Материалдар / "Дарындылар додасы" 3-сыныптарға арналған интеллектуалдық сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Дарындылар додасы" 3-сыныптарға арналған интеллектуалдық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Ақпан 2024
266
2 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді -------------------------------

Пәні

Интелектуалдық сайыс

Тақырыбы:

«Дарындылар додасы» сайысы

Сайыстың мақсаты:

Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Жарысуға, әр түрлі пәнаралық тапсырмаларды шапшаң орындауға баулу.

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың логикалық ойлауы, талдау, саралау, салыстыру қабілеттерін артып, шапшаң есептеу машықтары, есте сақтау, зейіні дамиды.

Сайыста қолданылатын материалдар:

логикалық тапсырмалар түрлері, слайд тақта, ойындар, тапсырмалар

Сайыс барысы


- Армысыздар құрметті ұстаздар, көрермендер және қатысушылар! «Дарындылар додасы» атты интеллектуалды сайысымызды бастайық!

-Көңілді тапқыштар, алғырлар,

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

-Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.

Жарысқа

3 «А» сынып оқушысы: ------------------------------------------

3 «Ә» сынып оқушысы: ----------------------------------------

3 «Б» сынып оқушысы:

3«В» сынып оқушысы:

3 «Г» сынып оқушысы:

3«Д» сынып оқушысы:

Сайыстың мақсаты: 3сыныптар арасында білімді де білікті, тапқыр әрі ақылды жүйрік әрі епті оқушыны анықтау.

-Әділқазы алқасына бір сәлем!

Әділдікке бас иеді күллі әлем!

Жүйрік озар сайыстарда неше бір.

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл! Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.---------------------------------

Ендеше сайыс ережелерімен таныстыра өтейін.

- Бүгінгі интеллектуалды ойын 4 бөлімнен тұрады

1.Тездет, бірақ қателеспе (сұрақ-жауап)

2. Тапқырлық (бір сөзден бірнеше сөз ойлап табу)

3. Тест жұмысы

4. «Мақал-мәтелдерді табу»


Әділ-қазылар алқасымен таныстыру.

1.Бастауыш сынып мұғалімі: ------------------------

1.------------------------------------------------------

1-ші айналым

«Тездет, бірақ қателеспе!»
Әр оқушыға 3 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Содан кейін тақтадан дұрыс жауабы шығады.

1) Дауыссыз дыбыстар 3 - ке бөлінеді. ( Қатаң. Ұяң. Үнді)
2) Өмір сүру үшін адамға ең қажетті нәрселер: ( Тамақ, ауа, су, жарық, жылу)
3) Барлық сатып алынған заттар бағасының қосындысы заттың несі деп аталады. (құны)
4) Судың қанша күйі бар? (3 күйі бар: қатты, сұйық, газ)
5) Көкжиектің негізгі неше тұсы бар? ( Солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс)

6) 120 минутта қанша сағат бар. (2сағат)
7) Бесінші сөзі қандай сұраққа жаауп береді? (нешінші)

8) Қандай? Қай? Сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың несін білдіреді? (сынын , сапасын)
9) 9 бен 4 – тің көбейтіндісі 32 - ге тең. (жоқ. 36)

10. Зат есім сұрақтары ( кім? не?)
11. Ұзындық өлшем бірліктерін ата (мм, см, дм, м, км)
12. Өмірде болған адамға қатысты құрылған халық шығармасы қалай аталады? (Аңыз)

13. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесін қалай атаймыз ?.(карта)
14. 45 - тің 5 - тен бір бөлігі 8 - ге тең.(жоқ. 9 - ға.)
15. Үш биді ата.( Олар Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би)
16.Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы (етістік)
17. Адам денесінің тірегі (жоқ. қаңқа)
18. Шаршы дегеніміз не? ( барлық қабырғасы тең төртбұрыш.)


2-айналым. «Тапқырлық.» Оқушылардың әрқайсысына үлестірмелі қағаздар таратылады.Қағаздағы жазылған сөзден біелгілі бір уақыт ішінде бірнеше сөз табу.

Кемпірқосақ, Қанағаттанарлы./кім мағыналы көп сөз құрайды ,сол жеңімпаз/


3-айналым. Тест жұмысы 20сұрақ /әр сұраққа 1 ұпай/

4 –айналым.


«Мақал-мәтелдерді табу» /1- мақал-1 ұпай


Қорытынды

Қорытынды: әділ-қазылар алқасына сөз беріліп, жеңімпаз оқушылар анықталады. Марапатталады.


Бастауышта оқиды,

Ойға білім тоқиды

Бұлар бізден жалындар

Ертеңгі ірі ғалымдар

Алдыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар

Қиындыққа мойымай

Аман – есен болыңдар.











Тест

1.Күрделі етістікті белгіле.

а) жауып тұр в) жауды с) жаумады

2.Сөйлемді белгіле:
А) Құстар жылы жаққа ұшып кетті. В) Ұшып кетті.С) Жылы жаққа.
3. Заттың санын, ретін, қатарын білдіретін сөз табы.

а) зат есім в) сан есім с) сын есім

4.Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді көрсет

а) беде в) жантақ с) жолжелкен

5.Қатаң дауыссыздарды белгіле

а) п, в, р в) ш, щ, ж с) ц, ч, ш

6. Үш буынды сөзді белгіле

а) ләйлек в) алуан с) елік

7. « Әуес көріп жүгірген .....
Беті –қолы домбығып үсік шалды».Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып айт.
А) Малшылар в) Жас балалар с) Қойшылар

8.18см -дің үштен бір бөлігі?

А)5см в )6см с)9см

9.Тәуліктің сегізден бір бөлігін тап?

А)3сағ в )4сағ с) 5сағ

10. 20-ның төрттен бір бөлігі неше?

А)10 в)6 с)5

11.Көбелек немен қоректенеді?

а) балмен в) шөппен с) гүл шырынымен

12.Омыртқалы жануарлар қатарын тап.

а) жылқы,жұлдызқұрт,балық в) жылқы,көбелек,құмырсқа

с) жылқы,қоян,сауысқан

13.Жұмбақтың шешуін тап: Көлге жапқан қақпақ
Сіресіп тұр-
Қатты-ақ.
А) Қар В) Көпір С) Мұз

14.Дүкенде 9 қызыл доп және 3есе кем сары доп бар.Дүкенде сары доп нешеу?

А)3 В)27 С)6

15. Сөздерден жуан айтылған сөзді тап
А) озат. В) өмір. С) төсек.
16. «Мөлдір, жаңа, таза, жіңішке» сөздері қай сөз табына жатады?
А) зат есім. В) сын есім. С) етістік.
17. Қатаң дауыссыздарды белгіле:
А) п, в, р. В) ш,щ,ж. С) ц,ч,щ.
18. Ы - қандай дыбыс:
А) жуан дыбысты . В) ұяң дауыссыз . С) жіңішке дауысты.
19. Қате жазылған сөзді тап.
А) аспазшы . В) аспашшы . С) теңізші .
20. Мына қатардың ішінен сөйлемді тап.
А) Әйгерім билейді . В) жылады. С) жануарлардың .






























8. Сөздің басында кездеспейтін дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.
А) Ж, 3. Ә) У, X. Б) Ң, Й.

9.Сөйлемді белгіле:
А) Құстар жылы жаққа ұшып кетті.
Ә) Ұшып кетті.
Б) Жылы жаққа.

10. Жіктік жалғауларын белгіле:
А)-мін, -сін, -сіз.
Ә) -ма,-ме,-па,-пе.
Б)-ым, -ім, -м.

11. Мәтінге ат қою деген дегеніміз не?
А) ондағы негізгі ойды немесе тақырыпты қысқаша атау.
Ә) автордың айтайын деген басты пікірі.
Б) мәтіндегі негізгі ой мен тақырыптың мазмұны.

12. Мәтін неше түрі болады?
А) 2. Ә) 3. Б) 4.















Інұсқа

10б


ІІнұсқа

10а


1. Абайдың « Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды» деп басталатын өлең жолдары көз алдыңа кімді елестетеді?
А) Малшыны Ә) Жас баланы Б) Кәрі шалды В) Жас жігітті

2. « Әуес көріп жүгірген .....
Беті –қолы домбығып үсік шалды».Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып айт.
А) Малшылар Ә) Жас балалар Б) Қойшылар В) Адамдар

3. « Шидем мен тон қабаттап киген .....» кім?
А) Шал Ә) Малшы Б) Бала В) Жігіт

4. «Қызыл шұнақ» тіркесіне қатысты сөзді ата.
А) Күн Ә) Қар Б) Аяз В) Қыс

5. Жұмбақтың шешуін тап:
Көлге жапқан қақпақ
Сіресіп тұр-
Қатты-ақ.
А) Қар
Ә) Көпір Б) Мұз В) Қырау

6.. Көп инүктенің орнына тиісті сөзді қойып айт: Қылышын сүйретіп .... келер.
А) Қыс
Ә) Жаз Б) Күз В) Көктем
7.. Көп нктенің орнына тиісті сөзді қойып айт: Қыс азығын ..... жина.

А) Күз Ә) Қыс Б) Жаз В) Кеш

8. «Жағы қалақтай, Төбесі жұлдыздай,
Мойны садақтай.
Жүні құндыздай» деген жыр жолдарында не туралы айтылған?
А) Ешкі Ә) Құлын Б) Қозы В) Сиыр

9. «Даусы бар азандай,
Желіні бар қазандай» деген жолдарда қандай түлік туралы айтылған?
А) Сиыр Ә) Қой Б) Түйе В) Ешкі

10. «Қызыл шұнақ» тіркесіне қатысты сөзді ата.
А) Күн
Ә) Қар Б) Аяз В) Қыс





Тест Математика Қараша

1.Бөлшек сызығы қандай таңбаны білдіреді?

А) Бөлу Ә )Көбейту Б )Азайту В) Қосу

2.Екіден бір үлес қай атауды көрсетеді?

А) Ширек Ә) Жарты Б) Бүтін В)Үлес

3.Қай үлес ширек болады?

А ) Екіден бір үлес

Ә) Төрттен бір үлес

Б )Бестен бір үлес

В )Алтыдан бір үлес

4.Сызықтың астында жазылған сан-

А)Алым Ә)Бөлім Б)Қалдық В)Бүтін

5.Қанша бөлік екенін білдіретін сан қалай аталады?

А)Алымы Ә ) Бөлімі Б) Бүтін сан В )Натурал сан

700 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!