400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дарындылық адам бойындағы ерекше қабілет

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоспар: I. Дарындылық термині II. Дарындылық адам бойындағы ерекше қабілет I
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дарындылық адам бойындағы ерекше қабілет


№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық педагогтік колледжі

Нұрболатова Анар Мұратқызы


Жоспар:

I. Дарындылық термині

II. Дарындылық адам бойындағы ерекше қабілет

I. Дарындылық термині

Дарындылық — адам бойындағы тума қасиет деп есептеледі. Адам қабілеттілігінің жан жақтылығы дарындылық терминінің көп мағыналылығын білдіреді. Сондықтан адам дарындылығының қасиетін кешенді зерттеу бүгінгі күннің талабы. Ерте дәуірдегі грек философтары (Платон, Сократ) дарындылықты құдай берген қабілет ретінде қарастырды


Джон Локк өзінің «Адамның ақыл-ой тәжірибесі» атты философиялық еңбегінде мынадай пікір айтады: адамда туа біткен ой-пікірлер болмайды, олар тәжірибе негізінде пайда болады; адамның сәби кезіндегі ақыл-ойы «Таза тақтай» секілді; сезімде жоқ нәрсе ақыл-ойда да болуы мүмкін емес. Неміс классикалық философтары (Э.Кант пен Гегель) дарындылық түсінігінің ерекшелігін зерттеу, осыған дейінгі қиялшылдығы басым философиялық ұғымдарды жетілдіріп адамның дарындылығын дамыту және әрекеттік сипатын сезінуге мүмкіндік береді. Балалардың дарындылығының педагогикалық мәселесін түсінудің бастауы — Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, А. Дистервег, Дж. Дьюи, К. Д. Ушинский секілді көрнекті педагогтардың еңбектерінде қаланған. Олар өздерінің еңбектерінде балалардың жеке ақыл-ой ерекшеліктеріне, сондай-ақ оқушылардың ерекше қабілеттерін дамыту қажеттілігіне аса көңіл бөлді. ХIХ ғасырда қазақ халық ағартушылары да халықты сауаттандыру, жеке тұлғаның қабілетін, дарындылықты дамыту мәселелерін көтере бастады. Ағартушы Ы. Алтынсарин: «Табиғи ақыл өзін қоршағанды ғана құшағына ала алса, оны дамытып өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана өркениетке жетелейтін озық білім», — дейді. Қазақ ағартушылары дарындылықтың туа бітетін қасиет екенін мойындай отырып, адам қабілеттілігінің дамуына білім мен тәрбиенің, еңбектің, қоршаған ортаның зор ықпалының бар екенін айтады. Абай Құнанбаев адамды қоршаған орта — табиғаттың бір бөлігі дей келе, табиғаттың адам баласына берген керемет сыйы — туылғаннан бастап білуге, түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді. Бірақ, бала өсе келе осы қасиетті біртіндеп жоғалта береді. Ұлы ойшыл адамның ойы мен санасы еңбектің іс-әрекеті кезінде қалыптасады деп тұжырымдайды: “Кей қасиет туа бітеді, ал кейбірі еңбек арқылы қалыптасады”
Мектеп оқушыларының дарындылығын дамыту мәселесі тек оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға жекелей жақындап келу ұстанымында қарастырылды. Сондықтан дарынды оқушының теориялық үлгісінің жоқтығын және осы сәтте дарындылықтың нақты анықтамасының болмауын айта кету керек. Соған сәйкес, С. В. Кузнецова төмендегідей анықтама береді: оқушы дарындылығы — осы білімді кез-келген жағдайға қолдана алатын, білімнің кеңдігі, жас ерекшелігіне сәйкес жоғары белсенділігі, психикалық процестерінің дамуының жоғары деңгейлігі, дұрыс ой-түйіндерге сүйене отырып, жұмысты жемісті орындауды қамтамасыз ететін психикалық қасиеттерінің жиынтығы

Н. Ожеговтың сөздігінде дарындылық «табиғаттан» берілетін ерекше қабілет деп түсіндіріледі. «Дарындылық тұжырымдамалары» атты психологтар дайындаған құжатта «Дарынды бала дегеніміз — айрықша жетістіктермен ерекшеленетін және іс-әрекет барысында сондай жетістіктерге ұмтылатын баланы айтамыз», — делінген. Педагогикалық энциклопедияда бұған келесі түсінік беріледі: «Дарындылық» — бұл адамның белгілі іс-әрекет аумағында ерекше табыстарға жетуге көмектесетін, қабілет дамуының жоғары деңгейі. «Дарындылық» түсінігі «қабілет» түсінігіне өте жақын. Дарын дегеніміз адам бойында негізінен ана сүтімен, ана тегімен даритын құбылыс екенін өмір тәжірибелері дәлелдеп отыр. Ғылымда қоғам, орта, мектепте тәрбие нәтижесінде дарынды анықтауға, оны дамытуға мүмкіндік бар. Дарын — адамның белгілі бір дүниеге психологиялық қабілеттілігі. Осы қабілетті дер кезінде анықтап, оны одан әрі дамыта білу қажет. Жалпы адам баласы табиғатында қабілетсіз болмайды. Біреулердің қабілеті жоғары, екінші біреулердің қабілеті орташа, төмен болады. Өз қабілетіне сай маман иелері өмірде көздеген мақсаттарына қол жеткізе алады. Сонымен дарын деген не? Дарынды балалар қандай? Дарынды балалар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында ол өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен бірден көзге түседі. Дарынды балаларды қалай тануға болады? Белгілі зерттеуші Н. С. Лейтес қабілетті балалардың 3 категориясын анықтап берді.

Бірінші категория — ой-өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар. Екінші категория — жеке бір іс-әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар.

Үшінші категория — дарындылық күш-қажырымен ерекшеленетін оқушылар. Ой-өріс қабілетімен ерте жастан көзге түскен оқушыларға мектептегі оқу кезіндегі қарқындылық тән. Кейбіреулерінің ақыл-ойы табанды түрде дамиды да өз қатарластарын басып озады. Олардың ақыл-ойының кемеңгерлігі сонша — оларды байқамау мүмкін емес. Бала дарындылығының байқалмайтын жағдайлары да кездеседі. Кейде тіпті баланың есейген шағында сирек кездесетін қабілеттері көрініс тауып жатады. Балалардың бойында белгілі бір қабілеттердің жарқын көрінісі ой-өріс деңгейінің жалпы дамуымен, ғылымның, өнердің арнайы бір саласына бейімделуімен сипатталады. Үшінші категорияға жататын оқушылар жалпы дамуы жағынан өз қатарластарының алдына шықпайды, бірақ ақыл-ойының өзіндік ерекшелігімен өзгешеленеді. Дарынды бала — оқушы бойында бұл қасиеттердің бірде-бірі, әсіресе, дүниетанымдық көзқарасы қалыптасып үлгермейді. Сондықтан оқушының дарындылық қасиеті барынша орнықсыз қасиет. Оның басқа түрге енуі немесе сөніп қалуы көзқарастың өзгеруіне байланысты кез келген сәтте орын алуы мүмкін. Көбіне «Дарынды оқушы — бұл жақсы оқитын оқушы» деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торренстің зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында да жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақтар қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне, түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торренстің зерттеуі нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететінін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеудің нәтижесін есте ұстағандары жөн. Дарындылықтың танылуына байланысты екі көзқарас бар: 1) барлық бала дарынды болып табылады;

2) дарынды балалар өте сирек кездеседі.

Бұл мәселе туралы педагогтар мен психологтар мынадай тұжырым жасайды: потенциалды дарындылық іс-әрекеттің бірнеше түрімен айналысатын балаларға тән, ондай балалар аз емес. Дарындылық жайлы айтылған пікірлер өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан, бұл феноменнің негізінде адамға іс-әрекеттің бір немесе бірнеше түрінде жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін қабілеттер жатыр. Сонымен, дарынды бала — бұл болашақта жаңа технологияларды шығарушы, әділ саясаткер, сенімді медик, шебер музыкант, қайталанбас суретші, бұл еркіндікті сүйетін, жауапты, рухы биік адам, бұл — ұлттық құндылық. Менің өз ойым — дарындылық балаға қаннан беріледі. Барлығына бірдей емес. Қазақта мынадай сөз бар — қанына тартқан, қанында бар қасиет — дегенді атам қазақ бекер айтпаған. Қажет болса бұл сөздердің өзін философиялық тұрғыдан зерттеуді қажет етеді.   

II. Дарындылық адам бойындағы ерекше қабілет

Елбасы Н.Ә.Назарбаев  кемел елдің келешегін, болар елдің болашағын, ертеңгі ел жастарының даңғыл жолын жоспарлай келіп, осы мақсатта өзінің жолдауларымен бағдарламаларын енгізді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Интеллектуалды ұлт -2020» ұлттық жобасы өз кезеңінде болашақ интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың негізі болмақ. Бұл жобаның мақсаты-жаңа қалыпта қазақстандықтарды тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстанды бәсекеге қабілетті адамдық капиталы  бар мемлекетке айналдыру» деп айтқан  болатын. Елбасы негізгі 3 аспектіні жатқызды. Олар: білім беру үрдісіндегі инновациялық даму, ақпараттық даму, жастарды рухани тәрбиелеу. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының жаңа «Білім туралы Заңына» мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізілген [1]. Сол себептідарынды оқушылар деген кімдер, олардың басты ерекшеліктері қандай деген сұраққа жауап іздеп көрелік. Мектеп партасында  отырған қарапайым бала жетіле келе өзіндік даралық, дарындылық қасиетке ие болады. Оны қалай білуге болады, алдымен әр ғалымдардың, ойшыл зиялы қауым өкілдерінің  осы «дарын», «дарындылық» ұғымына берген анықтамаларға көз жіберсек, олардың негізгі ойларын аңғаруға болады. «Дарынды бала»- деп қандай баланы айтамыз?  

«Дарын-адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. Ал дарындылық-бала бойындағы алғырлық, зеректік» деп психологиялық ұғым тұрғысынан анықтап, оның мынадай ерекшеліктеріне тоқталған:

1. Ойлау қабілеті басым, түрлі болжам жасауға қабілетті, қиялға ұшқыр, өзін тануға құштар келеді.

2.Шығармашылықпен айналысуға, өз білімін сынауға тырысады.

3. Қиялы жүйрік, жан дүниесі нәзік, табиғатты танып білуге тырысады

4. Ақыл-ой қабілетін тек өзін қызықтыратын іске бағыттайды.

Сонымен қатар қорыта келе қабілетті, дарынды оқушыларды дәл  таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, табиғи талантын одан әрі дамытып, ерекше қабілеті бар баланы дарындыға айналдыра білуіміз қажет. Сонда ғана өз қабілетінің арқасында түрлі байқауларға, конференцияларға қатысуға ұмтылысы жоғары дарынды балалар саны көбейе түседі- деп шебер жеткізе білген.

Дарындылыққа байланысты орыс ғалымдарының бірнеше анықтамалары берілген, яғни дарындылық – жеке тұлғаның жас ерекшеліктеріне байланысты дамитын қабілет сапасы (Я.А.Пономарев, в.С. Юркевич, Д.Б. Богоявленская, Н.С. Лейтес), дарындылық-табиғи қасиет және адами іс-әрекеттің әлеуметтік мүмкіндігіне байланысты қабілеттіліктердің бірігуі арқылы жарыққа шығады (С.Л. Рубинштейн, Б.М. Теплов, В.Д. Щадриков, А.Н.Леонтьев, А.В: Брушлинский, А.М. Матюшкин т.б.) десе, енді бірде дарындылық –жеке тұлғаның психологиялық мүмкіндіктерінің жиынтығы және істі нәтижелі орындаудағы қасиеттердің алғы шарты (В.Н.Дружинин, А.Н.Савенков, Дж. Рензулли, Р. Стенберг, Дж. Гильфорд. Н.Н.Поддьяков т.б.) сонымен қатар ғалымдардың анықтамасын анықтауда ортақ пікір қалыптаспағанын айта кеткен және дарынды балалардың ерекше сипаттамаларына осы және  басқада педагогикалық тұрғыдағы қарастыруларды біріктіре отырып, бірнеше орыс ғалымдарының дарындылық тұрғысында  категорилияларын классификациялауын көрсеткен, мәселен Н.С. Лейтес ақыл-ой теориясына байланысты дарынды балаларды  3 санатқа бөледі. Олар:

1.Кез-келген шарттардағы ерекше жоғары ақыл-ой дамуының деңгейіндегі балалар (мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағылар)

2.Арнайы ақыл-ой дарындылығының белгілері байқалатын балалар (математика, әдеби, музыка т.б.) (орта  жастағылар)

3.Әлеумет және «жасырын» дарындылыққа байланысты жарқын танымдық белсендігі және ой-өрісі терең балалар (жоғарғы мектеп жасындағылар), сонымен қатар А.И. Савенков дарынды балаларды 3 топқа бөледі. Олар: 1.Жалпы дарындылық деңгейі бойынша ең жоғары көрсеткішті  балалар;

2. Белгілі бір әрекет шеңберінде жетістіктерге жеткен балалар;

3.Мектепте озат оқитын балалар (академилық дарындылық).

Сонымен қатар дарынды балалардың ерекше белгілерін жүйелі түрде анықтап, оларды нақты жеткізе білген.

1.Ойлаудың шығармашылдығы;

2.Ешкімге ұқсамайтындығы;

3.Еңбегіне бейім келуі

Осы жерде соңғы түрін алып қарайтын болсақ,  ғалым түсіндіре отырып, маңызын аша білген, яғни шын мәнісінде білетін бала қай жерде де өзін ойдағыдай алып шыға алады, «білімге, жаңа материалды игеруге ұмтылады, қиын және ұзақ орындалатын тапсырманы  қуана орындайды, жауаптың басқада нұсқаларын іздейді, дайын жауапқа көңілі толмайды». Дарынды баланың ерекшелігі осы тұста жақсы ашылып көрсетілген. Педагогика саласында көптеген еңбектер жарық көруде. Мәселен, Ұ.Ж. Арыстан өз тәжірибесінде дарындылықты 3 –ке бөлген. Олар:

1. Шығармашылық дарындылық,

2. Интеллектуалды, табиғи дарындылық,

3. Лидерлік дарындылық

Оқушылардың шығармашылық дарындылығының даму деңгейлерін 3 –ке бөлген. Олар :

1. Креативті деңгей, өзін-өзі дамытуға, жаңаны ашуға, шығармашылық іс-әрекетке тұрақты танымдық ынтасы болумен сипатталады.

2. Интегративті деңгей, шығармашылық қызығушылығы жеткілікті, кез-келген жұмысты  жоғары  нәтижеге жеткізуге ұмтылады, ой-өрісінің  ұшқырлығын көрсете алады.

3.  Когнетивті деңгей, танымдық қызығушылықтары басым болғанымен, өзін-өзі үнемі  дамытуға ұмтылмайды, шығармашылық іс-әркетке қабілеттілік танытқанымен, оны үнемі қадағалауды, бағыт-бағдар беруді  қажетсінеді

Сонымен қатар тағы бір еңбекте, дарынды балалар-жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет, техникаға) байқатқан балалар және деадам қабілеттілігінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді делінген. Оқушының өзіндік ерекшелігі мен іс-әрекет белсенділігіне қарай төмендегіше жіктесек, бала шығармашылық жұмыста  осы сатыдан өтеді де біртіндеп іріктеліп, шығармашыл тұлға қалыптаса бастайды. Мәселен, белгілі психолог Н.Лейтес оқушы бойындағы негізгі қасиеттер мыналар деп көрсетеді:

1. Ұқыптылық, жинақылық, зейіннің тұрақтылығы, еңбек ету қабілетінің жоғарлығы;

2. Ақыл-ой, логикалық ойлаудың тездігі, кез келген жағдайды талдап салыстыра білу;

3. Барлық күш-қуатты сарқа жұмсап тынымсыз еңбек етуі

Сонымен «дарынды деген кім және оның ерекшеліктері қандай?» деген сұраққа жоғарыда айтылған ғалымдарымыздың еңбектерін қорытындылай келіп, «Дарынды бала»дегеніміз-алдына мақсат қоя білетін, оны дұрыс болжай алатын, оның нәтижесіне көзі жететін, жан-жақты ойлана отырып бір тоқтамға келетін, өзіне сенімді, шығармашылықпен жұмыс жасауда биіктерден көрінетін, адамгершілікті жоғары қоятын, ерекше тұлға деп түсінемін. Ал оның дарынды оқушының ерекшелеліктеріне тоқталатын болсам, олар

1. Ойлау шеберлігі

2.тұлғалық жеке қасиеттері

3. Өмірге деген көзқарасы мүлдем өзгеше, қабілетті тұлға. «Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бала-ертеңгі азамат. Оны тәрбиелеп, биік шыңдарға жеткізу, мемлекеттің  мүддесіне өзі жететіндей етіп қалыптастыру педагог қауымының бірден-бір мемлкеттік үлесі деп білемін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, 2012 // http://www.akorda.kz

  2. Джон Локк «Адамның ақыл-ой тәжірибесі» атты философиялық еңбегі

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
1977
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі