жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Дарынды балаларға арналған жоспар
Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты:
білім алушыларды заман талабына сай интеллектілік, сапалы біліммен қаруландыру арқылы шығармашылық қабілеті мол тұлға етіп тәрбиелеу
Міндеттері:
-баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;
- пәнге терең қызығушылығын арттыру;
- оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру;
- оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық
белсенділігін арттыра оқыту;
- жалпы білім -білік дағдыларын дамыта оқыту;
- білімнің бағасын арттыру;
-ғылыми білімді практикамен теориялық негізде жүзеге асыру.
Дарынды оқушылар туралы мәлімет
Оқушылар қатысатын дәстүрлі шаралар
|
№ |
Атауы |
|
1 |
Республикалық пәндік олимпиада |
|
2 |
«Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы |
|
3 |
Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасы |
|
4 |
Пәндік қашықтық олимпиадасы /КИО/ |
|
5 |
«Абай, Шәкәрім оқулары» |
|
6 |
«М.Мақатаев оқулары» |
|
7 |
«І.Жансүгіров оқулары» |
|
8 |
«Махамбет оқулары» |
|
9 |
«Фариза оқулары» |
|
10 |
«Мағжан оқулары» байқауы |
|
11 |
«Оралхан оқулары» байқауы |
|
12 |
«Әбіш оқулары» байқауы |
|
13 |
Абай, Жамбыл, Ыбырай, Әбіш шығармашылығына арналған тест байқауы |
|
14 |
Түрлі деңгейдегі зияткерлік сайыстар |
|
15 |
Ғылыми жоба байқауы 8-11-кл |
|
16 |
«Зерде» байқауы 1-7-кл |
|
17 |
Кіші ғылым академиясы /ғылыми жоба қорғау конференциясы/ |
|
18 |
Шығармалар байқауы |
|
№ |
Мазмұны |
Сағат саны |
мерзімі |
|
|
Қазақ тілі |
|
|
|
1 |
Кіріспе Қазақ тілінің қоғамдағы рөлі. Әдеби тіл және оның грамматикалық нормалары. Мәтін. Қазақ тілі – Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі, ұлттық тілі. |
3 |
|
|
2 |
Лексика Сөз және оның мағынасы. Омоним, синоним, антоним. Эвфемизм мен десфемизм. Табу. Көнерген сөздер. Жаңа сөздер. Диалектизмдер. Терминдер. Фразеологизмдер, сөздің көп мағыналылығы, тура және ауыспалы мағына, т.б. |
11 |
|
|
|
Практикалық жұмыстар |
2 |
|
|
3 |
Фонетика Дыбыс және әріп. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Үндестік заңы. Буын және дыбыс үндестігі. Буын және оның түрлері. Орфография және орфоэпия, т.б. |
7 |
|
|
|
Практикалық жұмыстар |
1 |
|
|
4 |
Сөзжасам Сөз тұлғасы. Түбір мен қосымша. Дара және күрделі сөздер. |
4 |
|
|
5 |
Морфология Сөздің түрлері. Атауыш, көмекші, одағай сөздер. Сөз таптары. Сөз таптарының ұрамына, құрылысына, мағынасына қарай бөлінуі. Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, шылау, үстеу, одағай, еліктеу сөз. |
7 |
|
|
|
Практикалық жұмыстар |
2 |
|
|
6 |
Синтаксис Сөйлем. Сөйлем және оның түрлері. Хабарлы, лепті, сұраулы, бұйрықты сөйлемдер. Сөйлемнің құрамы. Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер. Бастауыш пен баяндауыш. Толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш. Сөйлемнің айқындауыш және бірыңғай мүшелері. Оқшау сөздер: қыстырма, қаратпа, одағай сөздер. Жай және құрмалас сөйлемдер. Жай сөйлемдер: жақты және жақсыз, жалаң және жайылма, толымды және толымсыз, атаулы. Құрмалас сөйлемдер: салалас, сабақтас, аралас. Бағыныңқы және басыңқы сөйлемдер. |
14 |
|
|
|
Практикалық жұмыстар |
3 |
|
|
7 |
Стиль Қазақ тілінің құрамындағы стильдер. Ауызекі сөйлеу стилі. Көркем әдебиет стилі. Ресми іс қағаздары стилі. Публицистикалық стиль. Ғылыми стиль. Стиль түрлерінің лексикалық, грамматикалық, синтаксистік ерекшеліктері. |
6 |
|
|
8 |
Пунктуация Тыныс белгілер. Тыныс белгілердің қолданылу негіздері мен қолданылатын орындары. Үтір. Сызықша. Қос нүкте. Тырнақша. Нүктелі үтір. Жақша.Көп нүкте. Сұрау белгісі. Леп белгісі. |
4 |
|
|
9 |
Тіл және сөз мәдениеті Сөз түсінігі. Ауызша және жазбаша сөз мәдениеті. Тіл ұғымы. Ауызша тіл және жазбаша тіл. |
4 |
|
|
№ |
Мазмұны |
Сағат саны |
мерзімі |
|
|
Қазақ әдебиеті |
|
|
|
1 |
Кіріспе Әдебиет ұғымы туралы түсінік. Асыл сөз. Сөз құдіреті. |
2 |
|
|
2 |
Халық ауыз әдебиеті Тұрмыс-салт жырлары. Сәбидің дүниеге келуіне байланысты өлең-жырлар. Үйлену салтына байланысты туған өлеңдер. Көңіл күйін білдіретін өлең –жырлар. Бата және оның түрлері. Мақал-мәтелдер. Жұмбақтар. Ертегілер. Аңыз әңгімелер. Батырлар жыры. Лиро-эпостық жырлар. Шешендік сөздер және оның жанрлық түрлері. |
6 |
|
|
3 |
Шығармашылық жұмыстар /эссе, ойтолғау, шығарма, әр түрлі тест жұмыстары,т.б./ |
2 |
|
|
4 |
Әдеби-теориялық ұғымдарды қайталау |
1 |
|
|
5 |
Ежелгі дәуір әдебиеті Тәңірлік дәуір әдебиеті. Сақтар. Алып Ер Тұңға. «Шу» дастаны. Ғұндар. Оғыз қаған. Атилла. Көк бөрі. Ергенекон. «Авеста» жинағы. Түркі жазба жәдігерліктері. Күлтегін және Тоныкөк. Қорқыт. Ислам дәуір әдебиеті. Әбу Насыр әл-Фараби. Махмұт Қашқари. Жүсіп Баласағұн. Ахмет Йүгінеки. Ахмет Йассауи. Сүлеймен Бақырғани. Алтын Орда дәуірі әдебиеті. Сайф Сараи. Хорезми. Құтб. Дүрбек. Тарихи шежіре және көркемдік дәстүр.Әбілғазы Баһадүрхан. Қадырғали Жалаири. Захириддин Мұхаммед Бабыр. Мұхамед Хайдар Дулати. |
8 |
|
|
6 |
Шығармашылық жұмыстар /эссе, ойтолғау, шығарма, әр түрлі тест жұмыстары,т.б./ |
2 |
|
|
7 |
Әдеби-теориялық ұғымдарды қайталау |
1 |
|
|
8 |
ХІХ ғасыр әдебиеті Махамбет Өтемісұлы. Зар заман ақындары. Абай Құнанбаев.Ыбырай Алтынсарин |
7 |
|
|
9 |
Шығармашылық жұмыстар /эссе, ойтолғау, шығарма, әр түрлі тест жұмыстары,т.б./ |
3 |
|
|
10 |
Әдеби-теориялық ұғымдарды қайталау |
2 |
|
|
11 |
ХХ ғасыр әдебиеті Шәкәрім Құдайбердіұлы. Сұлтанмахмұт Торайғыров. Жамбыл Жабаев. Жүсіпбек Аймауытов. Мағжан Жұмабаев. Ілияс Жансүгіров. Мұхтар Әуезов. Ғабит Мүсірепов. Міржақып Дулатов. Ахмет Байтұрсынов. Сәкен Сейфуллин. Бейімбет Майлин. Ғабит Мүсірепов. Әбу Сәрсенбаев. Бауыржан Момышұлы. Әбдіжәміл Нұрпейісов. Бердібек Соқпақбаев.Талап Сұлтанбеков. Сайын Мұратбеков. Әбіш Кекілбай. Мұхтар Мағауин. Дулат Исабеков. Тахауи Ахтанов. Шерхан Мұртаза. Мұқағали Мақатаев. Қадыр Мырза Әли. Қабдеш Жұмаділов. Олжас Сүлейменов. Төлеген Айбергенов. Қарауылбек Қазиев. Төлен Әбдіков. |
18 |
|
|
12 |
Шығармашылық жұмыстар /эссе, ойтолғау, шығарма, әр түрлі тест жұмыстары,т.б./ |
4 |
|
|
13 |
Әдеби-теориялық ұғымдарды қайталау |
2 |
|
|
14 |
Әлем әдебиеті Расул Ғамзатов. Омар Һәйәм. Шыңғыс Айтматов. Джек Лондон. Мақтымқұлы Фраги. |
5 |
|
|
15 |
Шығармашылық жұмыстар /эссе, ойтолғау, шығарма, әр түрлі тест жұмыстары,т.б./ |
2 |
|
|
16 |
Әдеби-теориялық ұғымдарды қайталау |
2 |
|
Түсінік хат
Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі мектеп алдында тұрған басты міндет – өзіндік айтар ой-пікірі бар, саналы, бәсекеге қабілетті дарынды ұрпақ тәрбиелеп шығару.
Қазақ тілін оқыту бір-бірімен тығыз байланысты – сауатты, тілдік мәдениеті дамыған болашақтың құзіретті тұлғасын қалыптастыру, сөз мағынасын, тіл байлығын көркемдік өрнегінен айырмай, анық, шебер әрі еркін сөйлей білу дағдыларын меңгертуді міндеттейді. Қазақ тілі – біртұтас, жалпы халыққа ортақ тіл, ол түрлі стильдік көріністе өмір сүреді, қызмет атқарады.
Оқыту үрдісінде білім алушы қабілетін саралай білу, анықтай білу, дамыта білу міндеті бағдарламалық оқытуды тереңдету арқылы түрлендіруді талап етеді. Соған орай жоспар мазмұны орта және жоғары буын оқулықтарының мазмұнына сәйкестендіріле оқушының қызығушылығын арттыру мақсатында өткен тақырыптарды қайталай отырып тереңдетіле құрылған. Игерген білімін жеткізе білу мақсатында түрлі деңгейдегі тапсырмаларды кіріктіру арқылы жетістіктерге баулу көзделеді.
Пайдаланылған ресурстар:
-
«Жалын» журналы. №2,3,5,8. 2010.
-
«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №1-12.2017.
-
Қазақ тілі. Ш.К.Бектұров.
-
Тест жинақтары.
-
Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. Алматы. «Ана тілі» 1998.
-
Бекітілген терминдер сөздігі. Алматы «дайк-Пресс» 2009.
-
Синонимдер сөздігі. Алматы «Арыс» 2007.
-
«Қазақ әдебиеті – тұлғаның рухани дамуының бастауы» жинағы. Алматы 2005.
-
«Google.kz.»ғаламтор сайты.
-
Қазақ әдебиеті. 5-11-сынып.
-
Қазақ тілі. 5-11-сынып.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген