400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Дастархан. Тіл үйренушілерге арналған сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
ересектерге арналған қазақ тілі сабағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

13.11.2020

Сабақтың тақырыбы: Дастархан

Сабақтың мақсаты: қазақша тілдік қатынасты еркін игерте отырып, ауызекі тілдесімде жүйелі сөйлеуге үйрету.

Сабақтың міндеттері:

  • Берілген тақырып аясында сұхбаттасу;

  • Суреттер мен тапсырмалар арқылы қазақ тілінде еркін сөйлеу, қатесіз жазу қабілеттерінің жетілуіне, ой-өрісінің дамуына көмек көрсету;

  • Сұрақ-жауап, мәтін арқылы оқушылардың мұғаліммен қарым-қатынасын қамтамасыз ету;

  • Берілген тақырып аясында оқушылардың сөздік қорын байытып, тілдерін дамыту;

  • Дұрыс тамақтануға бейімдеу, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі: сұхбаттасу, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Сабақта қолданылатын қосымша жадылар: интерактивті тақта, сурет, тест тапсырмалары.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

II. Үй тапсырмасын тексеру:

Тест сұрақтары

1. Тәуелденіп тұрған сөздер қатарын тап.

А) құрбым Б) құрбысыз С) құрбылар Д) құрбымен

2. Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауын қой. Менің дос... мұражайға кетті.

А) –ың Б) –ым С) –ымыз Д) –тарыңыз

3. Тәуелдік жалғауының III жағын белгіле

А) –мын/мін, -бын/бін Б) –ың/ің, -ыңыз/іңіз

С) –сы/сі, -ы/і Д) –ым/ім, ымыз/іміз

4. Оңаша тәуелденіп тұрған сөзді тап

А) жолдастарыңыз Б) жолдасты С) жолдасым Д) жолдастар

5. Тәуелдік жалғауы түсіп қалған тіркесті тап

А) бізде үй Б) біз үйдеміз С) біздің үй Д) біздің үйлеріміз

III. Жаңа сабаққа даярлау:

-Сендер мектепте қайдан тамақтанасыңдар?

-Біздің асхана нешінші қабатта?

-Асханада кімдермен бірге тамақтанасыңдар?

IY. Жаңа тақырып:

Сөздікпен жұмыс:

а) берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру

ә) сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығу

б) осы сөздерді қатыстырып диалог құрастырту

ботқа

каша

қуыру

жарить

даяшы

официант

пісіру

готовить

ас мәзірі

меню

кесу

резать

палау

плов

жеу

кушать

сиыр еті

говядина

кұю

наливать

кеспе

лапша

былғау

мешать

шабдалы

персик

безендіру

украсить

шырын

сок

таңертеңгі ас

завтрак

қызмет етеді

обслуживает

түскі ас

обед

мінсіз

безупречно

кешкі ас

ужин

әзірлеу

приготовить

кезек

очередь


1. Мәтінмен жұмыс:

Біздің жұмысымыздың қасында екі қабатты үлкен асхана бар. Мұнда салқын тағамдар, ыстық тағамдар, сүт тағамдары, тәтті тағамдар және түрлі сусындар сатады.

Мен түсте асханадан тамақтанамын. Дастарқан мәзіріне қарап, біріншіге сорпа, кеспе немесе борщ, екіншіге картоп пен ет, палау немесе манты, үшіншіге компот, шырын немесе шай аламын. Салқын тағамдардан капуста немесе сәбіз салатын жеймін. Кешкі асымды кейде үйден, кейде асханадан ішемін. Екіншіге палау немесе картоп алуды ұнатамын. Үшіншіге шай, самса немесе бауырсақ аламын.

2. Жазба жұмысы:

2-тапсырма. Төмендегі сөздерді пайдалана отыра «Асханадағы тапсырысым» тақырыбына әңгіме құрастыру. Сөйлемдерде етістіктің болымсыз түрлерін қолдану.

Лимон, пияз, сәбіз, қызанақ, сүт, картоп, ет, қияр, нан, котлет, шырын, қымыз, бұрыш, қант, тұз, жұмыртқа, күріш, айран, қаймақ, палау, мәнті, кеспе, ұн, кофе, ботқа, балық, печенье, салат, дүнген кеспесі, бауырсақ, торт, балмұздақ, қуырдақ, шай, лағман, кәмпит


3-тапсырма. «Дәмханадағы даяшыға тапсырыс жасау» тақырыбына диалог құрастыру.

Y. Сабақты бекіту:

-Бүгін сабақта не істедік?

-Қандай жаңа сөздер үйрендік?


YI. Үйге тапсырма:

Берілген 5 суреттің ұнаған екеуін таңдап әр қайсысына 2 сөйлем жазыңыз.

YIII. Рефлексия.

Сабақ ұнады Сабақ жартылай ұнады Сабақ ұнамады













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
08.12.2020
901
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі