400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дарынды балалармен жұмыс жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материалдан дарынды оқушылармен жылдық жоспарын ала аласыз
Материалдың қысқаша нұсқасы

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС

«Адамды бір нәрсеге үйретіп қажеті жоқ, бар болғаны оған өзіне керекті

                               жаңалықты ашуға көмек беру қажет»    

                                                                                   Г. Галилей

Өз ұрпағының жауапты да, жігерлі болып, өрісі биік жеткіншекті тәрбиелеуде мұғалімнің жаңаша ойлау түрін педагогикалық ғылыми тұрғыда ұйымдастырғанда ғана қол жетеді. Бұл міндетке дарынды балаларды таңдау және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу де қосылады.

         Мектепте оқу-тәрбие жұмысындағы әдіс-тәсілдің қай-қайсысы болсын, негізінде оқушылардың сана-сезімін, ақыл-ойын дамытуды мақсат ететін болғандықтан, олардың да дара ерекшеліктерін біліп, санасып отыру қажет. Бұл ұстаз-парызы.

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС

 Міндеттері:

  • Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту, оны қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау;

  •  Балалардың кәсіби және  жеке даралық қабілетін анықтай алуына психологиялық –педагогикалық көмек көрсету

 Негізгі принциптері: Баламен жеке сыйластық және сенімді қарым-қатынас орнату.

 Болжап отырған нәтиже: Оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгерген, жеке шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыра алатын, іс-әрекетке талдау жасай алатын, жоспарлау мүмкіндігі қалаптасқан тұлға.

 Дарындылық анықтамасы:

  •  Іс-әрекеттің сәтті орындалуын қамтамасыз ететін қабілеттік істің өзара сәйкестік сапалығын айтады;

  •  Іс-әрекеттің  жағдайдағы ерекшелігі, кеңінен қамтылған адам мүмкіндігі;

  • Ақылдың потенциалы немесе интеллект. Оқуға, білімге жалпы танымдық мүмкіндіктер және қабілеті;

  • Баланың табиғаты арқылы дамыған қабілет туралы;

  • Таланттылық және адамгершілігінің жоғары жетістіктерге жеткізетін іс-шаралар.

Дарынды баланың сипаттамасы:

  •  Интелектуалды сферасы;

  • Білімділік өрісі;

  • Ойлау қабілеті ерекшесі тұрақты, қызығуы мол, кейде бір іспен айналысса тоқтай аламайды, өз ойын ерте жеткізеді.

 

Дарындылық үш параметрмен анықталады:

  • Танымдық жеке дамуы;

  •  Психологиялық жеке дамуы;

  •  Физикалық дамуы.

Дарынды балалармен жүргізілетін жалпы  жұмыс жоспары:

Өткізілетін іс-шаралар

Өткізетін уақыты

Жауапты мұғалім

1

Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу

кыркүйек

Пән мұғалімі

2

Тереңдетілген бағдарлама бойынша (жеке, топтық, жұптап) оқыту

Жыл бойы

Серикбаева Г.Ш.

3

Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу

Жыл бойы

4

Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақтар, ребус, шығарма жазу, өлең шығару, т.б.) өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту.

Жыл бойы

5

Мектепішілік және  қалалық, обдыстық, республикалық пәндік олимпиадаларға, конкурс-сайыстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстыру

Кезеңінде

6

   «Зерде»,  «Айналайын» интеллектуалдық сайыстарға  қатыстыру

Кезеңінде

7

Жаңа педагогикалық технологиялар элементтерін пайдалана оқыту

Жыл бойы

8

Пән мұғалімдері дарынды оқушылардың шығармашылығын жинақтайтын портфолио жасау

Жыл бойы

9

Өлең жаза алатын оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, өлеңдерін басылымдарға беру

Үнемі

10

«Дарынды балалармен жұмыс таныстырылымы» айлығы. Пән әдістемелік бірлестіктерінің дарынды балалармен жұмысы

Сәуір

 

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты:

- баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;

- пәнге терең қызығушылығын арттыру;

- оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру;

- оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту;

- жалпы білім -білік дағдыларын дамыта оқыту;

- білімнің бағасын арттыру.

 ІІ. Оқушылар арасынан қабілетті оқушыны анықтау (кіммен жұмыс істейді?)

1.     Бастауыш сынып мұғалімдерімен кеңесе отырып қабілетті (өте ерекше) оқушылар тізімін алу

2.     Пән мұғалімдерімен (сынып жетекшілерімен) қабілетті не айрықша өнері, бейімі бар оқушыларды іріктеу

3.     Жыл сайын мектепішілік жарыстарда, олимпиадаларда, т.с.с байқауларда жеңімпаз оқушыларды топтастыру (бағытына қарай)

4.     Білім деңгейінің стандарттық өлшемнен ерекшелігін (игеру қабілетін) анықтау

  

«Дарынды балалар» бағдарламасының жұмыс бағыттары:

І.  Дарынды балаларға арналған қосымша оқу бағдарламаларын, тест тапсырмаларын  және  түрлі бақылау жұмыстарының мәтіндерін дайындау.

ІІ.   Диагностика жүргізу

ІІІ. Дарынды балалардың шығармашылық потенциалын жүзеге асыруда жағдай туғызу

IV. Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.

V. Дарынды балалардың шығармашылық дамуының негізгі көзі-ынталандару іс-шараларын өткізу

 

р/с

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

1

Әбутәліпова Айзере

7 «А»

2

Кенбаева Дария

7»В»

3

Усманалиев Ернар

7»Г»

4

Анварбеков Хрушид

7 «Д»

5

Алимбаева Адия

5 «Г»

6

Абирова Алуа

5 «Д»

7

Қызылдаг Мехмет

5 «Д»

   





















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
58 ұстаз жүктеп алған
24.09.2024
922
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі