Тақырыбы: «Дарынды және
қиын балалармен жұмыс
әдістемесі»
Қазіргі кезде дарынды балалар мәселесін
зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық,
әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой- пікірлер жинақталған. Бұл
мәсленің түп – тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның
психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішіндегі
қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының
еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы
әр елдің озық ойлы педагогтарының еңбектерінде көрініс тапқан.
Дарындылық ұғымының мәнін түсінуде маңызды болып табылатын
«қабілет» түсінігінің
бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін атайық.
-
Қабілет – бір адамды екіншісінен ажырататын дара
психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері бола
алмайды.
-
Қабілет – барша тұлғаға тән болған ортақ сапа
емес, кей адамға ғана дарыған қандайда бір не бірнеше іс –әрекетті
табысты орындауға жарайтын өзара ептілік.
-
Қабілет –
нақты адамға топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет
әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді. «Дарындылықтың» анықтамасын
оқушыларға қатысты қолданған кезде біз әр балаға байланысты әлеует
мүмкіндіктердің дамуының белгілі бір деңгейі жөнінде айтылатын
«жеке тұлғаның» әлеуетін қарастырамыз. Дарындылық әлеуеттің негізі
сипаты деп іс – әрекет үрдісі кезеңінде пайда болатын және дамитын
мүмкіндіктерді айтамыз. Барлық арнайы қабілеттіліктер іс – тәжірибе
барысындағы нақты шарттар әсерінен дамиды. Психологтар
дарындылықтың белгілерін екі аспектіге бөліп қарауды ұсынды:
инструменталды және мотивациялы. Бірінші, қызметтің тәсілін
білдіреді, екіншісі, бала шындықтың және өзінің іс – әректінің
түрлі қырына қандай көзқараспен қарайды, оларға деген қарым
–қатынасының қандай екенін білдіреді. Америкалық ғалымдар дарынды
бала мәселесі өніндегі тәжірибелік бақылауларға сүйене отырып,
өзара байланысты үш белгіге ерекше көңіл аударады : танымның жоғары
деңгейде дамуы, психикалық даму, физикалық мәліметтер.
Оқу материалын меңгеру
үшін әрбір өтпелі кезеңде таным үрдістері жүйесін дұрыс дамыта білу
қажет. Бұл – жаңаға зейін аудару, түсіну әрі оқу материалын еске
сақтау. Психология ғылымында және педагогикалық тәжірибеде
қалыптасып кеткен таным үрдістерін бөліп қарау мұғалімнің баланы
оқытуда барлық интеллектуалдық жүйесін дамыту жұмысын қиын- датады.
Ал негізінде әрбір таным үрдістері бір – бірімен тығыз байланысты.
Оқу үрдісінде жеке таным үрдісі ғана емес, жалпы интеллектуалдық
жүйені дамыту қажет.
Дарынды балаларға берілетін білімнің теориялық жақтары құбылыстарды
түсіндіру, байланыстарды анықтау ( оларды жалпылау) едәуір
тереңдетілген және кеңейтілген түрде берілуі тиіс. Абстрактілі
теориялық материалдарды және істі меңгере алатындай етіп, әрбір
баланың ақыл – ойын пайдаланатындай жан –жақты дамуы үшін белсенді
оқытуды ұйымдастырған жөн. Бұл өз кезегінде бастауыш мектеп
оқушыларының логикалық пайымдауларының, дерексіз ойлауының
қарапайым бірақ маңызды тәсілдерін игеруге тәрбиелейді.
Оқу материалын жақсы меңгеру және шығармашылық қабілет-
дарындылықтың айқын белгілері. Сұрақ қоя білу, тапқырлық, кітаппен
жұмыс, құбылысты бақылау, талдау, болжам құруға талпыну сияқты
біліктері қалыптасады, пікірін ерекше етіп айту ерекшеліктері
шығармашылықпен тығыз байланысты болып келеді. Дарынды балаларға
тән тағы бір ерекшелік – ойдың айқындығы, яғни, күрделі мәселелерді
айқын сөздермен, бір – бірінен шығатын етіп, тиісті жүйелермен
көрсете білуі. Қазіргі кезде білім беру жүйесінің қайта жаңартылуы
баланың шығармашылық дарындылығын тануға және болжам жасауға жаңа
көзқарасты талап етуде. Дарынды балаларды тану – нақты бір баланың
дамуын талдаумен байланысты ұзақ үрдіс. Қайсыбір әдістің көмегімен
зеректіліктің айқындалуы мүмкін емес. Шығармашыл оқушылардың
дарындылығын анықтау кезінде кешенді көзқарас танытқан маңызды.