400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дарынды баланың ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Дарынды баланың ерекшеліктері туралы айтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дарынды баланың ерекшеліктері


«Дарынды бала» туралы бір жүйеге келген анықтама жоқ. Оларды анықтау – баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ процесс.

Дарынды бала дегеніміз – басқа балаларға қарағанда мүлдем өзгеше, ерекше балалар. Ондай бала білімқұмар, қозғалмалы, дербес, көңіл-күйі әрқашан көтеріңкі, қарым-қатынасқа тез әрі жеңіл түседі. Егер де оны қоршаған адамдар дәл осындай түрде қабылдаса, ешқандай қиындықтар туындамаушы еді.

Әр психолог, педагог ғалымдар дарынды балалардың психологиялық қасиеттерін әрқалай атап көрсетеді.

Белгілі психолог Н.С.Лейтес дарынды баланың негізгі қасиеттері мыналар деп көрсетеді:

  • ұқыптылық, жинақылық, зейіннің тұрақтылығы, еңбек ету қабілетінің жоғарылығы;

  • ақыл-ойы, логикалық ойлаудың тездігі, кез-келген жағдайды талдап, салыстыра білуі;

  • барлық күш қуатын жұмсап, тынымсыз еңбек етуі.

Дарынды баланың бойындағы психологиялық қасиеттер әр түрлі болып келеді. Баланың дарындылығы тек психологиялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар психоәлеуметтік және дене дамуына да байланысты. Балалық шақта баланың дарындылығын байқампаздық қабілетінен көруге болады. Олар әрқашан да әртүрлі дәрежелі күрделі тапсырмаларды шешуге дайын болады. Дарынды балалардың сөздік қоры мол, күрделі синтаксистік құрылымдар құрастырады, ойларын ерекше білдіреді, сұрақтарының құрылымы көңіл аударатындай өзгеше. Мұндай балалар балалық шақтан бастап күрделі, қиын кітаптар, сөздіктер, энциоклапедиялар оқиды.

Дарынды баланың өзгеше қасиеттерінің ең негізгілерін атап өтейік:

1. Білімпаздық – білгіштік-танымдық қажеттілік. Бұл ұғым барлық балаларға тән. Н.Лейтестің ойынша, баланың бойындағы білімқұштарлықты дұрыс арнаға бағыттап, жетілдерсе, онда ол қабілеттің дамуына әрқашан ынта беріп отырады.

2. Мәселеге аса сезімталдық. Ешкім көрмеген, байқамаған жерден мәселені табу – шынайы дарынға ғана тән аса маңызды қасиет (Д.Гильфорд, В.Лоуэнфелд, А.Н.Лук, А.М.Матюшкин, К.Осборн).

Дарынды балаға тән қасиеттердің ішінде ең маңызды орын алатын осы қасиет. Платонның айтуынша, таным жай нәрсеге таң қалудан басталады. Дарынды бала мұндай әрекетке тек дұрыс бағытталған педагогикалық жұмыс барысында үйренеді.

3. Девирентті түрдегі тапсырмаларға бейімділік. Бұл - әр бағыттағы, дұрыс жауаптары көп шығармашылық тапсырмалар. Сол жауаптардың ішінен ең ыңғайлысын, дұрысын табу керек. Дарынды бала басқа тапсырмалардан гөрі диверентті тапсырмаларды шешкенді ұнатады.

4. Ойлаудың оригиналдылығы. Бұл – баршаға мәлім, қоғамда қабылданған идеялардан ерекше, жаңа идеяларды ойлап табу қабілеті – ойлау оригиналдылығы деп талады. Оригиналдылық бала салған суреттерде, жазған шығармаларда және де барлық балалық әрекеттерінде байқалады.

5. Ойлау иілгіштігі. Шешім қабылдауды тез және оңай орындай алу қабілеті, ассоцациативтік байланыстарды орната алу дегеніміз – ойлау иілгіштігі деп аталады. Ой иілгіштігінің жоғары деңгейі – сирек кездесетін құбылыс, сондықтан ол өте дарынды балаларға ғана тән. Ойлау иілгіштігі баланың тәжірибесіне байланысты (білім, дағды, іскерлік көлеміне және т.б), барлық толығымен өмір тәжірибесімен анықталмайды.

6. Ақыл-ой нәтижелілігі. Бұл - өте көп мөлшердегі идеаларды өңдеуге қабілет деп таниды. Дарындылықтың жарқын көрінісі болып табылады.Ойлар көп болған сайын оларды таңдауға, дамытуға,терең зертеуге деген мүмкіншіліктер көп болады.Бұл дарындылықта шығармашылықтың дамуына ықпал етеді.

7. Болжам жасауға қабілеттілік. Бұл барлық балаларға тән. Алайда дарынды балаларда бұл қабілет жарқын көрінеді, олардың болжам жасауы тапсырмаларды шешу барысында ғана емес, сонымен қатар өмірлік шынайы жағдайларда да көрінеді.

8. Зейіннің жоғары концентрациясы. Дарынды балаға зейіннің жоғары концентрациясы тән.(К.Тэкекс). Біріншіден, тапсырмаға терең үңілу, екіншіден, таңдалған мақсатқа байланысты еш кедергіге қарамастан, дұрыс бағытты ұстану. Бұл жерде дарынды баланың күрделі және ұзақ орындалатын тапсырмаға деген қызығушылығы көрінеді.

9. Есте сақтау қабілеті. Дарынды балалар көп жағдайда айналадағыларды өздерінің есте сақтау қабілеттерімен таң қалдырады. Олар көп ақпаратты мида сақтап қана қоймай, ол ақпаратты жүйелеп, топтап, құрылымдық сақтайды. Мұны мнемикалық қабілет деп атайды. (К.Дункер, А.Н.Лук, Л.Секей, В.Д.Шадриков).

10. Қызығушылықтар және бейімділік. Дарынды балалардың қызығушылығы кең болғандықтан оның қабілетін қандай салада болса да әрқашан дамытып, қолдап отыру қажет.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
2012
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі