«Дастархан көркі-нан» сабақ жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Дастархан көркі-нан» сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік мақсаты: Балалар астық өнімдері оның ішіндегі бидайдан нанның қалай дайындайтынын түсіндіре отырып, дастарханға жеткенше дейінгі адамдардың еңбек сіңіретінін, қолданылатын технологиялар, нанның түрлері, денсаулыққа пайдасын түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:19.11.2021

Тақырыбы: «Дастархан көркі-нан» 

Сабақтың түрі: топтық

Сабақтың өткізу әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, ертегіні сахналау

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік мақсаты:

Балалар астық өнімдері оның ішіндегі бидайдан нанның қалай дайындайтынын түсіндіре отырып, дастарханға жеткенше дейінгі  адамдардың еңбек сіңіретінін, қолданылатын технологиялар, нанның  түрлері, денсаулыққа пайдасын түсіндіру.

2. Коррекциялық мақсаты:

Ақыл ой белсенділігін арттырып,өлең, мақал-мәтелдер арқылы тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, диологты сөйлеуге, сурет бойынша құрастырып, салыстыру арқылы үйрету.

3. Дамытушылық мақсаты:

Қиялмен есте сақтау қабілеттерін, бақылағыштығын, шығармашылық, желілі-рольді ойында ой пікірін дамыту. Түстерді ажыратуға, иіс сезу дағдыларын, қол, ұсақ моторикасын дамыту.

4. Тәрбиелік мақсаты:

Балаларды еңбекті сыйлай білуге, дастархан көркі – нанды қастерлеуге, құрметтеуге, бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру  кезеңі:  Психологиялық – педогогикалық дайындық.

 Күнделікті сөздер:

- Сәлеметсіңдер ме балалар?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Атап беріңдерші?

- Күз мезгілінен алдын қай мезгілімен қоштасамыз?

- Атап беріңдерші?

  1. Өткен сабақты қайталау.

  • Балалар жаңа сабақ бастамас бұрын, өткен сабақты еске түсірейікші.

  • Өткен сабақта біз қандай тақырып өттік?

  • Құстарды не үшін досымыз деп айтамызмыз?

  • Қай құстар туралы әңгімелескен едік?

  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

Балалар бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Дастархан көркі-нан» деп аталады. Нан өте қасиетті тағам, дастарханда барлық нәрсе болып, нан болмаса дастарханымыздың көркі болмайды, нан деп бірінші нанды іздейміз. Біз бүгін нанның дастарханға қалай келетінін білетін боламыз.

Күз айының соңында диханшылар  соқасы бар трактормен жерді  жыртып , бидайдың тұқымын жерге себеді. Қысыммен қардан қалың көрпе жамылған  бидай жасыл болып өніп шығады. Жаздай күннен нәр алып, күз айында сап-сары алтындай жайқалған алапқа айналады.

Егіс даласына комбайыншылар шығып, комбайындар егінді орып жинайды да, арнайы өңеші арқылы қауызынан тазалайды. Бидайды жүк машиналарына тиеп қырманға әкетеді. Қырманда бидайды тазалап диірменге жібереді. Диірменшілер бидайдан ұн тартады.Дайын ұнды наубайханаға жібереді, наубайханашы ұнды ашытып нан пісіріп дүкендерге жібереді. Дүкеншілерден нан біздің дастарханға келеді екен.  Нанды қасиетті, қастерлі дегеніміз- қаншама адамдардың еңбегінің нәтижесінен,  дастарханымыздың  төрі-көркі –бұл нан екен!

  1. Сергіту сәті.

  1. Қолымызды жаямыз,

  2. Қамыр илейік (қолдарымыздың әрекеті)

  3. Нанды жаямыз (қолдарымызбен көрсетеміз)

  4. Ортасына гүл алайық (қолдарымызды саусақтармен шымшу)

  5. Пісіруге қоямыз (қол әрекетімен)

  6. Алақай нанның иісі

  7. Бір қуанып қалайық (қолдарымызды шапалақтаймыз)

Балалар нанның қаншама түрі бар екенін білеміз бе?

Қазақ халқы ұннан неше түрлі нан пісірген: пешке салып, қазанда, табада, ошақта: тоқаш, қаттама, бөлке, бәліш, күлше, пәтір. Қанекей , иіскеп көрейік, қандай тәтті нан екен.

Адамдар наннан тек тамақ қана емес, денсаулықтары үшін де  қасиеті бар деп пайдаланады.

  1. Тұзсыз нан:бүйрегі ауыратындар мен қан қысымы жоғары адамдарға  беріледі.

  2. Кептірілген сұр нан: есте сақтау қабілетін артыратын, қан айналымын жақсартады.

  3. Ашытқы қосылмаған нан және қатқан күлшелерден дайындалған талқан: аздап құмшекер салып, сүтке араластырып жейтін болсаңыз аш және тоқ ішектің жұмысын жақсартады.

  4.  Ал мынау бидайдан жасалған тағам: «қырық періште» деп аталады, жеті рет тойып жеген адам бір жыл ауырмай жүреді дейді.

6.Тақпақты жатқа айту

Ей балалар, балалар

Бар қасиет нанда бар!

Тоқаш, бөлке көп болар,

Тәттіге жұрт тоқ болар,

7.«Қайынды құрастыру» Ой –өрісін дамыту ойыны.

Ойынның шарты: балаларға қиылған  нан түрлерінің  суреттері беріледі.

Құрастырып тақтада  тұрған суретпен салыстару.

Балалардың жас деңгейіне қарап, тіл дамыту ойынын да ойнайды

Ойын: Суретке қарап сөйлем құрастыру.

Ойынның шарты: Суретке қарап, ойланып, балаларға ат қойып, сөйлем құрастыру.



















  1. Нан жайында мақал-мәтелдер.

  1. Жалқаудың жаны тәтті, еңбектің наны тәтті

  2. Еңбек түбі береке.

  3. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей

  4. Нан болса ән болады.

  5. Ас атасы-нан.

  6. Нанның қадірін аш болғанда білерсін.


Тақпақ.

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде  жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп ,

Торғайларға тастаңдар.

           11.Қорытынды.

- Балалар «Дастархан көркі - нан» не үшін қастерлі деп айтамыз?

- Нанды қалай қастерлейміз?

- Көктемде бидайдың түсі қандай болады, ал күзде ше?

          12. Бағалау

Сабақта белсенді қатысқан балаларды мадақтап, сосын барлығын марапаттаймыз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.11.2021
1269
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі