400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дарындылар додасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы
Д. А. Қонаев атындағы Ойық ауылы орта мектебі





















Дарындылар додасы

8 «а,ә» сыныпПән мұғалімі: Г. Айманбетова











































2015-2016 оқу жылыТақырыбы: «Дарындылар додасы»Мақсаты: Оқушылардың биология пәні бойынша білім деңгейлерін байқау, биология ғылымына қызығушы, талапты оқушыны анықтап, оларды ізденуге, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу.Қанатты сөздер:«Халықпен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім.» М. Әуезов«Бар ізгілік пен білімнен алынар,Білімменен аспанға жол салынар». Ж. Баласағұн.
  • «Бәйге» кезеңінде оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Әр жауапқы 10 ұпай беріледі. Жауап бере алмаса жалаушаны бірінші көтерген балаға ұпай беріледі.
  • «Полиглот» кезеңі. Берілген сұрақтың жауабын тауып, оның орысша, ағылшынша жауаптарын айтады. Әр тілдегі жауапқа 5 ұпай беріледі.
  • «Ойлан, тап» кезеңі. Оқушы қалаған ұяшығын ашып, ондағы сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап берсе ашқан ұяшықтағы ұпайды иеленеді. 3 кезеңнің қорытындысы шығарылып, аз ұпай жинаған 3 оқушы ойыннан шағады.
  • «Көкпар» кезеңі. Мұнда қалаған екі оқушыға таңдаған нұсқа бойынша сұрақтар қойылады. Нұсқаны ұпайы аз оқушы таңдайды. Мұндағы әр сұраққа 1 ұпайдан беріледі.
«Бәйге» кезеңі.
  • Ағза мен мүшенің пішінін, түрлерін зерттейтін ғылым. (анатомия)
  • Физиология нені зерттейді? (мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметін)
  • Анатомияны зерттеудің неше әдісі бар? (6)
  • Көне Грецияда медицина саласын жан-жақты зерттеген ғалым. (Гиппократ)
  • Мидан тарайтын 12 жұп жүйкенің 7 жұбын толық сипаттап берген, дәнекер, бұлшық еттер, жүйке тамырлары, бауыр мен бүйрек қан тамырларын зерттеген ғалым.
  • Мына суреттегі ғалым кім және оның қандай еңбегін білесіңдер?
  • «Қырғыз өлкесі халқының арасында обамен қалай күресуге болады?», «Табиғаттану», «Оқушының саулығын сақтау», «Адамның тән тірлігі» еңбектерінің авторы кім? (Х. Досмұхамедов)
  • Аристотельден кейінгі ойшыл, кемеңгер, философ кім? (Әбу Насыр әл-Фараби)
«Полиглот» кезеңі.
  • Сырқат адам (ауру-больной-sick)
  • Сүтінен айран ұйытатын үй жануары (сиыр-корова-cow)
  • Халқымыз жеңіл санайтын қатерлі дерт (тұмау-грип-fo)
  • Басқа пәле әкелетін мүше (тіл-язык-language)
  • Ешбір техникамен алмастыруға болмайтын мүше (жүрек-сердце-heart)
  • Мектеп – кеме, білім - ... (теңіз-море-sea)
  • Біреуге мал қайғы, біреуге ... қайғы (жан-душа-soul)
  • Мақтаның анасы жер, атасы - ... (су-вода-water)
  • Қорада малың болса, көшеде ... болсын. (тал-дерево-tree)
  • Бабалары еккен шынарды, ... саялар. (балалар-дети-children)
Халқымыздың ойшыл ақыны Жүсіп Баласағұн:Ақыл, білім тілмашы – тіл бұл кепіл,Жарық төгіп, елжіретер тіл деп біл! – деген екен. Осымен «Полиглот» кезеңін аяқтап, сайыскерлердің ұпай санымен танысайық.«Ойлан тап» кезеңі.
  • 20 оң – ішкі секреция бездері тәулігіне өте кішкентай болғанымен ағза үшін маңызы зор. Неліктен?
  • 20 орта – гормондар дегеніміз не және қандай гормонды білесіңдер?
  • 20 сол – адам ылғи шөлдеп жүреді, кіші дәреті бұзылады. Аралас секреция бездеріне байланысты бұл қандай ауру? (қант диабеті немесе сусамыр)
  • 30 оң – суретті сипатта. (кретинизм)
  • 30 орта – суреттегі ұлпаның қай түрі? Ол қайда болатын ұлпа?
  • 30 сол – суреттегі өсімдік және жануар жасушаларының айырмашылықтарын атап көрсет.
  • 40 оң – ұйқы безінің ішкі және сыртқы қызметі туралы не білесіңдер?
  • 40 орта – гипофизге сипаттама бер.
  • 40 сол – гипоталамуз дегеніміз не?
«Көкпар» кезеңі.Келесі кезеңге ең көп ұпай жинаған екі оқушы қалды, қалған балалар ойыннан жеңілсе де өмірде жеңілмесін деген тілекпен ойыннан шығарып саламыз.
  • Несеп бөлінуін азайтатын гормон. (вазопрессин)
  • Жасушаның ішін толтырып тұратын іркілдек сұйық зат. (цитоплазма)
  • Жасушаның реттеуші орталығы. (ядро)
  • Тұқым қуалау қасиетін сақтайтын жіп, таяқша тәрізді түзіліс. (хромосома)
  • Жасушаның құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылымды не деп атайды? (цитология)
  • Жасушаның ішін түгелдей бір-бірімен тығыз байланысқан түтікшелермен торлап жататын екі жарғақшалы түзіліс.
  • Көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт және т.б. элементтерден тұратын ағзалық заттар. (нәруыздар)
  • Көміртегі, сутегі, оттегі яғни үш элементтен тұратын органикалық зат. (майлар)
  • Жасушаға ерігіш ретінде өте қажет зат. (су)
  • Ұлпа дегеніміз не?
Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
815
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі