400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоспар: I.Дарын-адам бойындағы ерекше күш II.Психологиялық тұрғыдан дарынды балалармен жұмыс жасау ерекшеліктері III.Дарынды оқушылармен жұмыстың негізні мақсаты IV.Дарындылық қасиеті -оқушылардың табиғи қайнар көзі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері

№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-

педагогіктік колледжі

Абдрасилов Шоқан Қайратұлы


Жоспар:

I.Дарын-адам бойындағы ерекше күш

II.Психологиялық тұрғыдан дарынды балалармен жұмыс жасау ерекшеліктері

III.Дарынды оқушылармен жұмыстың негізні мақсаты

IV.Дарындылық қасиеті -оқушылардың табиғи қайнар көзі

I.Дарын-адам бойындағы ерекше күш- Елбасы Н.Ә.Назарбаев кемел елдің келешегін, болар елдің болашағын, ертеңгі ел жастарының даңғыл жолын жоспарлай келіп, осы мақсатта өзінің жолдауларымен бағдарламаларын енгізді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Интеллектуалды ұлт -2020» ұлттық жобасы өз кезеңінде болашақ интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың негізі болмақ. Бұл жобаның мақсаты-жаңа қалыпта қазақстандықтарды тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстанды бәсекеге қабілетті адамдық капиталы бар мемлекетке айналдыру» деп айтқан болатын. Елбасы негізгі 3 аспектіні жатқызды. Олар: білім беру үрдісіндегі инновациялық даму, ақпараттық даму, жастарды рухани тәрбиелеу. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының жаңа «Білім туралы Заңына» мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізілген. Сол себептідарынды оқушылар деген кімдер, олардың басты ерекшеліктері қандай деген сұраққа жауап іздеп көрелік. Мектеп партасында отырған қарапайым бала жетіле келе өзіндік даралық, дарындылық қасиетке ие болады. Оны қалай білуге болады, алдымен әр ғалымдардың, ойшыл зиялы қауым өкілдерінің осы «дарын», «дарындылық» ұғымына берген анықтамаларға көз жіберсек, олардың негізгі ойларын аңғаруға болады.

II.Психологиялық тұрғыдан дарынды балалармен жұмыс жасау ерекшеліктері

«Дарынды бала»- деп қандай баланы айтамыз? «Дарын-адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. Ал дарындылық-бала бойындағы алғырлық, зеректік» деп психологиялық ұғым тұрғысынан анықтап, оның мынадай ерекшеліктеріне тоқталған: 1. Ойлау қабілеті басым, түрлі болжам жасауға қабілетті, қиялға ұшқыр, өзін тануға құштар келеді. 2.Шығармашылықпен айналысуға, өз білімін сынауға тырысады. 3. Қиялы жүйрік, жан дүниесі нәзік, табиғатты танып білуге тырысады, 4. Ақыл-ой қабілетін тек өзін қызықтыратын іске бағыттайды.сонымен қатар қорыта келе қабілетті, дарынды оқушыларды дәл таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, табиғи талантын одан әрі дамытып, ерекше қабілеті бар баланы дарындыға айналдыра білуіміз қажет. Сонда ғана өз қабілетінің арқасында түрлі байқауларға, конференцияларға қатысуға ұмтылысы жоғары дарынды балалар саны көбейе түседі- деп шебер жеткізе білген. Дарындылыққа байланысты орыс ғалымдарының бірнеше анықтамалары берілген, яғни дарындылық-жеке тұлғаның жас ерекшеліктеріне байланысты дамитын қабілет сапасы (Я.А.Пономарев, в.С. Юркевич, Д.Б. Богоявленская, Н.С. Лейтес), дарындылық-табиғи қасиет және адами іс-әрекеттің әлеуметтік мүмкіндігіне байланысты қабілеттіліктердің бірігуі арқылы жарыққа шығады (С.Л. Рубинштейн, Б.М. Теплов, В.Д. Щадриков, А.Н.Леонтьев, А.В: Брушлинский, А.М. Матюшкин т.б.) десе, енді бірде дарындылық –жеке тұлғаның психологиялық мүмкіндіктерінің жиынтығы және істі нәтижелі орындаудағы қасиеттердің алғы шарты (В.Н.Дружинин, А.Н.Савенков, Дж. Рензулли, Р. Стенберг, Дж. Гильфорд. Н.Н.Поддьяков т.б.) сонымен қатар ғалымдардың анықтамасын анықтауда ортақ пікір қалыптаспағанын айта кеткен және дарынды балалардың ерекше сипаттамаларына осы және басқада педагогикалық тұрғыдағы қарастыруларды біріктіре отырып, бірнеше орыс ғалымдарының дарындылық тұрғысында категорилияларын классификациялауын көрсеткен, мәселен Н.С. Лейтес ақыл-ой теориясына байланысты дарынды балаларды 3 санатқа бөледі. Олар:1.Кез-келген шарттардағы ерекше жоғары ақыл-ой дамуының деңгейіндегі балалар (мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағылар), 2.Арнайы ақыл-ой дарындылығының белгілері байқалатын балалар (математика, әдеби, музыка т.б.) (орта жастағылар); 3.Әлеумет және «жасырын» дарындылыққа байланысты жарқын танымдық белсендігі және ой-өрісі терең балалар (жоғарғы мектеп жасындағылар) , сонымен қатар А.И. Савенков дарынды балаларды 3 топқа бөледі. Олар: 1.Жалпы дарындылық деңгейі бойынша ең жоғары көрсеткішті балалар; 2. Белгілі бір әрекет шеңберінде жетістіктерге жеткен балалар; 3.Мектепте озат оқитын балалар (академилық дарындылық). Сонымен қатар дарынды балалардың ерекше белгілерін жүйелі түрде анықтап, оларды нақты жеткізе білген.1.Ойлаудың шығармашылдығы; 2.Ешкімге ұқсамайтындығы; 3.Еңбегіне бейім келуі.Осы жерде соңғы түрін алып қарайтын болсақ, ғалым түсіндіре отырып, маңызын аша білген, яғни шын мәнісінде білетін бала қай жерде де өзін ойдағыдай алып шыға алады, «білімге, жаңа материалды игеруге ұмтылады, қиын және ұзақ орындалатын тапсырманы қуана орындайды, жауаптың басқада нұсқаларын іздейді, дайын жауапқа көңілі толмайды». Дарынды баланың ерекшелігі осы тұста жақсы ашылып көрсетілген. Педагогика саласында көптеген еңбектер жарық көруде. Мәселен, Ұ.Ж. Арыстан өз тәжірибесінде дарындылықты 3 –ке бөлген. Олар:1. Шығармашылық дарындылық, 2. Интеллектуалды, табиғи дарындылық, 3. Лидерлік дарындылық . Оқушылардың шығармашылық дарындылығының даму деңгейлерін 3 –ке бөлген. Олар : 1. Креативті деңгей, өзін-өзі дамытуға, жаңаны ашуға, шығармашылық іс-әрекетке тұрақты танымдық ынтасы болумен сипатталады. 2. Интегративті деңгей, шығармашылық қызығушылығы жеткілікті, кез-келген жұмысты жоғары нәтижеге жеткізуге ұмтылады, ой-өрісінің ұшқырлығын көрсете алады. 3. Когнетивті деңгей, танымдық қызығушылықтары басым болғанымен, өзін-өзі үнемі дамытуға ұмтылмайды, шығармашылық іс-әркетке қабілеттілік танытқанымен, оны үнемі қадағалауды, бағыт-бағдар беруді қажетсінеді. Сонымен қатар тағы бір еңбекте, дарынды балалар-жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет, техникаға) байқатқан балалар және деадам қабілеттілігінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді делінген.

III. Дарынды оқушылармен жұмыстың негізні мақсаты- Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты—олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету- оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Баланың дарындылығын анықтап, олармен жұмыс жасау қалай жүзеге асырылуы керек ? Ол үшін :

•Дарынды оқушыны таңдаған кезде оқушының жеке құжаттарын, мінездемесін сынып журналын зерттеу;

•Оқушының сабақтағы , сабақтан тыс кездегі іс-әрекетіне бақылау жасап, талдау жүргізу;

•Әр түрлі әдістерді пайдаланып оқушы білімін тексеретін жұмыстарды ұйымдастырып, баланың білім деңгейін анықтау керек.

Кез-келген мұғалім осындай жұмыстарды жүйелі жасап және жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізе алса ғана, оқушылардың дарындылығын, қабілет мүмкіндіктерін айқындай алады. Дарындылықты,оқушының креативті белсенділігін айқындау процесі көпжақты. Дарындылық- табиғи және тәрбиелеу барысындағы дарындылық болуы мүмкін, сондықтан да оның қалай пайда болғанына қарамастан диагностикасы болу керек. Осы тұрғыда мектеп психологының ролі артады, олар педагогтарға көмек көрсетуі қажет.

Дарынды оқушыны диагностикалауды мына бағытта жүргізуге болады?

-Оқушының креативті ойлауына;

-Оқушының өзін-өзі бағалау деңгейіне ;

-Оқушының толеранттылығына;

-Оқушының интуициясына;

-Ол лидер ме ?

-Өзін оқымысты деп бағалай ма?

-Оқушының қызығушылығы;

-Оқушының көңілінен шығатын іс-әрекеті;

Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абыройын барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады .Дарынды бала-ол өзі жаңа болжамдар мен идеяларды, теорияларды, схема, зерттеулер жасай білетін қабілеті бар болуы шарт. Басқа сөзбен айтқанда, дарындылық-ол жоғары потенциялы бар, шығармашыл тұлға; өзінің алдына ғылыми-техникалық мәселелерді қойып және оны өздігінен шеше білетін -адам.

И.С.Лейтес қабілетті балалардың үш категориясын көрсетті. Олар:

1. Ақыл –ой деңгейінің жоғарлығы ерте кезден байқалатын балалар.

2. Мектептің жекеленген пәндеріне және әр түрлі іс-әрекетіне қабілетті балалар,

3. Қабілеттері айқындалмаған потенциалды балалар.

Дарынды баланың дарынды ересектен ерекшелігі – ол әлі толық қалыптаспаған тұлға, оның болашағы анықталмаған. Оның қабілеттерін дамыту қажет. Платон, А.Кастлер, Ф.Гамильтон сияқты ғалымдар дарындылық туа біткен қасиет деген.

IV. Дарындылық қасиеті -оқушылардың табиғи қайнар көзі- “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Плутарх

Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Ендеше баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу,оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы екенін әр ұстаз естен шығармауы абзал.Балалық шақтағы дарындылықтың ерте көзге түсуi ата-аналардың, педагогтардың қамқоршылығын талап етедi. Дарынды балалардың мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану, дамыту мақсатында арнайы жасалынған бағдармалар арқылы оқыту жүргізіледі (мысалы, арнасы дарынды балаларға арналған арнайы физики-математика мектептері).Таланттылық пен дарындылықты шатастыруға болмайды. Талант-туылғанда беріледі,ал дарындылық - еңбекпен, қажымас қайратпен келетін қасиет.

Ұстаз еңбегінің күрделілігі – әрбір оқушының жүрегіне жол табуында, әрбір баланың бойындағы қабілетті дамытуда. Өз баяндамамды мына өлең сөздермен аяқтайын.

Алға ұмтылар арманмен жастар алды,

Ақ ниетпен жазылар дастан әлі.

Елімізде ғылымның туын тіккен,

Болашақта дарындар басқарады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ұстаздық шығармашылық.Б.А. Тұрғынбаева Алматы, 2007 ж.

2.Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту.

Б.А. Тұрғынбаева Алматы, 1999 ж.

3. Сейсенбаева Ж.А., Орманбекова Л.Ж. Дарынды балалармен жұмыс» / Оқу-әдістемелік құралы // http://new.kaznpu.kz/docs/tarbie/darindi_balalar.dos -7 б. 4. Орынханова С. Биология пәнінен дарынды оқушыларды оқытудың әдістері // Пәнді оқыту мәселелерінің тәжірибесі және теориясы. – 2012. №1. - 20-22 бб. 5. Елеупаева Ж.К. Қазіргі мектептерде оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытыудың педагогикалық шарттары / Педагогика ғылымдарының кандитаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. - Түркістан, 2008. - 9 б.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
2070
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі