«Дарынды оқушы-ұлт
болашағы»
«Қазақстан ұлы держава болу үшін бізге күш
қуат қажыр қайраты мол, ақылды да ойлы , дарынды жастар
керек»
Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында»
мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай
интелектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты өзекті
мәселелер енгізілген. Жалпы педагогика ғылымында «дарындылық»
мәселесіне қазіргі таңда көңіл бөлінуде. Дарынды бала – ол өзі жаңа
болжамдар мен идеяларды, теорияларды, схема, зерттеулер жасай
білетін қабілеті бар болуы шарт. Басқа сөзбен айтқанда
дарындылық-ол жоғары потенциялы бар шығармашыл тұлға:өзінің алдында
ғылыми техникалық мәселелерді қойып және оны өздігінен шеше білетін
адам.
Дарынды оқушылармен жұмыс істеудің негізгі
мақсаты : олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске
асыруға дайындығын қалыптастыру. Дарынды оқушылармен мына жұмыстар
жүргізіледі:
-
тестпен жұмыс
-
қосымша материалмен жұмыс
-
Мектепішілік сайыстарға қатысу
-Қалалық, республикалық олипиадаға қатысу, ғылыми
жоба қорғау.
География пәні бойынша қабілетті оқушылар қатыса
алатын сайыс түрлері :
1.Пәндік олимпиадалар (Мектепішілік, аудандық,
қалалық, облыстық, республикалық)
2.Ғылыми жобалар сайысы
3.Интернет желісі бойынша өтетін қашықтық
сайыстары
4.Интеллектуалды сайыстар
Пәндік олимпиадаға дайындау
жолдары.
Әр
баланың жеке қабілетін анықтап оны сол бағытқа жетелеу ұстаз
парызы. Баланы заманына қарай икемдеп,өз заманының озық өнегесін
оның санасына сіңіре білу- оларды шығармашылық бағытта жан-жақты
дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Пәндік олимпиадаға оқушыны
география пәні бойынша 5-6 сыныптан бастап даярлай беруге болады.
Пәнге қызығатын, сабақ үстінде қабілетті , кез келген тапсырманы
жоғары деңгейде орындайтын бір немесе бірнеше оқушыны психологиялық
және теориялық түрде дайындау керек.
Мұғалімнің оқушының ізденіс зерттеу жұмысына
бағдар беру жұмысы.
Осы
дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде
–баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі әдістердің ішіндегі ең тиімдісі
болып саналады. Оқушыны ғылыми жобалар сайысының ережелерімен
таныстыру.Оқушының ғылыми жобамен айналысуға арналған іс әрекет
жоспарын құруға көмектесу. Тақырып таңдағаннан кейін сол тақырып
туралы теориялық білімін молайту үшін әдебиеттер, деректер
,тарихнамалар таңдап алу керек.Ол пайдаланатын әдебиеттердің ішінен
керек мәліметтерді арнайы күнделік дәптеріне жазып алып отыру
керек. Жазып алған бойда оның авторын , кітаптың тақырыбын, бетінің
номерін баспасын немесе газет-журнал материалдары болса авторын
,уақытын жазып алып отыру керек. Оқушыға мұрағат және мұражай
құжаттарын пайдалануды үйрету. Мамандармен жүздестіру:зерттеу
зерделеу жүргізу. Жинақталған ақпарат мәліметтерді
салыстыру,іріктеу.
Ғылыми жобалар бойынша сайыстарға
қатысу.
Мұғалім ғылыми жобалар сайысына оқушылар
дайындағанда оның білімділігімен бірге шешендік креативтілігіне
назар аудару керек. Кейбір оқушылар ғылыми жобаны жазуға қабілетті
болғанымен оны ауызша қорғауға қабілетсіз болады.Сондықтан
дайындаған ғылыми жобасын нақты дәлелдермен, мысалдармен жеткізе
білетін аудиторияны өзінің әдемі сөздерімен қарата, тыңдата алатын
оқушы әрқашанда жоғары деңгейде көрінеді.
Психологиялық дайындау кезеңінде мұғалім баланы
сабаққа қызықтыра білуі керек және сабақ үстінде ерекше қолпаштап
отыру керек. Қалалық немесе облыстық олимпиадаға дайындап, қосымша
қызықты мәліметтер жинақтауға тапсырмалар беріп, пәнге деген
қызығушылығын жоғарылатып отыру қажет. Теориялық даярлау кезеңінде
оқушыларға қосымша шығармашылық тапсырмалар беріп отыру керек.
Сонда оқушының базалық білімі нығаяды.