Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізудің әдіс тәсілдері
Еліміздің қарқындап, қарыштап дамып келе жатқаны жастарымыздың білімге, ғылымға деген құштарлығының бірден – бір дәлелі десек қателеспеймін. Еліміздің мектептерінде дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуде алға қойған мақсаты – жан-жақты, білімді ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, дені сау дарынды жастарды қалыптастыру. «Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт шығады» демекші дарынды оқушыларымыздың көп болуы дарынды, шағармашылықпен жұмыс жасайтын ұстазға байланысты.
Дарынды бала - бұл болашақта жаңа технология шығарушы, әділ саясаткер, рухы биік адам болып қалыптасады. Қазіргі ұстаздарымыз дарынды балалармен жұмыс жүргізіп қана қоймай, олардың ата-аналарыменде жұмыс жүргізіп, кеңестер мен ұсыныстар айтып отыруы керек. Дарын-адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. Ал дарындылық-бала бойындағы алғырлық, зеректік» ол мынадай ерекшеліктеріне байланысты:
1. Ойлау қабілеті басым, түрлі болжам жасауға қабілетті, қиялға ұшқыр, өзін тануға құштар келеді.
2.Шығармашылықпен айналысуға, өз білімін сынауға тырысады.
3. Қиялы жүйрік, жан дүниесі нәзік, табиғатты танып білуге тырысады,
4. Ақыл-ой қабілетін тек өзін қызықтыратын іске бағыттайды.
Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты: олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсат қажет оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Дегенмен әлі де, болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олардың білім сапасын арттыру, оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай, деңгейіне оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыру. Өйткені қазір білімділер ғасыры.
Дарынды баламен жұмыс
мұғалімнің бақылауымен тікелей жүзеге асып отыруы қажет. Бұл
дегеніміз - әр жұмыс түрлері талданып, сараптама жасалып отыру
деген сөз. Осы сараптама негізінде дарынды балаларды мектепішілік,
қалалық, облыстық, республикалық іс-шараларға қатыстырып,
қабілеттерін дәлелдеу – баланың өз біліміне деген сенімін
арттырады. Әр дарынды баланың ынтасын, дарындылығын қамти отырып,
шығармашылық жұмыстарын таратуға мүмкіндіктер жасалынады. Осы
жағдай дарынды баланы бақылауға, дұрыс бағыт беруге, дамуына
мүмкіндік туғызатын бірден бір жол. Жас ерекшелігін ескере отырып
қабілетіне қарай баланы жүйелі дамытып, қолдау көрсетіп отыру -
келешек жастардың мемлекетімізге әкелер үлесінің зор екендігін
айқындай түседі.
Дарынды баламен жұмыс
негізінде біріншіден: өзін-өзі тануға, өзін-өзі тәрбиелеуге,
жаңашыл, төзімі берік, үнемі өзін дамытуға, ізденетін,
экспериментшіл, принципке берік, ешкімді қайталамайтын, бойына
дарындылықты қалыптастыра білетін тұлғаны күтеміз. Екіншіден:
дарынды балалар келешектегі кәсіби мамандық таңдауда өздері шешім
қабылдайды. Олар мектептегі жасалынған жұмыс негізінде болашақ
мамандықтарын қателеспей таңдай алады және болашақта жақсы маман
иелері болып шығады. Үшіншіден: дарынды баламен жұмыс барысында
мектеппен ғана шектелмей, жоғары оқу орындарымен байланыс
жасалынады; төртіншіден өз беттерімен дарындылық орталығын құруға
мүмкіндік жасалынады;
Дарынды балалармен жасалынатын жұмыс түрлері нәтижесінде
төмендегідей жетістіктерге қол жеткізуге
болады:
1. Дарынды оқушының ақыл ойының, эмоционалдық және әлеуметтік
дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік көзқарас тұрғысынан дамиды.
2. Жан-жақты ақпаратты қабылдауы, сол ақпараттар негізінде өз ойын
жеткізіп, өмір ағымына сай көзқарасы пайда болады.
3. Дарынды оқушының
шығармашылық деңгейі дамып, кез-келген ортады өзін еркін ұстау
мүмкіншілігі арта түседі.
4. Дарынды оқушының қоршаған
ортаға өзін-өзі жарнамалау деңгейі
яғни өз білімін көрсете білуі дұрыс жолға қойылады.
Бүгінгі таңда білім беру орындарында білім алушылар шығармашылық тұрғыда дамытуға арналған жұмыс түрлерін жетілдіріп, дарындылыққа
баулу жұмыстары өзекті мәселелердің бірі болып есептелінеді.
Қазақстандағы қазіргі білім беру реформалары балалардың дарындылығын қалыптастыруды дамыту мәселесін шешуге бағытталған білім беру мекемелерін көбейтуге үлкен көңіл бөліп отыр. Бірақ барлық баланы бірдей дарынды балалармен жүмыс жасауға бағдарланған мектептерде (лицейлер, гимназияларда) оқыту мүмкін емес. Сондықтан барлық орта мектептерде дарынды оқушымен жұмыс жүйелі жолға қойылуы тиіс.
Қорыта айтқанда, еліміздің өркениетті елдер қатарынан орын алып, дамудың жоғарғы сатысына көтерілуі үшін ең алдымен келер ұрпаққа оң тәрбие, терең білім берілуі керек. Ал, білімнің қайнар көзі мектептен басталса, оның кәусарынан сусындатуда ұстаз еңбегінің рөлі ерекше. Сонымен дарындылық - туа біткен қабілет деп айтып өттік. Дарынды балалардың ақыл-ойы жоғары дәрежеде дамиды. Дарынды балалардың, ең алдымен есте сақтау қабілеттері жоғары болады.Сол себепті олар бір оқығанын жаттап алып және мүдірмей айтып береді.Тіл байлықтары да ерекше дамиды, өте аңғарғыштығымен ерекшеленеді.
Орындаған:
Түркістан облысы білім басқармасының
Облыстық дарынды балаларды анықтау және
қолдау орталығы инновация бөлімінің әдіскері Б.Сагинбеков
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз