзіндік жұмыс, талдау, бағалау.

Қорытындылай келгенде, дарынды балалармен жұмыс мазмұны адам ресурстарын дұрыс пайдалану, елдің, интеллектуалдық күшін арттыруға қосқан мол үлес болары анық.

Дарынды бала — бұл болашақта жаңа технологияларды шығарушы, әділ саясаткер, сенімді дәрігер, шебер музыкант, қайталанбас суретші, бұл еркіндікті сүйетін, жауапты, рухы биік адам, бұл — ұлттық құндылық.

Қабілеттің дамуы үшін оқушы бойында міндетті түрде талап болуы шарт. Талап, құлшыныс болмаған жерде қабілет те дами алмайды. Талап әдетте көру есту анализаторларынан, сондай-ақ жүйке жүйесінің типологиялық қасиеттерінен құралады. Бірінші және екінші сигнал жүйелерінің ара қатынасы мен даму деңгейін де талапқа жатқызуға болады. Бірінші сигналдық жүйеге түйсік, қабылдау, елес, ал екіншіге шындықтың ұғым болып қалыптасуы жатады. Сигнал жүйелері ара қатынасының ерекшіліктеріне орай И. Павлов адамның жоғары жүйке жүйесінің 3 түрін келтіреді. Олар көркем ойлағыштық және орта түр болып бөлінеді.

Бірінші түрге жататындар: әсершіл, қызуқанды, ашық, ақжарқын болып келсе, екіншілері көргені мен естігенін әуелі ой елегінен өткізіп, талдағанды саралағанды жақсы көреді, ал үшіншілері халықтың негізгі бөлігін құрайды, дарынды жандарды қамтиды. Адамның қай түрге жататындығына қарай оның қабілетін де анықтауға болады.

Адам қабілетінің әр қилы болуын физиолог сигнал жүйелерінің өзіндік ерекшіліктерімен түсіндіреді. Әдетте, ол адамда әр түрлі болып келеді. Мұны оқу үрдісінде көріп, байқап жүрміз. Кейбір оқушының ойлау жүйесі мен зерделеу деңгейінің өзге тұлғыластарынан жоғарырақ тұратыны шындық. Бірақ оның барлық пәндерден бірдей үздік болуы екіталай. Өйткені белгілі бір пәнге ғана бейім болады. Оқушының ми қабатында доминанто ошағы деп аталатын кеңістік болады. Яғни, ол өзі ерекше қадір тұтатын пәніне ғана қабілет-қарымы ашылып, бүкіл болмысымен жарқырап көрінеді де, өзге пәндерге келгенде әлгіндей белсенділігі тежеліп қалады. Бұл үрдістер, әлбетте, бізге көрінбейді. Әйтсе де, баланың ішкі жандүниесін, физиологиясы мен психологиясын жетік білетін сезімтал ұстаздар мұны айна қатесіз дәл ажырата алады.

3. Дарынды баланың бойында болатын ерекшеліктер. Талап, қабілетттілік, дарындылық, талант деген ұғымдармен қатар бейімділік деген ұғым бар.

Бейімділік - адамның белгілі бір іспен айналысуға деген құлшынысы мен икемділігін анықтайды. Бейімділік, әдетте дарындылықтың бір бөлігі ретінде қабілеттілікпен бірге дамиды. Оқушы қандай іске бейім болса, соны оңай атқарады. Бейімділік пен қабілеттілік бір-бірімен тығыз байланыстағы туыс ұғымдар. Олар бір-бірін толықтырып, күшейтіп отырады. Кейде бір-бірімен үйлеспейтін кездері болады. Қабілеттіліктің қалыптасуына адамның өз ұстазының тәртібі, алған бағыты әсер етеді. Сондай-ақ қабілеттіліктің қалыптасуына бастайтын тәртіптің үш түрі болады: импульсивтік, зерттеушілік және практикалық.

Психологиялық бейімділік қызығу ұғымына жақынырақ тұрады. Бірақ, кейде оқушы технологияға қызығу білдіргенмен, оның соған бейімділігі болмауы мүмкін. Ал қабілетті жандардың қызығуы мен бейімділігі бір-бірімен үндесіп жатады. Даму үстіндегі қызығуды бейімділікке айналдырудың үлкен маңызы бар. Егер қолайлы жағдай жасалып жатса, онда оқушылардың қызығуы бейімділікке айналуы ғажап емес.

Талапшылдық пен қызығу және бейімділік «қабілет» деген ұғыммен өзара байланысты. Бұларды дамытатын іс-қимыл. Егер осының барысында оқушы жетістікке жетсе, оның қабілетті болғаны.

Жалпы дарындылық - бейімділіктердің сапалық бірлігі, оқушының әр түрлі іс-әрекетке икемділігі. Олар оқуды да, істі де тез игереді жемісті атқарады. Интеллектуалдық бейімділік те осыған жатады. Жалпы ақыл-ой бейімділігіне оның белсенділігін, жүйелілігін, шарттылығын, аналитикалық, синтетикалық іс-әрекетінің биік деңгейін, т.б. жатқызуға болады. Мұның негізгі көрсеткіші ретінде оқушының білімді тез игерудегі шапшаңдылығы мен икемділігін алуға болады. Арнаулы дарындылықтың жалпыдан айырмашылығы белгілі-бір іс-әрекетті жүзеге асыру пайданылады. Оқушылардың өзіне ғана тән жеке ерекшіліктері оқу, еңбек, өзге де үрдіс үстінде жарқырап көрінеді. Осыған орай зерттеушілер оларды әр түрлі топтарға бөліп қарастырады. Белгілі ғалымдар А. Кухарчук, А. Ценципер, В. Шамардин оқушылардың әлеуметтік құрамы оқу-тәрбие ісінің деңгейіне орай көп тараған түрлерін келтіреді. Бүлардың қатарына «жан-жақтыларды», «интеллектуал теоретиктерді», «практиктерді», «қоғамдық ұйымдастырушыларды», «ойнақы» және «инертті» түрлерді жатқызады. Енді «практик» деген ұғымға түсінік берейік. Мұндай оқушылар теориялық негіздерді тереңірек зерттеуден гөрі практикалық іс-әрекетке жақын келеді. Мысалы, машина сырын жетік білгеннен гөрі соны жүргізе білудің өзін қанағат тұтады. Бұлар еңбекшіл келеді, дұрыс бағыт-бағдар берілсе, олардан келешекте білімді мамандар өсіп шығады.


























ІІІ. Қорытынды:

Жоғарыда баяндалған жайттардан шығатын қорытынды – технологияны оқытатын мектептер оқушылар бойында тек жалпы (акыл-ой) ғана емес, сондай-ақ арнаулы қабілеттерді де қалыптастырады. Нәтижеде ол мектептер потенциалды және актуалды қабілеттерді қалыптастырумен айналысады және шәкірттерінің өз мүмкіндіктерін толыққанды етіп көрсетулеріне жағдай жасайды.

Оқушылардың еңбеке деген бейімділігі мен икемділігі бала күннен қалыптаса бастайды. Оқу және еңбек үстінде ол әрі қарай дамып нығаяды. Дарындылық «оқу» және «шығармашылық» болып екіге бөлінеді. Бұл екеуі егіз ұғым секілді. Өмірлі танып білу әдетте, оқып үйренуден басталады. Содан соң адам сол білімін шығармашылықпен пайдалануға, қоғамға пайда келтіруге ұмтылады. Яғни оқушы бір деңгейден екінші деңгейге көтеріліп, әрі қарай толыса, кемелдене түседі.

Оқу және шығармашылық қабілеттердің арасындағы өзара байланысты ескеру де өте маңызды. Адамның ақыл-ойы биіктеген сайын шығармашылық қабілеті де жоғарылай түспек.


















Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Развитие творческой одаренности у детей 5-6 лет. Программа сост. Нурахунова А.А.,Жумадиллаева О.А., Алматы, Рауан, 1997.

  1. «Дарын» журналы, 2004, №5.

  2. «Дарын» журналы. 2008, мамыр-тамыз.

  3. «Егемен Қазақстан» газеті, маусым.

  4. «Психология мектепте және ЖОО-да оқыту» журналы. №3, 2006













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
29 қазан
1088
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі