жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Дарынды оқушылармен жұмыс жоспары
Дарынды оқушылармен жұмыс
География пәнінің мұғалімі: Бекшетаев Баглан Ерланович
2020-2021 оқу жылы
Түсінік хат
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген Абай . Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады. Ойлау, іздену-табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Дегенмен табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей,біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарытпай тарататыны да анық. Қазірге дейін ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі түрлі көзқарас бар. Біреулері кез-келген бала дарынды, тек уақытында нақты қабілетін анықтап, дамыту керек десе, ал қарсы көзқарастағылар дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән дейді.
Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарыққол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарлан боз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.
Сонымен, дарынды дегеніміз – адамзат баласының басқаларға қарағанда ерекше ойлау, талдау, еске сақтау қабілеті бар шығармашылық пен табысты жұмыс істейтін еңбекқор адамдарда /оқушыларда/ кездесетін қасиетті айтамыз.
Дарынды оқушымен жүргізілетін жұмыстың негізгі
мақсаты:
1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
2. Жан-жақты ақпараттандыру;
3. Коммуникативті бейімдеу;
4. Білімнің бағасын арттыру,
5. География пәні бойынша білім-білік дағдыларын тереңдету, өз ойын еркін жеткізуге үйрету, өзіндік білім алуға жетелеу,
6. Дарынды оқушыны жан-жақты дамыту, ізденістік жолға ынталандыру
7. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;
Міндеті :
♦
Оқушыларды таңдаған мамандықтары
бойынша жоғары оқу орындарына түсуге
дайындау.
♦ Оқушылардың география
пәнінен алған білімдерін пайдалана
алатындай жағдайлар туғызу;
♦ Сабақта
оқушыға психологиялық жанға жайлы ахуал
қалыптастыру;
♦ Әр оқушы өзінің
дербес, шығармашылық қабілеттерін,
интеллектуалдық (шолу, талдау,
топтау,
салыстыру, маңыздыны бөліп
көрсету) қабілеттерін байқата, дамыта
алатындай жағдай туғызу;
♦ Оқушылардың
ғылыми дүниетанымының қалыптасуына
әсер ету;
♦ Оқушылардың денсаулығын
сақтау;
♦ Оқушылардың өздігінен
білім алу қабілеттерін қалыптастыру;
♦
Оқушылардың құрастырушылық, жобалаушылық
қабілеттерін қалыптастыру;
♦ кәсіптік
бағдар беру;
♦ өзіндік рефлексиялық
қабілет, өмірде болып жатқан үрдістерге
өзіндік ой - пікір қалыптастыру.
Жүргізілетін жұмыс түрлері:
Шағын тақырыптық шығармалар, әңгіме-эсселер жаздыру;
Зерттеу-ізденіс жұмыстарын тапсыру;
Тақырыптық талдау тапсырмаларын орындату.
Логикалық тапсырмалар орындау
Күтілетін нәтиже:
Оқушылардың шығармашылық-даралық қасиеттерін тану;
Нәтижелі жеңістерге қол жеткізу.
5-11- сыныптар аралығындағы дарынды
оқушыларға қойылатын талаптар:
География пәнінен:
Оқулықпен жұмыс істеу— әсіресе жоғарғы сынып оқушыларымен жүргізілетін негізгі жұмыс түрі.
Атласпен, картамен жұмыс істеу: география пәнінде атласпен, картамен жұмыс барлық сыныптарда жүйелі жүргізілуі тиіс.
Кескін картамен жұмыс: бұл жұмысты 6-шы сыныптан бастап үйрете беру керек .
Географиялық есептер шығару, жаттығулар орындау: геогафияның бастапқы курсында географиялық есептер шығару
Географиялық сөздік, анықтамалық материалдармен жұмыс. Оқулықтардың соңында географиялық терминдер
Кестелерді толтыру.
График, профиль, диаграммалар сызу
Қосымша әдебиетпен жұмыс. Қосымша әдебиеттердің ішінде саяхатшылардың өмір –тарихы, зерттеулері
Табиғатқа бақылау. (топсеруендегі бақылаулар мен ауа райына күнделікті бақылау жүргізу)
Әңгіме құра білу
2020-2021 оқу жылы
География пәнінен дарынды оқушы жайлы мәлімет
№ |
Оқушының аты-жөні |
Туған жылы |
Сыныбы |
Қызығушылығы |
Жұмыс тақырыбы |
1 |
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
География пәнінен
Дарынды оқушыларға арналған жылдық жұмыс жоспары
№ |
Жұмыстың түрі |
Мерзімі |
Жұмыс қорытындысы |
1 |
Дарынды оқушыларға арналған жылдық жұмыс жоспарын құру |
қыркүйек |
Жоспар |
2 |
Сынып жетекшілер және педагог – психологімен кеңесе отырып қабілетті (өте ерекше) оқушылар тізімін алу. |
қыркүйек |
Тізімін құру |
3 |
Білім деңгейінің игеру қабілеттері мен психологиялық ерекшеліктерін анықтау |
қыркүйек |
Оқушылардың ерекшеліктері |
4 |
Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу |
Жеке жоспар бойынша |
Жоспар |
5 |
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын жүйелеу (рефераттар, суреттер, шығармашылық жұмыстар) |
Жоспарға байланысты |
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары |
6 |
Өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту. |
Жоспарға байланысты |
Сабақ жоспарлары |
7 |
АКТ технологиялар элементтерін пайдалану |
Қажеттілігіне қарай |
Презентациялары |
8 |
Деңгейлік тапсырмалар дайындау |
Қажеттілігіне қарай |
Деңгейлік тапсырмалар |
9 |
Тест және басқа да тапсырмалар арқылы танымдық қабілеттерін нығайту |
Қажеттілігіне қарай |
Тест тапсырмалары |
10 |
Сабақ сайын озық тапсырмалар беру |
Жыл бойы |
Тапсырмалар |
11 |
Пән бойынша білім-білік дағдыларының қалыптасуын үнемі бақылып, өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру |
Сабақ сайын |
Өздік бағалау |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген