Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп ұстаздарына , оқушыларға арналған материалдар
Материалдың қысқаша нұсқасы




«Дарынды балалармен жұмыс әдістері»


Дарынды оқушылардың шығармашылық әлеуетінің даму тәжірибесі арнайы шығармашылық бағдарлама мен оқу материалдарының жоспары мен іске асырылуын шамалайды. Дарынды балаларды оқытудың болашақта шығармашыл тұлғаның әлеуметтік іске асырылуына ықпал ететін шығармашылыққа, қарым-қатынас жасай білуге, көшбасшылық және басқа тұлғалық сапаларды қалыптастыруға ықпал ететін арнайы бағдарламалар жоспарлануда.

Пассов әртүрлі жастағы дарынды және талантты балаларға сәйкес арнайы оқу бағдарламасының 7 принципін ұсынды.

1. Оқу бағдарламасының мазмұны ой құрылымымен білімді ықпалдастыратын маңыздырақ мәселелерді, ойлар мен тақырыптарды  ұзақ, тереңірек үйретуді қарастыруы қажет.

2.   Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы өндірістік ойлаудың дамуын қарастыруы керек, сонымен қатар ол оқушыларға бар білімін қайта ойлау және жаңасын игеруге мүмкіндік беретін тәжірибеде қолданылу дағдысын қарастыруы тиіс.

3. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы оларға үнемі ауысып отыратын, дамып отыратын білімге және жаңа ақпараттарға қатынасу мүмкіндігін беруі керек, оларға білімді іздеп табуға талпыныс жасауға әсер етуі қажет.

4. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы сәйкес келетіндерінің еркін қолданылуын және дайын болуын қарастыруы тиіс.

5.  Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы олардың ынтасын және оқу мен дамудағы еркіндігін кеңейтуі керек.

6.  Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы олардың санасы мен сезімін, бөтен адамдармен, табиғатпен, мәдениетпен және т.б. жағдайлармен қарым-қатынас түсінігінің дамуына ықпал етуі қажет.

7.  Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы алдыңғы маңызы бар принциптермен бірге бағалануы керек. Сонымен бірге балалардың күрделі ойлау процесіне, олардың шығармашылыққа икемділігіне және орындау шеберлігіне басты назар аударылады.

Дарынды балалармен жұмыс түрлерін ұйымдастыру 

            Дарынды оқушылармен жұмыс жасау мәселесі қазіргі қоғам үшін өзекті болып отыр. Бүгінде мектепке жоғары талаптар қойылып жатыр.Дарынды балалармен жұмыс түрлерін ұйымдастыруда алдымен қандай балалармен жұмыс істеу керектігін айқындаймыз. Ерекше қабілеті бар балаларды анықтау үшін алдымен дәлелденген, нақты теориямен таныс болуымыз шарт.

Қабілет дегеніміз- белгілі айқын әрекетте нәтижелі айналысуға көмектесетін тұлғаның өзіндік ерекшелігі.

Дарын дегеніміз- белгілі бір жағдайдағы ең үздік мүмкіндік, қабілеттіліктің жоғары сатысы. Әдетте дарын белгілі ортада байқалады.

Данышпандық – дарын дамуының жоғарғы дәрежесі, ол сапалы да жаңа әрі өте сирек кездесетін дүниенің жасалуымен, шығармашылықтың ертедегі зерттелмеген жолдарының ашылуымен байланысты.

Шығармашылық дегеніміз- адамның өмір шындығында өзін- өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.
Дарындылықты өмір ағымымен дамып отыратын психика сапасының жүйелілігі ретінде түсінеді, ол белгілі бір адамды басқа адамдармен салыстырғанда, бір немесе бірнеше әрекетте өте жоғары нәтиже көрсетуімен байқалатын жетістік мүмкіндігін аңғартады.

Дарынды бала – белгілі бір әрекетте жарқын, айқын, кейде өте жоғары жетістіктерімен (немесе осындай жетістікке ішкі қабілеті жететін) ерекшеленетін бала.

Дарынды балаларды айқындау бақылаудың негізінде, психологиялық ерекшелігін, сөйлеу, есте сақтау, логикалық ойлау қабілетін зертеу барысында бастауыш мектепте-ақ басталуы тиіс.

 Дарынды балалардың белгілері:

-         көпшілікпен салыстырғанда өте жоғары білімді ерекше, оқуға құштар, шығармашылық мүмкіндігі мен көзге түсуі байқалады;

-         өте басым боп келетін белсенді де саналы талап көрінеді;

-         білімді терең игергеннен, ой еңбегінен қуаныш сезінеді.

Жұмыс түрлерінің бағыттары:

-оқушылармен жұмыс;

-ата-аналармен жұмыс;

-педагогикалық ұжыммен жұмыс.


Дарынды оқушылармен жұмыстың мақсаты:


  1. Оқушының теориялық, практикалық, психологиялық даярлығы мен жеке дара ерекшеліктері ескеріле отырып, оларды іздену, зерттеу жұмыстарына бағыттау.

  2. Оқушының сабақта алған теориялық материалды, проблемалық тапсырмаларды өз бетінше меңгеруге, зерттеушілік мақсаттағы тапсырмаларды орындауға, ғылыми- әдістемелік әдебиеттерді қолдана білуге дағдыландыру.

  3. Өз бетінше білімін толықтыру, шығармашылықты мақсатты түрде істеу, өзін- өзі бақылап, бағалау, үнемі ізденіс үстінде болу дағдыларын жетілдіру.

Мен өз тәжірибемде өнерге бейім балаларды дарынды деп білемін.Өйткені сабағын өте жақсы оқып,өнерге де құштар оқушылар аз емес. Жас өнерпаздардың бойына өнер құдіретін түсіндіріп, қазақтың ән-күйінің жан азығы екендігін мойындата отырып тәрбие беру қажет.Осы орайда Абдулхамит ағамыз бастап берген «Мұрагер» бағдарламасы бүгінгі таңда бала тәрбиесіне берер үлесі көп.Домбыра тартып қана қоймай, домбыраға қосылып ән айтып, айтысқа қатысу өнердің шыңына жеткені деп ойлаймын Соның арқасында биылғы оқу жылында лицейіміздің өнер қырандары халықаралық «BRAVISSIMO» , «Феерия», «Рождественские звезды» , республикалық «Қазақ хандығының 550 жылдығы» , . «Сырым бар жүрегімде» , «Нұрлы жастар - болашаққа жол-бастар» байқауларына өнерлі оқушылар қатысып жүлделі орындарды иеленіп медаль, кубоктар жеңіп алды олпр: Ержанұлы Темірлан, Бейбіт Ботагөз Берікболқызы Балғын, Асылбек Ақиқат, Кадирова Мерей, Аманболова Үміт, Есенгельдина Жанель, Нұрланова Талшын т.б. «Мұрагер» домбырашылар ансамблі.





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
25.12.2018
374
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12