400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дарынды ұрпақ- ел тірегі!

Материал туралы қысқаша түсінік
Дарынды балалардың жеткен жетістігі жайында мәлімет беріледі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы, Сарқан қаласы

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп» КММ

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Мамраева Жулдыз Амантаевна


Дарынды ұрпақ – Тәуелсіздік тірегі!


«Қазақстан ұлы державада болуы үшін бізге

күш - қуат, қажыр қайраты мол, ақылды да ойлы,

дарынды жастар керек!»

Н.Ә.Назарбаев

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңына сәйкес « Әр баланың жеке бас ерекшелігіне қарай интеллектуалды дамуы жеке тұлғаның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер орынды қарастырылған. Әр оқушының болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасына, көлеміне, дәрежесіне тікелей байланысты. Сондықтан, бүгінгі таңда мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік пен үлкен міндеттер жүктеліп, заманауи технологиямен білім берудің тізгіні берілді.

Мұндай міндеттерді шешу үшін мектептерде :

  1. Оқушыға берілетін білім негіздерін олардың болашақ іс-әрекетінің берік негізі әрі тірегі болатындай етіп оқыту;

  2. Оқу-тәрбие үрдісін , білім мазмұнын түбірімен жаңарту;

  3. Оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру;

  4. Педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеге енгізуді жүзеге асыру жүзеге асырылып отыр.

Еліміздің өсіп-өркендеуі, өнуі, әлемде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына және оның даму бағытына қарай тікелей байланысты. Сондықтан да, мемлекет басшысы болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп, ғылымын көркейтер деген үмітпен жас дарындарға үлкен назар аударып, оларға қолдау көрсетуде. Сондықтан, қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қана қоймай, оларды ғылыми - ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс жүргізуі тиіс. Ал, дарынды оқушыны қалай анықтаймыз? Қабілетін қалай шыңдаймыз? Жұмыс бағытын неден бастаймыз? Деген сауалдар әр мұғалімнің көкейінде екені белгілі.

 Біз дарынды деп - белгілі бір қабілеті көпшіліктің орташа қабілетінен ерекшеленетінін айтамыз. Өмір сүретін орта мен берілетін тәрбие осы ерекшеліктің одан әрі дамуына көмектесетінін де білеміз. Ал, ұстаздың кәсіби шеберлігі осындай ерекшелігі бар балаларды шын дарынға айналдыра алатынын нақты айтуымыз керек. Педагогикалық зерттеулерге, энциклопедиядағы мәліметтерге сүйенсек, дарындылық дегеніміз – бала бойындағы қабілеттің жете жақсы дамуының жоғарғы сатысы деп түсіндіреді. Оған себеп болатын нәрсе – оның тұлғалық қабілетін ашуға ықпал еткен жандар екен. Ал, ол жандар – әрине шебер ұстаздар деп білуге болады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарлан боз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің болашақ жастарына үлкен мән берген. Ал, еліміздің дарынды ұрпағының алғашқы қадамы – білім ошағынан жетіліп, ұстаздардың көмегімен қанаттанады. Дарынды ұрпақ қашанда дарындылығымен, өзіндік талабымен байқалады. Оны ары қарай жетелеп, шыңдау ұстаз міндетіне айналады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
710
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі