Қызығушылығын
ояту.
Сабақтың
басы
3
мин
|
Шаттық
шеңбері:
– Балалар,
айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі,
жақсы адамдардың болғанын бәріміз
ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып,
бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен
саулық тілейік.
Кел,
балалар, күлейік!
Күлкіменен
түлейік!
Күлкі-
көңіл ажары !
Күліп
өмір сүрейік!
Қайдан
келдің, бауырсақ?
Дастарқанда
шашылып,
Жатты
аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа
қызығып,
Қарап
тұрды көзін сап:
– Қайдан
келдің, бауырсақ? – деп сұрады қуыршақ.
– Дүкеннен
келдім нан сатқан, – деді оған бауырсақ.
–
Дүкенге
келдің қай жақтан?
– Наубайдан
келдім нан жапқан.
–
Наубайға
келдің қай жақтан?
–
Диірменнен
келдім ұн тартқан.
– Диірменге
келдің қай жақтан?
–
Даладан
келдім кең жатқан.
Жер-анам
менің көсілген,
Диқандар
мені өсірген.
Ө.
Тұрманжанов
|
Шаттық
шеңберіне тұрады.
|
Мағынаны
тану кезеңі.
Сабақтың
ортасы
15
мин
|
Балалар,
бізге түлкі қонаққа келіпті. Жұмбақ
жасырып тұр.
Тіл
үйірер дəмі бар,
Иісі
мұрын жарады,
Жасалады
бидайдан,
Ақ
не қара болады.
Əкелеміз
дүкеннен,
Дастарқанға
қоямыз,
Сары
майды жағып ап,
Рақаттанып
тоямыз. (Нан)
Бидайдан
нанға дейінгі жол өте ұзақ əрі қиын.
Дастарқанымызда дəмді, хош иісті нан
пайда болғанға дейін, алдымен бидайды
өсіру қажет. Бұл
үшін трактормен жер жыртады. Содан
соң дəнді жерге себеді. Оны күн мен
желден қорғау үшін бетін топырақпен
жабады. Ылғалды жердің астында
өсімдіктердің тамырлары тез
өсіп-жетіледі. Біраз уақыт өткен соң
– егістікте алғашқы өскіндер пайда
болады. Масақтар пісіп жетілгенде,
бидайды жинайды – егін орағы басталады.
Бидайды жинау – күнделі үдеріс. Сол
себепті мəшинелердің көмегі қажет.
Өзекті сұрақ: Бидайды жинауға
көмектесетін мəшинелер қалай аталады?
(Комбайндар) Бұдан соң дəнді диірменге
жібереді. Ол жерде бидай диірменнен
өтіп, ұнға айналады. Тракторшы – жерді
жыртып, қопсытып, дəнді себеді. Комбайншы
– дəнді жинайды. Жүргізуші – дəнді
диірменге апарады. Диірменші – дəнді
ұнға айналдырады. Агроном – жерге
қандай тыңайтқыш себу керек екенін,
дəнді қашан сеуіп, қашан жинау қажет
екендігін шешеді. Наубайшы – нан
пісіреді. Сатушы – нанды сатады.
Сергіту
сәті:
Жайқалады
ақ бидай, (Қолдарын жоғары көтеріп
тербеледі).
Басын
иіп аққудай. (Бастарын иеді).
Трактор
мен комбайн (Қолдарын алға созып,
тракторды жүргізеді).
Жүргізуге
мен дайын. (Қолдарын айналдыра комбайнды
жүргізеді).
Т/д:
«Ұзын мұртты сарылар, қойынында дəні
бар», міне, біздің масақтар осындай.
Д/о:
«Нан илеу үшін қандай өнімдер қажет?»
П/к:
Нан – хлеб-bread
|
Түлкі,
бауырсақ суреті
Мнемотаблица
Маман
иелерінің суреттері
|
Рефлексия
Сабақтың
соңы
2
мин
|
Өзін-өзі
бақылау және өзі атқарған жұмысқа
баға беру.
Өз
жұмыстары ұнаса қызыл түсті қолды
көтереді, ұнамаса көк түсті көтереді.
|
Балалар
өз жұмысын көрсетеді.
|