Материалдар / "Дарындылар додасы" сыныптан тыс іс - шара
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Дарындылар додасы" сыныптан тыс іс - шара

Материал туралы қысқаша түсінік
5- 8 кластар аралығындағы озат оқушыларға арналған сайыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
658
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дарындылар додасы

Мақсаты:
Білімділік:
 Оқушылардың өтілген тақырыптарды терең меңгеруін, білімін, іскерлігін жетілдіру.
Дамытушылық: Математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, практикамен ұштастыруға үйрету, шығармашылығын, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, нақтылыққа, шапшаңдыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу
Түрі: жарыс сабақ
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакатқа жазылған сабақ тақырыбы, білім туралы нақыл сөздер, ребус, әр пәнге байланысты сұрақтар, шарлар, кеспе қағаздар
Жоспары:
І кезең: «Таныстыру» (әр топ өздерін таныстырады)

ІІ кезең. «Біліктілік» сауалнамасы
ІІІ
 кезең «Үш тұғыр»
ІV кезең: «Логикалық есептер»

V кезең: «Математикалық жұмбақтар»
VI кезең. «Сөз тізбегі»

VII кезең. «Білім ағашы»

VIII кезең. «Қас-қағым сәт сайысы»
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Әр сыныптың оқушылары топқа бөлініп отырады.

Мұғалім:
Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар!

Сайыс толқын жатқандай асып-тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл сайыста байқалар шапшаңдылық,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Ең қиыны жарыстың енді келді,

Мықтылары қалыпты жеңсін енді.

Тез қимылда, ойланып тұрып қалмай,

Осы ойыннан көрейік ерен ерді

Бүгін математика пәнінің алғырлары білімдерімен күш сынасуға келіп отыр. Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат. Сол азамат бойындағы тапқырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады. Білімді адам ешнәрседен қорықпайды. Әруақытта да батымды. Ендеше оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімге қызығушылығын арттыратын математикалық сыныптан тыс «Үздік математикалық топ» атты  5-6-7-8-сынып оқушыларының қатысуымен өткізілетін сайысымызға қош келдіңіздер! Олай болса сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.

Сайыс бар ма қазыларсыз, ағасыз,

Оның әрбір сөзіне сіз нанарсыз.

Ел сенімін ақтай білер төрдегі,

Ұстаздардан әділдікті табарсыз, – дей отырып, төрдегі әділқазы алқасымен таныстырып өтейін:

------------------------------------------------------

----------------------------------------------------

Мұғалім:.
Ал енді сайысымызды бастамас бұрын сайыс шарттарымен таныстырып өтейін. Сайыс 8 кезеңнен тұрады.

Сайысымыздың алғашқы кезеңі – «Таныстыру». Бұл кезеңнің шартымен таныстырып өтейін. Әр оқушы өздерін таныстырады

Мұғалім: Қарап тұрмай бәйгеге кеп еніңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Біліктілік кезеңін бір көріңіз!-дей келе екінші  «Біліктілік сауалнамасы» деп аталатын кезеңге де келіп жеттік.

Бұл  кезең бойынша топтарға өз деңгейлеріне сәйкес 10 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.

1-топ  (5-сынып оқушылары) 
1. Жұп сан дегеніміз не?
(2 - ге бөлінетін натурал сандар)
2. Тақ сан дегеніміз не? (2 - ге бөлінбейтін натурал сандар)
3. Қандай сандар 5 - ке
бөлінеді? (жазылуы 0 және 5 цифрына аяқталатын натурал сандар)
4. 10 - ға қандай сандар бөлінеді? (0 цифрымен аяқталатын сандар)
5. Қандай сандар 3 - ке бөлінеді? (Цифрларының қосындысы 3- ке бөлінетін натурал сандар)
6. Жай сандар дегеніміз не? (1- ге және өзіне ғана бөлінетін сандар)
7. Құрама сандар дегеніміз не? (Екіден көп бөлгіштері бар сандар)
8. Жұп жай сан бар ма? Болса нешеу? (2; біреу)
9. Шеңбер дегеніміз не? (Барлық нүктелері бір жазықтықта және центрден бірдей қашықтықта жататын фигура)
10. Радиус дегеніміз не? (Шеңбер центрін оның бойындағы нүктемен қосатын кесінді)

2-топ (6-сынып оқушылары)

1. Диаметр дегеніміз не? (центр арқылы өтетін, шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді)
2. Өзара кері сандар дегеніміз не? (Көбейтіндісі 1 - ге тең екі сан)
3. Жай бөлшектерді бөлу үшін (Бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшекке кері санға көбейту керек)
4. Санның бөлігін қалай табамыз? (Санды осы бөлшекке көбейту керек)
5. Үшбұрыш дегеніміз не? (Бір түзуде жатпайтын үш нүкте мен осы нүктелерді қосатын кесіндіден тұратын фигура)
6. Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу (Ортақ бөлімге келтіріп, бөлім етіп жазамыз, алымдарынқосамыз)
7. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай салыстырамыз? (қайсысының алымы үлкен, сол бөлшек үлкен болады)
8. Аралас сан дегеніміз не? (Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан)
9. Аликвоттық бөлшек дегеніміз не? (Алымы 1- ге тең дұрыс бөлшек)
10. Бұрыс бөлшек дегеніміз не? (Алымы бөлімінен үлкен бөлшек)

3- топ (7-сынып оқушыларына)

1. Санның 0 дәрежесі. (1)
2. Тұстас бұрыштардың қосындысы. (  )
3. Ең үлкен хорда (диаметр)
4. Квадраттың периметрі неге тең? (P=4a)
5. 
Медиана дегеніміз не? (Үшбұрышың төбесін оған қарсы жатқан қабырғасының ортасымен қосатын кесінді)
6. 
Үшбұрыштың 9 элементі (3 төбесі, 3 бұрышы, 3 қабырғасы)
7. 
Үшбұрыштың түрлері (қабырғалары әр түрлі, тең бүйірлі, тең қабырғалы, тік бұрышты, сүйір бұрышты, доғал бұрышты)
8. 
Катет, гипотенуза дегеніміз не? (Тік бұрышта тік бұрыш жасап тұрған қабырғалары қатет, ал оған қарсы жатқан қабырғасы гипотенуза)
9. Сыбайлас бұрыш деп нені айтамыз? (Бір қабырғасы ортақ, алған екі қабырғасы бір-бірінің  созындысы болып келетін бұрыш)
10. Негіздері бірдей сандардың дәреже көрсеткіштері көбейту амалында? (қосылады)

4-топ (8-сынып оқушыларына)

1. Кеңістіктегі фигуралардың қасиеттерін зеттейтін ғылым? (планиметрия)
2. Геометрия терминінің мағынасы? (грек сөзі жер өлшеу)
3. Дәлелдеуді қажет етпейтін ғылым? (аксиома)
4. Сызықтық функцияның графигі? (түзу сызық)
5. Бұрышты қақ бөлетін сәуле? (биссектриса)
6. Тангенс деп нені айтамыз? (Қарсы жатқан катеттің іргелес жатқан катетке қатынасы)
7. Пифагор теоремасын тұжырымда?
8. Ромб дегеніміз не? (Барлық қабырғалары тең параллелограмм)
9. Трапеция деп нені айтамыз? (Қарама-қарсы екі қабырғасы параллель, ал басқа екі қабырғасы дөңес болып келетін төртбұрыш) ш)
10. Пифагор қай елдің ғалымы және қай кезеңде өмір сүрген?  (Ежелгі грек ғалымы б.з.б VI ғ)

«Үш тұғыр»

Келді  кезек Үш тұғырды шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
30 ұпай, шәкірт саған несібе.

ІІІ кезеңіміз – «Үш тұғыр». Бұл кезеңнің шартымен таныстырып өтейін. Экранда 3 ұяшық берілген. Ұпайы аз топ бірінші болып таңдайды. Шешімдерін дұрыс тауып, оны орыс, ағылшын тілдеріне аударасыздар. Әр жауапқа 10 ұпай алынады.

 

  1. ... ... ел жаңа(елу, пятьдесять, fifty)

  2. ... ... бірдей емес (бес , пять, five)

  3. ...сомың болғанша, ... досыңболсын (жүз, сто,hundred )

  4. Отыз күн ойын, ... күн той (қырық, сорок, forty)

  5. Бір кісі қазған құдықтан, ... ... ...(мың, тысячо,thousand)

  6. Білекті ... шығады, білімді мыңды жығады (бір, один, one )

  7. Отыз тістен шыққан сөз, ... рулы елге тарайды. (отыз, тридцать, thirty)

  8. ... жыл аш болсаң да, ата салтыңды сыйла. (алты, шесть, six)

  9. Жігіт ... ..., бір сырлы(сегіз, восемь,eight)

  10. Білгенің бір тоғыз, білмегенің ... (тоқсан тоғыз, девяносто девять, ninety nine)

  11. Бір елі ауызға, ... елі қақпақ (екі, две, two)
    ІV кезең.

Білімнің ұшқырлығын татып сен,

Асып-тасып асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап, зулапжатыр,

Шешендік бұл кезеңде қажет екен, – дей келе сайысымыздың келесі кезеңі «Логикалық есептер» деп аталады.

5-сыныпқа:

1. Столдың басында 2 әке және 2 бала отыр. Оларға 3 алманы қалай тең бөліп беруге болады?

Ж: атасы, әкесі, баласы, біреуден

2. Сағат 22.00-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?

Ж: жоқ

3. 70 минут көп пе, әлде 1 сағат 10 минут көп пе?

Ж: тең

4. Қайыңда 6 алма өсіп тұр еді 2 - уі түсіп қалды.Ағашта неше алма қалды?

Ж: Қайында алма өспейді

 

6-сыныпқа:

1. Себеттегі 7 алманы 7 қызға тең бөліп беруі керек және 1 алма себетте қалуы керек. Бұл қалай?

Ж: Соңғы қызға себетпен бірге беру керек

2. Аспанда бірқатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында,біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында. Барлыға неше үйрек ұшып барады?

Жауабы: 3 үйрек

3. Отбасында 5 ағайынды бар.Олардың әрбіреуінің 1 апасыбар. Отбасында барлығы неше бала бар?

Ж: 6 бала бар.

4. Қос жегілген аттар 40 км шауып өтті. Әр ат неше км шауып өтеді?

Ж: 40

 

7-сыныпқа:

1. Төрт дос бала мейрамханаға жиі барып, әрқашан бір үстелге отырады. Жалғастың әрқашан бір орынға отыратыны белгілі болса, жостар неше түрлі тәсілмен үстелге отыра алады?

Ж: 6 тәсілмен

2. Егер Азамат атлетикада жарыста 25-ші орын алса, соңынан санағанда 25-орын алса, жарысқа барлығы қанша ойыншы қатысқан?

Ж: 49 ойыншы

3. Үйде 12 шәшке мен 9 табақшалар бар.Балалар шәшкелердің жартысын және 7 табақша сындырды.Неше шәшке табақшасыз қалды?

Ж: 4

4.Электр поезы шығыстан батысқа қарай жүріп келе жатты. Ол сағатына 60км шапшаңдықпен жол жүрді. Сол бағытта шығыстан батысқа қарай жел соғып тұрды. Бірақ, оны шапшаңдығы сағатына 50 км. Жел поездың түтінін қай жаққа айдап әкетті?

Ж: электр поезында түтін болмайды

 

8-сыныпқа:

1. № 1, 2, 3 пәтерлерде 3 мысықтұрады. Олар ақ мысық, қара мысық және ала мысық. №1 және №2 пәтерлерде қара емес мысықтар тұрады. Ақ мысық  №1 пәтерде тұрмайды. Әр мысық қай пәтерде тұрады.?

Ж: №1 пәтерде ала мысық, №2 пәтерде ақ мысық, №3 пәтерде қара мысық тұрады.

2. 4 пен 5-тің ортасына қандай таңба қойғанда 4-тен үлкен 5-тен кіші саншығады?

Ж: үтір

3. Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, екіншісі солтүсікке қарап отыр. Олар бір-біріне: Досым, мен сені көріп отырмын дейді. Олар бір-бірін қалай көреді?

Ж: Қарғалар бір-біріне бетпе-бет отырғандықтан олар бір-бірін көреді.

4. Төрт таяқтың 8 ұшы бар. Алты жарым таяқтың неше ұшы бар?

Ж: 14
 

V кезең 

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер,

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер-дей келе сайысымыздың келесі бөліміне де кезек келіп жеткен сияқты. Келесі сайыс: «Математикалық жұмбақтар» деп аталады.

1. Мен бұрышты берілген

Тең екіге бөлемін

Жаралғалы ғылымда

... атанып келемін   (биссектриса)

2. Жаңылмастан жетеуі

Кезек қызмет етеді  (апта)         

3. Екі бұрыш ежелден,

Тату көрші болған екен.

Бірін-бірі толықтырып,

Бір түзуде жатады екен. (сыбайлас)

4. Оң сандарға қол шатырдай,

Қалпақ болған беделі.

Квадраттасаң егер оны,

Белгісі оның кетеді.  (квадрат түбір)

5. Нүктеден екі сәуледен,

Фигура болып құралды.

Айтыңдаршы канекей,

Қандай фигура аталды?   (бұрыш)

6. Бүтін, бөлшек бөліктерден,

Үтір айырып тұрады.

Осы санның кім біледі,

Аты қандай болады? (ондық бөлшек)

7. Арасына сандардың үлкен,кіші,

Таңбаларды қойған кезде.

Алынады қандай өрнек,

Білейікші оны бізде.    (теңсіздік)

8. Аспан қандай күздегі,

Қарап тұрмын далада.

Тырналардың тізбегі,

Сүйір бұрыш аймағы.

Әр қанатта он бірден,

Басшысынан бөлегі,

Бар тырнаны кім бірден

Тез есептеп береді? (23 тырна)

 

VІ кезең

Математикалық атаулар мен ұғымдар,

Есте болар құрбылар бәріңнің де.

Енді бір сәт солардан тізбек құрсақ

Артық болмас, бастайық кезек сізде,-деп келесі бөлімді бастаймыз. «Сөз тізбегі» деп аталатын бұл бөлімде математикалық термин беріледі. Топ мүшелері сол сөздің соңғы әріпінен басталатын жаңа математикалық термин жазып жалғастырады. Мысалы: шеңбер-радиус-сағат-төртбұрыш... т.б

VIII кезең. «Қас-қағым сәт сайысы» әріптерге байланысты сұрақтар

5-сынып.

(Д)

1.Тік бұрыштан үлкен, жазық бұрыштан кіші бұрыш (доғал)

2. Дөңгелектегі еңүлкен хорда  (диаметр)

3. Өмірің сенің қызық, 
Жолында жоқ түзу сызық, 
Басы да жоқаяғы. 
Бір айналым баяғы. (дөңгелек) 

4. Алымы бөлімінен кіші бөлшек  (дұрыс бөлшек)

6-сынып.

(П)

1. Екі қатынастың теңдігі  (пропорция)

2. Фигураның барлық қабырғаларының қосындысы  (Периметр);

3. Геометрияны білмейтіндер Академияға кірмей – ақ қойсын деген кімнің сөзі? (Платон)
4. Егіз туған қос жүйрік

Жарысқа шауып терлейді.

Бірін-бірі көрмейді

Дамылсыз қанша шапса да (параллель түзу)    

7-сынып

(Ж)

1. 180-қа теңбұрышқалайаталады. (жазыңқы)

2. Геометрия сөзініңмағынасы? (Жер өлшеу)

3. Бес бұтақты ағашта

Бұтақ сайын бес алма.

Біреуін бер алашқа

Қалады сонда қанша алма. /24/

4. Бірге және өзіне бөлінетін сандар (жай сандар)

8-сынып

(Т)

1. Сызықтық функцияның графигін атаңыз. (Түзу)

2. Тәулік қай кезде қысқа? Қыста ма әлде жазда ма? (тең)

3. Сағат үшті көрсеткенде, оның сағаттың және минуттың тілдері қандай бұрыш жасайды? (тік бұрыш)

4. Дәлелдеуді қажет ететін тұжырым (Теорема)

Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды,

Ал, қазір әділқазы сөз алады.

Сайысымыздың жеңімпазын анықтап,

Мақтау қағаз, грамотасын тапсырады.





Нұрбұлақ орта мектебі

















"Дарындылар додасы"





Ұйымдастырған: Калдымуратова Н.Б

Қатысушылар: 5-8 сыныптар





























2017-2018 оқу жылы







Picture 6

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!