15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Дарынды балалармен жұмыс
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ
МЕН ТӘРБИЕЛЕУ
Мектепке дейінгі жаста бала дамуының алдағы өмірлік негізі қаланады. Л.Н.Толстой: «Бес жасар баладан маған дейін – бір-ақ қадам. Жаңа туғаннан бес жасар балаға дейін ғаламат аралық». Дей тұрғанмен бұл баланың басына неғұрлым молырақ білім құюға тырысу қажет дегенді білдірмейді. Мұнан гөрі мектеп жасына дейінгі баланы ойлауға, дербестігін дамытуға, ой-пікірі мен бағалау тәуелсіздігіне, көре білуге, қоршаған орта тән дүниелерді, қатынастар мен тәуелділікті аша білуге үйрету айтарлықтай маңыздырақ.
Қазақстан Республикасының білім беруді жаңғырту жағдайында дарынды балалар тұлғасының ішкі әлеуметін дамыту ең көкейтесті мәселе болып табылады. Дарындылықты дамытудың осындай қолайлы кезеңі мен мектепке дейінгі балалаық шақ болып табылады. Білім беру тәжірибесі көрсеткендей балалар арасында айтарлықтай айырмашылықтар болады. Құрбыларына қарағанда шығармашылық қабілеттерімен, жіктей білетін, жалпылай білетін, өзара байланысын таба білетін біліктіліктерімен неғұрлым дамыған дарынды балалар айрықша көзге түседі, олар үнемі өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша ізденіс үстінде болады, деректік, дербестік, белсенділік танытады.
Тәрбие мен білімнің алғашықы денгейі мектепек дейінгі тәрбие мекемелерінде беріледі. Отбасындағы ата-ананың ықыласы мен мейрімділігінен нәр алған балабақшада тәрбиешінің шұғылалы шуағына бөленеді мектепке дейін білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектеп алды даярлық топтарында педагогикалық үрдісі ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдері пайдалануға мүмкүндік берді. Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуде алға қойған мақсаты жан-жақты, білімді, іскер, өзіндік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, дені сау, бәсекеге барынша қабілетті, дарынды жастарды қалыптастыру. Дарынды балаларды іздену, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күнде өте қажет. Әр бір талантты бала еңбекке бейім, шығармашылық тапқырлықпен еңбек етеді.
«Дарынды тәрбиешіден дарынды шәкірт шығады» демекші, дарынды балалардың көп болуы дарынды, шығармашылқпен жұмыс жасайтын ұстаздарға байланысты.
Дарынды бала - бұл болашақта жаңа технология шығарушы, әділ саясаткер, рухы биік адам, бұл-ұлттық құндылық.
Дарындылықтың тұңғыш рет ағылшын антропологы Френсис Гальтон зерттеген болатын. Ғалымдардың ерте заманнан жинақталған дарындылық мәселелері туралы тәжірибелері қазіргі кезеңге дейін қолданылуда. «Дарындылық» ұғымы «сый», «дар» деген сөзінен шыққан, дамудың алғы шартын білдіреді. Балаларға білім берудің негізгі мақсаты мектепке дейінгі балалар бойында білім энциклопедиясы болуды емес, негізгі біліктіліктерді қалыптастыру болып отыр . Бұл мақсат білімнің жылдам ескіруіне, жаңа жағдайларда білімді қолдануға қатысты әмбебап қабілеттердің жоқтығына байланысты. Негізінен баланың дарындылығы ерте байқалады. Оның дамуының қарқынды кезеңі 2 жастан бастап 5 жастың аралығы. Осы жаста балаларда тұлғалық негізі қалыптасады және ол өзін көрсете бастайды. Әр түрлі салалардағы әрекеттерде ырық бермей, алғашқы ықтиярсыз қабілеттері пайда болады. Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері:
- ерекше зейінділік;
- қабылдауының ауқымдылығымен ерекшеленетін балалар;
- есте сақтау деңгейі жоғары балалар;
- таным аясы өте кең балалар;
- қиялдары кең ұшқыр болады;
- ойлау белсенділігі жоғары;
- тілі ерте дамыған, бай сөздік қорға ие балалар;
- зейін қоюы жоғары деңгейдегі балалар;
Дарынды балалардың мінез-құлқында шыншылдық сезімдері жоғары, жақсы әзілқой сезімдерге ие, сонымен қатар тез өзгеретін, шыдамсыз, үнемі назрда болғанды ұнататын қасиеттерін байқатады, оларға қорқыныш, жоғары сезімталдық тән.
Мектепке дейінгі жастағы дарындылық бірнеше кезеңдерден тұрады:
Бірінші кезең (2-3 жас) бұл кезеңде бала алғашқы сенсорлық әсер алады.
Екінші кезең (3-4 жас) әрекеттерге еніп кетеді, табиғи материалдардың бастапқы белгілері туралы түсінігі пайда болады, өте белсенді оған кең ауқымдағы әр түрлі әрекеттерге мүмкүндігі бар.
Үшінші кезең (4-5 жас) баланың шығармашылық ізденіс кезеңі, қосымша әрекеттер үшін қабілетті балаларды біріктіруге болады.
Төртінші кезең (5-6 жас) бала оң нәтижелерге жетуге ұмтылады.
Бесінші кезең (6-7 жас) дарындылық өздігінен таныла бастайды.
Балабақшада дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырудың мынандай жолдарын көрсетуге болады.
Дарынды балаларды анықтау: Баланың табыстары мен жетістіктеріне талдау.
Балалардың әлуметтік мүмкүндіктерін диагностикалау.
Бақылау, сараптамалық бағалау әдістерін қолдану. Мектепке дейінгі жастағы дарынды балаларды психологиялықт-педагогикалық қолдау:
-баланы дербес дамыту жоспарын құру;
-дарынды балалардың жан-жақты эмотциялық және әлеуметтік дамуына көмектесетін қолайлы заттық-кеңістікті дамытушы орта құру;
-мектепке дейінгі жастағы дарынды балалардың шығармашылық бағытын: дербес шығармашылық тапсырмаларды іске асыруына көмек беру;
-зияткерлік ойындарға, конкурстарға қатысу;
-дарынды балаларды ынталандыру: әр түрлі конкурстарға қатысқаны үшін дипломдармен, грамоталармен марапаттау.
Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы. Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар.
Шығармашылық - өзінің жаңашылымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы. Талант - қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі.
Данышпандық балаларды анықтау - баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:
1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс әрекетіне талдау жүргізу.
2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.
3. Баланың дарындылық белгісін оның психологиялық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай - ақ оның болашақтағы дамуы мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.
4. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез - құлқы мен іс - әрекетін жан - жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан - жақты дамыған шығармашыл, рухани ой - өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.
Дарынды
балалармен жұмыс істеудің негізгі
мақсаты - олардың шығармашылық жұмыста
өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын
қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу
бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және
тәрбиеленушінің танымдық белсенділігін
дамыту арқылы жүзеге асады.
Баланың дарындылығын анықтауда
төмендегідей әдіс – тәсілдерді
қолданамын:
-баланың отбасы жағдайын зерттеу;
-шығармашылық қабілетін анықтау;
-сауалнамалар, психодиогностикалық тренингтерді өткізу;
-ата - анамен әңгімелесу;
-интеллектуалдық сайыс ойындарына қатыстыру;
Осы айтылған тұжырымдарды қорыта келе, дарында балалардың қабілетін дамытудың келесі жолдарын іріктеп алуға болады:
1. Ұйымдастырылған оқу - тәрбие жұмыстары;
2. Ертеңгіліктер;
3. Олимпиадалар;
4. Интеллектуалдық ойындар, дебат клубы;
5. Балалардың білім деңгейлерін арттыру;
6. Шеберлер байқауы;
7. Балалардың аудандық, облыстық, жобалар байқауларына қатысу.
Дарындылықтың басты ерекшеліктері:
• Ерекше зейінділік
• Жинақтылық
• Күрделі ақыл - ой жұмысына әрқашан дайын тұрады
• Еңбекке жұмылушылығы
• Таным аясы өте кең болады
• Ойлау белсенділігі аса тұрақты
• Дарынды балалардың адамгершілік дамуы, қабылдауы, өзіндік танымы өте
Нәзік
• Қиялдары кең
• Көтеріңкі көңіл күйді, жағымды психологиялық ахуалды жақсы көреді
• Әділетсіздікті көтермейді, өзіне және қоршаған адамдарға талап қоя біледі
Жоғарыда атап өтілгендей, балалардың алған білімдерін бекіту, шыңдау мақсатында ұйымдастырылған интеллектуалдық ойын құрылымы:
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу-оқыту үдерісінде тәрбиелеудің зауанауи технологиялары мен балалар дарындылығын дамытудың ерекше әдістері қолданылады. Бала бақшада дарынды балалармен әлеуметтік-психологиялық тренигтер ұйымдастыру кезінде мына ережелерді сақтау керек жоғары қиындықтағы тапсырмаларды орындау:
Бағдарламада орындау барысында жиі сәтсіздіктермен таңданулар туғызатын қиындықтары бар тапсырмалар жиынтығы қамтылған.
Жүргізуші топқа қажетті көмекті бере отырып, соңғы нәтижесінде тапсырманың толық орындалуына қол жеткізеді қатысудың толық еріктілігі: Бала әрбір жатығуға, талқылауға, өзінің қатысу дәрежесі туралы шешімді өзі қыбылдайды. Бұл ішкі бақлауды дамытуға, дербес шешім қабылдауға және ол үшін жауапкершілік алуға мүмкүндік береді.
Дарындылық ғасырлар бойы әлуметтік – педагогикалық тәжирибеден өз алдына бөлек дербес қарастырылып келеді. Білім бері жүйесінде дарынды балалармен жұмыстар ұйымдастырудың қажеттілігі болады. Қазіргі кезеңде дарынды балаларды ертерек анықтаумен дамытуға ерекше назар аударылуда. Зияткерлік және шығармашылық дарындылықтың негізгі түрлері ретінде қарастырыла бастады. Дарынды балаларға оза даму тән. Мектеп жасына дейінгі дарынды балалар мәселелерін анықтау олардың құрдастары, ересектер мен ата аналарымен байланыс жасау арқылы жүзеге асады. Бағдарламада бір қатар ғылым – педагогтардың зеріктеулері келтірілген дарынды балалар санынан орташа даму денгейіндегі балалар саны басым болатындығын зерттеулер көрсетіп отыр яғни дарынды балалар саны өте аз. Осыған байланысты мектеп жасына дейінгі дарынды балалардың дамуына көмек жасау және қолдау қажет. Бұл дарынды балалармен жұмыс бағдарламасын мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдары педагогтардың жұмысына қолдауға болады.
Педагогке балалардың біліктілікті даму көрсеткіштерін зерделеу қажет. Барлық деректер бүкіл бес білім беру саласы бойынша әр балаға ашылған жеке карталарға кіргізіледі. Екі, үш жасар баланың жетілу денгейін сипаттайтын біліктілікті даму көрсеткіштері 3-4 жастағы бала үшін қайталанбайды, үйткені ол жасы айырмашылығы шегіне қарай оларды қолдану денгейінде игеру тиіс. Бұлай болмаған жағдайда, осы бағыттағы жұмыскелесі жас кезеңінде жалғасады, үйретудің жаңа амалдары мен әдістері тандалады. Индиктор көрсеткіштерді игеру дәрежесі үшін денгейде тіркейді –«жаңғыртады», «түсінеді», «қолданады». Жеке байқау картасында, бірінші «Жылдың басы» графасында біліктілікті даму көрсеткішін игеру денгейі тіркеледі: жанғыртады, түсінеді, қолданады. «Барлығы» графасында индигаторлардың жалпы саны есептелініп пайызы шығарылады.
Сонмен қатар мектепке дейінгі тәрбие-барлық тәрбиенің бастамасы. Баланың жан жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын барысында балалардың айналадағы дүние жайында мағлуматтары кеңейіп, жауапгершілігі артады.
Ойын-өсіп келе жатқан бала организіміне қажет. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесң шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі. Балалар бақшасында дұрыс жүруге, жүгіруге, секіруге тәрбиелеу – жатығулармен қимылды ойындар көмегімен, арнаулы сабақтарда жүзеге асырылады.
Қорыта айтқанда мектеп жасына дейінгі балалар бойындағы ерекшеліктер мен дарындылықты анықтап, оны арықарай жетілдіру ата-ана мен біз тәрбиешілергі жүктелген мәселе. Мектепке дейінгі балалық шаққа жеке тұлғаны дамытудың бірегей кезеңі тұрғысында қарау қатынасына негізделген. Келешек өсіп келе жатқан осы бүлдіршіндер қолында. Сол үшін оларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруге міндеттіміз.
Қолданылған әдебиеттер:
1. «Балапан» бағдарламасы 2010-2020жж.
2. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, 2012ж №1080
3. Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы Алматы қаласы
4. Қазақыстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбиемен оқытудың жалпы білім беретін Типтік бағдарламасы.
Арыс қаласының білім бөліміне қарасты
№32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебі
«Балауса» шағын орталығы
2018 жылғы білім беру қызметкерлерінің
тамыз кеңесіне қатысуға сұраныс
1. Мұғалімнің тегі, аты-жөні, әкесінің аты (толық жазылуы тиіс |
Анарбекова Ақмарал Раушанбекқызы |
2. Жұмыс орны |
№32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебі «Балауса» шағын орталығы |
3. Санаты |
Жоқ |
4. Педагогикалық өтілі |
6 жыл |
3. Қызметі |
Тәрбиеші |
4. Баяндама тақырыбы |
Дарынды балаларды оқытумен тәрбиелеу |
5. Байланыс телефоны |
87711427284 |
6. Секциясы |
|
7. Баяндаманы қабылдайтын секция жетекшісі |
|
8. Жетекші шешімі (баяндама өтті/ баяндама өтпеді) |
|
Мектеп директоры: Р.Жунисова
Кіріспе
Қазақстан Республикасының білім беруді жаңғырту жағдайында дарынды балалар тұлғасының ішкі әлеуметін дамыту ең көкейтесті мәселе болып табылады. Дарындылықты дамытудың осындай қолайлы кезеңі мен мектепке дейінгі балалаық шақ болып табылады.
Негізгі бөлім
Арыс қаласына қарасты №32
Ә.Жангелдин атындағы жалпы
орта мектебінің жанынан
ашылған «Балауса» шағын
орталығының тәрбиешісі
Анарбек Ақмаралдың «Дарынды
балаларды оқытумен тәрбиелеу»
тақырыбында жазған баяандамаға
Тәрбиеші Анарбек Ақмаралдың «Дарынды балаларды оқытумен тәрбиелеу» тақырыбында жазылған баяндаманың кіріспе бөлімінде мектепке дейінгі жастағы баланың дамуының алдағы өмірін қалыптастыруы туралы және дарынды балаларды анықтау, олардың бойындағы ерекшеліктері туралы айтқан.
Негізгі бөлімде дарынды балаларды анықтау: баланың табыстары мен жетістіктеріене талдау жасалған.
Қортынды бөлімінде ойы өсіп келе жатқан баланың организіміне қажет екені туралы және балабойында дене күші артатыны туралы тоқталған. Анарбек Ақмарал өз сабағында ойын түрлерін кеңінен қолданды. Баяндама жастарға сай жазылған.
Директордың оқу-әдістемелік
ісі жөніндегі орынбасары: Э.Жатенова

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген