Дарынды оқушыларға арналған квест тест тапсырмалары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дарынды оқушыларға арналған квест тест тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
планом тренингового занятия могут воспользоваться педагоги-психологи, классные руководители. Тренинг направлен на сплочение детского коллектива
Материалдың қысқаша нұсқасы

КВЕСТ тапсырмасы

1. Зерек (сұрақ — жауап)

2. Зерде (шапшаңдық тапсырмасы)

3. Зейін (логикалық сұрақтар)

4. Дерек (тарихи сұрақ)

5. «Құпия сөздер» топтық ойыны.

6. Дәлел (ребус шешу)

7. Дода (психологиялық жекпе — жек)

Тапсырма:

1. Зерек (сұрақ — жауап)

Видеоролик. «Санаңызды сергітетін 7 сұрақ»

2. Зерде (шапшаңдық тапсырмасы)

1-ші топқа. Кездесу. Асқар мен Айдос саябақтың кіре беріс есігінің алдында кешкі сағат 9-да кездесуге келісті. Алайда Асқардың да, Айдостың да сағаттары қате жүреді. Асқардың сағаты 3 минутқа қалып жүреді, бірақ ол керісінде 2 минут алда деп ойлайды. Ал Айдостың сағаты 2 минут алда жүреді, ол керісінше 3 минут қалып қойған деп ойлайды. Қалай ойлайсыздар, екеуінің қайсысы кездесуге кешігіп келеді? Жауабы: Асқар 5 минутқа кешігеді, ал Айдос болса- 5 минут бұрын келді.

2-ші топқа. Жүгіру ме, әлде жүру ме? Сіз қалай ойлайсыз- жүгіру мен жүрудің қандай айырмашылығы бар? Осы сұраққа жауап бермес бұрын, есіңізге түсіріңіз, жүгіру жүруден де баяу болуы мүмкін және бір орында тұрып жүгіру деген де болады. Жауабы: Жүгіру мен жүрудің айырмашылығы қозғалыс шапшаңдығына байланысты емес. Жүру кезінде біздің денеміз ылғи да жермен аяқ нүктесі жанасып отырады. Ал жүгіру кезінде, кей кезде біздің денеміз мүлдем жерден дараланып, онымен ешбір нүктемен жанаспайды.

3-ші топқа. Аралдағы өрт Бір адам аралда болады. Көп күн қуаңшылық болып, аралдағы бұталар мен шөптер тым кеуіп кетіпті. Кенеттен аралдың екінші жағынан өрт шығады да, жел отты адам тұрған жаққа айдап апарады. Теңізде адам құтылып кете алмайды, себебі теңіздің жағасына дейін көптеген акулалар жүзіп жүр. Аралдың жағасында өсімдік өспейтін жер жоқ. Адам қалай аман қалады? Жауабы: Адам өзінен ық жаққа қарай от жағып, қарсы алдындағы негізгі өрттен кішкене шегіну керек. Жел адамның жаққан отын аралдың шеткі ық жағына қарай қуып әкетеді. Сол ық жағы жанып болған кезде, адам сол жаққа қарай қайтып келе алады да, асықпай тосады. Негізгі өрт сол жерге дейін келіп өшеді, себебі ары қарай жанатын жер болмайды.

4-ші топқа. Король және премьер-министр. Бір король өзінің премьер- министрін орнынан алып тастағысы келеді, алайда оны ренжітпей орындағысы келді. Ол премьер- министрін шақырып алып, портфеліне екі парақ қағазды салды да: «Парақтың біріне мен «Кетіңіз», екіншісіне «Қалыңыз» деп жаздым. Алыпшыққан парағыңыз сіздің тағдырыңызды шешеді» дейді. Премьер-министр қағаздың екеуінде де «Кетіңіз» деген сөз жазылғанын сезіп қойды. Алайда, ол өзінің орнын сақтап қалды, осы мәселені қалай шешті? Жауабы: Премьер –министр сөмкедегі қағазды алып шықтыда оған қарамай, оны шар тәрізді умаждап қағазды жұтып қойды. Ал, сөмкедегі қалған қағазда «Кетіңіз» деген жазу бар еді, бірақ корольге жұтып қойған қағазда «Қалыңыз» деген сөз болғанын мойындау ғана қалды.

3. Зерек (сұрақ — жауап)

Видеоролик. Логикалық сұрақтар

4. Дерек (тарихи сұрақ)

1-ші топқа. Әлемге танымал әйел адам, психолог және бірнеше кітаптардың авторы ?

2-ші топқа. Адамдарға өшпенділікті сипаттайтын мінез-құлық сипаты?

3-ші топқа. Жануарға жат сипат?

4-ші топқа. Инстинг дегеніміз не?

Жауабы: 1. Луйза Хэй.

2. Агрессивтілік.

3. Сана.

4. Адам мен жануарлардың туа берілген психика құрылымдарының бірлестігі.

5. «Құпия сөздер» топтық ойыны.

Барысы: Қатысушылар 4 топқа бөлінеді. Әр бір топ  көп сандар жазылған қағаздан алады.  Бұл сандардың артында жасырын сөздер бар. Қатысушылардыңміндеттері: берілген әліпбиге қарап отырып, әр бір жасырын сөзді тауып, кейін толық сөйлемді құрап шығу. Барлығын өте тез, шапшаң орындау керек. Орындалу уақыты тіркеледі.

  1. Біз жаңа өзгерістер мен мүмкіндіктерді қуана қоштаймыз!

  2. Біздің қабілеттеріміз әр күн сайын жақсаруда!

  3. Біз еркін және жеңіл түрде алға жүрудеміз!

  4. Біз молшылық пен байлық және бақыт үшін жаралғанбыз!



  1. 3 38 11 10 1 19 1 21 11 5 8 23 38 24 25 9 23 17 8 18

17 28 17 14 38 18 7 38 14 25 9 23 7 38 15 26 1 18 1 15 20 34 25 1 13 17 37 11!

  1. 3 38 11 7 38 19 15 1 3 38 16 8 25 25 8 23 38 17 38 11 9 23

14 28 18 24 1 13 37 18 10 1 15 24 1 23 26 7 1!

  1. 3 38 11 8 23 14 38 18 10 9 18 8 10 8 19 38 16

25 28 23 7 8 1 16 6 1 10 28 23 26 7 8 17 38 11!

  1. 3 38 11 17 20 16 34 37 16 37 15 22 8 18 3 1 13 16 37 15

10 9 18 8 3 1 15 37 25 28 34 38 18 10 1 23 1 16 6 1 18 3 37 11!



6.Дәлел (Ребус шешу)

Тапсырма: видеоролик ребус.

7. Дода (психологиялық жекпе — жек)

Тапсырма: Ағаш суретінде бейнеленген адам басының санын табу.













2. Зерде (шапшаңдық тапсырмасы)



Кездесу. Асқар мен Айдос саябақтың кіре беріс есігінің алдында кешкі сағат 9-да кездесуге келісті. Алайда Асқардың да, Айдостың да сағаттары қате жүреді. Асқардың сағаты 3 минутқа қалып жүреді, бірақ ол керісінде 2 минут алда деп ойлайды. Ал Айдостың сағаты 2 минут алда жүреді, ол керісінше 3 минут қалып қойған деп ойлайды. Қалай ойлайсыздар, екеуінің қайсысы кездесуге кешігіп келеді?





Жүгіру ме, әлде жүру ме? Сіз қалай ойлайсыз- жүгіру мен жүрудің қандай айырмашылығы бар? Осы сұраққа жауап бермес бұрын, есіңізге түсіріңіз, жүгіру жүруден де баяу болуы мүмкін және бір орында тұрып жүгіру деген де болады.





Аралдағы өрт Бір адам аралда болады. Көп күн қуаңшылық болып, аралдағы бұталар мен шөптер тым кеуіп кетіпті. Кенеттен аралдың екінші жағынан өрт шығады да, жел отты адам тұрған жаққа айдап апарады. Теңізде адам құтылып кете алмайды, себебі теңіздің жағасына дейін көптеген акулалар жүзіп жүр. Аралдың жағасында өсімдік өспейтін жер жоқ. Адам қалай аман қалады?





Король және премьер-министр. Бір король өзінің премьер- министрін орнынан алып тастағысы келеді, алайда оны ренжітпей орындағысы келді. Ол премьер- министрін шақырып алып, портфеліне екі парақ қағазды салды да: «Парақтың біріне мен «Кетіңіз», екіншісіне «Қалыңыз» деп жаздым. Алыпшыққан парағыңыз сіздің тағдырыңызды шешеді» дейді. Премьер-министр қағаздың екеуінде де «Кетіңіз» деген сөз жазылғанын сезіп қойды. Алайда, ол өзінің орнын сақтап қалды, осы мәселені қалай шешті?





Әлемге танымал әйел адам, психолог және бірнеше кітаптардың авторы ?





Адамдарға өшпенділікті сипаттайтын мінез-құлық сипаты?





Жануарға жат сипат?





Инстинг дегеніміз не?





















Піл” тесті

Тапсырма

Сыналушыға бір парақ пен жай қарындаш беріңіз де пілдің суретін салуды (қажет десе бояуды) ұсыныңыз.

Адам ағашты салғанда оны өз өмірімен байланыстырса, пілді салғанда да ол өзін, мәселелерін, өз өміріне қалай қарайтынын салады.

Піл суретінің интерпретациясы

Пілдің басы домалақ, суретте жалпы домалақ пішіндер көп. Домалақ — әйелге тән күш-қуатты, яғни жұмсақтықты, мейірімділікті білдіреді.

Үлкен, жоғары қайқайған тұмсығы өзін-өзі қорғай алатынын білдіреді.

Егер тұмсығы бар, бірақ ол кішкентай және жоғары көтерілмеген болса, ол сурет салушының агрессиясыз екенін білдіреді.

Егер пілдің құлағы, көзі, аузы, құйрығының ұшы, яғни сезіммен байланысты дене мүшелері салынса, оны салған адам өмірге сергек қарайды, өмірді көре де ести де алады.

Қалыпты ахуалдағы құлақтар салынса, бірқалыпты, сабырлы адам деп қарастыруға болады. Егер пілдің құлақтары жоғары көтеріліп салынса, сурет авторы үнемі мазасызданып, өмірден құйтырқылықтар мен жағымсыз жайттарды күтіп жүруі мүмкін.

Егер піл тікірейген құлағымен, жоғары қайқайған азуымен, көтерілген тұмсығымен және құйрығы созылып салынса – адамда шектен тыс күйгелектік, агрессиялылық басым. Оны сабасына түсіріп, қоршаған әлем –

ол үнемі тұңғиық қара орман емес, үнемі шектен тыс жинақы жүру қажеті шамалы деген ойды бойына сіңіру керек.

Сезім мүшелері салынса да, аздап немқұрайлы, қалай болса солай салынған. Бұны салған адам ұқыпсыз, тиянақсыз, өмір сапасына аса мән бермейді, ондағы ұсақ-түйекті көрмейді.

Пілдің басы денеге ұласатын тұста ойық бар. Егер ол ойық анық салынса, оны салған адамның жаны жараланғыш, ол көп нәрселерді ұмытқысы келеді.

Төрт аяқтың да ұзындығы бірдей. Бұл адамның өмірде нық тұрғанын білдіреді, өзіне ғана сенуге үйренген, өзін сенімді әрі тұрақты сезінеді.

Құйрығы мен тұмсығы төмен қаратылған. Бұл ойшыл, жабырқау, өжет емес мінезді байқатады. Мұнымен қоса суретте түрлі шеңберлер көп болса, автордың көңіл-күйі жиі ауысады деп болжауға болады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2020
3122
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі