ДАРЫНДЫЛЫҚТЫ ДАМЫТЫП, ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРДЫ КӨШ ІЛГЕРІЛЕТУДЕ ҚАТЕЛІКТЕРГЕ БОЙ АЛДЫРМАЙЫҚ...

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ДАРЫНДЫЛЫҚТЫ ДАМЫТЫП, ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРДЫ КӨШ ІЛГЕРІЛЕТУДЕ ҚАТЕЛІКТЕРГЕ БОЙ АЛДЫРМАЙЫҚ...

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс істеудегі жол берілмеуі тиіс қателіктер туралы жан – жақты жазылған. Оларды бағалау, қолдау көрсету тәрізді маңызды шарттар талданады. Ұстаз тарапынан іске асырылуға тиіс іс – әрекеттер тізбегі мақалада кеңінен зерттелген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ДАРЫНДЫЛЫҚТЫ ДАМЫТЫП, ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРДЫ КӨШ ІЛГЕРІЛЕТУДЕ ҚАТЕЛІКТЕРГЕ БОЙ АЛДЫРМАЙЫҚ...


ОРАЗОВА Г.Ж.


«Х. Санбаев атындағы орта мектеп» КММ, Атырау облысы, Мақат ауданы


Аннотация. Бұл мақалада дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс істеудегі жол берілмеуі тиіс қателіктер туралы жан – жақты жазылған. Оларды бағалау, қолдау көрсету тәрізді маңызды шарттар талданады. Ұстаз тарапынан іске асырылуға тиіс іс – әрекеттер тізбегі мақалада кеңінен зерттелген.


Кілт сөздер: дарынды, оқушы, үлгерімі төмен, ұстаз, қателік, баға, білім, сабақ.


Білім беру барысында әр оқушының қарым – қабілеті, оқу жетістігі әр – түрлі. Біреулері оқ бойы оза шауып, дарындылығымен көзге түссе, өзгелері үлгерімі төмен оқушылар қатарын құрайды. Әрине, осы тұста қос тарапқа да ұстаздар қауымы барынша қолдау көрсетіп, қателікке бой алдырмаға тырысу қажет.

Қателік қандай болуы мүмкін деген сауал осы тұста еріксіз ойға оралатаны анық. Ең алдымен, оқушыларды оқу жетістігіне қарап, жеке басқа қатысты сынға жол бермеу қажет. Оқу үлгерімінің деңгейі кей жағдайда физиологиялық болғанымен, кейде психологиялық, эмоционалды жайттар әсерінен көрініс табуы ғажам емес. Мәселен, мінез – құлығы тұйық оқушылар суырылып алға шығып, топ алдында өз пікірін білдіруге қысылуы мүмкін. Ол білген ақпаратын іште бүгіп, нашар баға алуы да ғажам емес. Кейде өзге де сыртқы мәселелер салдарынан оқуға деген құлшыныс бәсеңдеп, селқостық танытатын сәттер де кездеседі. Сол себепті, әр оқушының жеке басына терең үңіліп, мәселенің түп қазығы мен шығу арнасын басшылыққа алған жөн. Көп педагогтың қателігі сол, үлгерімі төмен оқушының байыбына бармай жатып, ол туралы жаңсақ пікір қалыптастыратындығында. Сол себепті, дарынды және үлгерімі төмен оқушылар туралы диагностика жасау да артық етпейді.

Жалпы, дарынды оқушылар ұстаздардың көзіне бірден байқалады. Талай жылдық тәжірибесі бар ұстаздар білім алушылардың деңгейін бірнеше сабақтан кейін – ақ айқын аңғарып, оқушылардың үлгеріміне баға бере бастайды. Өзгелерден ерекшеленіп, көзге түсіп, зейінді, жинақы, тұрақты түрде жауап беріп, әрқашан қызметке дайын тұратын, алға қойған мақсатқа жеткенше тынбайтын, еңбектенуден еш жалықпайтын жанды байқамау әсте мүмкін емес.

Өз кезегінде В.А. Мижериков «Дарынды балалар» ұғымына мынандай анықтама берген: Жалпы немесе ерекше дарындылықтары байқалатын балалар бейімділіктері жоғары, психикалық даму қарқыны бойынша диагностикалау жүргізген сәтте барлық балалар тең болған жағдайда, өз құрдастарынан алға жылжып, интеллект коэффициенті бойынша оқ бойы озық болып тұрады.[1, 249 б.].

Жоғарыдағы қасиеттерге ие оқушыны жекелей бақылауға алып, оның дарынын жетілдіруге жағдай жасау ұстаздың алдына қойған басты міндет. Ой – өрісін дамыту, шығармашылығын шыңдау, білімін одан әрі жетілдіру барысы жіті қадағаланып, жекелей жұмыстар жүргізу қажет.

Дарынды балаларға бір қарағанда ешқандай көмек қажет емес сияқты. Олар онсыз да өзгелерден ерекшеленіп, оқ бойы озық тұрады. Дегенмен, бұл қате пікір. Тұлғалық ерекшелігіне байланысты мұндай балалар өздерінің іс – әрекеті, мінез – құлқы және ойлауы бойынша өте сезімтал болып келеді. Олар кез – келген пікірді көңіліне жақын қабылдап, қарым – қатынас жасау барысында өзіне бағытталған пікірге жіті мән береді. Дарынды бала тек өзіне ғана емес, қоршаған ортаға да сыни көзқараспен қарайды. Сондықтан, дарынды балалармен жұмыс жасайтын ұстаздар қауымына да асқан шыдамдылық пен жеткілікті мөлшерде төзімділік қажет.

Дарынды балалар өздеріне өте талапшыл. Алға қойған мақсатына қол жеткізе алмайтын болса, бұл эмоционалды күйзеліске ұшыратып, мінез – құлықтың тұрақсыздығына әкеледі. Мұндай балаларда қабілетінің дамуы жағынан өздерінен төмен тұрған балаларға қарағанда төзімділіктері жетіспейді. Сол себепті, көбіне үлгірімі төмендеп, өздеріне деген сенімділіктері азайып, білімге деген құлшыныстары азаяды. Кез – келген мәселе оларға үлкен қиындық тудырып, тіпті тұйықталуына да әкелуі мүмкін. Әрине, бұл алдағы уақытта оқушының сабаққа деген ынтасының төмендеуіне әкеліп, бойдағы дарынының дамуына кедергі келтіреді. Дарынды балаларға психологиялық көмек сондықтан аса қажет.

Әрине, дарынды оқушылармен жұмыс жасау барысында оның тұлғалық қасиетін дамытуға да жіті көңіл бөлгеніміз дұрыс. Мұғалім тарапынан жіберілетін қателік сол, ол өз пәні бойынша үздік шәкір ретінде тәрбиелейді де, бірақ өзіне деген сенімділік, бәсекеге қабілеттілік қағидасын ұмыт қалдырып жатады. Дарынды оқушыларға тым жоғары талап қою арқылы біз оларға қателесуге жол бермейміз. Оның сәл мүлт кеткен тұсын бірден сынға алып, әшкере қыламыз. Бұл оның өзіндік құндылығын, сенімділігін азайтады. Осы орайда мен қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің ұстазы ретінде дарынды шәкірттердің еркіндігін ең бірінші орынға қоямын. Олар өз ойын еш қысылмастан, емін – еркін жеткізуі керек. Білім көрсеткіші – дұрыс коммуникация құра алып, өз білімін еш бүкпесіз, сауатты, жинақы, жүйелі жеткізе білуінде. Көптеген дарынды балалар бар, іштегі білім алтын сандық тәрізді қойнауы толған қазына, ал сыртқа құндылығы мен жылтырын көрсете алмайды. Сол себепті, бойдағы білімнің барынша сыртқы фактормен, тіл тазалығы, сөз саптауымен үндестік табуы аса үлкен қажеттілік.

Мұғалімнің кәсіби – шығармашылық іс – әрекетін қалыптастыру барысында негізгі екі жұмысы айқындалады: кәсіби шеберлікке тәрбиелеу және оның жеке тұлғасын дамыту. Мұғалім де, мемлекеттік мекемелер де ең басты мақсатты кәсіптік оқытуға бағыттайтыны мәлім. Ал, баланың жеке дамуы туралы мәселе кенже қалып жататыны жасырын емес. Ал, дарынды бала үнемі қолдауға мәжбүр. Сондықтан, әр педагог негізгі бағдарламадан бөлек, ерекше қабілеті бар жандарды жекелей қамқорлыққа алып, қашан да қолтықтарынан демеу беріп отыруы керек.

Жаңа білім беру жүйесі тұлғаны дамытуды, ұлттық құндылықтарды, қалыптастыруды, оны өз елінің және әлемнің азаматы ретінде тәрбиелеуді, сонымен қатар жаңа заманның талаптары негізінде қажет мәліметтерді өз бетімен таба алу біліктілігін қалыптастыруды қамтамасыз етуді қарастырады.

Сол себепті дарынды оқушыларды дамытумен қатар, оқу үлгерімі төмен жандармен де жан – жақты жұмыс түрлерін жүзеге асыруды іске асырған жөн. Көп педагогтің жіберетін қателігі, нашар оқитын балалардың қабілеті тек күнделікті алып жүрген бағасына сай деп ойлауы. Алайда, ынталандыру, сабаққа қызығушылық ояту, мақтау – мадақтау айтып, қолдау көрсету арқылы үлгерімі төмен оқушылардың оқу жетістігін айтарлықтай жақсартуға болады. Алайда, осы тұста қателікке бой алдырмау керек. Ол нақты мақсатқа жету жолында тек ұстаздың сүйемелдеуіне тәуелділік пен мадақтаудың шамадан тыс жиі орын алуы. Яғни, сабаққа селқостық танытатын жандарды жақсы жетістігі үшін үнемі мақтау арқылы ғана алға сүйреу уақыт өте келе үйреншікті жағдайға айналады. Үлгерімі төмен оқушы үнемі назарды күтіп, өз іс – әрекетіне айналасындағылардың баға беруін, қолпаштауын күтіп отырады. Ал, бұл кейде орындалмай қалса, қолын қайтадан бір сілтеп, оқуға өз еркімен дайындалуға құлшыныс білдірмейді. Сол себепті, ұстаздар тарапынан мақтау – мадақтау білдіру кезде де барынша ұқыптылық танытқан жөн.

Үлгерімі төмен оқушылардың жеке бас мәселесінде қандай да бір жағдайлар орын алуы мүмкін. Ол отбасылық, қаржылық немесе тіпті қатарластары арасындағы буллингтен болуы да ғажап емес. Мұғалімдер сабаққа салғырт қараудың себептерін іздемей, бірден ескерту жасап, нашар баға қойып, бұл балалардың бойындағы өзіне деген сенімсіздікті одан әрі ұлғайтып алу қауіпі басым. Сондықтан пән мұғалімдері сынып жетекшісі, ата – анамен тығыз қарым – қатынас орнатып, жеке басқа қатысты деректермен таныс болғаны дұрыс.

Білім алушыларға дер кезінде қолдау көрсету, оқытудағы алға басуын көрсету,оқыту нәтижесі бойынша ата – аналарын хабардар ету мақсатында әрбір сабақта бағалау элементтерін қолдану ұсынылады. [2, 147 б.]

Оқу үлгерімі күнделікті сабақты оқушылардың түсіну деңгейін аңғартады. Әр баланың танымдық деңгейі әр – түрлі екенін ескерсек, бағалау жүйесінде де айтарлықтар айырмашылықтар орын алуы заңдылық.

Мектеп оқушылары үшін баға – ең маңызды фактор. Сол себепті әр ұстаз күнделікті бағалау үрдісінде оқушыларға қойылған көрсеткіштің себебін түсіндіруі қажет. Ең басты қателіктің бірі, түсіндірме жұмыстарының жүргізілмеуі. Оқушылар өздерінің алған бағасына көңілі толмай, іштей қынжылу арқылы алдағы уақытта оқуға енжарлық танытуы мүмкін. Ал, ұстаз тарапынан кеткен қателіктер, жіберген олқылықтарды талдау арқылы оны болдырмаудың жолдарын қарастырып, өз бағасын түзетуге әрекеттер жасай бастайды.

Әрбір білім алушы дайындығының жалпы деңгейіндегі өзгерістерді де, бұрыңғы жетістіктерімен салыстырғанда оның жетістіктерінің динамикасын да атап өту маңызды.

Осы орайда, оқушылардың үлгеріміне ықпат ететін маңызды факторлардың бірі – заман талабына сай жаңашыл бағытта білім беру. Инновациялық технологиялар арқылы оқуға ынталандырып, білімге ден қоятын ұрпақ қатарын арттырған жөн. Әсіресе, «жасанды интеллект» қазіргі таңда кең қолданысқа ие.

«Жасанды интеллект» дәуірінде қазақ тілін дамыту ел тұрғындарына жүктелетін ең үлкен міндет. Қазірдің өзінде арнайы сала мамандары ана тілдің абыройын асқақтату үшін біршама шаралар әзірлеп, оны қолданысқа енгізуде. Мәселен, Компьютер қазақша мәтінді дыбыстай алады. Бұл Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты ғалымдары компьютер көмегімен қазақша мәтінді дыбыстауға қол жеткізді.

Олар қазақ тілінде сөз синтездеу немесе басқаша айтқанда қазақ мәтінін дыбыстық сигналға түрлендіру технологиясын жасады. Синтез технологиясы компьютерге кез келген қазақша мәтінді адам дауысына ұқсас дауыспен оқып шығуға мүмкіндік береді. Әзірлеушілердің айтуынша, мұндай технология Қазақстанда бұрын болмаған. [3, 2 б.]

Мұғалімдерге оқушылар үшін тиімді оқу тәжірибесін ұсыну, оқушылардың идеялары туралы кері байланыс ұсынып, өзінің тәжірибесін ұсыну, оқушылардың идеялары туралы кері байланыс ұсынып, өзінің тәжірибесін сыни бағалау және оны жақсарту үшін, оқу процесі мен оқушыларды дамыту процесінде сарапшы болуы үшін кәсіби дағдылар қажет.

Қазақ халқының көрнекті ағартушысы А.Байтұрсынов мұғалімнің жеке тұлғасы туралы мәселене көтере отырып, «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізетін...Мұғалім нашар болса, сайлы мектепте отырып сабақ бере алмайтынын» айтты. Сондай – ақ ол мұғалімдерге қойылатын талаптарды тұжырымдады: «Бала оқытуын жақсы білем деген адам, әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуі керек, екінші, баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам балаларға керек», - деген болатын.[4,5 б.]

Олай болса, дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс істеуде қателіктерге бой алдырмай, барынша тиімді әдіс – тәсілдерді басшылыққа алатын болсақ, біз алға қойған мақсатқа айқын қол жеткізетініміз анық.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарына кіру стратегиясы қоғам өмірінің барлық саласында, соның ішінде әлемдегі елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдаланып тұлға қалыптасуының негізін қалайтын орта мектептің білім беру жүйесінде оң өзгерістер жасауды қажет етеді. [5, 5 б.]

Білімді ұрпақ – ел болашағы. Дарындылығымен дара шауып, шығармашылығымен шыңдарды бағындыратын шәкірттеріміз көп болсын!


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Мижериков, В.А. Психология – педагогикалық сөздік, Феникс, 2009 – 544 б.

  2. Білім мазмұнын жаңарту аясында «Қазақ тілі» пәнін (Т1) оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар (5-9-сыныптар) / ; ҚР Білім және ғылым мин-гі ; Ы. Алтынсарин атын. Ұлттық білім акад.... – Нұр-Сұлтан : Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2019. - 287 б.

  3. Компьютер қазақша мәтінді дыбыстай алады (Назарбаев Университет ғалымдарының жаңа өнімі)/ // Egemen Qazaqstan. - 2021. - 20 сәуір

  4. Әбділдабек А. Ахмет Байтұрсынов Мектеп мәселесі хақында // Бастауыш мектеп. – 1992. No3. – Б.3-6.

  5. Заманауи мектептегі білім сапасын басқару = Управление качеством образования в современной школе: әдістемелік құрал / ... – Астана : [б. ж.], 2014. - 82 б.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.04.2025
179
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі