жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Дарынды оқушы
Салқынтөбе ауылы «Маяковский атындағы негізгі мектебі»КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ж.Т.Слямова
«Көркем шығарманы оқыта отырып, дарынды оқушылардың адамгершілік қасиеттерін арттыру»
Бүгінгі тәуелсіз даму жолындағы Қазақстанда тамырлары ғасырлар қойнауына кеткен әдет-ғұрып,салт дәстүрлеріміздің сақталып,ұлттық рухани мәдениетіміздің маңыздылығы арта түсуде.Мұндай жағдай жеткіншек ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен,оның ұлттық мәдениетімен,әдет ғұрып, салт дәстүрлерімен,неғұрлым терең таныстыру керек екендігін тудырады.Өйткені мұндай негіздерді білмей,өз халқының ұлттық ерекшеліктерін сезінбей,басқа халықтың өзіне тән белгісін толық түсіну мүмкін емес екені мәлім.Қазақстандағы адамгершілік тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы халықтың сан ғасырлық тарихымен,тұрмыс –тіршілігімен және мәдениетімен біте қайнасып жатқан дүние екені мәлім. Еліміздің өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, саяси — әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта терең білім, сауатты ұрпақ тәрбиелеу — негізгі міндеттердің бірі.Әлемдік саяси аренада Қазақстан Республикасының өзіндік салмағын пайымдау оның ұлттық білім жүйесінің жоғары дәрежеде дамуымен байланысты.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ел халқына жолдауында «Қазақтың ел болуы, ұлт тағдыры – оның келешек мектебінің қалай болып құрылуына тіреледі.» — деп атап көрсетті. Қазақ болып қалып, халқымыздың күре тамырының жалғасы өскелең ұрпақтың тәрбиесі соның ішінде рухани,адамгершілік,эстетикалық тәрбиенің мәні зор.Қазіргі таңдағы еліміз тәуелсіздігінің нығаюының басты бір шарты мәдени рухани саламыздың өркендеуі мен дамуы болып табылады. Ал рухани мәдениетіміздің дамуында ұлттық әдебиетіміздің орны ерекше екендігі сөзсіз. Оқушыларға ,соның ішінде дарынды оқушыларға әдебиеттің құдіретін, оның адам баласы жаратылғаннан бері бірге жасасып келе жатқандығын, мәңгілік жаңарып, жасарып отыратын үрдіс екенін айтып, түсіндіре отырып, сол әдебиетті жасаушылар, ақын – жазушылар туралы, олардың көркем шығармалары жайында айтуымыз керек.
Әрине дарынды, қабілетті оқушы үшін бәрі түсінікті әрі оңай болуы мүмкін .Дегенмен, дарынды оқушылардың бойындағы адамгершілік рухани байлықты арттыру да маңызы бар іс болмақ.
Дарынды оқушы деп отырғанымыз- өз қатарларынан әлде қайда дамыған, ерекше зейіні бар, белгілі бір іс-әрекет бойынша асқан қабілеттілік танытып, жоғары жетістіктерімен дараланатын бала,тұлға.
Осы орайда мен әдебиет пәнінің оқытушысы ретінде дарынды оқушы бойында рухани мәдени құндылықтарды арттыруда көркем шығарманың орны ерекше екендігін сенімділікпен айтар едім. Сондықтан әдебиетті дарынды оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына,рухани дамуына бастау болатындай құндылық ретінде қарастыруға болады. Осы мақсатты көздей отырып, сабақ барысында оқушыларға үнемі рухани кеңістікті жасауды қолға аламын. Осыған сәйкес, осы мақсатты жүзеге асыруға бағытталған бірнеше міндеттерді көрсеткім келеді.
-
Күнтізбелік –тақырыптық жоспарларды жасағанда адамгершілік тәрбиеге баса назар аударып, дарынды оқушы табиғатына сай бейімделіп жасау.
-
Сабақ үрдісінде адамгершілік мәселесін көтеретін шығармашылық жұмыстарды енгізу(ой толғау,шығарма т.б)
-
Рухани адамгершілік қасиетке баулитын туындыларға басымдылық түсірту (халық ауыз әдебиеті үлгілері, орта ғасырлық құнды туындылар, ақын жазушыларымыздың шығармалары,көркем шығарманы оқыту)
-
Дарынды оқушыны сыныптан тыс уақытта адамгершілікке баулитын іс шараларды жоспарлау
-
«Өнертанушылар», «Тілшілер», «Тарихшылар», «Сыншылар», «Әдебиетшілер» деген тақырыпта дарынды оқушылар арасында топтар құру.
-
Рухани асыл қазынамыз ұлттық әдебиетіміздің оқушыға берер адамгершілік тәрбиелік мәні бойынша іздену жұмыстарын дайындату
Егер осы жұмыстар сабақ барысында әсіресе өмірдің көркем бейнесі болып саналатын,әдебиет сабағында жүргізілетін болса,жас буын бойында рухани адамгершілік қасиет жоғалмайды деп ойлаймын.
Дарынды оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттің артуына ықпал ететін факторлардың бірі, жазба әдебиетіміздің тармағы көркем шығармалар болмақ.
«Көркем шығарма — әдебиеттің құндылығы. Көркем шығарманы оқыту – оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру.» — деген болатын әдебиет зерттеуші – ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз ҚажымЖұмалиев.Оқушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек.Бұл – оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол – оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние.
Қандай жақсы көркем шығарма болмасын оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз.Оқушыдағы осы сезімді ояту – мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс – тәсілдерді орнымен қолдану қажет.
— сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем – дағдылар қалыптастыру;
— ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой – пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу.
Көркем шығарманы оқи отырып дарынды оқушы бойындағы құнды қaсиеттерін (қайырымдылық,мейірімділік, ізеттілік,инабаттылық,бауырмалдық,туыстық, достық сезім, туған жерге,елге сүйіспеншілік,ұлттық намыс, ата -баба дәстүрін,өнерін құрметтеу т.б), психологиялық -эмоционалдық қасиеттерді (қуаншы, сүйіспеншілік, қабылдау,елестету,есте сақтау,ойлау т.б.)эмоционалдық –эстетикалық қасиеттерін (өнердегі,табиғаттағы әдемілікті,әсемдікті сүйіспеншілік сезіммен қабылдау, эстетикалық тұрғыда баға беру т.б)қалыптастырады. Көркем туындыны оқытудың ең бастысы-сол көркем туынды туралы оқушы пікірі,ойына ерекше көңіл бөлген жөн.Көркем шығарманың жас ұрпақты уақыт талабына сай тәрбиелеуде маңызы зор.Өйткені оқушылар әртүрлі жанрдағы көркем шығармаларды оқиды.Ол туындылар оқушының жақсы мен жаманның ара жігін ажырата білуіне,адамгершілік сезімнің ұшталып,имандылық қасиеттерінің оянуына септігін тигізеді. Көркем шығарманы оқи отырып, оқушылар ондағы образдар жүйесін, шығарманың тақырыптық- идеялық мазмұнын ақыл таразысына салып,ой елегінен өткізеді,оған өздерінше баға береді.Жазушының бағыт -бағдарын,ой жүйесін,мақсат- мұратын сезінеді, шығарма құбылысының қимыл -қозғалысын,жүрек лүпілін бағдарлай біледі. Көркем шығарма – өнердің басқа салалары сияқты шындықты эстетикалық тұрғыда танытуға үйретеді. Ондағы образдық жүйе оқушыны қуандырады, ойландырады, кейіпкер тағдырына ортақтастырады. Сабақта әсемдікті түсіну, адам арасындағы қарым-қаныстарды ұғындыру, шығарманы талдау – бәрі де өмірдің шынайылығымен байланыстырылса, оқушының адамгершілік қасиетін толықтырып, жақсы тәрбие алуына кең мүмкіншілік береді.
Оқушы күшін ретсіз сарп етпей, саналы жетелей білу мұғалімнен үлкен білімділікті талап етеді. Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады.”Адам ұрпағымен мың жасайды” демекші, болашағы бар ел ғана тарих бетінде ұлт болып жазылмақ! Сонау ХІХ ғасырда ағартушылық-демократтық бағыттың негізін салған Шоқан,Ыбырай,Абайлардың, ұлттың ұстазы болған Ахметтің,жалыны мен жігері жанған Міржақып пен Мағжандардың ұлы мұратын жүзеге асыруға атсалысып жүрген құрметті әріптестер, дарынды баланы ашуда, тәрбиелеуде біздің орынымыз ерекше екені хақ!
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу,оның одан әрі дамуына бағыт- бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу- ұстаз парызы.
Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің алдында тұрған басты талап.
ХХІ ғасырдың жасаушыларын білімді,қабілетті,дербес азаматқа тән асыл өнер мен имандылықты бойына жинаған жеке тұлға етіп қалыптастыру- білім беру жүйесінің басты мақсаты.Бұл барлығымыздан үлкен жауапкершілік пен ыждағаттылықты талап етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
«Ұлт жоспары – 100 қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Елбасының бес институционалдық реформасы. 21 мамыр 2015ж
-
«Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте» республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал
-
Қ.Бітібаева «Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы» 2003 жыл
-
Жексенбаева Ү.Б. Балалардың дарындылығын диагностикалау. –Алматы, 2005.
«Жарма ауданы білім бөлімі»ММ-сі
«Көркем шығарманы оқыта отырып, дарынды оқушылардың адамгершілік қасиеттерін арттыру»
Дайындаған: «Маяковский атындағы негізгі мектебі»КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Слямова Жұлдыз Тұрғалиқызы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген