400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дарындылар оза шауып шаттанады, Мектебім өнерлімен мақтанады

Материал туралы қысқаша түсінік
Дарынды оқушылар байқауы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Дарындылар оза шауып шаттанады,

Өнерлімен мектебім мақтанады» байқауы

«№14 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің

коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің


Мектеп: №14

Күні: 23. 10. 2019 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Нуржанова Акжаркын

Сынып: 9 – 11

Қатысқандар саны: 10


Қатыспағандар саны:0


Сабаққа негізделген

оқу мақсаты

Оқушылардың дарындылық қабілеттін шыңдау, шығармашылығын дамыту, таланттарын насихаттау. Ақын - жазушылардың шығармаларын нақышына келтіре, актёрлік шеберлікпен орындау; Оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерін жетілдіру, ұйымшылдыққа, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу.

Сабақ мақсаттары




Барлық оқушылар: Өз қабілеттері мен өнерлерін көрсете алады;















және жасалу жолдарын біледі; Сөйлемдегі сөз тіркестерінің байланысу түрлері мен тәсілдерін ажырата алады; С өйлем мүшелеріне талдай алады;

Оқушылардың басым бөлігі: Мәнерлеп жатқа айту дағдысын және шығармашылық ізденістерін таныта алады;

Кейбір оқушылар: Актёрлік орындау шеберліктерін, ой – өрістерінің кең екендігін көрсетеді;

Тілдік мақсат

  1. Жанр, поэзия, проза, образ

Құндылықтар

  1. Отан, Тәуелсіздік, Мәңгілік Ел, Ана, Әке, Адалдық , Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыс

  1. Әдебиет, қазақ тілі, тарих, өнер, музыка

Бағалау критерийі

  1. Өз өнерін көрсетеді;

  2. Әр жанрда шырқайды;

  3. Актёрлік орындау шеберлігін көрсетеді;

Ойлау дағдыларының деңгейі

  1. Жинақтау, қолдану

Алдыңғы оқу


  1. Дайындық

Жоспары







Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

10 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Қонақтарды қарсы алу.

2. Байқауға қатысушылар жеребе алу
1-жүргізуші: Қамбар Мейіржан
2-жүргізуші: Құлахмет Айдана

3. Мұғалімнің сөзі: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар! Біздің білім ордамызға қош келдіңіздер!
Жасөспірімдер мен балалардың бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына, шығармашылығына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу - әрбір ұстаздың парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің ең басты талабы. Осы талапты орындау мақсатында бүгін сіздерге 9 – 11 сыныптың өнерлі, талантты, дарынды оқушыларының арасында ұйімдастырған байқауды көруге шақырамын.

1 - жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!

2 - жүргізуші: Бармысыздар өнерлі жас дарындар!


1-жүргізуші: Бүгін біздің мектебімізде үлкен қуаныш.

2-жүргізуші: Ия, дұрыс айтасың, дарынды, талантты құрдастарымыз сахна төрінде өнер көрсетіп, өз бақтарын сынамақшы.

1-жүргізуші: Мектебіміздегі барлық дарынды балаларды бір - біріне бауыр басқызып, бір үйдің балаларындай еткен ең бірінші Жаратқанның ісі болса, екіншісі - аяулы ұстаздардың арқасы.
2-жүргізуші: Ендеше №14 жалпы орта мектебінің өнерлі, талантты жастары арасында өткізгелі отырған «Дарындылар оза шауып шаттанады,

Өнерлімен мектебім мақтанады!» атты байқауға

Екеуі бірге: қош келдіңіздер!


1-жүргізуші: Мектебім - өнер-білім ордасы бұл,

Өнерменен, ақылменен шашады нұр.

Талай талант, өнердің иелері,

Мектебімнің мақтанышы болып жүр.


2-жүргізуші:
Бірі үшін бәрі бірдей қиналған,
Кішіге ізет,үлкендерді сыйлаған.
Осындай
жастары бар мектебімнің,
Өнерлілер, дарындылар жиналған.
1-жүргізуші: Олай болса, Сіздердің қошеметтеріңізбен байқауға қатысушы дарынды жастарымызды сахна төріне шақырамыз.

2-жүргізуші: Бірінші номерлі 10 сынып оқушысы Тажиман Аяулым – Халықаралық «Бейбітшілік әлемі» өнер фестивалінің ІІІ дәрежелі дипломның және қалалық «Сырлы би» толқыны байқауының ІІ орын иегері.

1-жүргізуші: Екінші номерлі 8 «Б» сынып оқушысы Қази Имамаддин облыстық ең үздік ісшара жүргізушісі байқауының ІІІ орын, қалалық «Қазақстан – менің елім » зерттеушілік жоба байқауының «Экологиялық соқпақ» бағыты бойынша ІІ орын иегері.

2-жүргізуші: Үшінші номерлі 11 «А» сынып оқушысы Батыршаева Лиза Сейітмұратқызы. Ол бірнеше облыстық, қалалық өнер фестивалінің лауреаты, Халықаралық «Бейбітшілік әлемі» өнер фестивалінің ІІ дәрежелі дипломның иегері, қалалық көркемсөз оқу шеберлерінің


1-жүргізуші: Төртінші номерлі 9 «Ә» сынып оқушысы Оразбай Есімхан Кеңесбайұлы. Ол қалалық «Сырдария толқыны» өнер фестивалінің әдеби шығармашылық бағытты бойынша бірінші орын жүлдегері.

2-жүргізуші: Бесінші номерлі 9 «А» сынып оқушысы Ертай Мариям Мұсамаханбетқызы. Қалалық «Туған жерге тақзым» өнер фестивалінің эстрада жанр бойынша лауреаты.

1-жүргізуші:Алтыншы номерлі 11 «Ә» сынып оқушысы Перне Нұрбақ Нұрланұлы. Қалалық жас ақындар мүшайрасының ІІ орын және облыстық «Ұлы даланың жеті қыры» байқауының І орын иегері.

2-жүргізуші: Жетінші номерлі 9 «Б» сынып оқушысы Сейілбек Аяулым Арманқызы. Қалалық «Туған жерге тағзым» өнер фестивалінің дәстүрлі ән жанр бойынша

ІІ орын иегері.

1-жүргізуші: Сегізінші номерлі дарындымыз 9 «А» сынып оқушысы Көшкінбаев Қожаберген. Ол қалалық «Туған жерге тағзым» өнер фестивалінің әдеби шығармашылық бағытты бойынша бірінші орын жүлдегері.

2-жүргізуші: Тоғызыншы номерлі 10 сынып оқушысы Ақжол Ақбота. Ол Халықаралық «Бейбітшілік әлемі» өнер фестивалінің ІІ дәрежелі дипломның иегері. Облыстық «Көркемсөз оқу шеберлері» байқауының ІІ орын жүлдегері.

1-жүргізуші: Оныншы номерлі 10 сынып оқушысы Маккамова Элмира Махаматханқызы. Қалалық «Көркем

сөз оқу шеберлері» байқауының ІІІ орын иегері.

2-жүргізуші: Бүгінгі байқау шарттарымен

таныс болыңыздар.

І кезең: «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы...» оқушылар

өз өнерлерін көрсетеді.

ІІ кезең: «Жұлдыз болып жарқыраймыз...» берілген өлең шумақтарын әндетіп, әр түрлі жанрда шырқау .

ІІІ кезең: «Біз жүрегін тоқтатпаймыз өмірдің......» проза немесе поэзия жанрында сюжеттік желі бойынша актёрлік шеберлікті сынау кезеңі

1-жүргізуші: Байқауға төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1. Рахметова Рысжан Инешқызы – қалалық білім бөлімінің әдіскері.

2. Ерназарова Шәркүл - №17 Ататүрік атындағы мектеп-гимназиясының педагог психологі

3.Ибрагимова Сәуле №22 жалпы орта мектебінің педагог психологі

1-жүргізуші: Байқауға қатысушы жас дарынды талапкерлер, Сіздерден «Жұлдыз болып жарқыраймыз» екінші кезеңінің тапсырмасын әділқазылар алқасының «Сыр сандығынан» алуларыңызды өтінеміз.

2-жүргізуші: Байқауға қатысушы талапкерлерімізді сіздердің қошеметтеріңізбен сахна сыртына шығарып саламыз.

Сахна тақырыпқа сәйкес безен-дірілген.


Интер-белсенді тақта


Шарлар




Слайд тақырып




























Слайд №1




Слайд №2





Слайд №3





Слайд №4





Слайд №5




Слайд №6




Слайд №7




Слайд №8




Слайд №9




Слайд №10






Байқау шарттарыСлайд №12


Ортасы

40 минут








ІІ. Байқаудың өтілуі.

1-жүргізуші: Түстіңдер дарындылар сайысына,

Жеңсеңдер қол соғамыз табысыңа.

Талапкердің талабы таудай болар,

Аямас тиіп кетсең намысына.

«Өнерге әркімнің-ақ бар таласы...» атты бірінші кезеңін бастауға рұқсат етіңіздер.

Сахнаға бірінші номірлі үміткеріміз 10 сынып оқушысы Тажиман Аяулымды «Тауыс» биімен қарсы алыңыздар!

2-жүргізуші: Екінші және үшінші номірлі талапкерлеріміз Қази Имамаддин мен Батыршаева Лизаның орындауында «Әсем ән» қабыл алыңыздар !

1-жүргізуші: Төртінші номірлі дарынды талапкеріміз Оразбай Есімханды «Интернет» сатирасымен қарсы алыңыздар!

2-жүргізуші: Бесінші номірлі үміткеріміз Ертай Мариямды «Көкке өрле» әнімен қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші: Алтыншы номірлі талапкеріміз, мектебіміздің жас ақыны Перне Нұрбақты «Анашым» шығармасын қарсы алыңыздар!

2-жүргізуші: Халық әні «Беу, Айдай» орындайтын жетінші номірлі талапкеріміз Сейілбек Аяулым. Қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: Сегізінші номірлі талапкеріміз Есжан Айтуғанның орындауында «Аңсайды жаным» әнін қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші: Тоғызыншы номірлі үміткеріміз, жас ақын Ақжол Ақботаны өз шығармасы «Мәңгілік елдің баласымын» қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: Оныншы номірлі талапкер Көшкінбаев Қожабергеннің сиқыр әлемін тамашалаңыздар!

2-жүргізуші: Он бірінші номірлі талапкеріміз Маккамова Элмира Роза Әлқожаның «Қазағым» әніне және Мақпал Исабекованың «Хабарласпа» әніне пародия жасайды. Қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: Жұрт көңіліне жетсін әрбір өнерің,

Көпшіліктің жеткізіңдер көздерін.

Ән-шашу, әсем-әуен, түрлі әуез,

Шарықтатып дарындылар шырқасын .

ІІ кезең: «Жұлдыз болып жарқыраймыз...» берілген өлең шумақтарын әндетіп, әр түрлі жанрда шырқау .

2-жүргізуші: Тек сіздерге арнаймыз бар өнерді,

Жанып тұрған оттаймыз біз жалынды.

Кейіпкерді сомдайтын актёр да бар,

Мектебімнің бұл жастары дарынды.
ІІІ кезең: «Біз жүрегін тоқтатпаймыз өмірдің......» проза немесе поэзия жанрында сюжеттік желі бойынша актёрлік шеберлікті сынау кезеңі

Сахнаға бірінші номірлі үміткеріміз Тажиман Аяулымды «Жетім қыз»

1-жүргізуші: Екінші номірлі талапкеріміз Қази Имамаддин

Мұқтар Шаханов «Арман»

2-жүргізуші: Үшінші номірлі талапкеріміз Батыршаева Лиза Бердібек Соқпақбаев «Балалық шаққа саяхат»

1-жүргізуші: Төртінші номірлі талапкеріміз Оразбай Есімхан Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»

2-жүргізуші: Бесінші номірлі үміткеріміз Ертай Мариям

Бердібек Соқпақбаев «Үйге қашу»

1-жүргізуші: Алтыншы номірлі талапкеріміз Перне Нұрбақ. Мұқтар Әуезов «Абай жолы» шығармасы

2-жүргізуші: Жетінші номірлі талапкеріміз Сейілбек Аягөз

Бердібек Соқпақбаев «Табылған тәсіл»

1-жүргізуші: Сегізінші номірлі талапкеріміз Есжан

Айтуған Мұқтар Әуезов «Абай жолы» шығармасы

2-жүргізуші: Тоғызыншы номірлі талапкеріміз

Ақжол Ақбота . Мұқтар Шаханов. Жаңғырық

1-жүргізуші:Оныншы номірлі талапкер Көшкінбаев Қожаберген Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

2-жүргізуші: Он бірінші номірлі талапкеріміз Маккамова Элмира Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан

1-жүргізуші: Әділ қазылар алқасы байқаудың қорытынды балын есептеп шығарғанша Қалыбек Ақтолқынның орындауында қабыл алыңыздар.



Аяқталуы

05 минут

ІІІ. Қорытынды:

1-жүргізуші: Әділ қазылар алқасы байқаудың қорытынды балын есептеп шығарғанша Қалыбек Ақтолқынның орындауында

  1. «Салем, Қазақстан!»

  2. «Ақ қанат арман» әндерін қабыл алыңыздар !


Жарыстар өтсін алуан,

Сынасын күшін барлық жан.

Жүлдесін алып шаттансын,

Бәрінен мықты, үздік жан, - деп

әділ қазылар алқасына сөз береміз.

ІҮ. Кері байланыс:

  • Бағалау

  • Марапаттау рәсімі


Бағалау парақшасы

Мақтау қағазы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 мамыр
579
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі