жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Дарынды оқушыларды анықтау және қолдау
Дарынды оқушыларды анықтау және қолдау
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық педагогтік колледжі
Нұрболатова Жанар Мұратқызы
Жоспар:
I. Дарынды оқушылар анықтау
II. Дарынды оқушыларды қолдау
I. Дарынды оқушылар анықтау
В. Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады»,- деп тұжырымдады.
Дарындылықты анықтаудың мынадай параметрлері бар
Оқушының танымдық /білім/ іс-эрекетінің басқа оқушылардан озық дамуы;
Психологиялық жоғары дамуы;
Дені сау ,жан-жақты толық дамуы;
Ойлау қабілетінің озық болуы;
Айналадағы құбылыстарды не басқа үдерістерді етене жақын түсінуі;
Туа бітті шығармашылық қабілеттілік.
Дарындылықтың түрлері
Интеллектуалды;
Академиялы;
Шығармашылық;
Көсемдік /лидер/;
Көркем орындаушылық.
Дарындылықты анықтау критерийлері
Теориялық материалды толық игеруі;
Материалды игеруде табандылық көрсетуі;
Алынған білімді әр сабақ сайын дамыту;
Өз ойларын баяндағанда ғылыми терминологияны пайдалану;
Пәнді игеруде негізгі проблеманы бөліп алуы және өз алдына шеше алуы;
Өзіне-өзі талап қоя білуі;
Тапсырылған жұмысты сапалы орындауы.
Адамдардың кішкентай кезінен бастап, белгілі бір жетістікке жетуді армандауы қалыпты жағдай. Алдына қойған мақсатына қол жеткізу барысында адамдар өзінің бойындағы туа біткен және жүре қалыптасқан қабілеттерін пайдаланады. Адамдардың бойындағы ерекше қабілеті, оны басқаларға қарағанда оқшауландырып тұрады. Бұл қабілет сырын ашу әлі күнге дейін жұмбақ секілді. Мұнымыз не — сирек кездесетін жеке-дара қасиет пе немесе әлеуметтік шындық па? Дарындылық дегеніміз не? Дарынды балаларды қалай анықтау керек және олармен қалай жұмыс жасау керек? — деген сияқты сұрақтар қазіргі ұстаздар ұжымын қатты толғандыратын мәселелердің бірі болып отыр. Осы сұрақтарға жауап табу мақсатында педагогикалық энциклопедияға жүгінсек, онда мынадай анықтама берілген: «Дарындылық — іс — әрекеттің белгілі бір саласында ерекше бір жетістікке жетуге жағдай жасайтын, адамның қабілетті дамуының жоғарғы дәрежесі».
Дарынды балалар қандай? — деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің арасында ол өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен бірден көзге түседі.
Дарынды баланы қалай тануға болады? Белгілі зерттеуші Н. С. Лейтес қабілетті балалардың 3 категориясын анықтап берген болатын.
Бірінші категория — ой-өріс қабілеті ерте жастан байқалған балалар.
Екінші категория — жеке бір іс-әрекет түрімен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар.
Үшінші категория — дарындылық күш-қажырымен ерекшеленетін оқушылар.
Ой-өріс қабілетімен ерте жастан көзге түскен оқушыларға мектептегі оқу кезіндегі қарқындылық тән. Кейбіреулерінің ақыл-ойы табанды түрде дамиды да өз қатарластарын басып озады. Олардың ақыл-ойының кемеңгерлігі сонша — оларды байқамау мүмкін емес. Мұндай балалар 3-4 жастан оқуды, жазуды, сызуды үйренеді де, өсе келе белгілі бір ғылым түрлерімен шұғылданады. Олардың қызығушылығы ауысып отырғанымен, ақыл-ойға салмақ салатын пәндерге деген талпынысы төмендемейді.
Бала дарындылығының байқалмайтын жағдайлары да кездеседі. Кейде тіпті баланың есейген шағында сирек кездесетін қабілеттері көрініс тауып жатады.
Балалардың
бойында белгілі бір қабілеттердің
жарқын көрінісі, ой-өріс деңгейінің
жалпы көрінуімен, дамуымен, ғылымның,
өнердің арнайы бір саласына бейімделуімен
сипатталады.
Үшінші категорияға
жататын оқушылар жалпы дамуы жағынан
өз қатарларының алдына шықпайды.
Бірақ ақыл — ойының өзіндік
ерекшеліктерімен өзгешеленеді.
Бұлардың өзгешеліктері неде? Оқушы пікірінің ерекшелігі мен дербестігінде, сұрақты әр қырынан қарастыруында болып табылады.
Оқушының дарындылығын байқаған сәтте не істеу керек? Дарынды бала ересектерге қарағанда, әлі адам ретінде қалыптаспағанын, болашағы алдында, қабілеттерін ашуды қажетсінетінін естен шығармаған жөн. Бала қабілеті — арнайы құбылыс, дарынды балалар жаңа жағдаяттарда аса сезімтал болады. Сондықтан да, дарынды оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдердің де арнайы даярлығы болуы тиіс деп ойлаймын.
II. Дарынды оқушыларды қолдау
Дарынды балалар — жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет, техникаға т.б.) байқатқан балалар. Дарындылықты ақыл-ой дамуының қарқыны бойынша басқадай жағдайлар бірдей болғанда баланың өз құрдастарының озықтық дәрежесі бойынша диагностикалау қабылданған (ақыл-ой дарындылығы тестері осыған негізделген).Мұндай көрсеткішті асыра бағалауға болмайды, өйткені ақылдық шығармашылық жағының бірінші дәрежелі маңызы бар. Басқалардан бұрын балалардың көркемдік дарындылығын (музыка саласындағы, одан соң сурет салуда) байқауға болады. Ғылым саласында бәрінен гөрі математикаға дарындылық тезірек байқалады. Баланың жалпы ақыл-ой деңгейі мен неғұрлым арнайы қабілеттіліктің көркемдігі арасында алшақтық болатын жағдайлар аз емес. Ақыл-ой қабілеті тым ерте дамыған, ерекше айқын жетістіктерге жеткен балаларды вундеркиндтер деп атайды. Алайда, баланың тіпті ең үздік деген жетістіктерінің өзі болашақ таланттың жеткілікті кепілі бола алмайды. Туа біткен бейімділіктер индивидумдық психологиялық ерекшеліктердің қалыптасуының күрделі процесінің бір шарты ғана, оның бәрі қоршаған ортаға байланысты. Балада ерекше қабілеттіліктер болуының нышандары оның жасынан ажырағысыз: олар көбіне кемелдену қарқынына және жастық өзгерістерге байланысты.
Дарынды бала қысымды, шеттетуді, айқай-шуды көтермейді. Баланы мектепке дейінгі уақыттан бастап шығармашылық еңбекке қатыстырып, шығармашылыққа қолайлы жағдай туғызу қажет.
Таланттарын дамыту үшін дарынды балалар өз уақытын еркін жүмсап, кеңейтілген оқу жоспарымен оқытылу керек. Бала өз мүғалімі жағынан назар аудару мен индивидуалды қолдау көрсетуді сезуі қажет. Бұл жерде нені емес, қалай оқыту маңызды болып табылады. Дарынды баланың айтылған ойлар мен болжамдарды талдай алу мүмкіндіктері, табиғи аналитикалық және сыншыл ой-тұжырымның дамулы екендігіне сәйкес келеді. Қазіргі жағдайда дарынды балалармен жұмыс жасаудың түрі - балалар шығармашылық үйлерін құру болып табылады.
Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген. Сонымен, дарынды дегеніміз - адамзат баласының басқаларға қарағанда ерекше ойлау, талдау, еске сақтау қабілеті бар шығармашылық пен табысты жұмыс істейтін еңбекқор адамдарда (оқушыларда) кездесетін қасиетті айтамыз.
Дарындылықтың дамуындада жанұя өте маңызды жағдай болып келеді, соның ішінде:
• жанұя құрылымы мен оның эмоционалды климаты;
• бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас стильдері;
• ата-аналардың бала дарындылығына қатынасы.
Жанұя құрылымы, көп жағдайда туыстар арасындағы қатынастар және жанұяның эмоционалды климаты жүйесімен байланысты. Өзара қарым-қатынастың мазмұнды жағы туралы айта келе, көптеген зерттеушілер балаға қарама-қарсы жынысты ата-ананың әсері мәнді деп көрсетеді. Көптеген зерттеушілер дарынды балаға жылылық, оны қабылдау, сүю және сыйлау қажет деп санайды. Бала мен ата-ананың қарым-қатынас стилі туралы мәселе аса ауқымды зерттелген. Ғалымдар баланы қатты бақылауға алу, күш көрсету, қысым көрсету сияқты стильдер дарынды тұлғаны дамытуға мүмкіндік бермейді деп санайды. Ата-аналардың бала дарындылығына деген қатынасы маңызды болып табылады. Бұл фактор -бала мүмкіндіктерін іске асыруға әсер ететін негіздердің бірі. Бұл жағдайда қарым-қатынас типтері мынадай болып келеді:
теріс
ашуландырушы
дұрыс
оң гиперсоциализация (ата-аналар дарындылықты, өз-өзін таныту мүмкіндігін, өз баласының қабілеті арқылы жасауы немесе өздерінің орындалмаған потенциалды мүмкіндіктерін іске асыру).
Дарынды балаларда әділеттілік сезімі болады. Адамгершіліктің ерте дамуы қабылдау мен таным үдерістерінің дамуы алға басуымен байланысты. Олар қоршаған ортадағы әділетсіздікке өте сезімтал болады, өздеріне және айналадағыларға да үлкен талаптар қояды.
Дарынды балалар есептерді шығаруда ойын элементтерін енгізеді, қиялы дамулы болады, шығармашылығы, фантазиясы терең дамыған. Дарынды балаларда әзіл-сықақ сезімі өте дамулы, күлкілі, сәйкес келмеушіліктерді, сөздерді жасыру т.б.ойындарды ұнатады.
Дарынды балаларға эмоционалды баланс жетіспейді, олар балалық шақта шыдамсыз болады.
Дарынды балалар энергиясы көп болуымен және олар аз ұйықтауымен ерекшеленеді. Мұндай балалардың интеллектуалды және дене-физикалық дамуының арасындағы ерекшелік оларды толғандырып, өзбетімен дамуына әсер етуі мүмкін. Дарынды бала қарым-қатынас жүйесінде де ерекшеленеді.
Дарынды баланың интеллектуалдық қажеттілігі эмоционалды күйдің күрделілігіне, неврозға және тіпті психозға әкелуі мүмкін. Ал невроздар өз кезінде депрессияға әкеледі. Бұл кезде бала өзін айнадаланы танып білуге неге ұмтылатынын түсіне алмайды. Ол шындық пен ойдан шығарудың арасындағы шкаланы бұзатын өзінің қиялындағы әлемге кетуі мүмкін.Бала қаншалықты дарынды болса да, оны оқыту керек екенін ұмытпау қажет. Оларды тұрақтылыққа, еңбек етуге, өз бетімен шешім қабылдауға үйрету керек.
Дарындылықтың бағалануы тестілеуге ғана негізделмеуі керек -оның дәрежесі мен өзіндік ерекшелігі оқыту мен тәрбиелеу барысында, балалардың белгілі бір мазмұндағы іс-әрекетті атқаруы кезінде байқалады. Ерте бастан мамандандыру күн ілгері және шамадан тыс болмауы керек. Дарынды балалардың анықталып кемелдендірілуі мектептер (мысалы, музыка, математика мектептері) факультативтік сабақтар, алуан түрлі үйірмелер, студиялар, мектеп оқушыларының олимпиадаларын, балалардың көркем өнерлерінің конкурстарын өткізу және т.б. жағдай жасайды. Дарынды балалардың дамуының тежелуіне жол беруге болмайды. Мұндай балалардың оқу жүктемесі, оқыту және тәрбиелеу нысандары олардың мүмкіндіктеріне сай келуі тиіс. Дарынды балалар туралы қамқорлық қабілеттердің дамытылуын жалпы білімдік дайындықпен және тұлғаны кемелдендірумен ұштастырылуын көздейді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Никольский А.А. Из истории изучения художественных интересов школьников:задачи, проблематика и методика исследования //Исследование художественных интересов школьников /под ред. Е.В.Квятковского, Ю.У.Фохта-Бабушкина. – М.:Педагогика,1974. – 160 с.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген