400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Дарындыдан дара жолға» тақырыбында психологиялық тренинг сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
психологтарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Дарындыдан дара жолға» тақырыбында

психологиялық тренинг сағатының бағдарламасы


Ақтөбе облыстық мамандандырылған

физика – математикалық мектеп –

интернатының психологі Истигулова

Мейрамгул Кантарбаевна


Мақсаты: қатысушыларды шығармашылыққа баулу, көңіл – күйді көтеру, сенімділікке шақыру.

Тренинг құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау
ІІІ. Негізгі бөлім
Ү.
Қорытынды

Көрнекіліктер: слайдтар, А3-А4 қағаз беттері, қарындаштар, сулы бояулар, үлестірмелі смайликтер.

Өтілу бағдарламасы:

І. «Қызықты сағат» тренинг

Мақсаты: бір – бірін жақын тануға, көңіл – күйді көтеруге, мақсатқа бағыттауға, топтық, ұжымдық бірлікті нығайтуға бағытталған.

Нұсқау: қатысушыларға сағат бейнесі бейнеленген әртүрлі түсті парақтар таратылады. Таратылған параққа көрсетілген тұсқа қатысушылар өз араларынан есімдер жазады және сол қағаздармен ортаға шеңбер құрады. Осы тұста қатысушылар бірнеше бөлімдерден тұратын іс – қимылдар жасап, өзара қызықты кездесу ұйымдастырады.

ІІ. «Кім жылдам» тренинг

Мақсаты: ептілікке, жылдамдыққа баулу, есте сақтауды, зейінді арттыру, мақсатқа бағыттау.

Нұсқау: ойынға қатысушылардың барлығына қарапайым бір тапсырманы орындау жүктеледі (тапсырманы тренинг жүргізуші іс – әрекет, қимылмен бастап көрсетеді). Физикалық әрекеттерге жүгінбей, кез - келген құралдар арқылы қоршағандардың зейінін өзіне аудару керек. Барлық қатысушылар бұл тапсырманы бір мезетте орындайды.

ІІІ. «Менің әлемімнің ғажайып суреті» коллаж

Мақсаты: шығармашылық қиялды, шапшаңдықты, ұжымдық бірлікті дамыту, көңіл – күйді көтеру.

Нұсқау: барлық қатысушыларға түрлі – түсті қағаздан өз әлемімнің ғажайып суретін жасау ұсынылады. Бұл қиялдауға, бір нәрсе ойлап шығаруға үйретеді. Қатысушылар ватманда қиял әлемін ойдан құрып, онда өз суреттерін орналастырады. Өз суреттеріне ат қойып, қысқаша әңгіме құруды ұсынуға болады.

ІҮ. «Аралдағы ел» тренинг

Мақсаты: ішкі қысымды, қобалжуды жою, көңіл – көтеру, өз – өзіне сенімділікті арттыру.

Нұсқау: қатысушылар топтарға бөлініп, тапсырмалар бойынша сайысқа түседі. Қай топ тапсырманы көбірек және нақты орындаса, сол топ жеңіске жетеді.

Ү. «Менің ғажайып қасиетім» тренинг

Мақсаты: өз – өздерін тануға, көңіл – күйді көтеруге, өзіне сенімділікті тудыруға бағытталған.

Нұсқау: қатысушылар қағазды екі бөлікке бүктеп, бірінші бөлікке Мен қандаймын?, екінші бөлігіне Мен кіммін? деген сауалға 5 жауап жазады.

Тапсырма орындалып болған соң, бүктелген бетті қатар оқиды. Әрбіреулері өздері туралы мағлұмат алады.

Қорытынды: «Мейірімді жүрек» ой бөлісу.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
877
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі