Дарынды балалармен
жұмыс
Мақсаты:Дарынды,қабілетті,ынталы оқушылар арасында
математикалық ойдың дәрежесін арттыра түсу,теориялық білімді
тереңдету,математикакаға бейімі,қызығушылығы бар оқушылардың
практикалық дағдысын дамыту,шығармашылық қабілеттерін
тереңдету,ғылыми жолына бағыт бағдар беру.
Жұмыстың жүргізу
әдісі.
-Оқушыларды қабілетіне қарай
топтау әдісі.
-Үйге жеке тапсырма
беру
-Аптасына бір рет қосымша
сабаққа шақыру.
-Сиқырлы квадрат және ребустар
шешу.
-«Кенгуру», «Ақбота»есептерін
шығарту арқылы оқушы қабілетін шыңдау.
-Интеллектуалды
ойындар
-Қазақтың байырғы қара
есептерін шығарту арқылы оқушыны шешендікке,сөздің мағынасын тануға
баулу.
-Геометриялық фигуралар туралы
түсінігін дамыту.
Күтілетін
нәтиже:
Пәндік олимпиадаларға,ғылыми
жоба жарыстарына,пікір сайыс ойындарына қатысу.Ойы ұшқыр,қиялы
жүйрік оқушыны табу.Олимпиададан «Көшбасшы», «Кенгуру», «Ақбота»
байқауларынан жетістікке жету.
Дарынды бала
дегеніміз-өз қатарынан әлде қайда
дамыған,ерекше зейіні бар,белгілі бір іс-әрекет бойынша асқан
қабілеттілік танытып,жоғары жетістіктерімен дараланатын
бала.
Дарындылық туралы екі көзқерес
бар.
1.Балалардың барлығы
дарынды.
2.Дарынды балалар сирек
кездеседі.
Дарындылықты мынадай
қасиеттер бойынша бірнеше топтарға
бөлеміз:
-Қалыптасу деңгейіне
байланысты
-Әр түрлі іс-әрекеттегі
дарындылықтың орын алуына байланысты.
-Жас ерекшеліктеріне
байланысты.
Қалыптасу деңгейіне
байланысты:
А)Маңызыды
дарындылық
Ә)Потенциалды
дарындылық
Дарындылықтың көріну деңгейіне
байланысты:
-Айқын
дарындылық
-Жасырын түрде кездесетін
дарындылық
Әр түрлі іс-әрекеттегі
дарындылықтың орын алуына байланысты
1.Жалпы немесе интеллектуалды
дарындылық
2.Нақты
дарындылық
Жас ерекшеліктеріне
байланысты:
-Ерте жастан
байқалады
-Ересек жастан
байқалады
Дарындылықтың
түрлері:
-интеллектуалды
-академиялық
-көркемдік
-шығармашылық
-лидерлік немесе әлеуметтік
дарындық
-спорттық
дарындылық
Дарынды оқушы-өз идеяларын
анық,ашық айта алады.Өз идеялары нақты,анық болса да,ол қате
ме,дұрыс па өз пікірінен таймайды.
Әлеуметтік ортаға,өмірдің
қиыншылығына қабілетсіз.Достары өте аз.Дене тәрбиесі пәніне
қызығушылық танытпайды.Спортқа
әуестенбейді.
Өте эмоцианалды,психологиясы
күрделі болып келеді.Тез ренжіп қалады,сыни сөздерді көтере
алмайды.
Тәуелсіздік,тапсырмаларды жеке
орындау.Топпен орындауға қабілеті
болмайды.
Өз-өзін өте жоғары
бағалау.Өзін өте жақсы көреді.
Перфекционизм-жоғары
жетістікке,нәтижеге ұмтылу.Алайда керемет нәтижеге жету үшін бір
тапсырманы бірнеше сағатпен отырып,әрең
орындайды.
Дарынды оқушы барлық пәндерге
деген үлгерімі бірдей.Кейбір пәндерге қабілеті жоғары
болғанмен,басқа пәндерге мүлдем қабілетсіз болу
мүмкін.
Белгілі қабілет зерттеушісі
Н.С.Лейтес дарындылықтың үш деңгейін
көрсетеді:
1-деңгей.Интеллектілері ерте
жоғарылаған оқушылар
2-деңгей.Қабілеттері өте жарқын
көрінетін,мектепке бір пәнге немесе белгілі бір іс-әрекетке
қабілеті өте жоғары дарынды балаларды
жатқызады.
3-деңгей.Балалар өз дамуларында
құрбыларынан ерекшеленбейтін,бойларында потенциалдық дарындылық
көрінген балалар.
Дарынды балаларды
анықтау.
Баланың қызығушылығы мен
бейімділігін барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың
іс-әрекетіне талдау жүргізу.
Баланың дарындылық белгісін
оның психологиялық дамуының нақты,деңгейіне ғана емес,сондай-ақ
оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып
бағалау.
Дамытушылық жағынан ықпал ете
отырып баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндікьберетін
тренингтің әдістерін пайдалану.
Жұмыс нәтижесін
талдау,бақылау, әңгімелеу,мұғалімдер мен ата-ананың сипаттамалық
бағалары.
Түрлі ақпарат алу көздерін
пайдаланып бала қабілетін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін
баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді
сипаты.
Білім беру жүйесіндегі жаңаша
мазмұн беру арқылы жан-жақты бағалаудың кешенді
сипаты.
Білім беру жүйесінде жаңаша
мазмұн беру арқылы жанжақты дамыған шығармашыл,рухани ой өрісі кең
және тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.
Оқушының дарындылығын
анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдерді
қолданамыз.
-Баланың отбасы жағдайын
зерттеу
-Шығармашылық қабілетін
анықтау
-Сауалнамалар,
психо-диагностикалық тренингтерді өткізу
-Аиа-анасымен
әңгімелеу
-Ғылыми жоба
жарыстарына,көрмелерге,жәрменкелерге,пікір-сайыс ойындарға
қатыстыру.
Дарынды балалармен жұмыс
жүргізуді ұйымдастырудың критерийлері:
-Нормативті-құқықтық
құжаттар:
-Ғылыми әдістемелік қызмет
түрлері (ауысымды мектептердегі жұмыс жоспары,диагностикалық
әдістемелер,инновациялық технология,олимпиада
тапсырмалары,ұсыныстар)
-Ақпараттық
қызмет.
-Мектеп басшыларының
,мұғалімдердің жұмыс жүргізуге дайындығы.
-Білім мекемелерінің
өсуі
-Мұғалімнің
бағыт-бағдарына қойылатын талаптар