Материалдар / Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп мұғалімдеріне оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2020
507
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«№2 мектеп-гимназиясы» КММ











Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру









Қосымша білім беру педагогы:

Ерназарова П













2020-2021 оқу жылы


Бүгінгі таңда жастар мен жасөспірімдерге сапалы білім, саналы тәрбие беруде осы бос уақытты дұрыс және тиімді ұйымдастыра білудің мәні зор. Күнделікті оқу-білім алумен қатар, бос уақытын қызықты өткізіп отырса, олардың бойындағы шығармашылық, ізденімпаздық қасиеттері арта түседі. Жан- жақты мәдениетті, білімді, дені сау, сезімтал, өнерпаз ұрпақты тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты мақсаты боғандықтан, олардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастырып отыру қажет.

Сонымен қатар оқушының бос уақытын тиімді пайдалану үшін ең алдымен олардың қандай пайдалы іспен шұғылдануды ұнататындығын, қабілеттерін зерттеп біліп алуымыз керек.

Бос уақытты тиімді пайдалану ұйымшылдыққа, мейірімділікке, сыйластыққа, қамқорлыққа үйретеді. Бірін – бірі шеттетпей бір ортаға үйренеді.

Осы тұрғыдан алғанда біздің мектеп-гимназияда оқушыларға үздіксіз қосымша білім алуға, өз беттерімен білімін жинақтап, өмірге бейімделуіне жағдай жасауға, өнерге икемі бар, іскерлігі бар балалардың өнерге деген білімін қалыптастыру, іскеліктерін,шеберліктерін шыңдау жолында түрлі қосымша сабақтар өткізіледі. Сонымен қатар қосымша білім беру ұйымдарында да түрлі үйірме жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың сабақтан алған білімін нақтылап, дамыта оқытудың бірден-бір жолы қосымша білім беру жұмыстары. Мектептегі түрлі үйірмелер және қосымша білім беру ұйымдарындағы шаралар мен жүргізілетін жұмыстар оқушы қажеттілігінен туындайды. Қазіргі білім беру жүйесі де жан-жақты білім беруге, рухани адамгершілік мәдениетін жетілдіруге бағытталған. Біздің мектеп-гимназияда бала жүрегіне жол табуға, патриоттыққа баулуға, спортпен айналысуға, лириканы білуге т.б баланың жан-жақты дамуына жағдай жасалған. Әртүрлі үйірмелер, секциялар жұмыс жасайды. Мектемізде талап пен талантты жетілдіру мақсатында түрлі үйірмелер жүргізіледі. Олардың ішінде спорттық бағытта көркемдік-эстетикалық, танымдық дамытушылық бағыттарында жүргізіліп келеді. Қосымша сабақтарға биылғы 2020-2021 оқу жылында 12 түрлі үйірме және 46 таңдау курстары тұрақты жұмыстарын жүргізіп бастады. Атап айтсақ, Дебат,Драма,Шахмат,Тоғызқұмалақ,Техникалық модельдеу мен дизайн, Алтын ою, Қиял әлемі,Жас техник сынды үйірмелер. Үйірме сабақтарына 1-11 сынып оқушыларының 806-ы қатысады, себебі көптеген оқушылар бірнеше үйірмелерге қатысатындықтан қатысым жоғары деңгейді көрсетіп отыр. Жалпы 100% көрсеткішті көрсетіп отыр. Ал, таңдау курстарына 1-11 сынып оқушыларының 1800-ы қатыстырылды. Оның ішінде 40 таңдау курсы гуманитарлық бағытта жұмыс жасап 1050 бала қатысады, 47 таңдау курсы жаратылыстану бағытта жұмыс жасап 750 бала қатысады. Үйірме жетекшілері мен таңдау курстарының сыныптары мен сағаттары белгіленіп беріліп, бағдарлама жасалып, күнтізбелік жоспарлары бекіттірілді. 2020 оқу жылы қыркүйек айында оқушылар түрлі шараларға қатысып, жетістіктерге қол жеткізді. Қыркүйек айында Аудандық Қожабай Жазықовқа арналған «Ер есімі-ел есінде» байқауынан Жұмахан Айеркем Бас жүлдеге ие болды. Аудандық тарихшыларға арналған байқауға Халидулла Ақбота алғыс хатқа ие болды. Аудандық Т.Ахтанов байқауына Нағашыбаева Жаңагүл қатысып алғыс хатқа ие болды. Үйірме оқушылары осыған дейінде көпетеген мектепішілік, аудандық, облыстық іс шараларға қатысып,жүлделі орындарға ие болып жүр. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану барысында мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының да атқарар ролі зор. Қазіргі таңда қосымша білім беру мекемелеріне мектептің оқушылары көптеп тартылып жатыр. Оның ішінде Цеханович атындағы №1 балалар жасөспірімдер мектебі, Көркемсурет лицейі, Аудандық Оқушылар Сарайы, Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебі, №1 Аула клубына оқушылар бос уақыттарына қарай өздері ұнатқан қосымша сабақтарына,үйірмелеріне барып, қосымша білімдерін арттыруға болады. Сонымен қатар Жасөспірімдер спорт мектебінде аэробика, волейбол, баскетбол, дзюдо, минифутбол, күрес сынды көптеген спорттық секцияларға қатысуға болады. Әрине ол балаларыңыздың бос уақыттарына қарай және ата-аналар сіздердің өз таңдауларыңызда. Қорыта келгенде оқушы бойына сезім, мінез, қабілет, ойлау, дағды, өмірге және өнерге, спортқа деген қызығушылығын арттыру үшін білім мен қатар тәрбиенің де жүретіні белгілі. Сондықтан да жалпы ата-ана болсын, ұстаз болсын балалармен әрдайым жақсы қарым-қатынаста болып,өз ойын ашып айтуға бағыттаса келешекте олардың белгілі бір дәрежеде жақсы маман иесі, үлгі тұтар азамат болып қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!