Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Дарындылықты анықтау тесті
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Дарындылықты анықтау тесті
Ата-аналарға нұсқау
Сізге баланың қабілеттерін дамытуда нақты кеңестер мен ұсыныстар айту үшін біз алдымен баланың бейімділігі туралы мағлуматтардан хабардар болуымыз керек. Сізге 35 сұрақ беріліп отыр, ойлана отырып, балаңыздың мүмкіндігін асырып немесе кемітпей жауап беруге тырысыңыз. Жауабыңыз шындыққа жанасуы үшін балаңызды өз құрбыларымен салыстыра отырып жауап беріңіз.
Жауап парағына аты-жөніңізді жазыңыз. Жауаптарыңызды ретіне қарай түсіріп отырыңыз. Егер сұрақ мазмұны сізге ұнамаса «-», ұнаса «+», егер өте ұнаса»++» белгілерін қойыңыз. Егер қандай да бір себептермен жауап беруге қиналсаңыз, сол жауап ұяшығын бос қалдырыңыз.
Сұрақ парағы
Әрбір сұрақ «сізге ұнайды ма?» сөздерімен аяқталады.
-
логикалық және ойлануға арналған тапсырмаларды шешу;
-
өз бетіңізбен (сізге біреу оқыса) ертегі, әңгіме, повестерді оқу;
-
ән айтып, әуендету;
-
дене шынықтырумен шұғылдану;
-
басқа балалармен ұжымдық топтық ойындар ойнау;
-
табиғат туралы әңгімелер оқу(сізге оқыса тыңдау);
-
ас бөлмесінде жұмыс істеу(ыдыс жуу, ас дайындау);
-
техникалық нобайлағышпен ойнау;
-
тілді меңгеру, жаңа сөздерге қызығу мен қолдану;
-
өз бетімен сурет салу;
-
спорт, қозғалыс ойындарын ойнау;
-
балалар ойынын басқару;
-
орманға, ен далаға шығу, өсімдік, жануар, жәндіктерді бақылау;
-
дүкенге тағамдар сатып алуға бару;
-
техника, машина, ғарыш кемелері және т.б. туралы оқу (сізге оқыса тыңдаған);
-
жасырынған сөздерді табу ойындарын ойнау (қала, жануарлар аттарын табу);
-
өз бетіңмен оқиға, ертегі, әңгіме құрастыру;
-
күн тәртібін жасап, таңертеңгі жаттығу жасау;
-
бөгде адамдармен әңгімелесу;
-
үй аквариумын, құстар, жануарлар(мысық және т.б.) ұстау;
-
өзіңнен кейін кітап, дәптер, ойыншықтар және т.б. жинастыру;
-
ұшақ, кеме және т.б. суреттерін салу және жобалау;
-
тарихпен танысу(тарихи мұражайларға бару);
-
үлкендердің нұсқауынсыз өз бетіңмен бейнелеу өнерінің түрлерімен айналысу;
-
спорт туралы кітаптар оқу (біреу оқыса тыңдау), спотр хабарларын тыңдау;
-
балалар немесе үлкендерге бір нәрсе туралы түсіндіру (өз пікіріңді дәлелдеу, сөз жарыстыру, нандыру);
-
үй өсімдіктеріне қарау;
-
үлкендерге үй жинауда көмектесу (шаң сүрту, сыпыру, т.б.);
-
өз бетіңмен санау, мектепте математикамен айналысу;
-
қоғамдық құбылыстар мен халықаралық жаңалықтармен танысу;
-
көрініс құруға қатысу;
-
секциялар мен үйірмелерде спортпен шұғылдану;
-
өзге адамдарға көмектесу;
-
бақшада жұмыс істеу, өсімдіктерді өсіру;
-
өз бетіңмен тігу, кесте тігу, жуу немесе көмектесу;
Жауап парағы
Парақ ұяшықтарында барлық сұрақтарға жауап жазылады ( - және + таңбаларымен)
Мерзімі:_________________
Тегі, аты:____________________________
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
26 |
27 |
28 |
29 |
30 |
31 |
32 |
33 |
34 |
35 |
Сұрақтар бала бейімділігін шартты түрде жеті салаға бөле отырып, сәйкесінше құрастырылған:
-
метематика мен техника;
-
рухани;
-
бейнелеу өнері;
-
дене шынықтыру мен спорт;
-
қарым-қатынастық қызығушылықтар;
-
табиғат пен жаратылыстану;
-
үйдегі міндеттер, өз-өзіне қызмет көрсетудегі қызметтер;
Бұл әдістеме диагностикалық қызметтен бөлек, өзгерту енгізу мен педагогикалық мәселерді шешуде көмегін тигізеді. Алынған нәтижелердің баланы әрі қарай бақылауда тірек-сызба ретінде пайдасы тиетіні сөзсіз. Олар арқылы баланы жан-жақты және үйлесімді дамытуға болады.
Нәтижелерді өңдеу
Қосу және алу таңбаларының санын тігінен санап шығыңыз (олар өзара қысқарады). Қосу таңбасының көп болуы басымдылық белгісін білдіреді. Қорытынды жасағанда зерттеушілердің шынайылығына мән берген жөн. Сонымен қатар кейбір дарынды балалардың қызығушылықтары барлық салаларда бірдей айқын көрінсе, ал кейбіреулерінің қандай да бір салалар бойынша бейімділігінің төмендігі байқалады. Бұл жағдайда бала қызығушылығы бағыттарының белгілі бір түрі туралы сөз қозғау қажет.
Берілген әдістеме ата-аналармен жүргізілетін жұмысты белсендіре түсуі тиіс. Оларды өз баласының қызығушылығы мен бейімділігін зерттеуге итермелеп, тым болмаса осы мәселе жөнінде ойлануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бала мен оның ата-анасының жауптарын салыстырудың өзі қызық. Бұл бала қызығушылығы бағытының шынайы бейнесін жасап, бала мен оның ата-анасымен жүргізілуі тиіс іс-шаралар зоналарын анықтауға мүмкіндік береді.
Ата-аналарға арналған әдістеме
Ата-аналар тексеруі
Мектептің оқу бағдарламасы сіздің балаңызға экспериментке қатысуды ұсынады. Осы орайда балаңыз туралы ақпаратпен қамтмасыз етуде сіздің көмегіңіздің маңызы зор. Сауалнама толтыру үшін бірнеше минут уақытыңызды бөлуді сұраймыз. Балаңыз туралы ғана жақсы білетін мағлұматтады белгілеп, көрсетілген уақытта мектепке әкеліңіз.
-
Менің баламның сөздік қоры мол және ол өз ойын жақсы жеткізеді. Егер «иә» деп жауап берсеңіз, мысал келтіре кетіңіз.
Иә___________ жоқ_________
-
Менің балам тапсырманы орындағанда бар күшін жұмсайды, табанды және тапсырманы өз бетімен орындайды. Мысал келтіруді өтінеміз.
-
Менің балам кітап оқуды балабақшадан бастады. Иә______ жоқ_________
-
Егер «иә» деп жауап берсеңіз, балаңыз оқыған кітаптарды атаңыз.
-
Балам құмарлана кітап оқиды. Иә________ жоқ__________
-
Балаңыздың соңғы 6 айда оқыған кітаптарын атауыңызды өтінеміз.
-
Сіздің балаңыз қай жағынан талантты немесе ерекше қабілетті деп ойлайсыз?
-
Сіздің балаңыздың аса қызығушылық танытатын заттарын немесе хоббиін атаңыз (коллекция жинау, иодельдер жинау, шеберлік және т.б.).
-
Балаңыз мектептен тыс уақытта қандай арнайы қосымша сабақтарға барады?
-
Сіздің балаңыздң мектепке қарым-қатынасы қандай?
-
Мектеп пен үйдегі жағдайлар балаңыздың мектепке баруына кедергі жасайды ма?
-
Бізге балаңызға арнап бағдарлама жасауда көмегін тигізер қандай ерекшеліктерді атап кетер едіңіз?
-
Балаңыз бос уақытында немен айнлысады?
-
Сіз өз балаңызды аса дарынды деп атар ма едіңіз? Иә_______ жоқ_______
а) бір нәрсені қиялмен орындайды, күрделі сөздер мен ым жасай отырып түсіндіреді;
ә) қарапайым мағлұматтарды күтпеген кейіпте пайдаланады;
б) бір нәрсені орындағанда қарапайым жолдарды пайдаланбай, жаңа жолды таңдайды;
в) «ойлармен ойнағанды» ұнатып, орынсыз жаңа жағдаяттар туғызады.
15. Сіздің пікіріңізше, балаңыз дарынды балаларға арналған бағдарламаның қай саласын игере алады?
Баланың аты_______________
Жасы__________
Сыныбы______________
Мекен-жайы________________ телефон_____________
«Дарындылық картасы» әдістемесі
Жалпы сипаттамасы
Бұл әдістемені автор (А.И. Савенков) Хаан мен Кафф әдістемелерінің негізінде жасаған. Бұл әдістеменің аталған авторлар әдістемесінен ерекшелігі – нәтижелерді өңдеу әдістемесін жеңілдету үшін әрбір бөлімнен бірнеше сұрақтар алынып, қысқартылды, сондай-ақ қорытындылау жұмыстарын жеңілдету үшін «сұрақнама» егізіліп, ол алынған ақпараттарды салыстырмалы түрде жүйелендіруге мүмкіндік береді.
Әдістеме ата-аналарға арналған және мұғалімдер де пайдаланса болады. Әдістеменің ерекшелігі 5-тен 10 жасқа дейінгі аралық. Ол екі негізгі қызметті орындауға есептелген.
Бірінші және негізгі қызметі – диагностикалау.
Осы әдістеме арқылы сіз баланың бойындағыв түрлі қабілеттер мен дарындардың байқалу деңгейін және де қазіргі уақытта қай түрі басымдырақ болып тұрғанын сандық сипатта бағалай аласыз. Алынған он бағаны сәйкестендіру арқылы тек сіздің балаңызға тән, оның жеке дарындарының даму портретін көре аласыз.
Екінші қызметі – дамытушылық.
Баланы бағалауға арналған тұқжырымдарды оның келешек даму бағдарламасы деп қарастырға болады. Сіз өзіңіз бұрын байқамаған нәрселерге көңіл бөліп, неғұрлым құнды деген тұстаға зейін қою мүмкіндігіне ие боласыз.
Әрине бұл әдістеме бала дарынының көрінетін тұстарының бәрін дерлік қамтымайды. Дегенмен ол бірегей әдістеме роліне таласпайды да. Бұл әдістемені бала дарындылығы диагностикасы әдістемелері кешенінің құрамдас бөлігінің бірі деп қарастыру қажет.
Нұсқау
Сіздерге бала іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзіндік он саласын қамтитын жүйелендірілген 80 сұрақ ұсынылып отыр. Оларды зейін қойып зерделеп, келесі шкаланы пайдалана отырып, әрбір көрсеткіш бойынша балаңызға баға беріңіз:
(++) – егер тұлғаның бағаланып отырған белгісі жақсы дамып, анық байқалып, жиі көрінетін болса;
(+) – белгі анық көрінгенмен, тұрақты байқалмаса;
-
– бағаланып отырған және оған қарама-қарсы белгі, анық көрінбеген, сирек байқалады, мінез-құлық пен әс-әрекет барысында бір-бірін теңестіріп отырады;
(-) – бағаланып отырған белгіге қарама-қарсы белгі анық және жиі байқалады.
Бағаны жауап парағына қойыңыздар. Бірінші тұжырым бойынша бағаны жауап парағының бірінші ұяшығына, екіншісінікін екіншісіне және т.б. қоясыз. Толтыру уақыты 10-15 минут.
Егер сіз бағалау үшін қажетті мағлуматтарды білмесеңіз, сәйкес ұяшықты бос қалдырыңыз. Оссы тұсын бақылауға алуға тырысыңыз. Ал әзірге ата-ана мектебінде осы көрсеткіш үшін «екі» алдым деп есептей беріңіз.
Осы әдістеме бойынша баланы жақсы білетін басқа да үлкендерден, мысалы әжесі мен атасынан өз бағаларын беруін сұраңыз. Содан кейін орташа көрсеткіштерді оңай есептеуге болады, ол өз кезеңінде нәтижелердің шынайы болуын қамтамасыз етеді.
2
Жауап парағы
-
Логикалық тұжырым жасауға бейім, абстрактілі түсініктерді пайдалануға қабілетті.
-
Қалыптан тыс ойланып, көп жағдайда тосын, қайталанбас шешімдерді ұсынады.
-
Жаңа білімдерді оңай игереді.
-
Салған суретінде ұқсастық жоқ. Сюжет таңдауда ерекшелік танытады. Әдетте көптеген зат, адам және түрлі жағдаяттарды бейнелейді.
-
Музыкалық сабақтарға үлкен қызығушылық танытады.
-
Әңгімелер мен олеңдерді құрастырып, жазуды ұнатады.
-
Түрлі кейіпке: адам, жануар және т.б. оңай енеді.
-
Механизмдер мен машиналарға қызығады.
-
Құрбыларымен қарым-қатынас жасауда бастама танытады.
-
Қуатты, көп қозғалысты қажет ететін баоа деген әсер қалдырады.
-
Жіктеп, даралауға үлкен қызығушылық пен асқан қабілеттілік танытады.
-
Жаңа талпыныстардан қорықпайды, әрдайым жаңа ойды сынақтан өткізуге ұмтылады.
-
Естігенін және оқығанын қайталамай-ақ жылдам есте сақтайды, есте сақтауы тиіс нәрсеге көп уақыт жұмсамайды.
-
Жақсы фильм көргенде, музыка тыңдағанда, таңғажайып мүсін, әдемі зат көргенде ойл және ақылды кейіп танытады.
-
Музыка ырғағы мен сипатына сезімталдықпен көңіл бөледі.
-
Сюжет құрудан, дау дамайды шешуге дейінгі көлемде әңгімені оңай құрастыра алады.
-
Әртістік ойынға қызығушылық танытады.
-
Бұзылған құралдарды оңай жөндеп, жаңа ойыншық, құрал жасау үшін ескі детальдарды пайдалана алады.
-
Бейтаныс адамдардың арасында өзіне сенімділігін жоғалтпайды.
-
Спорт ойындары мен жарыстарға қатысқанды ұнатады.
-
Өз ойын оңай жеткізеді, сөздік қоры мол.
-
Түрлі заттарды таңдау мен пайдалануда шығармашыл(мысалы, ойыншық ретінде үй тұрмысындағы заттарды пайдалана алады).
-
Өз қатарларынан жаңалықтар мен оқиғалар туралы ерте хабардар болады.
-
Гүл, сурет, тас, марка және т.б. ерекше композиция жасауға бейім.
-
Әнді жақсы орындайды.
-
Әңгіме айтқанда сюжетті жақсы ұстанып, негізгі ойынан адаспайды.
-
Басқа адамның кейпіне кіргенде дауыс ырғағын икемдеп, өзгертеді.
-
Механизмнің бұзылу себебін анықтауды, сынықты жөндеу жолдарын іздеуді ұнатады.
-
Балалармен және тез тіл табысады.
-
Құрбылары арасында түрлі спорт ойындарында жиі жеңіске жетеді.
-
Екі оқиға мен себеп-салдар арасындағы байланысты оңай табады.
-
Өзі қызыққан нәрсеге бар болмысымен бойлауға бейім.
-
Өз қатарларын оқудан бір немесе екі жылға басып озады, яғни қазіргі оқып жатқан сыныбынан да жоғары сыныпта оқуға лайықты.
-
Ойыншық, коллаж, сурет, ойын алаңдарында балалар үйшіктерінің құрылысында жаңа материалдарды пайдаланғанды ұнатады.
-
Музыка аспабында ойнауға, билеу мен ән салуда бар күші мен сезімін салады.
-
Оқиға туралы әңгімелегенде тек қажеті детальдарды, басты сипаттарын ғана ұстанып, қажетсізін қалдырып кетеді.
-
Драмалық сипаттағы дау-дамайды түсіну мен салуда өз қабілетін танытады.
-
Механизмдер сызбалары мен нобайын жасауды ұнатады.
-
Бақа адамдардың іс-әрекетінің себеп-салдарын түсінеді. Аяқталмаған ойды тез түсінеді.
-
Балабақша мен сыныпта бәрінен жылдам жүгіреді.
-
Ақыл-ойды көп қажет ететін күрделі мәселелерді шешуді үнатады.
-
Бір мәселені шешудің түрлі жолдарын қарастыра алады.
-
Танымы жан-жақты, айқын.
-
Бос уақытында аа-анасының нұсқауынсыз көркемді қажеттілікке ие (үйді, киімді әсемдеу және т.б.) суреттерді, мүсіндерді, композициялардықуана-қуаа салады әрі жасайды.
-
Музыкалық жазбаларды ұнатады. Концерт немесе музыка тыңдауға болатын жерге барғанды ұнатады.
-
Кейіпкерлердің эмоциялық жағдайын, сезімдері мен тебіреністерін жеткізе алатын сөздерді әңгімелеу барысында қолдана біледі.
-
Сезімдерін ыммен, қозғалыспе жеткізуге бейім.
-
Жаңадан жасалған машина, механизм, құралдар туралы журналдар мен мақалаларды оқығанды (біреу оқыса, тыңдағанды) ұнатады.
-
Басқа балалар ойыны мен жұмыстарына жиі басшылық жасайды.
-
Жеңіл қозғалады. Қозғалыс үйімділігі жақсы.
-
Байқампаз, құбылыстар мен оқиғаларды талдағанды ұнатады.
-
Өз ойын ұсынып қоймай, басқалардікін де, өзінікін де өңдей алады.
-
Өз құрбыларын бір немесе екі жал бұрын кітаптар, мақалалар, ғылым басылымдарды оқиды.
-
Ө сезімі мен көңіл күйін білдіру үшін сурет салып, мүсін жасауға көп бой бұрады.
-
Қандай да бір музыкалық аспапта жақсы ойнайды.
-
Оқиғаны түсінуде маңызды детальдарды әңгімелеу барысындажеткізе алады (өз құрбылары жеткізе алмайды), сондай-ақ әңгімелеп отырған оқиға желісінен адаспайды.
-
Басқа адамдардың эмоциялық қобалжуын бір нәрсені асыра әңгімелегенде оятуға тырысады.
-
Ғылыми оқиғалар, жаңалқтар туралы әңгімелегенді ұнатады және көп ой толғатады.
-
Өз жасына лайық жауапкершілікті мойнына алуға бейім.
-
Жорыққа шыққанды, ашық спорт алаңдарында ойнағанды ұнатады.
-
Символдар, әріптер мен сөздерді есінде ұзақ сақтай алады.
-
Өмілік мәселелерді шешуде дәстүрден тыс жаңа шешімдерді сынап көруге қабілетті.
-
Қорытынды мен жинақтаулар жасай алады.
-
Ән айту мен музыкада өз сезімі мен көңіл күйін білдіруге ұмтылады.
-
Көпшілікке белгілі нәрсе туралы әңгімелескенде жаңа, өзгертулер қосып, қиялдауға бейім.
-
Көлемді бейнелеу жасауда саз, ермексаз, қағазбен және желіммен жұмыс істегенді ұнатады.
-
Оңай әсірелеп, эмоциялық қобалжулары мен сезімдерін оңай жеткізеді.
-
Өз «жобаларын» нобайлауға және жүзеге асыруға көп уақыт бөледі ( ұшу аппараттары, автомашина, кеме модельдері).
-
Басқа балалар оның ойын ойнағанда және тапсырмалар орындағанда әріптес болғанын қалайды.
-
Бос уақытын қозғалмалы ойынға (хоккей, баскетбол, футбол және т.б.) жұмсағанды ұнатады.
-
Қызығушылық аясы кең, заттың шығу тегі мен қызметі туралы сұрақтарды көп қояды.
3
-
Немен айналысса өнімшіл (сурет салу, әңгіме құрастыру, нобайлау және т.б.), түрлі ойлар мен шешімдер ұсынуға қабілетті.
-
Бос уақытында көркем әдебиеттерді оқымай (ертегі, детектив және т.б.) ғылыми-танымал басылымдарды (балалар энцоклопедиясы мен анықтамалар) оқығанды ұнатады.
-
Өнер шығармаларында өз бағасын бере алады, сурет, ойыншық, мүсіндерінде өзіне ұнаған нәрсені бейнелеуге тырысады.
-
Өзіндік, ерекше әуендер ойла табады.
-
Өз әңгімелерінде кейіпкерлерін тірілте отырып, олардың мінезін, сезімдері мен көңіл күйлерін жеткізе алады.
-
Ойын әсірелеуді ұнатады.
-
Компьютерді оңай әрі тез үйренеді.
-
Нандыру қасиетіне ие, өз ойына басқаларды сендіре алу қабілетібар.
-
Құрдастарына қарағанда дене бітімі жағынан төзімді.
Нәтижелерді өңдеу
Тігінен қосу және алу таңбаларын санап шығыңыз (олар өзара қысқарады). Саақ нәтижесін бағана соңына жазыңыз. Алынған ұпай жиынтығы сіздің бала бойындағы мынадай дарындардың даму деңгеиіне берген бағаңызды сипаттайды:
-
танымдық;
-
шығармашылық;
-
академиялық (ғылыми);
-
көркем-бейнелеу;
-
музыкалық;
-
әдеби;
-
әртістік;
-
психологиялық;
-
көшбасшылық;
-
спорттық..
Жауап парағы